А. Соловьева, Б. Ибраимова


Ішкі және аралас секреция бездері



Pdf көрінісі
бет131/227
Дата10.12.2023
өлшемі5,46 Mb.
#135669
түріОқулық
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   227
Байланысты:
8-сынып биология

 Ішкі және аралас секреция бездері:
1 – гипофиз; 2 – қалқанша без; 3 – айырша без (тимус); 
4 – бүйрекүсті безі; 5 – ұйқыбез; 6, 7 – жыныс бездері
1
2
3
4
6
7
5


168
ішкі секреция без де рінің белгілері: 
1) сөл бөліп шығаратын өзегі болмайды; 
2) сөлі тікелей қанға бөлінеді; 
3) оның сөлін 
гормондар
деп атайды. Олар өте аз мөлшерде бөлінеді, 
бірден бірнеше мүше және ұлпаға әсер көрсете алады. 
Аралас­ секреция
бездері – бір мезгілде қанға гормондар, өзектерге 
сөл бөледі. Ағзада екі аралас сек реция бездері болады. Олар ұйқы 
безі мен жыныс бездері. Әйелдерде: аналық жұмыртқа бездері; ерлер-
де: аталық бездер. Ұйқы безі қанға инсулин, глюкагон гормондарын 
бөледі (37-суретті қараңдар). Бұл оның ішкі секрециялық (эндокриндік) 
қызметі. Ал сыртқы секрециялық қызметі: өзінен бөлінетін ұйқыбез сөлі 
(панкреатин) өзекшесі арқылы тікелей ұлтабарға құйылады.
Жыныс бездерінің сыртқы секрециялық белгісі: ер адамдардың 
жыныс бездерінде жыныс жасушалары – сперматозоидтар, әйелдерде 
жұмыртқа жасушасы түзіледі. Олар жыныс бездеріндегі өзектерге түседі. 
ішкі секрециялық белгісі: жыныс бездерінде түзілген жыныс гормонда-
ры тікелей қанға бөлінеді.
гормондар және гуморальды реттелу. 
Гормондар
ішкі секреция 
бездері бөліп шығаратын, ағза мүше лерінің қызметін өзгерте алатын 
биологиялық белсенді заттар. Ағза қызметінің гормондар және де басқа 
заттар ар қылы реттелуі қан арқылы жүзеге асады. Реттелудің бұл түрі 
гуморальды
деп аталады. 
Эволюция барысында ағза жұмысының гуморальды рет телуі жүйке 
жүйесі арқылы реттелуден бұрын пайда болған. Мұхиттарда тіршілік ет-
кен біржасушалыларда да, төменгі сатыдағы өсімдіктер – балдырларда 
да ағзаға әсер ететін бас ты сигнал оларды қоршаған, сырттан келетін су 
еді. Демек, алғашында ағза жұмысының гуморальды реттелуі кез келген 
сұйықтық арқылы жүзеге асатын болған. Сондықтан 
гуморальды­
(
лат.­
гумор­ –­ сұйықтық

реттелу
деген термин ағзаның ішкі ортасы (қан, 
лимфа, жасушааралық сұйықтықтар) арқылы реттелу деген мағынаны 
білдіреді. 
Басқа да омыртқалылар сияқты адамдардың гормондары да ішкі 
секреция бездерінен түзіледі. Мұндай заттар өсімдіктерде де, кейбір 
омыртқасыздарда да түзіледі.
Өсімдіктер ағзасында фитогормондар әртүрлі мүшелерден түзіледі. 
Өсімдіктердің өсуін, дамуын реттейтін гормондарды бүршіктер мен 
камбий т.б. түзуші ұлпалардың жасушалары түзеді. Ал жемістердің 
түзілуін реттейтін гормондар пісіп-жетілген жемістерден түзіледі. 
Бунақденелілердің тіршілігінде өсуі мен дамуын реттейтін, олардың 
түлеуін жүзеге асыратын гормондары маңызды рөл атқарады. 


169
Гормондар – ағзаның және жасушалар тобының қызметін өзгертетін, 
бір мезгілде бірнеше үдеріске әсер ететін арнайы заттар. Мысалы, көңіл 
күй гормоны – 
адреналин
. Ол жүйке жүйесінің симпатикалық бөлімі 
сияқты жүректің соғу жиілігін арттырады, қан қысымын көтеріп, 
жүректің капиллярларын кеңейтеді, терінің және асқорыту мү шелер 
жүйесінің капиллярларын тарылтады, энергия көзі болып табылатын 
қанның құрамындағы глюкоза мөл ше рін арттырады және т.б. 
Гуморальды реттелуден басқа біздің ағзамызға 
жүйкелік­ реттелу­
де
(ми мен басқа да орталық жүйке жүйесінің бөлімдері арқылы) тән. 
Ағзаның барлық мүшелерінің жұмысына эндокриндік және жүйке жүйесі 
бірлесіп әсер етеді. Олардың қызметтері бірін-бірі толықтырып отырады, 
демек, ағза мүшелерінің қызметі нейрогуморальды жолмен реттеледі. 
Бездер,­ секреция,­ сыртқы­ секреция­ бездері­ (экзо­крин­ді),­ ішкі­
секреция­ бездері­ (эндокринді),­ гормондар,­ аралас­ бездер,­ гумо-
ральды­реттелу,­адреналин,­жүйкелік­реттелу,­нейрогумораль-
ды­реттелу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   227




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет