54
Ақ Сарбаз Әлемі
деп қауіптенгенім рас.
Қазақ халқы Карманың алтыншы деңгейі –
Планета
Кармасын көтеруші болғандықтан қазіргі әр қазақтың басында
Әлемнің Жүгі тұр.
Ол жүк жақсы адамның жүрегін ауыртады, санаға салмақ
түсіреді, жаныңды кірлетіп, жүйкеңді жұқартып жібереді.
Сол себепті қазіргі қазақтың жүйкесі әбден жұқарған. Әлем
халықтарының ғасырлар бойы жинаған қара кармасынан
өздерін қалай тазартуды білмейді.
Алтыншы сатының халқына: «жаныңды
кірден тазартып,
жолыңды ашамын» деп, осыдан ақша жасаушылар – бесінші
сатының адамдары боп табылады. Егер ол шын әулие болса
ақша алмас еді. Олар сіздің жаныңызды тазартуды емес,
қалтаңызды тазартуды көбірек ойлайды.
Өзіңізден бір саты төмен тұрған
рухани саудагерге жем
болу дұрыс па?
Біз жаңа мемлекетті енді құрғалы жатырмыз. Мемлекет
мықты болуы үшін оның ұлттық идеясы болу шарт.
Ол – Тәңірлік Сенім мен көне дәстүрімізге қайтып оралу.
Тәңірлік Сенімнің XXI ғасырдағы рухани өзегі – Ақ Сарбаз Ілімі.