Ақ Сарбаз Әлемі. indd



Pdf көрінісі
бет45/109
Дата19.01.2023
өлшемі3,4 Mb.
#61959
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   109
Байланысты:
Ақ Сарбаз Әлемі

КЕМЕЛ РУХ ЖӘНЕ КАРМА
Елдің бәрі оянуға құштар. «Оян» деген чат ашылды деп 
топырлап тіркеліп жатыр. Менің білетінім: ұйқысы қатты адам 
бөделнік қойып жатса да оянбайды.
Ояну дегеніміз бойыңыздағы қасиет көздерінің ашылуы ғой.
Қасиет көздеріңіз ашыла бастады делік. Сіз олармен не 
істейсіз? Қазіргі қоғамды өзгертуге қауқарыңыз жете ме? 
Өзіңіздің нешінші сатыда тұрғаныңызды бағамдай аласыз ба?
Біздің қоғамда қазір Үшінші Сатының адамдары көп. Олар – 
бақсы-балгер, дуакер, сиқыршы, магтар. Өз қабылетін саудаға 
салушы оларды – рухани коммерсанттар деп атауға болады.
Үшінші Сатыда адам Құдайға шығар жағынан жақын 
болғандықтан, бойындағы қасиет көздері ашылуы мүмкін. 
Алайда олар бәрін өз Эгосын қанағаттандыру үшін істейді. 
Керек болса сиқыр, дуа қолданып адамдардың тағдырын 
өзгертуге тырысады.
Алтыншы Саты мен Үшінші Сатының Құдаймен арақашықтық 
деңгейі ұқсас. Алтыншы Сатыда Рух Құдайға келер жағынан 
жақындайды.
«Қасиет көздері ашылып, Ғарышпен гармонияда өмір сүретін 
Алтыншы Саты Перзенттері – болашақ Ғарыш Құрылысшылары 
боп саналады» дейді Ақ Сарбаз.
Алтыншы Саты баласы қандай отбасында тууы мүмкін?
Бұл – бұрын талай шыңдалу жолынан өткен, эволюциялық 
биікке шыққан кемел Рух болмақ. Кемел Рухтың карма 
бережақтары аз болғандықтан, өзінің болашақ отбасын өзі 
таңдай алады.
Енді Ол қандай отбасын таңдап тууы мүмкін? деп ойлайсыз?
Майдың бастығы, финполдың бастығы, кеденнің бастығы 
секілді лауазымды бай отбасының баласы боп туа ала ма? 
Кезінде қазақты қынадай қырған қандықол коммунистердің 


131
ұрпағы боп туа ала ма? Қазіргі жемқор шенеуніктердің баласы 
боп туа ала ма? Діни сектанттың баласы болып туа ала ма?
Жо-оқ! Алтыншы Сатының баласы ақымақ емес қой. Егер 
жаңағылардың ұрпағы боп туса, өмірінің бәрі сол әулеттің 
жағымсыз кармасын өтеуге кететінін біледі.
Сол себепті әулетінде жағымсыз карма жинамаған, текті 
отбасында тууға тырысады. Бұл отбасы қарасирақ кедей 
болса да бәрібір. Рухтың жедел дамуы үшін жоқшылықтың көп 
пайдасы тиеді.
Жақсы. Бір қасиетті бала сіздің отбасында дүниеге келді 
делік. Сіз оған қандай тәрбие беріп жатырсыз? Оның кім болып 
өскенін қалайсыз?
Кемел дамыған Рухтың адам денесіндегі өмірі өте сәтті өтеді 
деп айту қиын.
Ақ Сарбаз Өзі туған отбасындағы 5 баланың үлкені боп, сол 
әулеттің барлық қиын шаруасын істесе де, оған ата-анасының 
көңілі толмаған ғой. Баласының академик, профессор 
болғанын, шенеунік, бай болғанын қалаған ата-анасы Оны 
үнемі жазғырып келді. Тіпті бір күні шешесі:
«Сен енді аға болмайсың. Сенің орныңа інілеріне дұрыс 
үлгі көрсетуі үшін өзіңнен кейінгі інің аға болады!» – деп бұны 
әулетіндегі ағалық құқынан айырған үкімін жариялайды.
Сол кезде Ақ Сарбаз баяғыдағы Жақып ғұмыры кезінде 
жасалған жағымсыз кармадан енді құтылғанын түсінді. 
Өйткені қазіргі әкесі – қайта туған Ысқақ, шешесі – Жақыпқа 
әке батасын қулықпен алуына себепші болған Ребекка 
болатын. Ал, ағалық жолды тартып алып берген інісі – кезінде 
Жақыптың кесірінен ағалық батадан қағылған Елсау еді.
2700 жылдан кейін өтелген бұл карма қандай биік миссиямен 
келсең де ешкім Ғарыш Заңынан тыс қалмайтынын көрсетеді.
Ғарыш Заңдары


132
Ақ Сарбаз Әлемі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет