Абай атындағы Қазақ


 ж. ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫС ЖƏНЕ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫ ҚАУЫМЫ



Pdf көрінісі
бет14/33
Дата05.04.2017
өлшемі3,88 Mb.
#11067
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   33

 
1916 ж. ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫС ЖƏНЕ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫ ҚАУЫМЫ 
 
Отарбаева Г.К. – т.ғ.к,, доцент,  
М.Dуезов атындағы О!тEстік $аза-стан мемлекеттік университеті 
 
1916 жылғы көтеріліс қазақ халқының көпғасырлық ұлт-азаттық қөзғалысы тарихында ерекше орын алады. 
Мақалада Ресей империясының  бірінші  дүниежүзілік соғыстан соң Түркістандағы  отарлау саясаты, Сырдария 
жəне Жетісу облыстарында құнарлы жерлерді жаппай тартып алуы, қазақтарды күштеп көшіргені сипатталады. 
Түркістандағы  патша  əкімшілігінің  саясаты,  Қазақстан  жəне  Орта  Азияның  түгелге  жуық  аймақтарын 
қамтыған  1916  жылғы  ұлт-азаттық  көтеріліс,  көрнекті  мемлекет  қайраткерлері  Т.  Рысқулов,  С.Асфендияров, 
М.Тынышпаев  жəне  басқа  да  ұлт  зиялылары  өкілдері  (У.  Асадуллаходжаев,  М.  Бехбуди  т.б.).  бағалауы  мн 
көзқарасы ашылады. 
Мақалада патша жарлығына жəне дала əкімшілігі əрқилы таптары көтерілісі, қазақ зиялыларының радикал-
ды  өкілдері  (Т.  Бокин,  Ж.  Ниязбеков,  Ə.Жүнісов)  либералды-демократиялық  зиялылар  жетекшілері 
(А.Байтұрсынов,  А.  Бөкейханов,  М.  Дулатов)  көзқарастары  мазмұндалады.  Қазақ  халқының  1916  жылғы  ұлт-
азаттық қозғалысы халықтың ұлттық санасын оятып, отарлау саясатына қарсы күрес тəжірибесін байытты. 
Тірек  сөздер:  Ресей  империясы,  отарлық  саясат,  ұлт-азаттық  көтеріліс,  мемлекеттік  қайраткерлері,  қазақ 
зиялылары. 
 
Бірінші  дүниежүзілік  соғыс  Түркістандағы  жəне  Ресейдің  басқа  да  ұлттық  шет  аймақтарындағы 
əлеуметтік-экономикалық  жəне  қоғамдық-саяси  жағдайды  бұрынғыдан  гөрі  барынша  ушықтыра 
түсті.  Жергілікті  орындарда  шенеуніктік  озбырлық  күшейді.  Сырдария  жəне  Жетісу  облыстарында  
қазақтардан жерді жаппай тартып алу жалғаса берді. Бір ғана Жетісу облысында соғыстың алғашқы 
үш жылында 1800 мың десятина ең жақсы құнарлы жайылымдар мен егістіктер тартып алынды. Бұл 
жерлердің  нағыз  қожайындары  қазақтар  шаруашылық  жүргізуге  жарамдылығы  аз  немесе  мүлдем 
жарамсыз жерлерге, шөл жəне жартылай шөлейт аудандарға күштеп көшірілді.  
Бірнеше жылдардан соң осы жылдары қалыптасқан жағдайға баға бере отырып, көрнекті мемлекет 
қайраткері Тұрар Рысқұлов былай деп атап өтті: Түркістан мен Қазақстанда патша əкімшілігі үстем-
дік құрған дəуір ішінде «қоныс аударған орыс шаруалары мен орыс казачествосы өз шаруашылығын 
көбіне жыртқыштықпен жүргізуді, олардың байлықтары негізінен қазақ батрактары мен тұрғындарын 
қанаудан жиналды» [1, 84 б.]. 
Т.Рысқұловтың  пікірінше, Ресей империясының отарлық саясаты түптің түбінде қазақ халқының 
кедейленуіне  əкеліп,  қазақтар  мен  түркістандықтардың  1916  жылғы    жалпыхалықтық  көтерілісіне 
негізгі себеп болды. 
1916 жылғы көтеріліс аймақтағы жергілікті халықтардың отаршыл зомбылыққа қарсы ұлт-азаттық 
күресінің  айқын  көрінісі  болды.  Қазақтар  мен  қырғыздар  көп  тұратын  аудандардағы  көтеріліс 
себептеріне  талдау  жасай  отырып  ресейлік  авторлардың  бірі  былай  деп  атап  өтеді:  «...көтеріліс 
жоғарыдан  бастап  бүкіл  əкімшіліктің  (Ташкент  жəне  Жетісу)  қырғыз(қазақ  –  О.Г.)  халқын  бұрып 
тастап,  жерді  үкіметтің  əрмен  қарай  отарлауы  үшін  тазалауға  бағытталған  арандатушылық 
жұмысының нəтижесі болды. Жөнсіз жəне арандатушы бұйрықтар, əкімшілік шенеуніктерінің жалған 
түсіндірмелері, орыс қоныс аударушыларын айдап салуы, олардан жасақтар ұйымдастыруы, жаппай 
адам өлтіру мен тəртіпсіздіктердің жазаланбауы - мұның барлығы көтерілісті арандатуға бағытталды. 
Бұл  көтеріліс  қырғыздарды  (қазақтарды  -  О.Г.)  жаппай  «жойып  жіберуге»  негіз  болар  еді.  Əскери 
отрядтар  мен  шаруа  жасақтарының  қарулы  жəне  ұйымдастырылған  полицейлердің  əрекеті  арқылы 
өлкенің əкімшілігі толқу аудандарын шебер кеңейте білді, қырғыз (қазақ - О.Г.) халқын келіп жатқан 
əскерлер көзіне барынша дұшпан етіп көрсете білді» [2, 334 б.].  
Келесі бір орыс зерттеушісі көтеріліс жергілікті тұрғындарды «жаппай жойып жіберу» үшін əдейі 
арандатылды деген пікірмен келіспестен былай деп мойындады: «Бұл отарланған халықтың империа-
листерге  қарсы  күресі  болды.  Бұратана  халық  оған  (көтеріліске)  өлкенің  бүкіл  қанаушы  жүйесі 
арқылы дайын болды» [3, 87-88 бб.]. 
Өлкенің  жергілікті  халықтарының  əлеуметтік-экономикалық,  саяси  жəне  азаматтық  құқықтарын 
таптау,  олардың  ұлттық  мүдделерін  бұрмалау  Ташкент  əкімшілігінің  түрлі  нұсқау  жəне  директива-
ларымен  көтермеленіп  отырылды.  Мəселен,  1911  жылы  31  қазанда  таратылған  Түркістан  генерал-
губернаторының директивасында облыстардың əскери губернаторлары мен уездердің бастықтарына 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №4 (47), 2015 г. 
83 
мынадай  тапсырма  берілген:  «жергілікті  ұлт  өкілдеріне  қаттылық  таныту  қажет,  ал  өмірдің  барлық 
саласында негізгі орынды орыстар мен орыс мүддесі иеленуге тиіс» [4, 22 б.]. 
«Орыс  мүддесін»  қорғау,  жоғарыда  атап  өткеніміздей,  Түркістан  өлкесі  мұсылмандарының 
тағдырларына  қайғылы  əсер  етті.  Ресейдің  бірінші  дүниежүзілік  соғысқа  араласуымен  Түркістанда 
өнеркəсіп  пен  армия  үшін  шикізат,  азық-түлік  жəне  отын  дайындау  бойынша  көптеген  өкілетті 
адамдар өз қызметін бастап кетті. 1914-1916 жылдар аралығында Түркістаннан 41 млн. пұт мақта, 3 
млн.  пұттан  аса  мақта  майы,  200  мың  пұт  күнжара,  кептірілген  жемістер,  миллиондаған  қой  жəне 
басқа да мал əкетілді [5, 150-151 пп.]. 
Көрнекті қазақ қайраткері С. Асфендияров соғыс жылдарында əскери ведомство жергілікті халық-
тан  (көбіне,  қазақтардан)  арзандатылған  жəне  əділетсіз  бағамен  көп  мөлшерде  мөлшерде  жылқы, 
түйе,  ірі  қара  мал  мен  қой  сатып  алып,  жергілікті  халықты  мейлінше  тонағанын  дəлелдеп  жазған 
болатын.  Бағасы  150-200  рубльдік  жылқы  үшін  қазына  30-50  рубль,  10-12  рубльдік  қойға  4  рубль 
төледі [6, 75 б.]. 
Табиғат пен адам ресурстарын жыртқыштықпен қанаудың күшейіп, салық салу жəне баға саясаты 
арқылы  халықты  жасырын  тонау  ұлғая  түсті.  Инфляция  шарықтай  берді.  1916  жылы  1915  жылға 
қарағанда бүкіл Түркістан бойынша дəн бағасы 300 %-ға, күріш пен қант - 250%-ға дейін, нан – 4 есе, 
киім мен аяқ-киім - 200-350%-ға дейін көтерілді [7, 30 б.].  
Империялық салық стратегиясын іске асыру салдарынан түрлі міндеткерліктер мен салықтар саны 
күрт  ұлғайды.  Мəселен,  ауыл  тұрғындарынан  алынатын  көптеген  салық  түрлерінен  талап  етілуші 
салық көлемі 66%-ға дейін көтерілді. Мақтаға арнайы əскери салық енгізілді. Малшылардан алына-
тын  салық  екі  есеге  ұлғайтылды.  Түркістан  халқы  сондай-ақ  жолдар  мен  ирригациялық  құрылыс-
тарды дұрыс жағдайда ұстауға арнайы салық төледі. Салықтардан басқа «ерікті жинақтар» енгізілді, 
оның есебінен майдан қажеттілігі үшін қосымша ақша жиналды. 
Халықтан азық-түлік, киім, еңбек құралдары, мал, жылқы жəне т.б. бұйымдар алынды. 
Осы кезеңде Ташкент отарлау əкімшілігінің Түркістан мұсылмандарын өкіметке қарсы идеология-
лық күреске бастап шыға алатын əлеуметтік күш ретінде ислам дінбасыларына деген қатынасы едəуір 
қатая  түсті.  Дінбасы  өкілдері  отарлау  əкімшілігінің  тұрақты  қадағалауында  болды.  Вакфтық 
жерлердің қысқаруы мұсылман дінбасыларының ашық наразылығын тудырды.  
Император  Николай  ІІ-нің  1916  жылғы  25  маусымдағы  «Империяның  бұратана  халықтарның  ер 
адамдарын  соғысушы  армия  жеріндегі  қорғаныс  құрылыстарын  мен  əскери  байланыстарды  орнату, 
сондай-ақ мемлекеттік қорғаныс жұмысына қажетті кез-келген өзге де жұмыстар үшін реквизициялау 
туралы»  жарлығы  түркістандықтардың  төзімін  тауысты.  Бұл  жарлық  көтеріліске  себеп  болды.  Осы 
жарлық  бойынша  тыл  жұмыстарына  19-43  жас  аралығындағы  «бұратана»  халықтың  ер  адамдарын 
тарту қажет болды. 1916 жылғы 29 маусымда Ташкентте үкімет телеграммасы қабылданады. Мұнда 
Ташкент əкімшілігі қара жұмысқа 250 мың адам жөнелту керектігі нақты көрсетілді. 1916 жылы 2-3 
шілдеде  Ташкентте  генерал-майор  М.Ерофеевтің  басшылығымен  (осы  кезеңде  Түркістан  генерал-
губернаторы  міндетін  атқарушы)  облыстық  губернаторлар  жəне  отарлық  əкімшіліктің  шенеунікте-
рінің қатысуымен жиналыс өткізілді. Мұнда облыстар бойынша жұмысшылардың наряды белгіленді, 
халықты тыл жұмыстарына жөнелту шаралары əзірленді. Астық өсіретін жəне мал шаруашылығымен 
айналысатын аудандардан гөрі мақталы аудандардан жұмысшыларды аз алу қарастырылды, өйткені 
Ташкент пен Орталық өкімет майдан қажеттілігі үшін мақта өндірісін дамытуға аса мүдделі болды. 
1916  жылғы  25  маусымдағы  жарлықтың  көптеген  ережелерін  жергілікті  халыққа  қосымша  ретте 
түсіндіру  қажет  болды,  өйткені  олар  ұлттық  баспасөзден  «тыл»  немесе  «қара  жұмыста»  немен 
айналысатындығы  туралы  толық  мəлімет  ала  алмады.  Біршама  кейін  осыған  байланысты 
М.Тынышбаев  былай  деп  атап  өтті:  «тəжірибелі  солдаттар  қазақтарға  «окоп»  дегеннің  не  екендігін 
түсіндірген кезде мобилизация (реквизиция) қаруланбаған адамдарды қырып-жоюға əкеледі деген ой 
халықты алаңдатты. Бұл жағдай өз кезегінде қазақтардың патша жарлығына деген дұшпандық ниетін 
тудырды..., ешкім де халыққа мезгілінде жұмысшыларды қара жұмысқа алу себебін түсіндіріп бере 
алмады.  Оның  орнына  жергілікті  өкімет  осы  жарлықты  асығыс  əрі  кейбір  жерлерде  қатаң  шаралар 
арқылы  орындай  бастады.  Бір  мезгілдегі  асығыс  мобилизация...  халықты  есеңгіретіп...  жіберді, 
сонымен  қатар  шақыру  барысында  зұлымдықтар  да  орын  алды.  Орыс  əкімшілігіндегі  кейбір 
адамдардың аяусыз шаралары мен қателіктері, болыстардың жемқорлығы шегінен шықты. Осындай 
əдіс-тəсілдердің халыққа тікелей əсер етуінен толқу күшейе бастады» [8, 41-42 бб.].  
Қарапайым  адамдардың  наразылығы  мен  қарсылығы  жергілікті  билікті  мұсылман  қауымын 
əлеуметтік-мүліктік  белгісі  бойынша  бөлуге  итермеледі.  Жарлыққа  арналған  толықтырулар  мен 

Абай атындағы $аз%ПУ-ні! Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №4 (47), 2015 ж. 
84 
түсініктемелерге  сəйкес  болыстар  мен  олардың  жігіттері  (қарулы  күзет),  жергілікті  тұрғындардан 
алынған  төмен  шенді  полицейлер,  имамдар,  молдалар  мен  мударистер,  үкімет  мекемелерінің 
шенеуніктері,  «құрметті  азамат»  құқығын  пайдаланушы  адамдар  жəне  халықтың  кейбір  дəулетті 
санаттары  қара  жұмысқа  алынбады.  Сондай-ақ,  Ташкент  отарлау  əкімшілігі  кез  келген  «бұратана» 
өзінің  орнына  жұмысқа  басқа  адамды  жалдай  алады  деген  нұсқау  берді,  мұны  көптеген  ауқатты 
адамдар пайдаланып қалды [9, 9-10 пп.]. 
Атап өтерлік жайт, Түркістан жəне қазақ зиялыларының көптеген өкілдері (У. Асадуллаходжаев, 
М.  Бехбуди,  М.  Тынышбаев,  Т.  Рысқұлов  жəне  т.б.)  патша  жарлығына  бірден  қарсы  шықты.  Өз 
кезегінде, Ə. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов сияқты басқа да қазақ либерал-демократтары 
жəне  «Қазақ»  газетінің  маңына  топтасқан  адамдар  патша  əкімшілігін  мобилизациямен  асықпау 
қажеттігіне  көздерін  жеткізгісі  келді,  жергілікті  орындарда  дайындық  жұмыстарын  жүргізу 
қажеттігін атап өтті. Алайда, мұның барлығы күтілген нəтиже берген жоқ.  
1916 жылы маусымның басында Түркістан мен Қазақстанның көптеген елді мекендерінде қарулы 
көтеріліс  басталды,  оған  аймақтағы  жергілікті  халықтың  барлық  əлеуметтік  топтарының  өкілдері 
қатысты. Түркістан жадидтері мен қазақ прогресшілдерінің белгілі бір бөлігі көтерілісшілерге қолдау 
көрсетіп, өздері оған қатысты. Мəселен, көтерілістің бастапқы кезеңінде (тамыздың алғашқы күнде-
рінде)  Əулиеата  уезінде  Ташкент  мұғалімдер  институтындағы  оқуын  тастап  келген  Т.Рысқұлов 
көтерілісшілердің  жетекшілерінің  біріне  айналады.  Т.Рысқұловтың  көтерілісшілердің  қызметін 
алдын-ала ұйымдастыру мен үйлестіру туралы ұсыныстары көтеріліс басшылары тарапынан қолдау 
тапты. 
Көтерілістің  басталуы  мен  барысы  Ресейдің  мазасын  алды,  мұның  өзі  Санкт-Петербургте  осы 
тақырыпта арнайы мəжілістер мен жиналыстар өткізуге себеп болды. Едəуір шамада мұның өзі Ресей 
фабриканттары  мен  өнеркəсіпшілерінің  осы аймақта  өз  мүдделері болуымен  байланысты  еді.  Ресей 
капиталының  өкілдері  өлке  экономикасына  салған  қаржы  салымдарынан  қауіптене  отырып, 
«бүлікшілдермен келісудің қажеті жоқ, кез келген құралмен қысқа мерзімде көтерілісті басу қажет» 
деп  ұсыныс  айтты.  Осы  күндері  Ресей  үшін  Мəскеу  қоғамынан  Түркістан  генерал-губернаторы 
Куропаткинге  келесі  мазмұнда  хат  жөнелтілді:  «Түркістанда  көтеріліс  кезінде  жергілікті  халық 
қолынан  орыс  əкімшілігінің  өкілдері  қаза  болды.  Қоғамның  бас  кеңесі  ол  жақта  əрмен  қарай 
ресейліктердің  жағдайын  сақтау  мен  нығайтудың  маңыздылығы  мен  қажеттілігін  атап  өтеді. 
Сондықтан  көтеріліске  қатысушылар  мен  олардың  жанашырларына  біздер  өте  қатаң  шаралар 
қолдануды сұраймыз. Олардың жерін тартып алып, ал өздерін Сібірдің əлдеқайда қиыр тұсына айдап 
жіберу қажет. Жерді ерлік танытқан солдаттарға жəне көбіне казактарға тарату керек» [10, 200 п.]. 
Мұндай  ұсыныстарды  іске  асыру  мəселесі  ұзақ  күттірген  жоқ.  Жетісу  казактары  қазақ  халқына 
қарсы  жазалау  шараларымен  ерекше  көзге  түсті,  «қырғыздарды  (қазақтарды)  ұрып-соғып,  жерлері 
мен мүлкін тартып алды» [11, 3 б.]. 
Наразылық  пен  бағынбау  белгісінде  көптеген  қазақ  рулары  Қытай  шекарасына  қарай  көшуін 
жеделдетті.  Қытайға  қарай  үдере  көшу  патша  жарлығы  шыққан  алғашқы  күндерден-ақ  басталған 
болатын. 
Ұлттық  зиялы  қауым  қарапайым  адамдардың  мүддесін  қорғау  үшін  мүмкін  болған  нəрсенің 
барлығын  істеді.  Мəселен,  бірқатар  зиялылар  тарапынан  «бұратана  комитеттер»  құрылды,  олардың 
қызметін  жергілікті  полициялық  жасауыл  қадағалады.  Бұл  комитеттер  мобилизацияланғандардың 
тізімінің  дұрыс  құрылуына  жауап  берді,  олардың  өз  туыс-жақындарына  пошта  жөнелтілімдерін 
қадағалады. 
Ұлт  зиялылары  мобилизацияланғандардың  жəне  тағдыр  тəлкегінде  қалған  олардың  отбасылары-
ның жағдайын жеңілдетуге тырысып, оларға материалды көмек пен моральдық қолдау көрсетті.  
Атап өтерлік жайт, Түркістан жəне қазақ зиялыларының көптеген өкілдері (У. Асадуллаходжаев, 
М.  Бехбуди,  М.  Тынышпаев,  Т.  Рысқұлов  жəне  т.б.)  патша  жарлығына  бірден  қарсы  шықты.  Өз 
кезегінде, Ə. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов сияқты басқа да қазақ либерал-демократтары 
жəне  «Қазақ»  газетінің  маңына  топтасқан  адамдар  патша  əкімшілігін  мобилизациямен  асықпау 
қажеттігіне  көздерін  жеткізгісі  келді,  жергілікті  орындарда  дайындық  жұмыстарын  жүргізу 
қажеттігін атап өтті. Алайда, мұның барлығы күтілген нəтиже берген жоқ.  
 
1  Казахи о русских до 1917 г. - Оксфорд, 1985. -  92 с. 
2 Бройдо  Г. Материалы к истории восстания киргиз в 1916 году // Новый Восток. - М., 1924. - Кн. 6. - 434 с. 
3 Шестаков А.В. Восстание в Средней Азии в 1916 году (К десятилетию событий) // Историк-марксист. - 
М.: Изд.  коммунистической академии, 1926. - Т. 2. -  291 с. 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №4 (47), 2015 г. 
85 
4  Исмаилова  Ж.Х.  Национально-освободительное  движение  в  Туркестане  в  начале  ХХ  века  (на  примере 
восстания 1916 года в Ферганской долине): Автореф. …канд. ист. наук. - Ташкент, 2002. - 22 с. 
5 HРОММ. – 1--., 31-т., 1149-іс, 150-151-пп. 
6 Асфендияров С.Д. Национально-освободительное восстание 1916 г. в Казахстане. – М. - Алма-Ата,1936. - 
75 с. 
7  Чариев  З.У.  Усиление  колониальной  политики  и  национального  гнета  и  их  последствия  в  Туркестане  в 
начале ХХ века (На примере мобилизации на тыловые работы): Автореф. … докт. ист.наук. - Ташкент, 1999. - 
33 с. 
8 Тынышпаев М. История казахского народа. - Алматы, 1999. - 279 с. 
9 HРОММ. - 18--., 2-т., 660-іс, 9-10 пп. 
10 HРОММ. - 1--., 31-т., 1128-іс, 200-п 
11 Алтиев А. Национальная политика и практика на местах//Жизнь национальностей. - М., 1922. - № 6-7. - 
14 апреля. - 3 с. 
 
Резюме  
Восстание 1916 г. занимает особое место в  истории многовекового национально-освободительного движе-
ния  казахского  народа.  В  статье  характеризуется  колониальная  политика  Российской  империи  после  Первой 
мировой войны в Туркестане, массовое изъятие самых плодородных земель в Сырдарьинской и Семиреченской 
областях, насильственная эвакуация казахов.  
Раскрываются взгляды и оценка политики царской администрации Туркестана и национально-освободитель-
ного восстания 1916 года, охватившее почти все регионы Казахстана и Средней Азии  видных государственных 
деятелей  Т.  Рыскулова,  С.Асфендиярова,  М.Тынышбаева  и  многих  представителей  казахской    интеллигенции 
(У. Асадуллаходжаев, М. Бехбуди и др.). 
В статье излагается отношение к указу царя и восстанию различных слоев общества - туземной администра-
ции,  радикальных  представителей  казахской  интеллигенции  (Т.  Бокин,  Ж.  Ниязбеков,  А.Жунисов),  лидеров 
либерально-демократической  интеллигенции  (А.  Байтурсынов,  А.  Букейханов,  М.  Дулатов).  Национально-
освободительное  движение  казахского  народа  1916  г.  пробудило  национальное  сознание  народа,  обогатило 
опыт борьбы против колониализма. 
Ключевые  слова:  Российская  империя,  колониальная  политика,  национально-освободительное  восстание, 
государственные деятели, казахская  интеллигенция  
 
Summary 
Revolt of 1996 holds a special place in the history of the centuries old national liberation movement of the Kazakh 
people.  This  article  characterized  the  colonial  policy  of  the  russian  empire  after  the  first  world  war  in  turkestan,  the 
mass seizure of the most fertile sails in the syr-darya and semirechensk areas, forced the evacuation of the kazakhs. 
Deals  with  the  views  and  assessment  of  the  policy  of  the  imperial  administration  of  turkestan  and  the  national 
liberation  uprising  of  1916,  covering  almost  all  regions  of  Kazakhstan  and  central  asia  eminent  statesmen  of 
T.Ryskulov, S.Aspendiarov, M.Tynyshbaev and many representatives of the kazakh intellectuals (W.Asadullahodjaeva, 
M. Behbudy, etc.). 
This  article  describes  the  attitude  to  the  imperial  and  the  uprising  of  various  sectors  of  society  the  native 
administration, the radical representatives of the kazakh intellectuals (Bokin, Niyazbekov, Zhunisov), the leaders of the 
liberal-democratic  intellectuals  (A.  Baitursynov,  A.  Bukeikhanov,  M.  Dulatov).  The  national  liberation  movement  of 
the kazakh people in 1916 awakened national consciousness of the people, enriched the experience of straggle against 
colonialism. 
Key words: Russian Empire, colonialism, national liberation uprising, government officials, kazakh intellectuals. 
       
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Абай атындағы $аз%ПУ-ні! Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №4 (47), 2015 ж. 
86 
ƏӨЖ 94(5):069 
 
ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ОРТАЛЫҚ МУЗЕЙ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДАЙЫНДАҒАН «ҚАЗАҚТЫҢ 
ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР, ҰҒЫМДАР МЕН АТАУЛАРЫНЫҢ ДƏСТҮРЛІ 
ЖҮЙЕСІ» АТТЫ 5-ТОМДЫҚ ЭНЦИКЛОПЕДИЯДА ШОҚАН УƏЛИХАНОВ ЕҢБЕКТЕРІНІҢ 
ҚОЛДАНЫЛУЫ ХАҚЫНДА 
 
Қыдыр Нұрғожа – $Р Мемлекеттік Орталы- музейіні! $аза-стан тарихын зерттеу  
орталығыны! ғылыми -ызметкері 
 
Мақалада ҚР Мемлекеттік Орталық музей қызметкерлері дайындаған «Қазақтың этнографиялық категория-
лар,  ұғымдар  мен  атауларының  дəстүрлі  жүйесі»  атты  5-томдық  ғылыми  энциклопедияда  Шоқан  Уəлиханов 
еңбектерінің  қолданылуы  туралы  сөз  болады.  Аталмыш  басылымға  дəстүрлі  қазақы  ортадағы  белгілі  бір 
жосын-жоралғылар,  салт-дəстүрлер  мен  əдет-ғұрыптардың  беймəлім  қырларын  ашуда  Ш.  Уəлиханов  еңбекте-
ріндегі  құнды  этнографиялық  мəліметтер  молынан  қолданылды.  Əсіресе,  энциклопедиядағы  əдеттік  құқыққа 
қатысты негізгі мақалаларды жазуда Шоқан еңбектеріндегі билік, сот, реформа туралы жазған құнды мəлімет-
тері  келтірілді.  Сонымен  қатар,  Шоқанның  салған  этнографиялық  суреттері  мен  нақты,  əрі  дəлдігімен 
ерекшеленетін сызбалары да пайдаланғандығы айтылды.       
Тірек  сөздер:  құқық,  əдет-ғұрыптық  құқық,  əдеттік  құқық,  би,  билер  соты,  халық  соты,  билік,  билік  айту, 
билік жүргізу, төрелік айту, төрелік жүргізу, би кесімі, іс кесу, қақы, құқы, реформа, шаман, шаманизм, бақсы, 
бақсылық, ислам. 
 
2014 жылы ҚР Мемлекеттік Орталық музейінің (əрі қарай – ҚР МОМ) этнология бөлімінде белгілі 
этнолог  ғалым  Нұрсан  Əлімбайдың  жетекшілік  етуімен  «Қазақтың  этнографиялық  категориялар, 
ұғымдар мен атауларының дəстүрлі жүйесі» атты 5 томдық іргелі еңбек, энциклопедия жарық көрген 
болатын. Мəдени мұра бағдарламасы бойынша қолға алынған аталмыш еңбектің жариялануы соңғы 
жылдардағы  (2011-2014жж.)  қазақ  мəдениетіндегі  үлкен  ғылыми  жаңалық  болғандығы  белгілі. 
Нұрсан  Əлімбайдың  идеясы  бойынша  қолға  алынып,  этнология  бөлімінде  дайындалған  ғылыми-
зерттеу  жұмысы  жалпы  10  мың  атаулар  мен  ұғымдарды  қамтыған  бірегей  еңбек  болып  табылады. 
Еңбекті  жасауда  Нұрсан  Əлімбаймен  бірге  Нұргелді  Уəли,  Бабақұмар  Хинаят,  Досымбек  Қатран, 
Рүстембек Шойбеков, Бейбітқали Қақабаев, Қалиолла Ахметжан сияқты энциклопедия авторларынан 
бөлек бір топ жас ғалымдар да қатысты. Аталмыш энциклопедияда төмендегідей жүйеленген, бірізді 
ғылыми міндеттер басты назарға алынды: 
–  Қазақтың  дəстүрлі  тіршілікқамы  мəдениетімен  ұмытылып  бара  жатқан    көшпелі  тұрмыстағы 
материалды мəдениет құралдары, оларды дайындау механизмі жасалды; 
–  Қазіргі  кезде  ғылымда  көмескіленіп  бара  жатқан  сан  алуан  салт-дəстүрлер  мен  жосын-
жоралғылардың айқын  көрінісі, сондай-ақ, тарихи құжаттар, ауыз əдебиеті мəтіндері, мақал-мəтел, 
фразеологизмдер арқылы бір тұтастыққа келтірілді. 
Энциклопедияда  біз  жоғарыда  айтқан  көмескі  тартып,  сұлбасы  ғана  қалған,  тіпті  ұмыт  болған 
кейбір мəліметтерді табу, толықтыру мақсатында жинақталу уақыты қазан төңкерісіне дейінгі жəне 
ХХ ғасырдың 20-30-жылдарына жататын алуан түрлі деректік материалдар молынан пайдаланылды. 
Бұл ретте ең алдымен қолға алынғаны аталған кезеңдерде қазақ даласына ұйымдастырылған əртүрлі 
экспедициялардың  материалдары,  қазақ  жəне  орыс  зерттеушілерінің  еңбектері  мен  архивтік  жəне 
мерзімдік  баспасөз  мəліметтері  болды.  Сонымен  қатар,  тарихи-этнографиялық  деректердің  ішінде 
патшалық  режимнің  қазақ  өлкесіндегі  жергілікті  мемлекеттік  органдары,  əсіресе  əскери  құрылым-
дарында қызмет істеген орыс офицерлері мен статистикалық комитеттердің есептері пайдаланылды. 
Атап  айтқанда  Ш.Уəлиханов,  Ы.Алтынсарин,  Ə.Диваев,  В.Н.Плотников  сынды  зерттеушілердің 
еңбектеріндегі  мəліметтердің  энциклопедияға  қажетті  материалдарды  толықтырудағы  маңызы 
ерекше болды.  
Сонымен қатар, энциклопедияға қазақтың дəстүрлі тіршілігін əр қырынан бейнелеген қазан төңке-
рісіне дейінгі Еуропа жəне орыс суретшілерінің туындылары қолданылды. Осы ретте, Ш.Уəлиханов-
тың  сан  алуан  тақырыптарға  салған  өзінің  дəлдігімен  ерекшеленетін  этнографиялық  суреттері  мол 
пайдаланылды.  Бұл  –  энциклопедияның  көрнекілігін  қамтамасыз  етуге  септігін  тигізді.  Əсіресе, 
Ш.Уəлихановтың  сызбалары  энциклопедиядағы  астрономиялық  жəне  жағрафиялық  мəліметтердің 
дəйектілігін арттыра түсті.  
Энциклопедиядағы жыр, өлең, киіз үйге қатысты, ондағы заттардың орналасу реті, түрлі ауруларға 
қарсы  қолданылған  қазақы  ем-домдар  мен  емшілер,  қазақ  мифологиясындағы  əрбір  кейіпкер  мен 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №4 (47), 2015 г. 
87 
олардың  образын  ашу,  аңыздар,  ауыз  əдебиеті,  мифтер,  өлімге  қатысты  атқарылатын  жосындар, 
қазақтың түрлі салт-дəстүрлері мен жосын-жоралғылары, төрт-түлікке қатысты атқарылатын жорал-
ғылар,  бақсылық,  қазақтың  қару  жарақтары  (Шоқан  салған  қару-жарақ  суреттері),  сонымен  қатар, 
бақсылық  сарындағы  рух,  ие,  жынға  қатысты  мақалаларда  Ш.Уəлихановтың  айтқан  іргелі  ойлары 
үнемі басшылыққа алынып, аталмыш еңбекке енгізіліп, оларға сілтеме беріліп отырды. 
Ш.Уəлихановтың салған суреттері мен сызбалары өз алдына, оның қазақтың түрлі салт-дəстүрлері 
мен  жосын-жоралғыларын  нақты  деректермен  дəлелдейтін  этнографиялық  құнды  ойлары  ғылыми 
жұмыстың  құндылығын  арттыра  түсті  деуге  болады.  Атап  айтқанда,    тарих,  этнография,  жағрафия 
салаларындағы  құнды  пікірлерінен  бөлек,  шаруашылық,  көшпелі  тұрмыс,  табиғат  құбылыстарына 
байланысты қалыптасқан халықтық білімдер жүйесі де басшылыққа алынды. Мысалы, қазақы ортада 
тіршілік  цикліне  байланысты  атқарылған  салттар,  ғұрыптар  мен  наным-сенімдер  жүйесінде  ерекше 
орны  мен  мəні  бар  аспан  денелерінің  бірі  –  айға  сəлем  беру  жайлы  Ш.Уəлихановтың  төмендегідей 
құнды мəліметі Ай деген мақалада берілді: «Ертеде -аза-тар жа!а туған Айға тізерлеп отырып, 
Eш  рет  е!кейіп  мінəжат  етеді.  ЖаздыгEні  болса,  сол  тізе  бEккен  жеріні!  шFбін  жGлып,  от-а 
тастайды».  Шоқанның  берген  бұл  дерегі  аталмыш  мақалада  қазіргі  кезде  де  маңызын  жоймаған 
ғұрып екендігімен толықтырыла түсті [1, 74-79бб].   
Ал, жұлдызға деген халық санасындағы пайымдауларды Шоқан төмендегідей түсіндіреді: «$аза--
тар жGлдыздарды! жер бетіндегі ба-ыт-а əсер ететініне сенеді. Енді біреулерді! пікірінше, əрбір 
жGлдыз жердегі əрбір  адамны!  жанымен  байланысты,  адам  Fлгенде  оны!  аспандағы  жGлдызы  да 
ағып тEседі. Аспаннан ағып тEскен жGлдызды кFрген -аза-тар «мені! жGлдызым жоғары» немесе 
болып-толған  ба-ытты  адамды  «жGлдызы  жанған»  [1,  124б].  Шоқанның  бұл  құнды  деректері 
энциклопедиядағы  Ай,  Ай  есебі  /  Ай  санау,  Ақпа  жұлдыз,  Жұлдыз,  Күн,  Күн  күркіреу,  Күн  райын 
болжау  сияқты 
қазақтың  тіршілікқамы  қарекетін  тиімді,  ұтымды  ұйымдастыру  мақсатында 
болашақтағы  күннің  райын,  табиғаттың  жай-күйін  анықтау,  болжамдар  жасауға  байланысты 
жазылған  мақалалардың  ғылыми  негізін,  дəйегін  аша  түсті

Осы  ретте,  Жұлдыз  деген  мақалада 
дəстүрлі түсінік бойынша Шоқан салған аспанның төмендегідей сызбасы берілді: 
 
 
$аза-ты! дəстEрлі тEсінігіндегі жGлдызды аспанны! сызбасы (фрагмент). Ш.Уəлихановты! -олжазбасынан. 
РҒА-ны! СПб.-дегі мGрағат -орынан. 
23--., 01-т., 13-іс, 12-пара-. 
 
Энциклопедияның 1-томында байырғы этномəдени түсінікте «аруа- -ону» арқылы адамдар əлемін 
рухтар мен жындар əлемімен байланыстырушы, əрі қобыз тартып, «ойын салып», сəуегейлік жасап, 
науқастарды  емдейтін  тұлға  бақсы  туралы  Бақсы  /  Бақсылық  деген  мақалада  бақсылыққа  Шоқан 
берген  анықтама  келтірілді:  «Дəуперім  ба-сылар  барлы-  ауруларды  жаза  алады,  -арынды  тіліп, 
операция жасайды, əйелдерді! аман-есен босануына болысып, албастыларды рухымен сескендіреді, 
-уалайды,  керемет  ойындарымен  Fзіні!  рухын  ша-ырып,  бал  ашады.  Lлкен  ба-сыларды!  белгілері 
мынандай  істерімен  кFрінеді:  ойыны  кезінде  -ылышты  -арнына  салып  -ояды,  -ылышты  сабына 
дейін жGтады, -ып--ызыл -ыздырылған темірді жалайды, балтамен кеудесін шап-ылайды. Осыны! 
бəрі ертедегі $ор-ыт əулиеден мGра болып -алған сарын мен -обыз кEйіні! сEйемелдеуінде Fтеді». 
Шоқанның  бақсылықта  кез  келген  бақсы  Қорқыт  сарынына  сүйенетіндігін  айтқан  бұл  ойы 
бақсылықтың мəнін ашудағы бірегей құнды пікір болды [1, 366-371бб].  

Абай атындағы $аз%ПУ-ні! Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №4 (47), 2015 ж. 
88 
Ал,  Ислам  жайында  Қазақы  ортаның  дəстүрін  жетік  білген  Шоқан  Уəлиханов  дəстүрлі  қазақы 
наным-сенімдер  мен  ислам  канондары,  сан  алуан  ғұрыптық  институттар,  нормалар,  принциптердің 
өзара  үйлесім  тапқандығын  былайша  сипаттады:  «…Шаман  діні  -аза-тарда  мGсылман 
нанымдарымен араласып кеткен. СFйтіп əбден араласып алып, мGсылман діні деп аталатын бір дін 
болып шы--ан. Сонымен -атар аруа-тарға сиынып, мGсылман əулиелеріні! моласыны! басында мал 
соятын болған. Ба-сыға сеніп, МGхаммед -ожаларын -Gрметтеген, олар от-а табынған, ал ба-сы-
лар  аруа-,  жынмен  -атар  мGсылман  періштелерін  де  ша-ырып,  Алланы  дəріптеген.  Міне,  бGл 
сия-ты  -айшылы-тар  бір-біріне  еш  кедергілік  жасамаған,  ал  -аза-тар  осыларды!  бəріне  бірдей 
сене берген» [2, 654-656бб].
  
Халықтық  ұғымдағы  жанды  жəне  жансыз  заттарда  болатын  ерекше  тылсым  күш,  қасиет  –  кие 
туралы  энциклопедиядағы  Кие  деген  мақалада  Ш.Уəлихановтың  қазақы  ортада  не  себепті  киеге 
үлкен  мəн  берілгені  туралы  айтқан  төмендегідей  құнды  пікірі  берілді:  «$аза-тар  киеге  Eлкен  мəн 
береді. ... -Gдіретті кEші бар жан-жануарларды! киесі бар дейді, ал оларды! Fзін киелі деп атайды. 
Жан-жануарларды! киесін -адірлемеу – киені! -аMарын туғызады. Киені! ашуы, -аMары – кесір деп 
аталады»
.  Одан  əрі  аталмыш  мақалада  Шоқан  ойынан  шыға  отырып,  д
əстүрлі  наным-сенімде 
қасиетті  адамдарды  (пайғамбар,  əулие,  көріпкел),  аң  мен  құсты  (қасқыр,  марал,  аққу),  жер-суды 
(киелі  орындар,  кесенелер,  өзен-көлдер),  ғарыштық  денелерді  (көк,  ай,  күн,  жұлдыз)  киелі  деп 
санағандығы жəне оларға сиыну үрдістері болғандығы ашылып жазылды 
[3, 90-92бб]. 
5-томдық  энциклопедиядағы  негізгі  мақалалардың  бірегейі  –  Құқық  /  Əдет-ғұрыптық  құқық  / 
Əдеттік құқық / Билер соты / Халық соты / Билік / Билік айту / Билік жүргізу / Төрелік айту / Төрелік 
жүргізу  /  Би  кесімі  /  Іс  кесу  /  Қақы  /  Құқы  деп  аталатын  дəстүрлі  қазақы  ортадағы  əдеттік  құқық 
заңдарын  ғылыми  тұрғыда  жан-жақты  талдап,  зерттеген  мақалада  Ш.Уəлихановтың  əйгілі  «Сот 
реформасы жайында хат» атты еңбегіндегі сот пен құқық жайлы пайымдаулары өз үйлесімін тауып 
қолданылды.  Аталмыш  мақалада  əдеттік  құқық  заңдарының  кейбіреулерінің  қолданыс  мəні  мен 
қолданыс  аясы  нақты  ажыратылып,  терминологиялық  мəселелерден  бастап  жүйелеп,  сатылап 
ашылды.  Одан  əрі  көшпелілердің  институционалдық  қатынасы  жүйесіне  отаршылардың  жасаған 
реформаларының  əсері  мен  Ш.Уəлиханов  жəне  Абай  сынды  қазақ  зиялыларының  бірегей  өкілдері 
аталмыш  реформалардың  қазақ  социумінің  табиғатына  мүлдем  кереғар  екендігін  айтып,  бұл 
реформаларға қарсылық көрсеткені туралы да айтылды.  
Осы ретте, Ш. Уəлихановтың қазақ өлкесінде патшалық режим тарапынан жүргізілген сот рефор-
масының  отаршылдық  идеологиясы  мен  нəтижесін  терең  сипаттаған  Ресей  əкімшілігіне  жолдаған 
əйгілі жазбасында дəстүрлі қазақы ортада билік жEргізуге қатысатын билердің санына шектеу болма-
ғандығын ерекше атап көрсеткен пікірлерімен түйінделді [4, 20-50бб]. 
Мысалы,  энциклопедиядағы  Би¹  деген  ірі  мақалада  билер  сотының  реформадан  кейінгі  құрылы-
мын  ашып  көрсету  үшін,  билер  сотындағы  өзгерістерді    жүйелі  түрде  саралған  Ш.Уəлихановтың 
төмендегідей дəйекті мəліметі берілді: 
1.  Биді!  санына  шек  -ойылмайды.  Dрбір  округты!  (дуанны!)  мировой  судьясы  (биі)  бірнешеу 
болуы керек.  
2.  Биді  ресми  тEрде  ешкім  сайламайды да, ресми тEрде ешкім  бекітпейді де...  билерді!  ма!ызы 
жеке беделге негізделген. Мировой судьяны! сайлауында арнаулы тəртіп, нары- бар. 
3. Халы- -алағанда ғана би билік жEргізе алады. Оны! бедел, лауазымы жEріп тGрғанда ғана оған 
жEгінеді,  бедел  жойылғанда  билік  те  дəрежеден  айырылады.  Ал,  мировой  судья  Eш  жылға 
сайланады  да,  -ызмет  ат-арған  мерзімінде  тGра-ты  правосы  (-G-ығы),  міндеті  болады.  4.  Би 
-азынадан да, халы-тан да еш-андай пGл алмайды, біра-, «биден би а-ы» алды, ал мировой судьяға 
земствоны! алым-салығынан белгілі мFлшерде оны! тірлігіне, ке!се шығынына -аражат бFлінеді. 
5.  Билерді!  съезі  (-Gрылтай),  мезгілсіз  кездейсо-  ша-ырылады,  ал  мировой  судьяларды!  съезіне 
белгілі мерзім тағайындалады. Мировой судья істі жалғыз шеше береді, ал билер соты шағым иесі 
бір руды! адамы болса, əрі Fздері бір Eйді! билігін -аласа ғана жалғыз жEргізеді.  
Дəстүрлі  қазақы  ортадағы  сот  процесінде  кінəліні  анықтау,  күдікті  адам  немесе  куəгер  сөзінің 
растығын тексеру үшін жасалатын серт беру ғұрпындағы жан беру туралы: «-аза-тарда кiсi Fлiмiне 
-атысты  сот  билiгі  кезiнде  кiнəлiнi  аны-тау  Eшiн  жасалатын  «жан  беру»  ырымы  болған»  деп 
келетін  Шоқанның  пікірі  –  Жан  беру  /  Жанға  салу  /  Ант  беру,  Серт  /  Серт  беру  деген  дəстүрлі 
мəдениетте  белгілі  бір  əлеуметтік,  тұрмыстық,  туыстық  қатынастарды  бекіту  үшін  орындалатын 
ғұрыптар  туралы  мақалаларда  шынайы  дерек  ретінде  берілді.  Осы  ретте,  серт  берудің  мəні 
Шоқанның төмендегідей құнды пікірімен ашылды: «кEдiктi ретiнде сот-а тартылғандар, Fздеріні! 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №4 (47), 2015 г. 
89 
адалдығын  дəлелдеу  Eшін,  кiсi  Fлтiрiлген  мылты-ты!  о-панын  сEйiп  ант  беруге  тиiстi  болған. 
$ырғыздарда  кEдікті  адамға  пыша-ты!  жEзін  немесе  мылты-ты!  аузын  жалатып  ант  бергізсе, 
хакастарда  кEдіктіні  та!  атарда  семсерді!  жEзін  немесе  мылты-ты!  о-панын  сEйгізген, 
тувалы-тарда сада-ты! оғын немесе пыша-ты! Gшын жалат-ан» [5, 207-208бб].  
Қорыта келгенде, 5-томдық энциклопедиядағы қолданылған Шоқан Уəлихановтың еңбектеріндегі 
қазақ  этнографиясына  қатысты  жазған  пікірлері  мен  құнды  ойларын  бұл  мақалада  толықтай 
қамтыдық  деп  айта  алмаймыз.  Өйткені,  біз  жоғарыда  айтқандай,  аталмыш  энциклопедияда  Шоқан-
ның  бірегей  еңбектері  жəне  нақты,  əрі  дəлдігімен  ерекшеленетін  этнографиялық  сызбалары  мен 
суреттерін барынша кең молынан беруге тырыстық.        
1.
 
аза ты!
  этнографиялы   категориялар,  %ғымдар  мен  атауларыны!  дəст'рлi  ж'йесi. 
Энциклопедия
.  1-том.  Ғылыми  редакторы  жəне  жоба  жетекшісі  НGрсан  Dлімбай.  -  Алматы: 
DPS, 2011. – 736 б; 
2.
 
аза ты!
  этнографиялы   категориялар,  %ғымдар  мен  атауларыны!  дəст'рлi  ж'йесi. 
Энциклопедия
. 2-том. Ғылыми редакторы жəне жоба жетекшісі НGрсан Dлімбай. - Алматы: РПК 
Слон
, 2012. – 736 б; 
3.
 
аза ты!
  этнографиялы   категориялар,  %ғымдар  мен  атауларыны!  дəст'рлi  ж'йесi». 
Энциклопедия
. 3-том. Ғылыми редакторы жəне жоба жетекшісі НGрсан Dлімбай. - Алматы: РПК 
Слон
, 2012. – 736 б; 
4.
 
аза ты!
  этнографиялы   категориялар,  %ғымдар  мен  атауларыны!  дəст'рлi  ж'йесi». 
Энциклопедия
. 4-том. Ғылыми редакторы жəне жоба жетекшісі НGрсан Dлімбай. - Алматы: РПК 
Слон
, 2013. – 736 б; 
5.
 
$аза-ты!  этнографиялы-  категориялар,  Gғымдар  мен  атауларыны!  дəстEрлі  жEйесі. 
Энциклопедия. 5-том. Ғылыми редакторы жəне жоба жетекшісі НGрсан Dлімбай. - Алматы: Азия 
Арна, 2014. – 840 б; 
Использование
  трудов  Чокана  Валиханова  при  подготовке  к  печати  пятитомной 
энциклопедии
  «Традиционная  система  этнографических  категорий,  понятий  и  названий  у 
казахов
» сотрудниками Центрального государственного музея РК 
Кыдыр
  Нургожа  –  научный  сотрудник  Центра  изучения  истории  Казахстана  Центрального 
государственного музея РК 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет