60
Ақ
Сарбаз Әлемі
ҰСТАЗ ЖОЛЫ
Ақ Сарбаздың артынан еремін деген адам өзін-өзі ұмытуы
керек. Көкірегінде титтей де болса өзімшіл пікірі бар адам Ақ
Сарбазға еріп ел бола алмайды.
Шайтанның тұзағына түспеу үшін жеке бастың дәулетінен
де жоғары, жеке бастың даңқынан да биік, жеке бастың
махаббатынан да қымбат көретін мұрат болуы керек адамда.
Ол – Эволюция жолы.
Бұл – Ақ Сарбаздың да ұстанған жолы. Оның барлық өмірлері
Эволюцияны тездетуге арналған
қасиетті құрбандықтарға
толы.
Ол Эволюцияны ілгері бастыру жолында жеке басының
байлығын, даңқын, өзінен де артық көрген махаббатын
құрбан етті. Ол мұны ешбір бүкпесіз, өз табиғатына шынайы
берілгендікпен, қалтқысыз жүрекпен жасап отырды.
Бір кезде Спартак
бақытсыз құлдарды бастап, Римнің
темір бұғауын тас-талқан қылған еді. Сол арқылы құл
саналған жандардың құнды
қасиетке өзгелермен бірдей
ие екенін дәлелдеген болса, бүгінде Ақ Сарбаз Люцифер
бұғауын талқандап, Түнек тұтқынында мәңгүрттене бастаған
миллиардтаған сорлы жандардың
көкірегіне бостандық
сәулесін түсірді.
Және Ол мұнымен де қоймай Ғарыштық Эволюция легіне
Өзінің шын берілген Елін бастап әкеліп қосатын болады.