Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(52), 2016 ж.
137
Ойында студенттер шағын топтарға бөлініп, тауар жарнамалау ісімен айналысады. Топ мүшелері осы
аталған затқа жарнама (мəтін, ұран, плакат, т.б., егер үйге берілетін болса видео да жасағандары
дұрыс) құрастырып, оны қалайша қолдануға болатындығын, артықшылығын жарнамалауы қажет
(5-6 минут). Жарнамалау кезінде студенттердің ойды жеткізу шеберлігіне, тіл тазалығына, сөйлеу
мəне-ріне баса назар аударғанымыз жөн. Жарнаманы төмендегідей тəртіппен келтірген дұрыс:
1.
Тауардың сипаттары;
2.
Тауардың артықшылығы;
3.
Тауарды тұтынудың пайдасы.
Ойынды қорытындылау барысында сстуденттерге келесідей сұрақтар қоямыз:
1.
Ойыннан кейінгі алған сезімдеріңізбен бөліссеңіздер.
2.
Сіздердің ойларыңызша қай топтың жарнамасы сəтті шықты? Себебі.
3.
Сіздер топпен қалай жұмыс жасадыңыздар? Топ жұмысының ең ұтымды мезеттері қандай
болды?
4.
Тауарды қалай жарнамалаған дұрыс?
Саяхат ойыны. Бұл студенттердің қиял мен фантазиясына жол ашатын ойын. Студенттер саяхат
ойынында тарихи оқиғаларға, қалаға, елге немесе белгілі компанияларға түрлі «экспедицияларды»
ұйымдастырып, өз қиялдарынан туындаған оқиғалар мен ситуацияларды құрастырады. Мысалы,
«Apple», «Google»,«Facebook» компанияларына саяхат ұйымдастыруға болады. Студенттер саяхат
барысында түрлі рөлдерге бөлінеді жəне сол рөлдеріне сəйкес əрекеттер атқарып, шығармашылық-
тарына кеңінен жол береді. Ойыннан кейін студенттер өздерінің саяхат барысында қандай тəжірибе
иеленгендігі туралы əсерлерімен бөлісулері қажет. .
Үй тапсырмасына студенттергесаяхат барысын толық сипаттау үшін күнделік жазу, оқиға болған
жерлерден репортаждар беру, достары мен туыстарына өз əсерлерін бөлісу үшін хат жазу тəрізді
түрлі іс-əрекеттер беруге болады.
Инженер факультеті студенттеріне «Кəсіби қазақ тілін» оқытуда ақпараттық-коммуникациялық
технологияны қолданудың тиімділігі жоғары. Компьютер студентке ақпаратты игеру тұрғысында өз
басының жеке біліктері мен дағдыларын дамыту мүмкіншілігін береді. Сонымен бірге, студенттердің
үнемі өздері қолданатын əлеуметтік желілерін сабақ барысында қолдандыру студенттердің сабаққа,
пəнге деген қызығушылығын арттырады. Интернетті практикалық сабақта қолданғанда студенттерге
келесі тапсырмалар берген орынды: қарастырылатын мəселе бойынша Интернеттен қосымша мате-
риалдар іздеу жəне оларды таңдап, бір жүйеге келтіру (классификациялау): ол үшін студент ақпа-
ратты бөлімдер немесе тақырыптар бойынша жіктеуі керек. Осы интернетпен байланысты ойынның
бір түрі – топтық зерттеу.
Достарыңызбен бөлісу: