Абай атындағы Қазақ



Pdf көрінісі
бет385/464
Дата31.12.2021
өлшемі5,18 Mb.
#21079
1   ...   381   382   383   384   385   386   387   388   ...   464
Байланысты:
pednauki 2016.4

жəне пəндік құзыреттіліктер жүйесін меңгеруі болып табылады. 
Орта мектепті бітірушінің мынадай негізгі құзыреттіліктері белгіленген: 
- Басқарушылық (проблеманы шешу қабілеті); 
- Ақпараттық (өзіндік танымдық қызметке қабілеті немесе өмір бойы білім ала білуі); 
- Коммуникативтік (қазақ, орыс жəне ағылшын (шет) тілдерінде ауызша, жазбаша жəне нəтижелі 
қарым-қатынас жасауға қабілеті); 
- Əлеуметтік (əлеуметтік өзара іс-қимыл жасауға қабілеті); 
-  Тұлғалық  (өзіндік  іске  асыру,  өзін-өзі  жетілдіру,  өмірлік  жəне  кəсіби  өзін-өзі  анықтау,  төзімді 
болу қабілеті); 
-  Азаматтық  (қазақстандық  сана-сезім  мен  мəдени  ұқсастық  негізінде  өзінің  Отаны  үшін  жауап-
кершілікті сезіну қабілеті); 
-  Технологиялық  (тиімді  пайдалану  деңгейінде  технологияларды,  оның  ішінде  ғылыми,  сандық 
технологияларды пайдалану қабілеті). 
- Жекелеген пəндік салалар шеңберіндегі пəндік құзыреттілік – оқу пəні шеңберінде меңгерілген 
ерекше білім, іскерлік, дағдылар. 
Функционалдық  сауаттылыққа  тəн  негізгі  жəне  пəндік  құзыреттіліктер  нəтижесі  халықаралық 
бағалау зерттемелерінің бірі Экономикалық ынтымақтастық жəне даму ұйымының (ЭЫДҰ) қолдауымен 
өткізілетін 15 жастағы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасы (Programmer 
for  International  Student  Assessment  –  РІSА)  арқылы  анықталады.  РІSА  15  жастағы жасөспірімдердің 
мектепте алған білімдерін, іскерлігі мен дағдыларын адами іс-əрекеттердің əртүрлі салаларында, сондай-ақ 
тұлғааралық қарым-қатынас пен əлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалана 
алу қабілеттерін бағалайды. 2000 жылдан бастап жаңартылған білім мазмұнын анықтайтын стандарт 
деп  РІSА  қабылданып,  қазіргі  уақытта  əлемде  мектептік  білім  берудің  тиімділігін  салыстырмалы 
бағалаудың  əмбебап  құралы  ретінде  қарастырылады.  2016  жылдың  1  қыркүйегінен  бастап  1-сынып 
оқушылары осы жаңартылған мазмұн бойынша оқытыла бастайтындығы белгілі. 
РІSА зерттеулері бойынша көш басында тұрған елдердің (Австралия, Финляндия, Жапония, Жаңа 
Зеландия,  Италия,  Оңтүстік  Корея  жəне  т.б.)  нəтижесі  көрсеткендей,  оқушылардың  функциялық 
сауаттылығын дамытуға мынадай факторлар əсер етеді: 
1) білім беру мазмұны (ұлттық стандарттар, оқу бағдарламалары); 
2) оқыту нысандары мен əдістері; 


Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Педагогические науки», №4 (52), 2016 г. 
258
 
3) білім алушылардың оқудағы жетістіктерін диагностикалау мен бағалау жүйесі; 
4) мектептен тыс, қосымша білім беру бағдарламалары; 
5) мектепті басқару моделі (қоғамдық-мемлекеттік нысан, мектептердің оқу жоспарын реттеудегі 
дербестігінің жоғары деңгейі); 
6) барлық мүдделі тараптармен əріптестікке негізделген достық қалыптағы білім беру ортасының 
болуы; 
7) ата-аналардың балаларды оқыту мен тəрбиелеу процесіндегі белсенді рөлі. 
Қазақстандық  бастауыш  мектеп  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  тетіктері 
ретінде білім беру мазмұны бойынша стандарттар, оқу бағдарламалары мен оқу кешендері жəне т.б.; 
білім  алушылардың  оқудағы  жетістіктерін  іштей  бағалау,  диагностикалау  мен  өзін-өзі  бағалау  жүйесі; 
жаңартылған  білім  мазмұнын  іске  асыратын  педагогтар  қауымын  дайындау  мен  қайта  даярлау  жұ-
мыстары қарқынды жүріп жатыр.  
Байқап  отырғанымыздай,  мемлекеттің  бастауыш  мектепке  қойып  отырған  жаңа  тұрпаттағы  фун-
кционалдық  сауаттылыққа  тəн  мақсат-міндеттерінің  нəтижесі  6,7-10  жас  аралығындағы  оқушыдан 
көрінеді.  Яғни,  мемлекет  талап  етеді,  бастауыш  білім  беру  жүйесі  оларды  орындауға  тырысады,  ал 
сол жүкті көтеретін – бастауыш мектеп оқушысы.  
Бұл  Ұлттық  жоспарда  белгіленген  ата-аналармен  жұмысты  заманауи  тұрғыда  жаңаша  ұйымдас-
тыруды,  əсіресе,  ата-ананың  бала  алдындағы  жауапкершілігін  күшейтуді,  білімін  көтеруді  талап  етеді. 
Сондықтан  да  ата-аналардың  баланы  жақсы  тануына,  оны  түрлі  жетістіктер  мен  сəтсіздіктер  жағ-
дайында көре алуына, баланың өзіндік жеке ерекшелігін тануға, олардың қабілеттерін дамытуға, өмірлік 
құнды  бағдарын  қалыптастыруға  жағымсыз  мінез-құлықтарынан  арылтуға  көмек  беруге  мүмкіндік 
беретін функционалдық сауаттылығын арттыру əдіснамасы ғылыми тұрғыда практикамен сəйкестен-
дірілген  жағдайда  жасалуы  қажет.  Ата-аналардың  балаларды  оқыту  мен  тəрбилеуге  белсенді  қатысуын 
қамтамасыз  етуді  мемлекет  тарапынан  ықпал  жасау,  олардың  сауатын  көтеру  мəселесін  шешу  жол-
дарын іздестіруді қолға алу кезек күттірмейтін басты проблема. Бұл  ретте ата-аналарды мектеп өміріне 
белсенді тартуға бағытталған іс-шаралар жүйесін, яғни, қамқоршылық кеңесін, ата-аналар қауымдас-
тығын, ата-аналар университетін құрудың заманауи жолдары тəжірибеге ену керек. 
Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығына  қол  жеткізуге  ықпал  ететін  факторларға  PISA 
көшбасшы елдері оқушыларды қосымша біліммен жəне мектептен тыс сабақтармен қамтуды жатқызады. 
Себебі жалпы білім беретін мектептердің қызметін қосымша білім беру ұйымдарымен біріктіру оқушының 
өзін-өзі  анықтауына  жəне  шығармашылық  жəне  инновациялық  қызметке  деген  қажеттілікті  қалып-
тастыруға ықпал ететеді. Қосымша білім беруде театр, хореография, қазіргі би, ырғақты гимнастика, 
сурет-кескіндеме  өнері,  бағдарламалау,  психология  пəндері  жəне  дене  тəрбиесі,  спорт  түрлері  білім 
берумен қатар өрістетуі қажет. Оқушы қызығушылығы мен ынтасына сəйкес ғылыми-зерттеу жобаларына, 
техникалық шығармашылыққа, өнертапқыштыққа, модельдеуге, нанотехнологияларға, робот техникасына, 
легожобалауға жүйелі түрде қатысуды дағдыға айналдыруға назар аудару керек. 
Демек,  мектеп  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  үдерісі  педагогика  тарихында 
бар,  бірақ  соңғы  уақытта  қолданыстан  тыс  қалып  келе  жатқан  «оқушыға  паралельді  ықпал  ету» 
қағидасына  негізделіп,  мемлекет,  мектеп,  бастауыш  сынып  мұғалімі,  ата-ана,  қосымша  білім  беру 
орындары  оқушының  барлық  іс-əрекетіне  педагогикалық  қолдау  жасаумен  сабақтасуы  қажет.  РІSА 
талаптары бойынша оқушылардың функциялық сауаттылығын дамытуда паралельді қызмет атқаруға 
қажетті  институттардың  бірлесуін  қалыпты  стеоретип  ретінде  пəн  оқытушысының,  жеке  мектептің 
міндеті  ретінде  қараумен  шектелмей,  саналы  да  сапалы  нəтижеге  жету  үшін  мемлекет  тарапынан 
қолдау көрсету басты мəселе.  
Белгіленген заманауи талаптарға жауап беретін бастауыш мектептің болашағы əрбір деңгейді аяқтау 
бойынша білім алушының оқу жетістіктерінің мəлімделген нəтижелерге сəйкестігі, сырттай бағалау, 
халықаралық зерттеулерге (TIMSS, PISA жəне PIRLS) қатысуы төмендегідей жағдайлардың шешімін 
ескеруге жəне орындауға байланысты деп қарастырып, бірнеші ұсыныстар жасаймыз: 
- жаңартылған білім мазмұнына сəйкес мемлекеттік жəне жергілікті атқарушы органдардың мате-
риалдық, психологиялық, моральдық қолдау көрсетуі; 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(52), 2016 ж. 
259
 
- жоспарлы жұмыстар белгілеу жəне жұмыс жоспарының орындалуын қадағалау;  
- ата-аналардың баламен, мектеппен жұмысына педагогикалық қолдау көрсетуді ғылыми негіздеп, 
тəжірибелік алгоритмін ұсыну; 
-  қосымша  білім  беру  орындарында  əр  оқушының  өзін-өзі  танып,  өзін-өзі  дамытуға  мүмкіндік 
беретін  ақпараттық,  коммуникативтік,  тұлғалық  дамуына  ықпал  ететін  іс-əрекеттерді  ұйымдастыруды 
нақты жеке мектеппен сабақтастыру;  
- оқушының пəндік құзыреттілігін қалыптастыруда бастауыш мектеп мұғалімін қаржылай ынталандыру, 
кəсіби шеберлігін арттыру. 
 
1
 
«Қазақстан – 2030» ұзақ мерзімді Стратегиясы. 1997 ж. 
2
 
Назарбаев  Н.Ə.  «Əлеуметтік-экономикалық  жаңғырту  –  Қазақстан  дамуының  басты  бағыты» 
Жолдау.2012 ж. 
3
 
Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011  -  2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік 
бағдарламасы. 2010 ж. 
4
 
Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны тұжырымдамасы. 1997ж. 
5
 
Мектеп  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  жөніндегі  2012  -  2016  жылдарға 
арналған ұлттық іс-қимыл жоспары. 2012 ж. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   381   382   383   384   385   386   387   388   ...   464




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет