А. Т. Хусаинов агроэкология оқу құралы / Учебное пособие


Дәріс. Егіншілік заңдылықтары және оларды мол өнім



бет39/90
Дата06.01.2022
өлшемі0,54 Mb.
#11331
түріУчебное пособие
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   90
15. Дәріс. Егіншілік заңдылықтары және оларды мол өнім

алу үшін өндірісте қолдану
Жоспар

1. Егішілік заңдары

2.Өзара тепе-теңдігі заңы

3.Минимум,оптимум,максимум заңы

4.Қайтару заңы
1. Ғылыми егіншілік-мәдени өсімдіктердің өсу жағдайларының талаптарын,топырақ құнарлылығы туралы ғылымды,қоректік элементтердің өсімдіктерге жарамды түрлерге айналуын, топырақ және ауа-райы жағдайларын ескере отырып түрлі агротехникалық тәсілдердің көмегімен өсімдіктердің атмосфералық жауынды пайдалану коффициентін арттыруларын оқып-зерттеуге негізделген.

Өсімдік тіршілігіне қажетті факторлардың оның өсіп-өну процесінде әрекеттестігі өте күрделі және жан-жақты болып келеді.Осы әрекеттестіктердің заңдылықтарын айқындау жұмыстары көптен бері жүргізіліп келеді, соның қорытындысында осы күнгі егіншілік немесе өнім алу заңдары қалыптасты. Өнім алу прцесінде өсімдік тіршілігіне қажетті факторлардың әрекет ету заңдылықтарын егіншіліктің жалпы заңдары дейді.

Егіншілікті қарқынды жүргізіп, ауылшаруашылық дақылдарынан жоғары өнім алу үшін оның заңдылықтарын дұрыс пайдалана білу керек. Ашылу мерзіміне байланысты егіншіліктегі бірінші заң–жасыл өсімдіктердің автотрофтылық заңы. Онда жасыл өсімдіктер ғарыштан күн сәулесі энергиясын, ауадан көмір қышқыл газын, топырақтан минералдық қосылыстарды пайдалана отырып өздеріне қажет органикалық заттарды түзеді делінген. Сондықтан өнімді көп алу үшін егістік алқапта оптималды мөлшерде мәдени өсімдік өсіріп, ал топырақта жеткілікті мөлшерде ылғал мен минералдық коректік заттар қорын жасау керек.

2. Өсімдіктердің тіршілігіне қажетті факторлардың өзара тепе-теңділігі мен бір-бірімен айырбасталмайтындығы заңыныңмазмұны:“Өсімдік тіршілігіне қажетті факторлар бір–бірімен айырбасталмайды”.Бұл өсімдікке барлық факторлар қажет деген сөз. Осыдан барып өсімдіктер тіршілігіне керекті факторлардың теңмағыналылық заңы шыққан. Оны былай түсіндіруге болады. “Өсімдік өміріне (тіршілігіне) қажетті факторлар тең мағыналы”, яғни өсімдіктер үшін жарықтың, жылудың, ауаның, қоректік заттардың және ылғалдың маңызы бірдей.

3.Минумум, оптимум, максимум заңы. Оны бірінші рет неміс ғалымы Сакс ашқан болатын. Оның айтуынша “Ең жоғарғы өнім факторлар оптималды мөлшерде болғанда ғана алынады, ал егер олар минималды (аз) және максималды (көп) мөлшерде болса өнім төмендейді”.Бұл заңды 1840 екінші неміс ғалымы Ю.Либих толықтырады.

4. Қайтарым заңын XІX ғасырдың орта кезінде Ю.Либих ашқан. Оның анықтамасы бойынша: “Өсімдіктер өнімі құралғанда пайдалынылған барлық заттар (азоттан басқа) толығымен қайтадан топыраққа тыңайтқыштар түрінде артығымен қайтарылуы керек.”Бұл заңды бұзу, ерте ме кешпе топырақ құнарлылығының жоғалуына әкеліп соқтырады. Осы заңның нәтижесінде минералдық тыңайтқыштар өндіретін зауттар салынды.

Тұқым алмастыру заңы бойынша «өзінің биологиялық ерекшеліктері және өсіру технологиясы жағынан алшақ тұрған дақылдарды жылсайын, немесе белгілі бір уақыт ішінде ауыстырып отыру арқылы алынатын өнім мен топырақтың құнарлылығын арттыруға болады». Осызаң негізінде егіншілікте ауыспалы егісжүйесі пайда болған.

Топырақ құнарлығының кеми беру “заңын” XVІІІ ғасырда француз экономисі А.Р.Ж.Тюрго шығарған болатын. Оның мәні мынада еді. “Өнім өндіруге сәйкес келмейтін еңбек пен шығынды көбейте бергенмен, әрбір қосымша өнімнің нәтижесі бірте-бірте кемиді, сондықтан жұмсалған шығынның ақталуы өте баяу болады, тіпті ақталмауы да мүмкін”.Осы аталған заңдарды егіншілікте қолдану өнімді молайтуға зор мүмкіншілік береді.

Қазақстан егіншілігінде аталған заңдарды пайдалана отырып өте жоғары рекордтары өнім алған дихандар бар.Мысалы, Шығанақ Берсиев (1881-1944ж) Ақтөбе облысының Ойыл ауданындағы Құрман ұжымшарында1943жылы тарының әр гектарынан 201 центнер өнім жинап әлемге атағы әйгілі болған.

Ыбрай Жахаев (1891-1981жж) Қызылорда облысы Шиелі ауданы Қызыл-Ту ұжымшарында күріштің әр гектарынан 171 центнер өнім жинап, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері мәртебесіне ие болған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет