Ақай Мерей А. Байтұрсынов-әдістемеші ғалым


Ұрпақ тәрбиелеудегі Ахмет Байтұрсынұлының ағартушылық идеялары



бет3/8
Дата03.12.2023
өлшемі66,1 Kb.
#133333
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
311топ Ақай Мерей1

1.2 Ұрпақ тәрбиелеудегі Ахмет Байтұрсынұлының ағартушылық идеялары

А.Байтұрсынұлының алғаш ағартушылық ой – пікірлері сонау 1913 – 1917 жылдары Орынборда шыққан «Қазақ» газетінде (Байтұрсынұлы 5 жыл бойы осы газеттің жауапты редакторы болған) жарияланған мақалаларынан айқын көріне бастайды. Газет өзінің тұңғыш жарияланған санында – ақ былай деп жазды : «Бұл газеттің мақсаты жұрт пайдасына көз болу, қазақ арасына ғылым, өнер жайылуына басшылық ету, басқа жұрттардың халінен хабар беріп, таныстыру. Сол мақсұттарды орнына келтіру үшін закүндерді, хакімдердің бұйрық – жарлықтарын білдіріп тұру, Государственный дума, һәм Государственный совет жұмыстары турасында жете хабар беру, қазақтың бұрынғы және бүгінгі жайын жазу, күнелту, сауда, кәсіп, жер – су, егін – таран, мал шаруасы жайынан кеңесу, оқу, оқыту, мектеп, медресе, школа, ғылым, өнер тіл, әдебиет турасында жөн көрсету, адам һәм мал дәрігерлігі жайында жазу» («Қазақ», № 1, 1913, қаңтар).


А.Байтұрсынұлы туған халқының ғылым – білімге ұмтылуын, әр қазақтың ең болмаса бастауыш білім алуын аңсады. «Адамға тіл, құлақ қандай керек болса, бастауыш мектепте үйренетін білім де сондай керек», - деп жазды ол. Бірақ осындай білім беретін ауыл мектебінің сол кездегі хәл – күйі оның қабырғасына қатты батты. Бұл жөнінде «Әуелі ауыл мектебінен басталық. Осы күнгі ауыл мектептерінде оқуға керекті құрал жоқ, оқыта білетін мұғалімдер аз. Сонда да хат білетін қазақтардың проценті мұжықтардан жоғары...
Бұл мектептің халыққа жақындығы, балалардың білімді ана тілінен үйренетіндігі...» деп, ауылдық қазақ мектептерінің жайын сөз ете келеді де, «орыс школдарында тәртіп те бар, құрал да сай, мөлшер, жоспар бәрі де бар. Сонысына қарай пайдасы аз. Олардың пайдасын кемітіп отырған бір – ақ нәрсе : қазақты орысқа аударамыз деген пікір (орыстандыру саясатын айтып отыр – С.Қ.) бүлдіріп отыр. Сол школдар арқылы қазақ тілін жоғалтып, орыс тіліне түсіреміз дейді, қазақ тұтынып отырған араб әрпін тастап, орыс әрпін алдырамыз дейді. Сол үшін әуелі балалар ана тілімен оқымай, орыс тілімен оқысын, ана тілінде оқыған аты болу үшін қазақ тілінде орыс әрпі басылған кітаптардан бастап оқып, әрірек барған соң кілең орысшаға түспек керек дейді. Бұлар еппен қайырмалаушылардың жолы...», деп қазақ даласында патшалы Ресейдің отарлау саясатының қалай іске асырылып жатқанын әшкерелейді. Ол патша әкімдерінің оқу – ағарту ісіндегі бұл саясатының түпкі мақсатын одан әрі айқындай түсіп, «Хүкіметке керегі мемлекеттегі жұрттың бәрі бір тілде, бір дінде, бір жазуда болу, әр халыққа керегі өз діні, тілі, жазуы сақталу. Солай болған соң бастауыш мектеп әуелі миссионерлік пікірден, политикадан алыс боларға керек... Қазақты басқа дінге аударамын деу құр әурешілік. Қазақты діннен айыруға болмаса, жазуынан да айыру болмайтын жұмыс» деп, пікірін батыл айтты. Шындықты ашық айтқаны үшін патша өкіметінің жергілікті әкімдері газетке бірнеше рет айып салып, оның редакторын түрмеге жапты.[3]
А.Байтұрсынұлы «Қазақ» газетінің 1914 жылғы 62 – санында «Мектеп керектері» деген мақаласында «...ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабарлар оқыта білетін мұғалім. Екінші – оқыту ісіне керек құралдар қолайлы һәм сайлы болуы. Құралсыз іс істелмейді һәм құралдар қандай болса, істеген іс те сондай болмақшы. Үшінші – мектепке керегі белгіленген Программа. Әр іс көңілдегідей болып шығу үшін оның үлгісі я мерзімді өлшеуі боларға керек. Үлгісіз я өлшеусіз істелген іс – солпы я артық, я кем шықпақшы...» деп оқытудың дидактикалық принциптерін тұңғыш ғылыми тұрғыда нақтылы белгілеп берді.
А. Байтұрсынұлы мұғалімдерді педучилищелер ашып арнаулы оқу орындары арқылы даярлаудың тиімділігін айта келеді де, ондай оқу орнының әзірге қазақ даласында жоқтығын ескеріп, орыс мектептерінен не қазақ медреселерін оқып бітірген жастардың талаптыларын мұғалімдік жұмысқа қоса пайдаланайық деген ұсыныс жасайды. Медреседе оқығандардың педагогика, әдістемеден хабарсыз екенін, ал орыс мектептерін оқып бітіргендердің мұсылманша хат білмейтіндігін қынжыла сөз етеді. Олардың білімін жетілдіру мақсатында жаз айларында 1 – 2 айлық қысқа мерзімді курстар ашуды ұсынады.
Автор қазақ бастауыш мектептерінде қандай пәндер оқытылу керек дегенге арнайы тоқталып, ол пәндерді оқу, жазу, дін, ұлт тілі, ұлт тарихы, нсеп, шаруа – кәсіп, қолөнері, жағрафия, жаратылыс болуы керек екендігін нақтылап көрсетеді. А. Байтұрсынұлы осы пәндердің оқулықтарын шығарудың қолға алынғанын, алайда арнайы баспахана болмағандықтан кейбір оқулықтарды шығару ісіндегі қиындықтарды қынжыла баяндайды. Автор бірлі – жарым шыққан оқулықтарды оқу ісіне пайдаланбай жатып сынға алушыларды сынай келе, оқулық жасауға тәжірибелі мұғалімдердің де ат салысуын талап етеді. Мәселен, Назаров деген біреудің қазақ мектептерінде ана тілінде оқытатын оқулық жоқ болғандықтан бірден орысша оқытуды қуаттаған пікірінің негізсіздігін әшкерелеп, «Ана тілімен оқу бізге керек екендігінде еш талас болмасқа керек» деп кесімді пікір айтады.
Ол өзінің көп жылдық мұғалімдік тәжірибесіне сүйене отырып (ол 1896 жылдан 1909 жылға дейін оқытушы болып істеген), қазақ мектептерінің ең зәру ісі – оқулық жазу мәселесімен түбегейлі айналысады. Ол үшін ең алдымен қазақ тілінің фонетикалық (дыбыстық жүйесін зерттеуге кірісті. Қазақ балаларының сауатын ашатын «әліпби» мен ана тілін үйрететін «Тіл құралын» жазбас бұрын ең алдымен жазу графикасын жөндеп алудан бастаудың қажеттігін сезген А.Байтұрсынов 1912 жылдан бастап, «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің беттерінде араб таңбаларын жетілдіру, лингвистикалық терминдерді тілге енгізу (дыбыс, әріп, дәйекші, жуан, жіңішке дыбыс, қағида т.б.) туралы ой – пікір қозғады.
Оның араб жазуын қазақ тіліне икемдеген нұсқасын қазақ жұртшылығы, әсіресе мұғалімдер қауымы жылы лебізбен қабылдады. Себебі, Байтұрсынов реформасы қазақ тілінің табиғатына, яғни сингармонизм заңдылығына сүйеніп, ғылыми негізде жасалған еді. Өйткені қазақ дыбыстарының табиғатын айқындау ғалымға қазақтың жаңа әліпбиін жасауға мүмкіндік берді. Оның 1912 жылдардан бастап ұсынылған жаңа жазуы («жаңа емле» деп аталды) іс жүзінде қолданыла бастады. Баспа беттерінде жарияланған мәліметтер бойынша 1915 жылдың бір өзінде ғана бұл емленің өзімен 15 – тей кітап басылып шыққан. Сондай – ақ А.Байтұрсынов ұсынған «жаңа емле» 1913 жылдардан бастап мұсылман медреселерінде де, орыс – қазақ мектептерінде де қолданыла бастағаны белгілі.[4]
Ғалым ширек ғасырдай тер төккен осы еңбегін, яғни реформаланған қазақ жазуын ұлт мәдени талаптарын әбден өтей алады деген көзқарасты ғылыми тұрғыдан дәлелдеп, латын алфавитіне көшуге қарсы пікірде болды.Латын алфавитіне көшу мәселесі бұрынырақтан сөз болып келген еді. Ақырында 1926 жылдың 26 ақпаннан 6 наурызына дейін Баку қаласында Бүкілодақтық бірінші Түркологиялық съезі өткізіліп, оның күн тәртібіне түркі халықтарының жазуы, орфографиялық негізгі принциптері және олардың әлеуметтік мәні, терминология мәселелері, осы халықтарының тарихы, этнографиясы, ана тілін оқыту әдістемесі т.б. көптеген көкейтесті мәселелері қойылды. Солардың ішінде ең үлкен пікір таласын туғызған мәселе ұлан – ғайыр жерді мекендейтін түркі халықтарының бәрінің латын алфавитіне көшуі жайындағы мәселе болды. Осы мәселеге орай екі топ болып бөлініп шықты. Бірі – бұрыннан пайдаланып келген әрі нақтылы ұлт тіліне лайықталып, реформаланған, ресми қабылданған (араб не орыс графикасын) (мысалы сол кезде сахалар қолданып отырған) латыншаға аударудың ешқандай саяси – идеологиялық, не экономикалық талған араб графикасы мен қабылданбақшы латын жазуының бір – бірінен артық – кемдігі шамалы, керісінше жазу таңбасын өзгерту сан ғасырлық жазба дүниеден, мәдени мұралардан қол үзу қаупін тудырады дегенді айтты. Екінші топ – араб жазуы түркі тілдерінің фонетикалық жүйесіне сай келмейді, латын алфавиті түркі тілдерін Еуропа мәдениетіне жақындастыра түседі дегенді дәлел етті. А.Байтұрсынов алғашқы пікірді қуаттап, араб әрпін пайдаланудың тиімділігін жан – жақты дәлелдеп берді. Оның пікірінше, араб алфавиті тез оқуға, жылдам жазуға қолайлы, ал ол жастарды сауаттылыққа үйретуге мүмкіндік туғызады, баспахана техникасы мен өнімнің құны жағынан алғанда араб әрпін қолдану өзінің сыйымдылығымен әлдеқайда арзанға түседі. Үшіншіден араб әліппесінің әріп құрамы қазақ тілінің ормофографиялық қажетін толық қанағаттандырады. Төртіншіден, бүкіл Азия елдерінің мәдени мұрасы осы алфавит негізінде жазылғаны айтылды.
Ғалымның араб алфавитін қолданудың тиімділігі жөніндегі ғылыми дәлелді пікірлері кейін оны халық жауы деп айыптаған кезде көпе – көрінеу бұрмаланып, ұлтшылдық, пантүркистік, кеңеске қарсы пікір деген кінә болып тағылды. Әрине, араб жазуы арқылы ислам дінін уағыздауды ол көздеген жоқ. Өйткені А.Байтұрсынов реформалаған қазақ жазуы харакетті құран жазуынан мүлде алшақ еді. Оны пантүркистік пиғылда болды деу де орынсыз болатын. Керісінше А.Байтұрсынов қазақ тілінің дербестігін, тазалығын сақтауды қатты қолдаған адам еді. Үшіншіден, ғалым әрекетінен антисоветизімді іздеу нанымсыз еді. Себебі жазу таңбасының түрі идеологияның мазмұны мен бағытын өзгерте алмайтын А.Байтұрсынов та, өзгелер де жақсы білді.
А.Байтұрсынов – қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына да көп жұмыс жасалды. 1912 жылдан бастап үш жылдық бастауыш мектептерде (ол «ауыл мектебі») шәкірттер сауат алдымен орыс тілінде ашатын. Қазақша оқылатын пәндердің тілі қазақша болғанмен, жазуы, яғни ресми түрде қабылданған графикасы жоқ еді. Сондықтан да әр мұғалім өз ыңғайына қарай не орыс, не арап жазуларын пайдаланатын. А.Байтұрсынов бастаған бір топ қазақ зиялылары 1905 жылы 26 шілдеде Ресей Империялық Министрлер Советінің Предцедателі атына петиция жазады. Ондағы қойған талаптың бастылары: «қазақ даласында оқу –ағарту ісі дұрыс жолға қойылсын, ол үшін ауыл мектептерінде балалар қазақша сауат ашатын болсын. Оқу ана тілінде жұргізілсін» т.б. Осы талаптарды жүзеге асыру үшін А.Байтұрсынов қазақша оқу құралы (1912) тұңғыш әліппе құралын жазды. Мысалы, 1892 жылы Қазанда басылған «Букварь для киргизов» деген құралы жеті рет қайта басылып 1925 жылға дейін қазақ мектептерінің негізгі оқу құралы ретінде пайдаланылып келген. А.Байтұрсынов 1926 жылы «Әліпбидің» жаңа түрін осы күнгідей суреттермен берілген Әліппе кітабын жазды. Ал бұл «Әліпбидің» 1928 жылы Қызылордада шыққан 3 – басылымы қазақ тілінде басылған кітаптар көрсеткішінде төмендегі ше бағаланды: «Жаңа құрал қазақ тұрмысына үйлесімді суреттері бар. Емлесі жаңа. Қазақстан білім ордасы мектептерде қолдануға ұйғарған... Ахметтің 7 – рет басылған бұрынғы «Әліпбиі» («Оқу құралы») қазақ жұртына орасан көп пайда келтірген еді...Бірақ соңғы кездерде жаңа тәртіптер шыға бастағаннан кейін ол «Әліпби» әдіс жөнінде де, мазмұн жағынан да ескерген. Мынау жаңа «Әліпбиі» бұрынғысынан қай ретте болса да аса артық. Бұл «Әліпбидің» мазмұны қазақ жағдайны қарай, мемлекет білім кеңесінің жаңа программасына үйлесімді болып шыққан. әңгімелері балалар үшін қызық, жеңіл, заманға лайық. «Әліпби көңілдегідей болып шыққан».
1912 жылы мектеп балаларына қазақша сауаттандыратын оқу құралын жазғаннан кейін көп ұзамай енді мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулық жазуға кіріседі. Бұл оқулықтың фонетикаға арналған 1 – бөлімі «Тіл құралы» деген атпен алғаш рет 1915 жылы жарық көрген. Осы кітаптың морфалогияға арналған 2 – бөлімі 1914 жылы, ал синтаксиске арналған 3 – бөлімі 1916 жылы басылып шығып, 1928 жылға дейін әлденеше рет қайта басылып қайталанып келді.
Тіл құралы – қазақ мәдениетінде бұрын болмаған соңғы құбылыс. Оның қазақ жұртшылығы үшін мүлде тың дүние екендігін оқулықтың кіріспесінде овтор арнайы атап өтеді. Ол осы оқулықта қазақ грамматикасына қатысты категориялардың әр қайсысына тұңғыш қазақша терминдерді ұсынады. Күні бүгінге дейін қолданылып жүрген «зат есім, сан есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш» деген т.б. сан алуан лингвистикалық ғылыми терминдердің баршасы А.Байтұрсыновтікі. оқулықтың тағы бір құндылығы қазақ тілінің грамматикалық басты салалары фонетика – дыбыс туралы ғылым, марфология – сөз құрамын зерттеу, ал синтаксис сөйлем құрылысын зерттеу т.б. деп саралап тұңғыш тыңнан ғылыми жол салуында болып отыр.
Ғалымның тіл үйретудегі сіңірген еңбегі мұнымен шектелмейді. Ол қолданбалы грамматиканы да жазған болатын бұл жұмысын «Тіл жұмсар» деген атпен 2 бөлімді кітап етіп 1928 жылы Қызылордада шығарған еді.
А.Байтұрсынов қазақ тілін оқыту әдістемесінің ірге тасын қалаушы. Ол қазақ тілін дыбысқа бөліп оқыту арқылы сауаттандыру әдісінің негізін салды. Бұл салада бірнеше әдістемелік мақалалар жазып, соның негізінде 1920 жылы Қазанда «Баяншы» деген атпен методикалық кітапша шығарды. Мұнда ватор мұғалімдерге «Әліппені» пайдалнудың, сауат ашу әдістерінің жол – жобасын көрсетіп берді.
Сөйтіп ғұлама – ғалым өзінің алдына жүйелі бағдарлама қойып бұларды біртіндеп шешуге кірісті. Ол алдымен қазақша сауат аштыруды көздеп «Оқу құралды» жазды, онан соң қазақ тілінің ғылыми грамматикасы «Тіл құралын» ұсынды, тілді дұрыс жұмсай беру тәртібін көздеп «Тіл жұмсарын», 4 –ші сауат аштыру, тілді оқытудың әдістемесін жасауды міндетіне алып, «Баяншыны» жазды.[5]
Әрі аудармашы, әрі ақын, әрі қазақ тілі мен әдебиетін зерттеуші ғалым А.Байтұрсыновтың сан салалы еңбегіне арнап оның 50 жылдық тойына жазған мақаласында М.Әуезов былайша баға берген еді. «Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаңның салған әдебиеттегі орны – «Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер – білім, саясат жолындағы қажымас қайратты...Тарих ұмытпайтын істер болмақ. Жаңа өсіп келе жатқан қазақ интеллигенциясы Ахаңның еңбегінің өнімді болуын тілеуден жалықпайды» (1923 ж., «Ақ жол» газетінде).
Қазақ халқының абзал ұлдарының бірі, ХХ ғасырдың бас кезіндегі демократиялық бағыттағы қазақ зиялыларының ең ірі, ең беделді көш басшысы А.Байтұрсыновтың қазақ ғылымы мен мәдениеті, тәлім – тәрбие оқу ісі тарихына сіңірген орасан зор еңбегінің тарихтан өшпес орын алатынын бүгінгі демократия мен әділеттілік салтанат құрған дәуірде өмір шындығы дәлелдеп отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет