АҚ САРБАЗ КІТАБЫ
Ақ Сарбаз Ағам Мұхит болса, оның кітабы – сол мұхиттың
бір тамшысы ғана.
Бірақ, зерттей білген адам сол тамшыдан бүкіл Мұхиттың
дәмін татады.
Даналық Мұхитының дәмінен нәрлі не бар? Ғарышты
танудан мәнді не бар?
Ақ Сарбаз Ағам – Ұлы Қазына.
Иен Байлық, Ғарыштың Кені!
Оның бізге бергені сол байлықтың бір түйірі ғана.
Ұлы Жанартаудан ұшқындаған бір түйір От секілді.
Кітаптағы білімді санасына сыйғызған адам – бақытты.
Ал, бірақ мынау пенделердің бақырашында сол тамшы
сиятын да бос қуыс жоқ-ау деп кейде мен түңілемін...
33
АҚ САРБАЗ
Ғарыштағы ең асыл қазына – ол Ақ Сарбаз Ағамның Құдайға
берілген ЖҮРЕГІ.
Құдайға жан-тәнімен берілген, Құдайды бар болмысымен
сүйетін Жан, Ол – Ақ Сарбаз.
Ақ Сарбаз – Тәңірдің оң қолы.
Ол – Құдайдың қаһары.
Ол – Құдайдың қаруы.
Ол Құдайдың қуаты.
Онда Құдайдың мейірімі де бар.
Ақ Сарбаз бойында Құдайлық қасиеттердің бәрі де бар.
Ғарыш Санасын бойына сіңірген, Ғаламға Құдайлық
болмысымен үңілген, Қандай істе де Жаратушыға жүгінген Ақ
Сарбазға жетер кім бар?!
Ақ Сарбаз – Ғарыштың ғасырлар бойы толғатып туған
Батыры.
Ақ Сарбаздың алыптығы сондай – Ол біздің көру аямызға
симайды.
Жер шарының барлық мұхиттарының буырқанып тасуы
Оның Жүрегінің тебіренісіне жетпейді.
Жер бетіндегі барлық құрлықтардың салмағы Ол көтерер
салмақтан мың есе төмен.
Үйлер мен ағаштарды жұлып кететін жойқын дауылдың
күшінен Оның ойының қуаты мың есе артық.
Ұстаз туралы
34
Ақ Сарбаз Әлемі
АВАТАР
Жер бетіне Ақ Сарбазды туғызған Тәңірге мың мәртебе
алғыс айтамын!
Бұл құбылыс шын мәнінде Құдай болмысының Ақ Сарбаз
болып Жерге келуі ғой!
Бұл – Ұлы Ғарыш Санасының Ақ Сарбаз болмысымен
тұтасуы ғой.
Құдай Ақ Сарбаз болып Жерді түнектен тазартуға кірісті.
Құдайдың бізге деген мейірімі шексіз.
Бізге деген ұлы қамқорлығының игілігін көрсетіп адамзатты
алтыншы сатыға көтеру үшін тек Құдайдың күші ғана керек.
Іріңді жарадай Жер шарын меңдеп кеткен түнек иелерінің
жауыздығын тоқтату үшін тек Құдайдың қаһары ғана керек.
Ақ Сарбаз – Құдайдың күші.
Ақ Сарбаз – Құдайдың қаһары.
35
ЖҮРЕК
Құдайға берілу деген – ол Құдайдың ажырамас бір бөлшегіне
айналу деген сөз.
* * *
Құдайдың шуағын сағынған кезде Ақ Сарбаз Ағамды іздеп
барамын.
* * *
Ақ Сарбаз Ағам аман болсын!!!
Ол – Құдай мен қара халықтың арасын жалғастырып тұрған
алтын көпір.
Құдайдың құдыретін танытып, қуатын көрсетіп, білімін бізге
жеткізіп тынымсыз жұмыс жасап тұрған Үлкен ЖҮРЕК.
Ол біздің бәрімізге ортақ ЖҮРЕК.
Сондықтан елдің бәрі Ақ Сарбаздың қалауын өз қалауындай
қабылдайды.
* * *
Ұстаз туралы
36
Ақ Сарбаз Әлемі
ҰСТАЗ
Мен Ұстазбен алғаш кездескенде 26 жаста едім. Ұстаз болса
52 жаста еді. Адамның тәні қартайса да көңілі қартаймайтыны
шындық.
Көңіл деген менің түсінігімде астрал денеміз ғой. Енді
мына қызыққа қараңыз. Ақ Сарбаз 1970 жылы 28 жасында
клиникалық өлім жағдайын басынан кешіп үш күн «өліп» қайта
тірілген. Әуелі астралдың төменгі қабатындағы Зұлымдық
Күштерінің қолына түседі. Олар бұған өздеріне көсем болуды
ұсынады. Ол көнбейді. Сол сәтте мені бауыздап өлтірді дейді.
Астрал, ментал денелері өліп, өзін жан қалпында жасылдау
шар түрінде көргенде әуелі түсінбей шошынады да артынша
ойлай, сезе алатын бұл – Өзі екенін ұғып сабырға келеді. Осы
қалпында ғаламшарды айнала жылжып, атмосфераның биік
қабаттарына көтеріліп күн секілді жарық шашқан Шар – Ұстаз
Рухына кездеседі ғой. Оған миссиясын түсіндіріп, жаңа ментал
дене мен астрал дене беріп, бұрынғы физикалық денесіне
қайта оралтады.
Осыдан кейін отырыстың гүлі боп жүрген сері жігіт аяқ
астынан өзгеріп шыға келген. Өйткені бұрынғы көңіл, бұрынғы
ой жоқ. Ойы мен сезімі жас баланікіндей. Тіпті бір күні жұмыста
отырып құжатқа қол қояйын десе өзінің азан шақырып қойған
аты-жөнін ұмытып қалыпты! Қасымдағы адамнан: «менің
фамилиям кім еді?» деп сұрап алуға мәжбүр болдым деп күле
әңгімелейтін.
1978 жылғы Ғарыш Шайқасында ойы мен сезімі 7 жасар
баланікіндей болған.
Мен 1994 жылы Ұстазбен кездескенде Оның астрал, ментал
денесі менен 2 жас кіші, физикалық денесі менен 26 жас үлкен
болды.
Ол кезде сүрбойдақпын. Жан-жағымнан өзімнің болашақ
37
жарымды іздеп жүрген уақытым.
Неге екенін қайдам, «менің жарым да Ақ Сарбазға мен
секілді келеді. Сол кезде табысамыз» деген сенім болды.
Бәлкім Жан Әлемінде осылай келіскен шығармыз. Алайда
Еркін Ерік Заңы мен Карма Заңы адамды әуелгі сценарийден
ауытқытып жіберетіні де кездесіп жатады.
Әсіресе Ғарыш және планета кармасына ықпал ете алатын
Ақ Сарбаз секілді тұлғаның айналасында әуелгі сценарийдің
болмай қалатынын өте жиі байқадым.
Адамдар әдетте: «Құдай біледі» «Аллақосса», «Аллақаласа»
деп сөйлейді ғой. Бұл жерде Құдекең Ғаламшардағы бар
биліктің тізгінін бір Ақ Сарбаздың қолына бере салғанға
ұқсайды. Жер бетінде нені өзгерткісі келеді, соның бәрін өз
қалауымен өзгерте береді.
Бұған мысал көп-ақ. Алайда «не қуып тұрсың?» деп ел
күлетін болғасын тып-тыныш жүре беруге үйрендік қой.
Ауа-райын өзгерту Ол Кісіге ойыншық еді. Тіпті
қаһарланғанда қара дауыл тұрғызып, қайғырғанда жаңбыр
жауғызып, көңілденгенде аспанды жарқыратып ашып
жіберетін.
Бір жылы Глоба секілді атышулы астрологтың болжамын
әдейі болдырмай тастапты. Астролог: «менің есебіммен болуға
тиісті оқиғаны, болдырмай өзгерте алатын Жер бетінде бір
Күш бар» деп мойындаған.
Францияның футбол командасын Әлем және Европа
чемпионы қылып жарылқап, артынша «уәдеңде тұрмадың» деп
отар елі Сенегал командасынан жеңілдіріп масқаралайтынын
Әлем ұмытпаған болар.
Ұстаз туралы
38
Ақ Сарбаз Әлемі
Достарыңызбен бөлісу: |