Ақ Сарбаз Әлемі. indd



Pdf көрінісі
бет38/109
Дата19.01.2023
өлшемі3,4 Mb.
#61959
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   109
ПЛАНЕТА КАРМАСЫ
Карманы тазарту, біреудің жолын ашу дегенді қалай 
түсінесіз? Ол мүмкін бе?
Меніңше біреудің кармасын тазарта алмайсың. Бірақ көтере 
аласың. Ол тек – Құрбандық Заңы арқылы жүзеге асады. 
Біреудің ауыр кармасын алу үшін оны шексіз жақсы көруің 
керек қой!
«Айналайын» деген сөздің өзі «айналып құрбандығың 
болайын» деген мағына береді.
Біздің жақта ертеректе мынандай оқиға болған. Бір кемпірдің 
жалғыз ұлы қылтамақ боп ауырып, дәрігерлер «күні санаулы» 
деп үйіне жібереді. Жігіттің әлі бітіп, құр сүйегі қалған. Күніне 
2-3 қасық шұбат көмейінен әрең өтетін жағдайға жетеді.
Шарасы таусылған анасы байғұс күн сайын таң атып келе 
жатқанда, және кешкілік: «жалғызымнан жаным садаға!» 
деп ұлының төсегін айнала беріпті. Кенет жігіттің тамағынан 
ас жүре бастайды. Шұбатты кеселеп ішіп, басқа тамаққа 
ауысады. Осы уақытқа дейін қасында бәйек боп жүрген анасы 
болса ауырмай-сырқамай, ұлының беті бері қарағанына күліп 
жатып о дүниелік болды дейді. Баласы содан кейін 10 жыл 
өмір сүрген.
Ғарыштың Құрбандық Заңымен бұл мүмкін нәрсе! 
Құрбандыққа барушы Жан Эволюциялық деңгейіне қарай бұл 
ауыртпалықты көтеріп тірі қалуы да мүмкін. Ақ Сарбазға алғаш 
барып жүрген кезімде бауырларының кішкене қыздарының 
бірін көрсетіп Ұстаз:
– Мынау сәби дүниеге келген соң кешікпей үстін шиқан 
қаптап кетті. Дәрігерлер: «іште жатқанда салқын тиген, 
адам болмайды» деген диагнозбен емдеуден бас тартыпты. 
Бауырым маған алып келді. Мен емдеп жаздым. Қазір денесінде 
шиқаннан аздап дақ қалды – деп әңгімеледі.


113
– Қалай емдедіңіз? – деп сұрадым.
– Алақанымды маңдайына қойып, кармасын өзіме алдым.
– Өзіңіз ауырған жоқсыз ба?
– Ауырдым, бірақ өлетіндей емес. Ауруды жеңдім!
Мен Ұстазға барып жүрген уақыттарда кей кезде маңдайынан 
кей кезде желкесінен үлкен шодырайған ісіктердің шыққанын 
байқайтынмын. Кейде ол ісіктер ізім-ғайым жоқ боп кетеді. 
«Осының бәрі Әлемнің, өзгелердің ауыр кармасын өзіне 
алғаннан екен ғой!» деген ой келді.
«Мен біреудің ауруын емдегенде оны қолмен сылғандай 
етіп алып тастай алмаймын. Кеселін өзіме қабылдау арқылы 
жазамын» деуші еді Ұстаз. Бұл әрекеттерді емші болу үшін 
емес, карма қарыздарынан құтылу үшін істегенін ұқтым.
Өзгенің кармасын көтерудің өшпес үлгісін осыдан екі мың 
жыл бұрын Иса пайғамбар көрсетіп кетті. Ол Рухымен Құдайға 
қосылып кеткен, Жерде тууды қажет етпейтін кемел Ғарыш 
Құрылысшысы болатын.
Люцифер азғындатқан адамзат сол кездің өзінде қара 
кармасы тасып, планеталық апаттың алдында тұрды. Бұл 
меніңше Төртінші Сатының аяқталып, Бесінші Сатыға өтер кез.
Адамзатты апаттан сақтап, Ғарыш Сарбазы дайын болғанға 
дейін уақыт ұту үшін Иса Ғарыштың Құрбандық Заңымен, 
Жердің Планета кармасын Өзіне алып, құрбан болды. Сол 
себепті Ол – ҚҰТҚАРУШЫ деп аталады.
Кресте өліп, қайта тірілгенге дейінгі үш күн ішінде Ол 
Тозақты түгел аралап көрді. Бұған дейін Тозақтан шыға 
алмай, Люцифер тұтқынында жатқан Адам атаны айтулы 
ұрпақтарымен қоса соңынан ертіп Тозақтан алып шықты.
«Егер маған ұқсағыларың келсе әркім өз кресін өзі 
көтерсін» депті Иса Голгофқа кресін көтеріп бара жатып. 
Бұл сөздің мағынасы: «ӘРКІМ ӨЗ КАРМАСЫН ӨЗІ КӨТЕРСІН» 
дегені еді. Христиандар болса ол сөзді тіке мағынада түсініп, 
мойындарына крест тағып жүр.
Қазіргі қаптаған емші, сиқыршы, маг, экстрасенс 
дегендер: «кармаңды тазартамын», «жолыңды ашамын» деп 
клиенттерінен ақша алады.
Ғарыш Заңдары


114
Ақ Сарбаз Әлемі
Меніңше біреуге ақша төлеу арқылы келе жатқан карма 
соққысынан құтылам деу – ақымақтық. Кез-келген аурудың 
өзі – сіздің кармаңыз. Емші оның салдарын емдейді, себебін 
емес. Себебін өзіңіз біліп оны тоқтатпасаңыз ол ауру сізге 
қайтып айналып соғуы мүмкін.
Жолды ашу бұрын қазақта бата арқылы жүзеге асқан. Онда 
да маңдайға жазылған миссиясын айқындай алмай, тығырыққа 
тіреліп тұрған адамның жолын ашатын бата берген. Бұл кез-
келген адамды бата арқылы мықты қылып жіберуге болады 
деген сөз емес.
Қазір қазақтың мойнында Планета Кармасы тұр. Батыстың 
батпағына батып, шығыстың шырмауығына шырмалып басы 
айналып, амалы құрыған қазақты не құтқарады? Ол мына 
планеталық қара карманы еңсере ала ма?
Әрине! Тәңірге сеніп, Ақ Сарбаз идеясымен қаруланып, 
қазақ салтын ұстанып қана құтыла алады!
Егер бұл қадамды қазақ жасамаса Әлемнің басқа халықтары 
жасайтын болады. Өйткені Эволюция көшінде аман қалуға 
бәрі мүдделі.


115


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет