ЖАҚСЫ АДАМ
Біз әдетте «мынау – жақсы, мынау – жаман» деп жіктеп бөліп
жатамыз. Бұл біздің көңілімізде ғана сондай. Халықтың бәрі
жек көретін алпауыт олигарх қатын-баласы мен көңілдесі үшін
әлемдегі ең жақсы адам боп көрінуі мүмкін.
Тәңірі біздің рухымызға эволюциялық даму құқығын бергенде:
«сен жақсы боласың», сен жаман боласың» деп бағыттап
жіберген ештеңесі жоқ. Әр жан өз қалауымен, Ғарыштың Еркін
Ерік Заңымен дамыды. Түлкі болғысы келгендер түлкі болды.
Қасқыр болғысы келгендер қасқыр болды.
«Доңыз бен есек болғысы келетіндер де бар ма?» деп таң
қалуыңыз мүмкін. Әрине бар. Эволюцияланғысы келген жан
қандай денеге де кіреді. Бірақ өз қалауымен!
Мынандай аңыз бар. Құдыретті Жаратушы Ие Өз иелігіндегі
хайуанаттардың ішіндегі ең нас, жиіркенішті хайуан – доңыз
денесіне кіріп көрейінші, доңыздың жаны қалай азап шегеді
екен? – деп ойлапты.
Сөйтеді де доңыз денесінде дүниеге келеді. Ғажапты қараңыз,
доңыз денесіндегі өмір Оған ұнап қалады. Аунайтын шалшығы,
қопаратын балшығы бар, 12 торайын шұбыртып қорсылдап
қойып, тамыр мен жәндіктерді қорек қып жата береді. Періштелер
Жаратушы Иеге келіп:
Уа, Тәңірім! Сіз ең жаман жаратылыстың қандай болатынын
білдіңіз. Енді бұдан шығып, өз тағыңызға оралыңыз – десе Құдай:
– Мазаламаңдар! Маған осы жер ұнайды – дейтін көрінеді.
Періштелер басы қатып, ақыры доңызға бір аңшыны бағыттап
жіберуге мәжбүр болады. Әлгі аңшы келіп доңыз денесін атып
өлтірген кезде, Тәңірі Рухы доңыз денесінен бостандық алған
сәтте барып Құдай Өзінің шын Болмысын түсініп, тағына оралған
екен.
Бұл аңыздан біз мынадай ой түйеміз: адам Жерде жүргенде
өзінің Құдайлық болмысын ұмытып, жерлік есімдеріне байланып
қалады. Сөйтіп адами сезім мен ойдың жетегінде, есімін
елге танытам деп жүріп, ғұмыры қалай аяқталып қалғанын
293
аңғармайды.
Біздің жақсы-жаман деп айдар таққанымыздың Ғарыштық
тұрғыдан маңызы жоқ. Өз елінің батыры өзге ел үшін қанышер
боп көрінуі мүмкін.
Жан Әлеміне қандай қасиеттер жинап оралсаңыз да сізді ешкім
жазғырмайды. Аруақтар Әлемінде әр Рухтың бітім-болмысына
құрметпен қарайды.
Дегенімен Ғарыш үшін адамның қандай қасиеттері бағалы?
Меніңше ең әуелі бағаланатыны – қайтпас қажыр мен
табандылық.
Не ыстық бол, не суық бол! Жылымшы, дүмбілез болма!
Бұл дегеніміз, нені мақсат қылып ұнатсаң, соған жан-тәніңмен,
бар болмысыңмен, бар ықыласыңмен, бар ниетіңмен беріле білу.
Бұл – өзің ұнатқан жолыңа адалдық.
Жақсы жолда болсын, жаман жолда болсын, қолынан бірдеңе
келетін жанды Құдай бағалайды. Мейлі ол тіпті ұры-қарақшы
болсын, бірақ дарыны мен таланты болса Ғарыш оны түбінде
ізгілік жолына бағыттауы мүмкін.
Бұған Будданың тағдыры дәлел. (Будда бастапқы ғұмырында
қарақшы болған) Адайдың пірі Бекет ата әулиелік жолға түспес
бұрын барымташы болған.
Ешбір тіршілік жаман деңгейде қалып қоймайды. Сол себепті
шама келсе ешкімді жазғырмауға тырысқан жөн. «Сен ешкімді
жазғырмасаң – сені де ешкім жазғырмайды» – дейді Иса
пайғамбар Өзінің таудағы өсиетінде.
Қараны қарамен емес ақпен ағартасың ғой. Осыны білген
халқымыз:
«Таспен ұрғанды, аспен ұр»,
«Жақсылыққа – жақсылық, әр кісінің ісі-дүр,
Жамандыққа – жақсылық, ер кісінің ісі-дүр» деп жаманды
жақсы қылуға тырысқан. Жақсының бағасын біліп, ардақтаған.
«Жақсы сөз – жарым ырыс» деп адамның үнемі жақсы
қасиетін айтуды көздеген. «Жақсының жақсылығын айт – нұры
тасысын!» деген.
«Жаным десе – жан семіреді» деп Рухты тәрбиелеуге күш
салған.
«Егер біреудің бойында жақсы қасиеті 51% болса, мен оны
жақсы адам деп есептеймін» – дейді Қадыр ақын.
Жақсы адамды сіз қалай елестетесіз?
Рухани ізденіс
294
Ақ Сарбаз Әлемі
Достарыңызбен бөлісу: |