Абай атындағы Қазақ



Pdf көрінісі
бет429/464
Дата31.12.2021
өлшемі5,18 Mb.
#21079
1   ...   425   426   427   428   429   430   431   432   ...   464
мативті  бағалаудың  əдістері  əсерлі  екенін  жəне  оның  мұғалімдердің  оқыту  қызметін  жетілдірудің 
бірден бір тетігі екенін мектеп тəжірибесі дəлелдеп отыр. Оны деңгейлік курстардан өткен мұғалім-
дердің есептерінен, өткізген коучингтерінен, шеберлік сабақтарынан аңғаруға болады. 
Формативті  бағалау  ерекшеліктері  психо-эмоциялық  көңіл-күймен  тығыз  байланысты.  Ал  оқу-
танымдық үрдісте психологиялық ахуал ең қажетті факторлардың бірі болып табылады. Оқушының 
үлгерімі жақсы болу үшін ең алдымен оның  ынтасын оятып, жігерлендіру қажет. Халық арасындағы 
«Атты  суатқа  апаруға  болады,  бірақ  күштеп  су  ішкізу  қиын»  -  деген  мақал  тегін  қалыптаспағаны 
белгілі. 
Мысалы,  сабақ  үстінде  оқушылардың  əр  жауаптарына:  «Сіздің  ойыңыз  өте  құнды»,  «Бұл  өте  қызық 
идея  екен»,  «Сіздің  пікіріңіз  ерекше  болды!»,  «Бұл  өте  сирек  кездесетін  жауап!»,  «Əр  кімнің  пікірі 
құнды!»,  «Сіз  осы  қасиетіңізбен  ерекшеленесіз!»,  «Жауап  қосқаныңызға  көп  рахмет!»,  «Түсінігіңіз 
тереңдей  түскенін  байқата  алдыңыз!»  -  деген  пікірлер  арқылы  олардың  өз  күштеріне  деген  сенімді-
ліктерін, ерік-жігерлерін шыңдауға көмектесетінін байқауға болады. 
Ал  енді  кейбіреулері  қате  жауап  беріп  тұрғанның  өзінде  де  оларға:  «Жақсы!  Бəріміз  өстіп  үйреніп 
кетеміз!», «Сіз білім көкжиегін кеңейту үстіндесіз!», «Бəріміз үйрену үстіндеміз», «Бұл ерекше пікір 
екен, тағы кімде өзгеше пікірлер бар, салыстырып көрейік», «Қателіктерден қорықпаймыз», «Ештеңе 
істемейтін  адам  ғана  қателеспейді»,  «Қателіктерді  жеңу  арқылы  өзгереміз»  -  деген  демеуші,  қолдаушы 
пікірлермен белсенділіктерін бəсеңдетпейтіндей қалыптастырушы бағалау тəсілдерін қолдана алу өте 
маңызды. 
Мұғалімнің  оқыту  шеберлігінде  вербальсыз  қарым-қатынас  тəсілдері  де  өте  ұтымды  жəне  тиімді 
қолданылуы  қажет  (мимика,  ым-ишара,  такесика,  бас  изеу,  бас  бармақ  арқылы  бағалау,  шапалақтау 
арқылы  шартты  белгілерді  пайдалану,  т.б.).  Аудиторияға  күлімдеп  кіру,  оқушылармен  кездескенде 
шынайы қуанышты екеніңізді білдіру, қал-жағдайларын сұрастыру, комплимент айту, үнсіздік ұстау, 
бейресми жағдайларда да пікірлеріне құлақ асу, пікірлеріне қызығушылық таныту, жетістіктері үшін 
құттықтау, көпшілік алдында құттықтау техникаларының ықпалы айтарлықтай септік тигізеді. Фор-
мативті  бағалаудың  негізгі  ерекшеліктерінің    бірі  сабақта  үнемі  психологиялық  жағымды  ахуал 
тудырып,  кейбір  кезде  көңіл-күйлерін  көтеретін  мысал-əңгімелер  келтіріп,  əр  кезде  позитивтіліктің 
сақталуында.  
Сабақтар барысында мұғалімдер оқушыларға «Екі жұлдыз бір тілек», «Білемін, білгім келеді, білдім», 
«Бес жол өлең»,  «Қызық, құнды, қиын»,  «Шаттық шеңбері», «Шапалақ шашу», т.б. формативті бағалау 
тəсілдерін жиі қолданады. Формативті бағалау беруде «сендвич» əдісіне негізделіп, оқушыға бірінші 
жақсы,  ұтымды  тұстарын  атап  көрсетіп,  содан  кейін  ұсыныстарды,  ойландыратын  сұрақтар  ретінде 
беруге болады.  
Формативті  бағалаудың  атқаратын    басты  қызметі    жағымды  кері  байланыс  беру.    Бұндай  кері 
байланыстардан көп ақпараттар алуға болатыны байқалды: оқушылар мен мұғалімдердің құзіреттілік 
деңгейлері,  коммуникативтік  қабілеттері,  жаңашылдық  идеяларды  меңгеру  жəне  қабылдау    деңгейлері 
арта түскен. 
Формативті бағалаудың құндылығын оның рефлексиялық қызметімен байланыстыра қарастыруға 
болады. Мысалы, «жетістік баспалдағы» əр адам өзін бағалауда, өз командасының жұмысын бағалауда, 
бүкіл топтың жұмысын бағалау үшін қолданылатын əмбебап бағалау құралы болып табылады. Мысалы, 
жаңа  тақырыпты  түсіндіргеннен  кейін,  топтық  талқылаудан  кейін,  немесе  рефлексиялық  кері  байланыс 
кезінде осы «жетістік баспалдағы» үнемі қолданыста болса, мұғалім де,  оқушылар да өздерінің оқу-
танымдық іс-əрекеттерінің тиімділігі мен  нəтижелілігін, немесе, олқылықтарын, жетіспеушіліктерін  
байқай алады.
 
Формативті бағалау түрлерін жазбаша, ауызша, иллюстрациялық, вербальсыз деп  жіктеуге болады. 
Мысалы, «Блоб көпірін» қолдану формативті бағалаудың иллюстрациялық  тəсіліне жатады. Оқушы 
өзінің  «Блоб  көпірін»  неліктен  осылай  бояғанына  түсініктемесін  жазып,  рефлексия  жасай  алады. 
Формативті бағалаудың осындай тəсілдері арқылы оқушының қаншалықты тақырыптың мəнмəтініне 
ене  алғанын  түсінуге,  сол  арқылы  тапсырмаларды  түрлендіріп,  формативті  бағалаудың  басқа  түр-
лерін таңдап алуға болады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   425   426   427   428   429   430   431   432   ...   464




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет