Топтық зерттеу (Бірлескен жұмыс) – практикалық сабақта студенттердің бірлесе отырып белгілі
бір проблеманы графикалы түрде шешу тəсілі.
Оқытушы тақырып бойынша шешуді талап ететін проблеманы студенттерге ұсынады. Мəселен,
«Интернеттің пайдасы мен зияны», «Вирус жəне антивирус бағдарламасы», «Компьютерге немесе интернетке тəуелділік», «Қазақстандағы интернеттің жағдайы» тақырыптарын ұсынуға болады.
Студенттер шағын топтарға бөлініп, аталмыш проблеманы шешу жолдарын талқылап, өздерінің
шешімін маркерлермен плакатқа түсіреді (15-30 минут ішінде). Студенттер өздігімен сол жерде оты-
рып ақпарат жинастырады, оларды талдап бағалайды. Тапсырманы плакатқа қалай жасау керектігін
əр топ өздері таңдайды. Жұмысқа берілген уақыт аяқталғаннан кейін əр топтың спикері шығып, өз
жұмыстарын қорғайды. Қорғау соңында топ мүшелері басқа топтың сұрақтарына жауап береді.
Жұмыс барысында төмендегідей ережелерді ұстану керек:
-
Спикердің қорғауына алдын ала нақты уақыт белгіленуі қажет;
-