А. Т. Хусаинов агроэкология оқу құралы / Учебное пособие


Дәріс. Қатты қалдықтардың экожүйелерге



бет37/90
Дата06.01.2022
өлшемі0,54 Mb.
#11331
түріУчебное пособие
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   90
13. Дәріс. Қатты қалдықтардың экожүйелерге

экологиялық әсері.
Жоспар:

1.Тұтынушылар мен өнеркәсіп қалдықтармен ластану көздері.

2. Қатты қалдықтарды орналастыру және зиянсыздандыру.

3.Қатты қалдықтарды жою және утилизацияландыру.


Әрбір селитті аймақ қоршаған табиғи ортаға көп көлемде өндіріс және тұтынуқалдықтарын шығаратын тұрақты көз болып табылады.

Өндіріс қалдықтарына – шикізат қалдықтары, материалдар,жартылай фабрикаттар жатады, олар өнімді өндіргеннде, жартылай және толығымен бірінші реттегі тұтыну қассиеттерін жоғалтқанда және жұмыстар орындалғанда пайда болады.

Тұтыну қалдықтарына (жұмыстық)-құрамы және физико-химиялық қассиеттері бойынша әртүрлі адамның тұрмыстық әсерімен болатын қалдықтар жатады.

Өндірістік және де тұрмыстық қалдықтар табиғи ортаға қауіп –қатер тудырады, ол оның биотикалық, механикалық, химиялық және ластанудың басқа түрлерінің көздері болады және де оның санитарлық-эпидемиологиялық, жақсарту және эстетикалық қасситтері төмендетеді.

Қалдықтарды, әдістерді таңдауға және сақтау заттарына, тасымалдауғажәне өңдеуге әсер ететін фазалық жағдайына байланысты қатты, сұйық, газ тәрізді және энергетикалық түрлерге бөледі. Санитарлы-гигиеналықбелгілері бойынша қалдықтарды – инертті, аз улы суда еритін, аз улы ұшпалы, улы суда еритін, аз улы ұшпалы, улы суда еритін, улы ұшпалы құрамында мұнай, май, органикалық тез ширитін, фекалиялар, тұрмыстық-шаруашылық қоқыс болып бөлінеді. Улы қалдықтардаөзінің классификациясы бар.

Қатты тұрмыстық қалдықтардыңтүзілу процессі негативті әсер факторын тигізеді, оның қалыптасуына әрбір тұрғын әсер етеді. Селитебті зонадан (ҚТҚ) жойғаннан кейін табиғатқа қаупті әсер ететін фактор пайда болады. Басқа елдердің ҚТҚ жиналуының орташа көрсеткішіне қарап бұдан тез нануға болады.

ҚТҚ-ың көп жиналуы адамдар өмірінің өзгеруінен екенін білеміз.

Негізінен көп көлемде үй шаруашылығының заттары таралауы және олардың түрлері көбейеді және т.б. өндіріс аймағының жаңа технологияларының жетілмегендігінен минералды шикізат қоры терең және толығымен өңделмей, оның көп бөлігі қайта табиғатқа қалдық түрінде қайтарылып отыр. Кейбір құжаттарға қарағанда жылдың сңгы өнім пайдаланылатын шикізат көлемінің 1–2 % ғана құрайды, ал қалғаны қалдық болады, оның өзі қорларға рационалды емес келіп қана қоймай, өндіріс жүйелерінің жетілмегендігін көрсетеді. Мысалға қаланың 1 млн№ тұрғының күндік тұтынуы 625 мың. Т су, 2 мың т. азық,және 9,5 мың т жанар май боғанда, газ тәрізді (950 т), сұйық (570 мың.т) және қатты (2,5 мың.т) қалдықтардың белгілі көлемі түзіледі.

Үлкен агломерацияларда және қалаларда қатты қалдықтардың көлемі артуына байланысты тұрғын территорияларынан жою үлкен проблема болып отыр. Мысалы АҚШ-қа күніне 63 мың қоқыс таситын машина керек. Нью-Йорк көшелерінен жылына 8 млн т тұрмыстық қоқыстар шығарылады. Және де басты проблема- оларды қайда жіберу?

Ресей территориясында да өндіріс және тұрмыстық қалдықтар үлкен экологиялық проблема тудырып отыр.

Ресей Федерациясының территориясында рұқсат етілген және рұқсат етілмеген отвалдарда, қоймаларда, қоқыс тастайтын жерде және полигондарда,олар 250 мың га жерді алып жатыр, 1994 ж. 86 млрд. т жуық өндірістің және тұрмыстық қалдықтар жиналған (әрбір тұрғынға 530 т – дан аса). Үй – жай қалдықтары 140 млн. куб. м және 42 млн. т құрайды (280 кг әр бір адамға). Бұл массаның 5 % ғана қоқыс өртейтін заводтарға түседі, ал қалғаны- полигондармен қоқыс тастайтын жерлерге. 1997 ж қала территориясы 130 млн куб. М (39 млн. т) қ.т.қ. және 60 млн куб. М сұйық тұрмыстық қалдықтарды «өндірді». Қатты қалдықтардың жалпы мөлшерінен өнеркәсіптік әдіспен 3 % өңделіп, қалғаны полигондарда көмілді.

1997 ж Ресей территориясындағы улы өндірістік қалдықтар мөлшері (431,7 млн. т-ны құрады. 1997 ж ішінде өнеркәсіптерде 89,4 млн. т улы қалдықтар пайда болды, оның ішінде 1 класс зияндығы-0,28 млн. т, 2- 2,17 млн. т, 3- 4,95 мон.т, 4 класс- 82 млн. т сода қайта өңдеуге және қолдануға келмейтін, оларды көмуге бақыттап отырды. Қалдықтарды көмуге негізделген 1112 учаске 14,15 мың га алып жатыр, олардың 935 (84 %) объектілер орындалып жатқан нормативтерге жауапты. Бірақ рұқсат етілмеген қоймаларда улы қалдықтардың артуы қөрініп отыр. 1996 ж 209 т 1 классты зиянды өнеркәсіптік қалдықтар қойма емес жерге жіберілді, ал аса қауіпті қалдықтар үлкен аумақтарды ала отырып, топырақ ластануының, ауа ортасының, су объетлерінің ластауші қөзі болып табылады. Сонымен қатар қалдықтарды көшуге рұқсат етілген жерлердің өзі нормаларға сәйкес келмейді. Шаңды әлемнен ұшыру 10 км артық радиусты алып, топырақтың қабатына тура әсер етеді. Кейбір тастаулар өздігінен тұтанып, атмосфераны ластайды. Жауын-шашын уақытында жаңбырлы және еріген сулар тастаулардан өтіп өте улы қосылыстармен ластанады. Тастаулардың айналасында зиянды зоналар пайда болған. Бұндай негтивті байқалулар Ресейдің барлық елді аймақтарына келеді. Мәскеудің 30% - тей өнеркәсіптік қалдықтары қаладан ешқандай мөлшерсіз және сапасыз тексеріспен шығарылады. Жыл сайын астананың заводтары мен фабрикаларында 3 млн т-дай қалдықтар түзіледі. Подмосковьедегі агроландшафтының экологиялық жағдайына құрылыстың қоқыс және тазалау құрылыларының тунбалар мөлшері үлкен үлес қосады. Касіпорын облысының полигонына 110 млн.т аса қатты кәсіпорындық қалдықтар және 120 млн.т тазалау құрылғыларының ағынды су тұнбалары жиналады. Подмосковьенің 120 мың га аумағын 350 қоқыс төгетін орын экологиялық қолайсыздық тудырады.

ҚТҚ-ы толығымен зиянсыздандыру және жою гигиеналық проблема әсердесе урбанизацияның өсу шарттарын қиындатады. Проблеманың қиындығын біріншіденү қалдықтар массасының көбеюі, ал екіншіден олардың компоненттерінің ассортименті көбеюі.

Біртіндеп қалдықтарда полимерлік материалдар көбеиіп отыр. Сондықтан оларды жану қауіпті, өйткені онда диоксиндер тез түзіледі.

Елді-мекендерде қалдықтарды орналыстыру және зиянсыздандыру қол жеткліксіз. Сонда да көптеген жерлерде тұрмыстық және көшелік қоқыстарды жоюда қарапайым әдістер қолданады: ауналарда және көшелерде ешқандай техникалық қүрылғыларсыз өртейді, ол тұрғын үй аймақтарының атмосферасын ластайды. Топырақтың минерализациялау қасиеті есебімен осы күнге дейін практикада қалдықтарды жерге көму әдісі сақталған.

ҚТҚ-ың көлемі көп пайда болу нәтижесінде қалалық аймақтағы топырақтары негативті әсерге ықпалы бар.

Қалдықтардың қөбеюі экологиялық тепе-теңдікке қауіп төндіреді. Мысалы грунттық жүе жер асты суларын деградациялайды, олар қоқыс қалдықтары арқылы шіриді: темір, қорғасын, мырыште, органикалық жуу заттары; дәрілер, т.б. жатады.

Соңғы жылдары зерттеулер көбейді, олар экология құрамын табиғи ортадағы зоналарды қамтиды; сонымен қатар көлемдігін, сапалығын қатты қалдықтардың зерттелейді, олар табиғи систаманың селитебті зоналарын дегадацияландыруына және бұзуына әкеледі.

Қатты қалдықтары жыл сайынғысы көптүрлі заттарының массасы өндіріліп планетамызда таралады. Қатты қалдықтарының өте аз ыдырауынан планетамызда олар өте интенсивті жиналады; сонымен қатар олардың жоғарғы токсикалық заттарының концентрациясын .ескеруіміз керек, полигондармен қоқыс жинайтын свалкаларды жасау үшін аймақ мүмкіндліктігі шектелген. Қалдықтардың жағдайы қризистік сипаттамаға жетті. Сонымен заңдлықты, қалдықтардың көму тәсілін және қауыпсіздендіру жолдарын, әдістерін табуі өте өзекті болып келеді,экологиялық талаптарына барынша сай болу үшін.

Қалдықтарды жою үшін кешенді мақсаттарды жасауды талап етеді,сондықтан келесі жазылған эдістерді бір жолата қолдану крек. Қалдықтар бойынша және олардың жону әдістерін білетін көрсеткіштер керек, қалдықтардың өндіріс салдары бойынша есеп, экономикалық ынталандыру жасайтын принциптерді кіргізу,сәйкесінше заңды базасын енгізу керек.

Соңғы жылдары қоқыс орындарын жоюға бақытталған әр түрлі мерекелер апробацияланған – қауіпті қалалық спутниктері: тұрмыс қалдықтарды жіктейді, ауыл шаруашылыққа тыңайтқыштарға жону жасайды,әлде сұйық майға; қалдықтардың бір бөлігін аттандырады және ескі карьерледі, оврагтарды, балкаларды және т.б., селитебті зоналардан алысты жатқандарды толтыруға қолданады.

Бір сөзбен айтқанда әлі бүкіл жерлерде тұрмыс қалдықтардың мәселелері шешілмеген.

Жер жүзінде әртүрлі орташа алған бағаларда 29%-тей қоқысты жандырады, 60%-тен асым қоқысты свалкаға төгеді, 4%-тен компост жасайды, және 6%-ей басқа әдістермен жонуына кетеді. Бірақ, әлі күнде, негізінде қоқыс орындарында жандыруды қолданады.

Қатты қалдықтарды жою ең үлкен қауыпсіздық жолдарды іздеу , сөзсіз өміршліктің маңызды сұрағы. Қатты қалдықтарды жоюына автокөлікті қолданыі, әдіс ретінде, көбінесе тараған боп келеді. Бірақ оларды алысқа апаруы көліктердің шығындарының өсуімен тоқтатылады. Қалалардың қоқыс орындары – ең қарапайым тәсіл, бірақ бұл санитарлық-гигиеналық түрде қанағаттандырмайды. Қалдықтарды ащық свалкаларда орналастыруі, және де оларды аудандық жерден 1 км ден кем аралықта орнатылғаны - мәжбүр болған шара. Қалдықтарды көмудің ең жақсы тәсілі – алдын ала қазылған канаваларға қоқыстарды тастау содан кейін оларды тығыздандыру және 70-80 см топырақтың қалындығымен жабу, канаваларды қазғанда алынған жермен.

Бірақ-та мұндай өңделген нұсқа қалдықтарды жоюмен қаупсіздендруі экологиялық дәйектемелмеген. Бұның жетіспеушілігі, бәрінен бұрын, қалдықтардың көлемінің ылғи-да көбөюі және оларды жоюға көп жерлерді талап етуі. Тұрмыс қалдықтардың орындарындарының да өміршлік уақыты болады, яғни бұл сол телімдердің қалдықтардың массасымен кеңістіктің ең толықтыру процессі деп есептеледі, бірақ олардың экологиялық қауіптілік уақыты шексіз. Әдетте қоқыс орындарын мезгіл сайын басып отрады, қабат грунтін себеді, ал жапқанда топырақпен тығыз жабады. Сондай көму жабықтарында 1,5 млд.т. дан асым қалдықтар жиналған. Бұл объектілер құрамында жоғары радиоактивті, қауіпті токсиканттар болады.

Санитарлы-гигиеналық және экологиялық жетістікке жету үшін қалдықтар көметін ең дәйектемелген жүйелерді кіргізеді.

Казіргі қалдықтрды көметін көрсеткіш тәсілі қоршаған ортаны қорғайтын жүйені арнайды. Ол үшін келесі талаптарды арнайды: қалдықтар полигонің грунттық су деңгейіне қарағанда жоғарылай орнатады; полигонның астын алдымен тығыз балшық кабатымен оқшауландырады; сүзіндімен метанды алып тастау үшін қиыршық тас кабатын төсейді; қоқыс кабаттарын бір-біріне салып пирамда түріндей келтіреді; полигонды ұңғымалармен және сүздікті алып калатын сұйыққойсалармен жабдықтайды.

Бақылау сұрақтары:

1 Тұрмыстық қалдықтар деген не және олардың қандай түрлерін ажыратады?

2 Қоқыс полигондарын жасаудың технологиясы қандай?

3 Тұрмыстық қалдықтарды жоюды қандай жолдары бар?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет