Ақ Сарбаз Әлемі. indd



Pdf көрінісі
бет42/109
Дата19.01.2023
өлшемі3,4 Mb.
#61959
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   109
ҚҰБЫЛУ ЗАҢЫ
Жас дос! Құбылу (қайта туу) заңының біздің жанымызға 
қандай пайдасы бар?
Ол заң бізге мінезімізді жақсарту үшін, денеден денеге 
ауысу арқылы санамызды әбден жетілдіру үшін керек.
«... Өмір деген мектепті бітіре алмай
Көше алмай-ақ келемін бір кластан» (Мұқағали)
Өмірде Құбылу Заңы тоқтап қалды деп елестетіп көріңізші. 
Онда Эволюция да тоқтаған болар еді. Үзілген өсімдіктер 
қайтадан өсу қабылетінен айырылады. Хайуанаттар да 
адамдар да қайтып тумайды. Түрлену, гүлдену, өсу тоқтайды 
да тіршілік бірте-бірте сөніп ыдырап бастапқы жаратылмаған 
қалпына қайта келер еді.
Демек, эволюция үшін, өрлеу үшін, өркендеу үшін құрт боп 
жорғалап бара жатқан жанның Құдайлық түрге дейін көтерілуі 
үшін Құбылу Заңы керек.
Әр түрлі денедегі өмір – біздің жанымыз үшін Мұқағали 
ақын айтқандай, мектептің бір класы ғана.
Айналамызға қарасақ, күллі дүние құбылуға іңкәр. Құбылу 
дегеніміз – жаңару, түлеу. Ескі жапырақты тастап, жаңа 
жапыраққа ие болу.
Енді, «қайта туған сайын біз әр өмірде неге тек жақсы 
қасиеттер жинауға ұмтылуымыз қажет? Жаман қасиет 
жинаушылар да көп қой?» деген сұрақ тууы мүмкін. Рас, 
қазір айналамызда болып жатқан құбылыстардың көпшілігі 
жаман қасиеті бар жандардың істеп жатырған әрекеттері. 
Түнек Күштері балалардың санасын улау үшін түрлі телефон 
ойындарын, ғаламтор желілерін шебер пайдалануда..
1978 жылғы Ғарыш Шайқасында Түнек Күштері Ақ Сарбаз 
Атадан жеңілді де, қалған қалдықтары Жер Ғаламшарына 
келіп бекініп алды. Өмір бойы Құдайға қарсы зұлымдық істеген 
Ғарыш Заңдары


122
Ақ Сарбаз Әлемі
жандарда эволюциялық өрлеу болмайды.
Демек, Түнек Күштерінде енді адам боп қайта туу мүмкіндігі 
жоқ. Ауыр карма оларды эволюцияның төмен деңгейлеріне 
қарай тартып, топырақ боп не болмаса құрт-құмырсқа боп 
қайта тууға мәжбүр етеді.
Қазақтың «зауалын тапты» деуі, «мың асқанға бір тосқан» 
деуі осыларға айтылған.
«Ажалдан құтылмайсың қашсаң-дағы» – дейтін өлең бар 
емес пе? Түнек Күштері өздерін не күтіп тұрғандарын жақсы 
біледі. Олардың мақсаты өздерімен бірге бізді де төменге 
құлату.
Айналамызда болып жатқан ұрлық, зорлық, алдау-арбау, 
арақ ішу, құмар ойындары мен компьютер ойындарын ойнау – 
Түнек Күштерінің бізге құрған торлары. Олар бейнефильмдер 
арқылы жауыздықты ашық насихаттауға көшті.
Бәрінен де қауіпті – қалалардағы түрлі діни секталар, иога 
мектептері. Олардың көпшілігі: «Құдайға жеткізем» деп біздің 
санамызды мүлде басқа жаққа адастырғысы келетін Түнек 
Күштерінің жоспары.
«Кептер болып тусаң, қарға болып өлме» деген мақал бар. 
Қазақ ежелден дінге берілмеген. «Ораза, намаз тоқтықта, 
иман кетер жоқтықта» деген аталарымыз «Аллаңнан ойбайым 
тыныш» деп жүріп-ақ, Ғарыш Заңдарын бұзбай, Тәңірге тура 
бара жатқандарын жүрекпен біліп жүре берген.
Осындай сахарада еркімен жүрген халықтың баласын 
медитацияға немесе намазға отырғызуға бола ма? Қазақ 
баласы үшін күй тартып, ән салу, көкпар тартып, қыз қуудан 
артық қандай медитация керек? Аттың үстін алтын таққа 
айырбастамайтын қазақ, бәйге десе делебесі қозатын қазақ, 
ән-күй десе ішкен асын жерге қоятын қазақ өз табиғатынан 
безініп иог болып немесе басқа дінмен айналысудан ләззат 
ала-алар ма екен?
Жоқ, мүмкін емес! Қазақтың саудаға алдануы да мүмкін 
емес!
«Алтынды ерің атқа батса, алтынын ал да отқа жақ» деген 
аталарымыз өмірде материялды баюды мақсат етпеген.
«Тоқтық мұрат емес


123
Жоқтық ұят емес» деп көңілін есепке бермей, «бар – 
әзір, жоқ – жай» деп барға тарылмай, жоққа жабырқамай, 
«таңғы тамақ – Тәңірден» деп Құдайдан үмітін үзбей, өзінің 
қоңыртөбел тірлігімен жүре берген.
Қазақта өлген адамды «жүріп кетті», «қайтты» дейді. Осы 
«жүру», «қайту» жанның тоқталып қалмай, оның денеден 
денеге жүріп қайта туып отыратынын білдіреді. Мұқағалидың:
«Тірлікке бола бес күнгі
Ренжіте көр ме ешкімді» деуі жанның әр денедегі өмірден 
тек жақсы қасиеттер жинақтауы үшін айтылған өсиет деп ұғу 
керек.
Жақсы сана қалыптасқанда ғана біздің жанымыз эволюция 
жолымен физикалық бесінші деңгейден алтыншы нәзік 
деңгейге, одан әрі мәңгі өлмес Рух деңгейіне өте алады.
Мәрмәр тасты қайта-қайта қырлап, егеу арқылы әдемі мүсін 
қашап шығаратын шебер қолды Құбылу Заңымен салыстыруға 
болады.
Жанымыз Эволюция жолында тастан бастап адам деңгейіне 
дейінгі денелердің бәрінен өтіп шығады. Жан адамдық денеде 
кемінде 7 мәртеден 49 рет (кейде 150-ге дейін) қайта тууы 
тиіс. Қазақтың:
«Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деуі адамның 
кемінде жеті рет туып, жеті түрлі қасиет жинақтауға тиістігін 
меңзейді.
«Жігітке жетпіс өнерде аз» дегені – үйрену, өрлеуде шек 
жоқ, құбылуда шек жоқ дегені.
«...Өлді деп Қарынбайды естуші едім
Қарынбай әлі тірі жүр екен ғой!» деген екен баяғыда 
Шиырбай деген кісі өзіне қой соймай ескі ет берген бай 
туралы. Қарапайым жылқышы осы сөзі арқылы Құбылу Заңын 
ашып отыр ғой.
«Қайтып кірер есігіңді қатты жаппа» дегені Қайта туатын 
болған соң қаттылыққа, жаман қасиетке берілме дегені.
«Құдайдан бала сұрасаң, әке береді» деген мақалдың 
астарында да үлкен мағына бар. Өйткені ата-анамыздың Рухы 
біздің немереміз боп қайта тууы мүмкін.
Ғарыш Заңдары


124
Ақ Сарбаз Әлемі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет