Абай атындағы Қазақ


КƏСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ƏДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ



Pdf көрінісі
бет214/464
Дата31.12.2021
өлшемі5,18 Mb.
#21079
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   464
 
КƏСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ƏДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ 
 
Абнасырова Р.Ж. – С.Демирель атындағы университеттің ассистент профессоры, филол.ғ.к. 
e-mail: abnasyrova@mail.ru 
 
Бүгінгі күн талабына сəйкес  «Практикалық қазақ тілі»,  «Кəсіби қазақ тілі»  пəндері тіл үйренушінің маман-
дығына,  қажеттіліктеріне,  сұраныстарына  орай,  қазақша  кəсіби  сөйлеуді  дамытуға,  оларға  болашақ  қызметіне 
қатысты  қолданылатын  терминдерді  меңгертіп,  кəсіби  сөйлеуін  қалыптастыруға  бағытталған.  Осыған  сəйкес 
қазақ тілін мамандыққа  қатысты оқытудың əртүрлі  жолдары мен  технологиялары тəжірибеге енгізілген.  Оқытушы 
студенттерге  пəнді  меңгертуде  жақсы  нəтижеге  жету  үшін,  сабақтың  түріне  қарай  əртүрлі  əдістерді  орынды 
қолдануы  қажет.  Мақалада  Сүлейман  Демирель  атындағы  университеттің  инженер  факультетінің  «Есептеу 
техникасы  жəне  бағдарламалық  қамтамасыз  ету»  мен  «Ақпараттық  жүйелер»  бөлімінің  «Кəсіби  қазақ  тілі» 
сабағында қолданылған кейбір ойын түрлері мен əр түрлі тақырыптарға сай сабақта қолданылатын əдістерден 
қысқаша мəліметтер берілген. 
Түйін  сөздер:  əдіс-тəсілдер,  ойындарды  қолдану,  инженер  факультеті,  топтық  жұмыс,  терминдер,  сөйлеу 
тілін дамыту,ақпараттық технология, рөлдік ойын. 
 
Оқыту үдерісінде жаңа инновациялық технологияларды заман талабына сай енгізу білім берушілердің 
парызы  болып  саналады.  Ұстаздардың  қоғамдық  тұлғасы  –  адамзат  баласын  жаңа  сапаға  көтеретін, 
оның  болмысын  өзгеріске  енгізетін  ғажайып  тұлға.  Бұған  біз  күнделікті  жаңашылдығымыз  арқылы 
қол  жеткіземіз.  Əрбір  мемлекеттің  өсіп-өркендеуінің,  бəсекеге  қабілетті  болуының  ең  басты  ошағы 
ұстаз берген біліммен бағаланады. 
Қазіргі таңда сабақта көптеген инновациялық əдістер қолданылып жүр. Жаңа оқыту технологиялары 
педагогика  əдіс-тəсілдерін  бүтіндей  жоққа  шығармайды,  қайта  олардың  жетістіктерін  еске  ала 
отырып, оны жаңа əдістермен байытып, оқу барысындабілімгерлердің өз іс-əрекеттерін ұйымдастыру 
арқылы жүзеге асады. 
Жаңа  заманның  талаптарына  орай,  интеллектуалдық  қабілеті  мол  мамандарды  даярлау  міндеті 
бүгінгі  білім  жүйесінің  басты  да  негізгі  мақсаты  екені  даусыз.  Осы  мақсатты  іске  асыруда  студент-
терге  іскерлік  қарым-қатынасты  дұрыс  оқу  қажеттігі  күннен-күнге  айқын  сезілуде.  Осыған  сəйкес 
қазіргі  таңда  тілді  мамандықпен  байланыстыра  оқыту  жайында  əртүрлі  тақырыпта  ғылыми  зерттеу 
жұмыстары жүргізіліп, жоғары оқу орындарында қазақ тілін мамандыққа қатысты оқытудың əртүрлі 
жолдары мен технологиялары тəжірибеге енгізілген. 
Кəсіби  қазақ  тілін  оқытудың  негізгі  мақсаты  –  студенттердің  өз  бетімен  тіл  байлығын  тереңде-
туіне,  бұрын  алған  білімдерін  одан  əрі  жетілдіруіне  мүмкіндік  беру,  яғни  студенттердің  қазақша 
дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдысын қалыптастырып, грамматикалық формалар мен сөйлем құрылысын 
меңгерту. 
«Практикалық  сабақта  əдетте  студенттер  талдау  жəне  іздену  жұмыстарымен  айналыспайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   464




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет