Абай атындағы Қазақ



Pdf көрінісі
бет430/464
Дата31.12.2021
өлшемі5,18 Mb.
#21079
1   ...   426   427   428   429   430   431   432   433   ...   464
Байланысты:
pednauki 2016.4

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(52), 2016 ж. 
289
 
Формативті бағалаудың мұғалім үшін маңыздылығы – оның кəсіби шығармашылықты арттыруға 
ықпалында. Əр педагогикалық жағдаятқа қатысты мұғалім түрлі тəсілдердің  ішінен ең тиімді тəсілін 
таңдай алуы керек. Бұндай таңдау мұғалімнің арнайы шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағыттайды. 
Мектеп  мұғалімдерін  жаңашылдыққа  бағыттаудың  алдыңғы  қатарында  мектеп  басшылары,  олардың 
көшбасшылық қабілеттері маңызды роль атқарады. Сондықтан Қазақстандағы əр облыс орталықтарында 
ашылған  Педагогикалық  шеберлік  орталықтар  ашылып,  мұғалімдердің  біліктіліктерін  жетілдірумен 
қатар мектеп басшыларының да көшбасшылық қабілеттерін, менеджмент құндылықтарын қалыптастыру 
курстары қарқынды жүргізілуде. 
Мектеп  басшыларының  оқу  курстары  ұзақ  мерзімдік  болғандықтан,  олардың  жұмыстарына  фор-
мативті  бағалаудың  дистанциялық  қашықтық  жəне  өндідірістік  тұрғыдағы  түрлері  кеңінен  таралды. 
Егер  қашықтық  формасында  формативті  бағалау  Интернет  арқылы  жүргізілген  болса,  өндірістік 
формасы бойынша курсты жүргізген тренерлер əр басшы басқарып отырған мектептке барып, басшы  
жұмысының нəтижелігін жұмыс орнында көріп формативті баға береді. Сондай-ақ, формативті баға-
лаудың  соңғы  түрінде  мектеп  басшысы  өз  ісіне,  жұмысындағы  жетістіктері  мен  кеткен  кемшіліктеріне 
кері байланыс алып, соның нəтижесінде жұмысын жетілдіруге тырысады. 
Осы  тұрғыда  деңгейлік  курстардың  педагогикалық  теория  мен  практиканың  ұштасуына  үлкен 
мүмкіндік жасайтынын, қосымша кəсіби даму алаңдарын дамытуға септігін тигізетіндерін айта кету 
орынды.
 
Мектеп басшыларына формативі бағалау  on-line режимінде, желілік қоғамдастық арқылы да жəне 
тікелей мектепке бару арқылы да берілді. Қашықтықта жедел формативті бағалау беру жəне үздіксіз 
байланыста болу құралы ретінде WatsApp арқылы, кəсіби желілік қоғамдастық жұмысы арқылы үздіксіз 
жалғастырып  отыру  арқылы  ынталарының  артқанын,  инфокоммуникативтік  құзіреттерінің  жетілуін 
байқауға болады. Осындай байланыс арқылы мектеп басшылары бірі бірінің жетістіктеріне жəне тренерлер 
де  олардың  жұмыстарына  формативті  бағалау  беріп,  қолдау  көрсетіп  отыруы  үздіксіз  үрдіске  айналуы 
ықтимал. Осы байланыстар арқылы мектеп басшыларына формативті бағалаудың қолданыс аясының 
кеңдігін жəне нəтижеілігін көрсету заман талабына айналып отыр. 
Мектеп  басшыларының  курстары  тоғыз  айға  созылғандықтан  онда  аудиториялық  жəне  практикалық 
кезеңдер ажыратылады. Аудиториялық кезеңдер екі ай уақытқа созылса, қалған жеті ай практикалық, 
немесе,  өндірістік  тұрғыда  жалғаса  береді.  Осындай    ұзақ  мерзімді  курс    барысында  да  формативті 
бағалаудың  төмендегідей  бағыттары бар: 
-
 
құжаттар бойынша, 
-
 
сабақтардың ұйымдастырылуы бойынша, 
-
 
оқушылардың оқу-танымдық іс-əрекеттері бойынша, 
-
 
ата-аналармен жұмыс бойынша, 
-
 
басшының директор стандартарын меңгеруі бойынша. 
Басшының  мектептің  негізгі  қағидалары  мен  құндылықтарын  түсінуі  арқылы  оның  заманауи 
директордың  рөлін  білетіні  айқындалады.  Осындай  формативті  бағалау  негізінде  мектеп  басшысының 
талап етілген халықаралық стандарттарының табыстылық критерийлеріне сəйкес келетіндігі айқындалды. 
Дегенмен,  мұғалімдердің,  мектеп  басшыларының  кəсіби  дамуларын  үздіксіз  үрдіске  айналдыру 
қажет,  себебі  андрогогика  заңдылықтары  бойынша  ересек  адамдардың  танымдық  іс-əрекетте  зейіндері 
тез сейіліп кететіні белгілі.  
Формативті бағалау объективті болу үшін мұғалімдер мен оқушылар пікірін тыңдап, олардан сұхбат 
алу тəсілі өте тиімді. Оқушылар мен олардың ата-аналарымен сұхбаттасу арқылы оқу-тəрбие мəселелерінің 
көлеңкелеп жатқан көп қыр-сырын байқап, баға беруге болады. Тікелей бетпе-бет сұхбаттарда түрлі 
жоғары дəрежелі сұрақтар қоя отырып, даму үдерісінің қаншалықты қарқынды жүріп жатқанын білу 
қиын емес.Тек алдын ала  арнайы сұрақтар жүйесін құрастырып алу қажет. 
Мектептегі  балалар  –  негізгі  жетістік  индикаторлары  деп  айтсақ  қателеспейміз,  себебі  олардың 
жауаптары  əрқашан  шынайы,  олар  еш  бүкпесіз  өз  ой-сырларымен  еркін  бөлісе  алады.  Балалардан 
сұхбат алуда олар қарым-қатынасқа еркін түседі, формативті бағалауды өте жақсы қабылдайды.  
Формативті бағалаудың оқушылардың оқу-танымдық белсенділіктерін дамытуға əсерін төмендегі 
қағидалармен негіздеп кетуге болады: 
-
 
Формативті бағалау білім мен қатар оқушы тұлғасын дамыту жəне қалыптастыруға бағытталған. 
-
 
Формативті бағалаудың тиімділігінің  басты шарты - өзара сыйластық, сенім мен сабырлық. 
-
 
Форматвті  бағалаудың  көпқырлылығы,  оны  мұғалім  де,  сынып  та,    шағын  топтар  да  қолдана 
алады. 


Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Педагогические науки», №4 (52), 2016 г. 
290
 
-
 
Формативті бағалау ынтыматастық пен ізгілік қағидаларын  сақтауға негізделеді.  
-
 
Формативті бағалау арқылы оқушылардың оқу-танымдық  белсенділіктері арта түседі. 
-
 
Формативті  бағалау  үрдісіндегі  негізгі  ұстаным  –  тұлғаның  даму  үрдісін  үзбей  жалғастырып 
отыру. 
-
 
Формативті бағалау – оқыту үшін бағалау. 
Сонымен,  қазіргі  мектептерде  формативті  бағалау  үрдісін  талдау  нəтижесі  негізінде  анықталғандай 
педагогикалық үрдісті басқару оптималдандырады, сабақ құрылымын өзгерту еркіндігі беріледі. Мəселе 
сабақтың құрылымын бірқалыпты сақтауда емес, мəселе əр сыныпта оқушылардың оқуға деген қызы-
ғушылықтарын арттырып, олардың интеллектуалды əлеуеттерін дамыту. 
 
1
 
Қазақстан Республикасы Н.Ə.Назарбаевтың «Интеллектуалды ұлт-2020» ұлттық бағдарламасы. /Айқын. 2008.
 
2
 
Формирование интеллектуального потенциала нации в условиях высшей школы: Сб.науч.тр. – Алматы: 
Изд-во «Ұлағат» КазНПУ имени Абая, 2012. – 336 с.
 
3
 
ҚР білім жəне ғылым министрлігінің ресми сайты. 
http://edu.gov.kz/kz/news/main/timss-2015-zharatilistanu-matematikalik-bilim-beru-sapasin-bagalaitin-halikaralik-
zertteulerinin-natizheci-boiinsha-kazakstan-alemnin-en. 
4
 
Формативное  оценивание  на  уроках.  Практическое  пособие  для  учителя/  Сост.  Р.Х.,  Шакиров,  М.Ф. 
Кыдыралиева, Г.Н. Сахарова, А.А. Буркитова. – Б.: «Билим
», 2012. – 76 с. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   426   427   428   429   430   431   432   433   ...   464




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет