Ақ Сарбаз Әлемі. indd



Pdf көрінісі
бет7/109
Дата19.01.2023
өлшемі3,4 Mb.
#61959
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   109
Байланысты:
Ақ Сарбаз Әлемі

ҰСТАЗ БОЛМЫСЫ
Қазір ойлап отырсам Ұстазбен кездесіп, шәкірт болғаныма 
28 жыл өтіпті. Бұл деген бір жігіттің өмірі ғой. Ұстаздың 
кітабында: «Ақ Сарбаздың апостолдары яғни ізбасар шәкірттері 
болмайды» деп жазылған. Демек менің Ұстазбен байланысым 
бұрынғы ғұмырлардан келе жатқан жағымды кармалық 
байланыстың жалғасы болуы да мүмкін. Өйткені Галактика 
басшысы болуы тиіс Жетінші Дәрежелі Ғарыш Құрылысшысы 
деңгейіне көтерілген Жан Гиперкеңістікте ғана өмір сүруі 
керек. Оған мынау физикалық дүниеде істейтін жұмыс жоқ.
Бұл – бейнелеп айтқанда бір мемлекеттің президентін 
балабақшадағы сәбилердің ортасына отырғызып қойып: 
«тамағың мен жатын жерің осы жер, бірақ мемлекетті басқару 
сенің мойныңда» деп міндеттегенмен бірдей.
Тұлғасы қасындағылардың көру аясына симайтын алып 
болмысты Ақ Сарбазды Ғарыш Жердүниенің азаматы тізімінен 
шығарып тастаған.
Карманың алтыншы деңгейі – планета кармасын 
орындағандар ғана осындай дәрежеге көтеріліп, карманың 
жетінші деңгейі – Ғарыш кармасына араласа алады.
Мен алғаш барып Ұстазға қолғабыс жасай бастағанда: 
«Осындай бір шәкіртім болуын 15 жыл бойы Құдайдан зарлап 
сұрадым ғой» дегенін құлағым шалып қалды.
Өз-өзімді онша мықты адам санамайтындықтан Ұстазға 
Құдай неге мені жіберді екен? деп көп ойландым.
Қазақта менен әлдеқайда білімді, ақылды, күшті, қасиетті, 
дарынды адамдар толып жатқан жоқ па? Ғарыштағы ең батыр 
адамға мен секілді әлсіз, қорқақ адамның шәкірт болуы абсурд 
емес пе?
Мені қойшы, Ақ Сарбазды елдің бәрінен қызғанып, 
қызғыштай қоритын тағы бір шәкірті – Аниса апамыз бар. 
Ұстаз туралы


28
Ақ Сарбаз Әлемі
Мінезі құтырған арыстандай. Ақ Сарбазға жақындағысы 
келген көп адам Аниса апамыздың адуын мінезінен қорқып 
зытып кеткенін көзіммен көрдім.
Ақыры бұл Ғарыштың әдейі жасаған шешімі екенін түсіндім.
Адам Атаның баласы Әбіл боп туған заманнан бері Адамзат 
арасында мыңдаған жыл өмір сүріп, адами сезімдерге жанын 
әбден үйретіп алған Ақ Сарбаздың көңілін адамзаттан суытып, 
Ғарышқа артына алаңдамай аттануы үшін жасалған еді бұл.
Құдай мені Ұстазға қолғабысын тигізіп, кейбір шаруасын 
түзеткелі жіберсе, Аниса апамызды, ешкіммен артық карма 
байланысына ұшыратпау үшін Ұстазды күзеткелі жіберген.
Ұстаздың көңілі дәл бұрынғы арда қазақтың көңіліндей 
дархан, мәрт еді. Үйге келген қонағына қолындағысының бәрін 
бере салуға даяр тұратын. Егер кеше ғана дүкеннен бәленбай 
мыңға алған мебелі бүгін ұнамай қалса, яғни аллергия беріп 
тәніне жақпаса, көшеге шығып, бірінші кездескен адамға 
мебелді беріп жібере салатын.
Қонақтар келгенде әңгімені майын тамызып айта алатын. 
Бұрынғы бес ғұмырында орыс халқына қызмет еткендіктен 
орысша сөйлегенде аузы-аузына жұқпай өте тез сөйлейді. 
Мұнда келетін Алматының элитасы саналатын әнші-күйші, 
ғалым қонақтардың бәрі орысша сөйлейді.
Қазақша ойлайтын менің басым олардың шапшаң
орысшасын қорыта алмайды. Сол себептен әңгімелеріне 
араласпаймын.
Аталық Негіз бен Аналық Негіз Иелері қандай болса халқы 
да соған тартатыны Ақ Сарбаз кітабында жазылған. Зиялы 
қауым өкілдерінің орысша ойлап орысша сөйлейтініне Өзі 
себепкер екенін Ұстаз оңашада мойындап еді. Менімен таза 
қазақша сөйлесетін. Қазақша сөйлегенде әр сөзін ойланып 
асықпай сөйлейтін. Өзінің жеті жасқа дейін ғана қазақтілді 
ортада болғанын, қалған өмірінің бәрі орыстілді қала ішінде 
өткенін әңгімелейтін.
Ұлтына деген махаббатын таза сақтай алған, қазақы 
көңіліне кір жұқтырмай, өмір бойы халқының қонақжайлығын, 
мәрттігін бойынан жоғалтпаған Жан еді.


29
Сұлулыққа іңкәрлік пен еркекке тән құштарлық Оның 
бойында оттай лаулап тұратын.
«Рахилді өмір бойы іздедім, бірақ таба алмадым» дейтін. 
Рахила – Жақып болған ғұмырындағы сүйікті жары ғой. Ол кейін 
Шыңғысхан кезінде Құлан болып кездесті. Ал, Шыңғыстың 
бәйбішесі Бөрте – Лия болатын.
Жақып кезінде жасаған жаман кармасының салдарынан өзі 
сүймейтін Лияға үйленуге мәжбүр болса, сол Лия көптеген 
ғұмырында оған кездесіп отырыпты.
Осы өмірінде де кластас орыс қызы болып кездескен екен. 
Құдай сақтап Лиямен арадағы карма байланысы мәңгіге 
үзіліпті.
«Мен қай қызға қызығып көз сала бастасам жігіт біткеннің 
бәрі соған ынтық бола қалып, менен бұрын қағып кететін» 
дейтін.
Ақылы мен мүмкіндігі бола тұра мансап қумайтын, қарапай-
ым тұрмысты қалайтын жігіт комфортшыл орыс аруларына 
қайдан ұнасын?
Ойлап отырсам менің басымда да осыған ұқсас жайттар көп 
болыпты-ау.
Ақ Сарбаздың болмысы орасан зор Ғарыш Энергиясын 
жинақтаушы генератор секілді көрінетін. Ол кімге ықыласын 
аударса сол жан нұрланып шыға келетін. Оның жас жігіт 
кезінде көңілі ауғандықтан орыс халқының қыздары сүйкімді, 
сұлу болғанын енді түсінгендеймін.
Ал, қазір Ұстаздың ықыласы мен махаббаты өз халқының 
үстінде. Сол себепті қазақтың қыздары сұлулығымен, 
тартымдылығымен Әлем халықтарының назарын жаулауда.
Қазақ қызының ақыл-парасаты мен рухани кемелдігі Аналық 
Негіздің Иесіне байланысты болмақ.
Ұстаз туралы


30
Ақ Сарбаз Әлемі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет