Ақ Сарбаз Әлемі. indd



Pdf көрінісі
бет40/109
Дата19.01.2023
өлшемі3,4 Mb.
#61959
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   109
ҒАРЫШ ЗАҢДАРЫ
(балдырғандарға арналған жазбалар)
Жас дос! Сен тіршіліктің сырын білгің келе ме? Айналаңдағы 
қайнаған өмірдің неге дәл осындай болып жатқанын түсінгің 
келе ме?
Өмірдің мәнін танығың келе ме? Өзіңнің кім екеніңді
достарыңның кім екенін, ата-анаңның кім екенін білгің келе 
ме? Жақсылық пен жамандықты айырғың келе ме?
Егер шынымен жүрегіңді осындай қиын сұрақтар мазалайтын 
болса, Жаның жақсылықты қалап, жұлдыздарға жол ашуға 
талпынып жүрсе, саған жаңа білімнің есігін ашатын уақыт 
келді. Ол үшін алысқа сапарға шығудың қажеті жоқ. Мектепте 
ондаған жыл оқып, не болмаса университет бітірудің өзі бұл 
Білімді бере алмауы мүмкін. «Оқу – ойдан артық емес» деген 
аталарымыз. Қазір көп оқып «инемен құдық қазып» жатуға 
уақыт та жоқ.
Ендеше отыра қалып айналамызға қарайық. Табиғат 
қозғалыс үстінде. Адамдар әлдеқайда кетіп барады. Жерде 
құрт-құмырсқалар жыбырлайды. Тіпті, қозғалмайды дейтін 
тастың да уақыт өткен сайын мүжіліп, қозғалысқа түсетінін 
көреміз. Ойлап көрсек, тіршілік бірінің ішінде бірі қозғалады 
екен.
Мысалы: жауын-шашын, дауылдар, жер сілкіну, жанартау 
атқылау т.б. құбылыстар планетаның ішіндегі қозғалыс болса, 
планеталардың күнді айналу құбылысы кеңістіктің ішіндегі 
қозғалыс болып табылады.
Оларды қозғап тұрған не құдырет? Бәрі қайдан шығады, 
қайда барады? Бұның сырына жету үшін ЖЕТІ деген қасиетті 
санды түсіну керек. Жеті қазақта киелі ұғым.
«Жеті атасын білмеген жетесіз
Түп атасын білмеген тексіз» – дейді халқымыз.
Ғарыш Заңдары


118
Ақ Сарбаз Әлемі
Қазақ жеті қазынаны қадірлейді, жерді жеті қат деп 
өлшейді, аптаны жеті күнге бөледі. Жұма күні жеті шелпек 
пісіреді. «Жеті түнде не қылып жүрсің» – деп сұрайды. Айта 
берсең көп.
Сонда ЖЕТІ дегеніміз не? Жеті дегеніміз бүкіл Ғалам екен. 
Барлығы жетіге саяды, жетіден тарайды.
Жеті деген сөз – Ғарыштың Заңы. Ғарышта 7 заң бар. Біз 
аяқ, қол, бас деп дене мүшелерімізді жеке дара атасақ та, 
олар жеке дара өмір сүре алмайды ғой. Сол секілді Ғарыш 
Заңдары да жеке өмір сүре алмайды. Бүкіл 18 мың ғаламның 
өзегі, тірегі, негізі болып тұрған осы 7 заңның біреуін алып 
тастаса жаратылыс бұзылады. Құрып кетеді.
Түсінуді жеңілдету үшін Ғарыш Заңын Ғарыш құбылыстары 
деп алайық.
Ғарыш құбылыстары үлкенге де кішіге де бірдей. Ғарыштың 
заңды құбылыстарынан еш нәрсе де сырт қалмайды. Барлық 
жаратылыс осы заңдармен құбылады. Түрленеді. Дамиды. 
Бірақ әр нәрсеге өз ретімен, өз орнымен, қатаң тәртіппен әр 
түрлі ырғақпен құбылады. Біз білетін табиғат заңдары Ғарыш 
Заңдарының бір бөлігі болып табылады.
Топырақтан бастап періштеге дейінгі түрлердің барлығы 
Ғарыш Заңдары арқасында жаратылған.
Ғарыш Заңдары тіршілікке күштеп танылған заң емес. Ол – 
қажеттілік, болмыс, құбылыс.
Ғарыш Заңдары дегеніміз мына қайнаған тіршіліктің тура 
өзі. Біз егер тіршіліктің сырын ұқсақ Ғарыш Заңдарын ұғамыз. 
Ал, Ғарыш Заңдарын бірінші зерттесек осы арқылы тіршілікті 
ұға аламыз.
Ендеше, тіршілікті түсіну үшін алдымен Ғарыш Заңдарын 
жекелеп алып қарайық.


119


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет