Практикалық сабақтың мақсаты – студенттерді лекцияда келтірілген теориялық мəліметтерді
өздерінің белсенді əрекеттерімен «тануға», «дəлелдеуге», өз қолымен «жасауға» жұмылдыру.
Практикалық сабаққа дайындалу барысында оқытушы арнайы оқу материалдарын дайындайды.
Сол материалдар бойынша (идея, проблема, тұжырым, ереже, анықтама, рет пен тəртіп, схема, кесте,
жоспар, параметрлер, ақпарат, статистикалық мəліметтер, көрсеткіштер, т.б.) студенттер өздерінің
теориялық білімдерін қолданып, нақты əрекеттерді атқару дағдыларын игереді, өзіндік тұжырым
жасайды»[1].
Студенттерге кəсіби қазақ тілін меңгертуде жақсы нəтижеге жету үшін, оқытушы сабақтың түріне
қарай əртүрлі əдістерді орынды қолдануы қажет. Мақалада С.Демирель атындағы университеттің
инженер факультетінің «Есептеу техникасы жəне бағдарламалық қамтамасыз ету» мен «Ақпараттық
жүйелер» бөлімінің «Кəсіби қазақ тілі» сабағында қолданылған кейбір ойын түрлерінен үзінділер
келітірілген.