Ақ Сарбаз Әлемі. indd


АЛМАТЫДАҒЫ ҚАРСЫЗ ЖАҢА ЖЫЛ



Pdf көрінісі
бет6/109
Дата19.01.2023
өлшемі3,4 Mb.
#61959
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   109
Байланысты:
Ақ Сарбаз Әлемі

АЛМАТЫДАҒЫ ҚАРСЫЗ ЖАҢА ЖЫЛ
Тоқсаныншы жылдардағы қиын кез. Жайық жұртының 
жүрегі жыр болғанымен, қалтасы құр уақыт. Жайық жағалап 
нәпақа тауып жүрген бір адам.
«...Бұл қоныстан кетпесең,
Бұны талақ етпесең –
Атаңа нәлет кәпірдің
Пайдасына қалмаса игі еді
Ноғайлы-қазақ жұртымның
Кейінгі туған балдары-ай» – деп күңіреніп Қазтуған 
жыраудың тастап кеткен қонысында шынымен де Самарадан 
келетін сары орысқа елдің бәрі шабақ кептіріп сатумен 
айналысты.
Бұл саудада делдалдар көбірек пайда көретін. Ол заманда 
Жайық көктемде аузы-мұрнынан шыға тасиды. Су ауыл іргесіне 
дейін келеді. Балық көп. Әсіресе көктемде Каспийден келетін 
қарагөз (вобла) саудасы жақсы жүрді.
Мен де балықшы болып алдым. Аулаған шабақтарды 
мыңдап тұздап, кептіріп сатамын да содан түскен ақшамен 
Алматы, Ұстаз қайдасың деп тартып отырамын.
Алматы – әсем қала. Көктөбе мен Медеу мұзайдыны 
Алматы қонақтарының барып демалатын жері болса мен үшін 
Ақ Сарбаздың үйі – Гиперкеңістіктің табалдырығы сияқты 
көрінетін. Содан басқа жерге баруға қызыққан да ұмтылған 
да емеспін.
Ұстаз ең әуелі мені ұзақ зерттеді. Бұл мен үшін іш пыстырар 
уақыт болды. Аядай үйде, үлкен кісінің қасында, бойындағы 
7 қасиет көзі ашылған адаммен 15-20 күн бірге тұруға кім 
келісе қояр екен. Сенің әрбір ойың, әрбір сезімің ол Кісіге 
көрініп тұратын болса, сенің бұрынғы өміріңде кім болғаның, 
болашақта кім болатының бірнеше вариантта тағы көрініп 
Ұстаз туралы


24
Ақ Сарбаз Әлемі
тұратын болса қандай күй кешер едіңіз?
Тамақты да өзі пісіреді. «Қонақсың» деп маған дым 
істеткізбейді. Теледидар көргенде бір каналды тұрақты 
қарамайды. Каналдан каналға әлсін-әлі секіртіп отырады.
Тауыққораға қамалған қораздай болып таңнан кешке дейін 
орындықта шоқиып отырудан әбден жалықтым. «Шіркін-ай 
мына еденде киіз болып, көсіліп түсіп жатар ма едім» деп 
армандаймын.
Жарытып әңгіме де айтпайды. Әлемде болып жатқан 
оқиғаларды алтыншы қасиет көзімен бақылап, басқарып 
отырғанын сеземін. Теледидар қарағанда өзі өзгерткен 
құбылыстардың қалай орындалғанын көру үшін ғана қарайды 
екен. Үш Әлемде бір мезгілде болып жұмыс жасауға әбден 
төселіп алғаны көрініп тұр. Газет оқып отырып аяқ астынан 
физикалық денесінен шығып кетіп қалады. Ондай сәтте басы 
салбырып, бетпішіні тас мүсіндей қабарып, құдды өліп қалған 
адамдай болып қатып қалады. Бір мезгілде әлгі қыбырсыз 
денеге қайта оралып түк болмағандай жұмысын жалғастыра 
береді.
Бойымдағы бақырайған қос көзімнен басқасының бәрі 
жабық мен пақырың әбден ішім пысқан соң не істейін? Ұстазға: 
«ең болмаса ішіп-жеген тамағымды ақтайын, бір ермек қылар 
жұмыс тауып беріңіз» деп өтіндім. 
– Қонаққа жұмыс істеткен ұят болмай ма?
– Қонақ болып болған шығармын. Жатқаныма жарты ай 
болды ғой.
– Ендеше маған арнап ауладан жеке әжетхана жасап көрші. 
Елдің бәрі отыратын ортақ әжетханадан жиіркенемін.
– Бопты.
Әжетхананы жасап қана қоймай, оны Ұстаздың Өзі құрған 
«Фанкор Интернэшнл» фирмасының ақ бояуымен сырлап, 
әппақ қылып бердім. Шынымды айтсам Құдайға арнап мешіт 
салған адамнан гөрі Ақ Сарбазға арнап әжетхана салғаныма 
мен көбірек масаттанған шығармын деп ойлаймын.
Кейінірек Ұстазбен жағымды кармалық байланыс орнатқан 
құрдасы Әсия Мұхамбетова апамыз сол әжетхананы «Белый 


25
Дом» деп атап кетті.
Аға болса қалжыңдап: «жаңа үйге көшсем бұны алып 
кетемін» дейтін.
Ұстаз болса менің адал ниетім мен қалтқысыз көңіліме 
риза болып, өзінің мына дүниедегі тірлігіне қолғабыс істеуіме 
рұқсатын берді. Осылайша жазда барып Ағаның қыстық 
отынын кесіп жинап, қыста жағар көмірін тәшкі арбамен аула 
төріне тасып, үйіп беріп кетіп жүрдім.
Ол кезде Ұстаз өз атындағы үлкен үйді отбасылы іні-келініне 
беріп, өзі аула ішіндегі бір бөлмелі қарағай үйде тұратын.
Кітапта жазылған Ақтөс есімді иті болды. Көздері 
найзағайдай өткір, мінезі шатақ Ақтөс әуелі келгенде мен 
аулаға шыққан сайын тап беріп, батырмай тістеп, аяқ-қолымды 
жеңіл жарақаттап тастайтын.
«Бұл итті күшік кезінде дәл сенікіндей қытай трикосын 
киген бір адам ұрған болуы керек. Ит сол триконың иісін есінде 
сақтап қалған» – деп түсіндіретін Ұстаз итінің бұл қылығын.
Келе-келе Ақтөспен достасып, ол енді мені қуана 
қарсылайтын болды. Сөйтіп бұл сыннан да аман-есен өттім.
Бір жылы желтоқсанның аяғында Алматыға жолым түсіп 
Ұстазға бардым. Ұстаз отырған қарағай үйдің келесі жағы 
қызыл кірпіштен салынған монша болатын. Сол моншаның 
бүйірінің кірпіші табақтай боп ойылып құлап қалыпты. Күн 
болса аяз. Бірақ Алматыда әлі қар жауа қоймаған кез.
Ұстаз көңілсіз. Монша түсуге жарамай, жары ойылып 
қалғанын әңгімеледі.
– Күн жылы болса бұны цементпен қайта қалап тастауға 
болады ғой. Әттең қыс болып қалды. Енді келесі жылға қалған 
шығар – деп қоямын.
– Тоқтай тұршы... Цементпен қалау үшін қанша градус 
жылылық керек?
– 5-6 градус жылылық керек қой. Және цемент әбден 
кепкенше бір апта күні-түні жылы температура қажет. Әйтпесе 
аязға қатып қалған цемент күн жылынғанда топырақ боп 
шашылып кетеді.
– Ендеше мен ақша берейін, сен ертең базарға барып 
Ұстаз туралы


26
Ақ Сарбаз Әлемі
цемент алып кел. Гравий үйдің қасында жеткілікті. Моншаны 
бітеуге кіріс.
– Жақсы.
Кеште теледидар көріп отырмыз. Диктор ертеңгі ауа-райын 
айтуда: «ертең Алматыда күн бұлттанып қар жауады. Ауаның 
температурасы минус ....
Ұстаз да мен де үнсізбіз.
Таң атты. Терезеден қарасам күн бұлттанып қар жауатындай 
боп тұр екен.
Біз шәй ішіп мен сыртқа шыққанда күн дәл менің үстімнен 
бастап ашылғандай ыдырай бастады да кешікпей күн көзі 
көрінді. Базардан цемент алып келіп, оны табаққа езе 
бастағанда күннің ысығаны сондай мен футболкамен жүруге 
мәжбүр болдым.
Сол күні тесікті бітеп, сыртын цементпен сылап тастадым. 
Кеште тағы теледидар көріп отырмыз. Диктор күндегі әдетінше 
Алматыда ертең қар жауатынын, аяз болатынын айтады. 
Мен ішімнен күліп Ұстазға қараймын. Ол болса түк білмейтін 
адамдай:
– Соңғы кезде дикторлардың айтқаны келмейтін болып 
кетті, ә? – деп күліп қойып отыра береді.
Осылайша Алматыда бір апта күн ашық әрі жылы болғаны 
сонша жеміс ағаштары бүр жарып кетуге шақ қалды.
Ең қызығы, менің кесірімнен Алматы шаһары сол жылы 
жаңа жылды қарсыз қарсылады.
Екінші қаңтарға Орал пойызына билет алып қойғанмын. 
Дәл мен жүрер күні бір жұма жаумаған қар үйіліп-төгіліп бір ақ 
түсті ғой. Қардың қалыңдығынан көшелерде кептеліс болып, 
пойызыма әрең жетіп міндім де ауылыма қайқайдым.
«Кешір, Алматы! Ақ Сарбаз Ұстаздың қамы үшін сенің Жаңа 
Жылдық мерекеңді қарсыз қарсылауыңа себепші болдым» деп 
қоямын ішімнен. Пойызда адамдар табиғаттың осы тылсым 
құбылысы туралы әңгімелеп жатты. Мен болсам мұртымнан 
күліп қана жатырмын. Айтсам да ешкім сенбейді ғой...


27


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет