Абай атындағы Қазақ



Pdf көрінісі
бет428/464
Дата31.12.2021
өлшемі5,18 Mb.
#21079
1   ...   424   425   426   427   428   429   430   431   ...   464
Байланысты:
pednauki 2016.4

Түйін  сөздер:  интеллект,  интеллектуалды  ұлт,  бағалау,  формативті  бағалау,  түрткі,  функционалды  сауат-
тылық, сыныптағы психологиялық ақуал. 
 
Қазақстан Республикасы өзінің тəуелсіздігін алғаннан бері тың иновациялық идеяларды іске асырып 
экономикалық, əлеуметтік, қоғамдық, саяси бағыттарда көптеген жетістіктерге қол жеткізіп, əлемдік 
аренада өзінің лайықты орнын ойып тұрып алғаны анық. Қоғамдағы өзгерістердің барлығы ұлт бола-
шағына, қоғамның даму мақсатына, уақыт талабына  негізделіп, жаңа даму перспективаларын айқын-
дауда. Осындай ауқымды бағдарламалардың бірі ретінде «Интеллектуалды ұлт – 2020» (1) бағдарла-
масының  маңызы  өте  зор.  Ұлттық  жобаның  негізгі  идеясы  жаңа  тұрпатты  азаматтарды  тəрбиелеу 
жəне  Қазақстанды  бəсекеге  қабілетті  адами  капиталы  қалыптасқан  мемлекет  деңгейіне  жеткізумен 
байланысты.  
«Интеллектуалды  ұлт  –  2020»  ұлттық  жобасының  мақсаты  –  жаңа  тұрпатты  қазақстандықтарды 
тəрбиелеу  жəне  Қазақстанды  бəсекеге  қабілетті  адам  капиталы  бар  елге  айналдыру,  ұлттың  интел-
лектуалдық əлеуетін дамыту жəне ол жобаның мемлекетті стратегиялық тұрғыдан дамыту бағыты үш 
құрамдас бөліктен тұрады: білім беру жүйесін инновациялық даму жолына түсіру; қуатты ақпараттық 
революция,  яғни  ақпараттық  инновациялық  технологиялар  паркін  қалыптастыру;  жастарға  рухани 
тəлім-тəрбие беру (2).  
Аталып  отырған  бағдарламада  басшылыққа  алынған  үш  негізгі  аспекттердің  (сапалы  білім, 
ақпараттық революция жəне жастардың рухани дамуы) түп тамырын зерттейтін болсақ, олар мектеп 
мəселелерімен  тікелей  байланыс  табуда.  Қазіргі  орта  білім  беру    мазмұнын  жаңарту  бағытында  мектеп 
мұғалімдері  үлкен  серпімді  жобаларға    қатысып,    білім  нəтижелерін  халықаралық  білімді  монито-
рингілеу  рейтингтерінен  (TIMSS  –  Trends  in  Mathematics  and  Science  Study)  елеулі  орындарды 
иеленуде.  TIMSS  рейтингісі  бойынша  4-ші  жəне  8-ші  сынып  оқушыларының  жаратылыстану-мате-
матикалық білім беру сапасын бағалайтын халықаралық зерттеу көрсеткіштері анықталып отырады.  
2015 жылғы TIMSS аясында Қазақстаннан 179 мектептен барлығы 9 579 оқушы (ауыл жəне қала 
мектептерінен,  орыс  жəне  қазақ  мектептерінен,  аралас  мектептерден)  қатысты.  Осы  сынақта  Қазақстан 
оқушыларының  қол  жеткізген  жетістіктері  қуантарлықтай.  Себебі  8-ші  сыныптар  арасында  матема-
тика  пəні  бойынша  Қазақстан  7  орынды,  ал  жаратылыстану  ғылымдары  бойынша  9-шы  орынды 
иеленген. Сонымен  қатар, 4-ші сыныптар арасында математика пəні бойынша Қазақстан оқушылары 
12-ші  орынды,  ал  жаратылыстану  ғылымдары  бойынша  8-ші  орынға  ие  болды  (3).  Бұл  рейтинг 
бойынша  Қазақстан  оқушылары  жаратылыстану-математикалық  сауаттылығы  бойынша  АҚШ, 
Англия, Германия, Канада, Автралия, Израиль, Швеция, Малайзия, Түркия жəне тағы басқа дамыған 
мемлекеттердегі  құрдастарынан  озып  шығулары,  Қазақстанның  əлемдегі  30  дамыған  мемлекеттер 
қатарына енуге деген талпынысын айқын көрсете түсті.  
Білім  беру  мазмұнын  жаңарту  барысында  негізгі ұстанымдар  қатарында  оқушылардың  функцио-
налдық сауаттылықтарын арттыру, деңгейлік бағдарлама идеялары қамтылған 7 модуль мазмұндарын 
мектеп  практикасына  енгізу,  Назарбаев  зияткерлік  мектептерінің  тəжірибесін  жалпыға  білім  беру 
мектептеріне  жан-жақты  тарату,  педагогикалық  инновациялық  технологияларды  ұтымды  пайдалана 
білу мəселелері өзектенуде. 
Қазіргі  таңда  білім  сапасын  арттыруда  оқу  нəтижелерін  тиімді  бағалау  жүйесін  жетілдіру 
қажеттілігі  айқын  көрініс  табуда.  Қазіргі  мектептерде  мұғалімдер  бағалаудың  түрлі  əдістерін 


Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Педагогические науки», №4 (52), 2016 г. 
288
 
пайдалануға  талпыныс  танытып  отыр.  Қазіргі  мектептерде  деңгейлік    курстардан  өткен  мұғалімдер 
бағалаудың формативті, суммативті, критериалды түрлерінің теориялық негіздерімен  танысып, өз 
тəжірибелеріне енгізу үстінде.  
Формативті бағалау - оқыту үшін бағалау (4). Оқушылардың оқуға деген ынталарын оятуда фор-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   424   425   426   427   428   429   430   431   ...   464




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет