Ақ Сарбаз Әлемі. indd


ТЕМЕКІ ЖӘНЕ ӘУЛЕТ КАРМАСЫ



Pdf көрінісі
бет39/109
Дата19.01.2023
өлшемі3,4 Mb.
#61959
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   109
ТЕМЕКІ ЖӘНЕ ӘУЛЕТ КАРМАСЫ
Әр әулеттің жағымды және жағымсыз карма ресурсы 
болатыны белгілі. Атам Қазақ бұрыннан-ақ әулетіне жағымсыз 
карма болатын істерден сақтанып отырған. «Сүйекке таңба» 
болады деп. Осы сүйекке таңба дегеннің өзі – жаман істің 
кесірі ұрпаққа кетеді деген сөз екен ғой.
Зерттеп отырсам мен туған әулетте сүйекке таңба 
болатындай масқара істерді жасамапты аталарым. Қазақы 
қағиданы берік ұстанып, береке-бірлікте, тату-тәтті тірлікте, 
беттескен жауын қашырып, кем-кетігін жасырып ғұмыр 
кешіпті. Осы әулеттен әулие де шығыпты, батыр да шығыпты, 
ақын да шығыпты, мыңғырған бай да шығыпты.
Кәпірмен іргелес отырған ел болған соң Қазаққа жан-
жақтан жау да көп келді, жаман тауар да көп келді. Жауға 
алдырмаған Қазақтың жаман әдетке алдыратыны да осыдан 
кейін ғой. Қаратоқай Беріш Мұрат ақын:
«Мен қауіп еткеннен айтамын
Ақ борықтай иілген
Кейінгі туған баланың
Ұстай ма деп кәпір білегін
Шая ма деп жүрегін
Сақал-мұртын қойғызып
Ащы суға тойғызып
Бұза ма деп іреңін
Кейінгі келер заманның
Мен жаратпаймын сүреңін!» дегенде осыларды 
болжап кетіпті. Мен біздің әулетке ащы судың емес, ащы 
түтіннің қалай келгенін әңгіме қылмақпын.
Ертеде бір атамыз айттырған қалыңдығына үйленіп, енші 
алып жас отау боп бөлек шығыпты. Жаңа түскен келін шылым 
шегеді екен. Осыны қайынағасы естіп бір күні іні-келіннің 
Ғарыш Заңдары


116
Ақ Сарбаз Әлемі
үйіне әдейілеп барыпты. Шай ішіп отырып келіннің сарғайған 
бармағын көріп інісіне ақырып жіберді дейді:
– Ертең мына келінді төркініне апарып таста! Тұқымды 
бұзайын дедің бе?
Алған жарынан айырылу оңай болсын ба, күйеуінің 
ақылымен шылымқор келін сол түні темекі дорбасын аулаққа 
апарып көміп тастапты...
...Көмуін көміп тастады-ау. Бірақ сол жаман әдет, жағымсыз 
карма тұқымға кетіпті. 1902 жылы туған менің анам Сақыш 
өмір бойы насыбай атты. «Насыбай атпасам отыра алмаймын, 
мұрнымның желі бар» дейтін. Ораз, Шамшырақ, Маруа деген 
апаларым өмір бойы темекі тартып өтті. Маруа апамның 
өкпе рагына ұшырап ауыр науқаспен өмірден өтуіне де осы 
құрып кеткір темекі себепші болды. Әулеттің еркектері темекі 
шекпесе де түк болмайды, ал әйелдерінің мұрыны темекіні 
аңсап тұратындай. Бұны тіпті ойыма да алмас едім жақында 
ауылына барғанда Тілеген апамды көріп, ол кісінің қызарып 
кеткен мұрынын көріп... атамның баяғы таңдауына қатты 
ренжідім.
Мен де 6 жасымда тентек балдарға еріп қатты темекі 
тартқанмын. Жетіге толып 1-інші класқа барған соң сауатым 
ашылып, бір күні газет оқып отырсам, никотин деген удың 
темекі құрамында болатыны, темекінің зияны туралы 
жазылыпты. Осыны оқыған бойда темекіні бірден қойып 
кеттім. Бірақ темекі туралы ойласам сілекейім қоюланып баяғы 
шеккенім есіме түсіп кетеді құрығыр.


117


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет