Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(52), 2016 ж.
257
білім мазмұнын жаңартудың ғылыми негізіне бастауыш сынып оқушысын белгілі бір біліктер мен
дағдылардың иесі, оқу əрекетінің субьектісі, əртүрлі мəдениеттермен өз көзқарасы тұрғысынан диалогқа
түсетін автор жəне жас ерекшелігіне сəйкес өз жасын қалыптастыруға күш жұмсап еңбектенетін бала
деп қарастыратын, осыған орай көп қырлы құрылымды білім-тəрбие мазмұнын анықтап құруға кө-
мектесетін қазіргі заманғы дамыта отырып оқыту идеясы алынды.
Бүгінгі таңда 12 жылдық мектепке көшу барысында ұлттық жоспарда белгіленген мақсат, міндеттерді
іске асыруда мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау
белгіленіп отыр.
Ұлттық жоспардың міндеттері:
1. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытудың отандық жəне халықаралық
практикасын зерделеу.
2. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша шаралар жүйесін іске
асырудың тетіктерін анықтау.
3. Білім мазмұнын жаңғыртуды қамтамасыз ету: стандарттар, оқу жоспарлары мен бағдарламалар.
4. Білім беру процесін оқу-əдістемелік қамтамасыз етуді əзірлеу.
5. Мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау жəне мониторинг жүргізу жүйесін дамыту.
6. Мектептің жəне қосымша білім беру жүйесі ұйымдарының материалдық-техникалық базасын
нығайту [5].
Функционалдық сауаттылықты дамыту нəтижесі білім алушылардың алған білімдерін практикалық
жағдайларда тиімді жəне əлеуметтік бейімделу процесінде сəтті пайдалануға мүмкіндік беретін
негізгі
Достарыңызбен бөлісу: