Абай атындағы ҚазҰпу-дың Хабаршысы «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №4 (30), 2011 ж



Pdf көрінісі
бет9/14
Дата03.03.2017
өлшемі4,31 Mb.
#7230
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

2) Химиялық деректер 

Миллиардтаған  жылдар  барысында  тірі  ағзалардың  көбеюі,  зат  алмасуы  мен  белсенділігі, 

планетаның  беткі  бөлігін  толық  өзгеріске  ұшыратты.  Ағзалардың  түрлерінің  барлық  массасын  В.И. 

Вернадский  Жердің  тірі  заты  деп  атаған.  Зат  алмасу  барысында  тірі  заттар  үнемі  табиғаттағы  химиялық 

элементтердің  таралуын  өзгертіп  отырады.  Миллиардтаған  жылдар  барысында  фотосинтездеуші  ағзалар 

күн  энергиясының  орасан  мол  шамасын  химиялық  жұмысқа  айналдырады.  Оның  қорының  бір  бөлігі 

көмір кен орындары және басқа да органикалық заттар – мұнай, торф т.б. түрінде жиналады.  

Фотосинтез  есебінен  атмосферада  оттегі  жиналады.  Оттегіден  озон  қабаты  пайда  болды.  Қазіргі 

атмосферадағы  көмірқышқыл  газының  көп  бөлігі  тірі  ағзалардың  тыныс  алуы  немесе  органикалық 

отынның  жануы  нәтижесінде  түзілген.  Атмосфералық  азот  та  тіршілікиің  нәтижесі,  ол  бірқатар  топырақ 

бактерияларының  белсенді  әрекетінен  түзілген.  Мысалы,  көптеген  теңіз  жануарлары  өздерінің 

қаңқасында  кальций,  кремний,  фосфорды  жинап,  өлгеннен  соң  су  түбінде  шөгінді  жыныстарды  –  ізбес 

тас, бор, фосфорит т.б. түзеді. Тірі ағзалар биосферада маңызды биогенді элементтердің (O, C, N, P, S) зат 

айналымын  жүзеге  асырады.  Олар  кезектесіп  тірі  заттан  бейорганикалық  материяға  (ыдыратушылар 

арқалы) өтіп отырыды.        

3) Географиалық деректер 

Биосфера - өзін құрайтын үш құрамдас бөлігімен сипатталады. Олар – атмосфера, гидросфера және 

литосфера.  Атмосфера – планетамыздың ауа қабаты, өзі біршеше қабаттардан тұрады (тропосфера, озон, 

стратосфера,  мезосфера,  термосфера  және  экзосфера)  және  химиялық  қоспалар  мен  су  буынан  тұратын 

күрделі жүйе. Оның қызметі ауамен қамтама- 

 

 



 

 

50 



 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №4 (30), 2011 ж. 

 

сыз  етеді,  атмосфера  арқылы  Жер  мен  ғарыш  зат  алмасады,  Жерге  атмосфера  арқылы  күн  радиациясы 



өтіп, жер бетіндегі жылу режимін реттейді және космостық денелерден қорғайды. 

Гидросфера  –  су  қабаты,  жер  шарының  3/2  бөлігін  алады.  Су  әлемінде  алғашқы  тіршілік  нышаны 

байқалғаннан бері – гидросфера қабығы планетаның бүкіл тыныс-тіршілігін реттеуде негізгі рөл атқарып 

келеді.  Барлық  заттар  суда  еріген  күйде  болып,  оның  үлкен  және  кіші  айнылымы  арқылы  зат  алмасу 

процесі  тұрақты  жүреді  де,  одан  әрі  биосфера  шегіндегі  биогеохимиялық  айналымға  ұласуда. 

Нәтижесінде, жер шарындағы барлық судың 94 % мұхиттар мен теңіздерден, ал қалған 6 % өзен, көлдер, 

жер асты сулары, батпақтар, мұздықтар және су буынан тұрады.  

Литосфера  –  жер,  яғни  топырақ  қабаты.  Бүкіл  тіршіліктің  қолайлы  ортасы  және  тірегі  ретінде 

биосфера шегінде үлкен рөл атқарады. Оның түп негізін әртүрлі минералдар жиынтығы, тау жыныстары, 

органикалық  қалдықтар  мен  метаморфты  тау  жыныстары  құрайды.  Оның  денін  мантия  қабатының 

жоғарғы  бетінен  бастап  жатқан  жер  қабығы  құрайды.  Яғни,  жер  қабатының  Махорович  (Мохо) 

шекарасынан бастап құрлық бетіне дейінгі 70 км, ал мұхит бетіне дейінгі 10 км қалыңдықты қамтиды.     



4) Биологиялық деректер 

Ағзалардың  маңызы  олардың  алуантүрлігімен,  барлық  жерде  таралуымен,  Жер  тарихындағы 

тіршілігінің  ұзақтығымен,  биохимиялық  қызметінің  таңдамалы  сипатымен  және  табиғаттың  басқа 

компоненттерімен салыстырғанда химиялық белсенділігінің жоғары болуымен анықталады. Планетадағы 

ағзалардың барлық жиынтығын В.И.Вернадский  тірі зат деп атады. Тірі заттың (өсімдік, жануарлар мен 

микроорганизмдер)  жалпы  массасы  1,8-2,5х10

12

т  (құрғақ  салмағы)  бағаланып,  ол  биосфера  массасының 



(3х10

18

т)  тек  болмашы  бөлігін  ғана  құрайды.    Ғалымдардың  болжамы  бойынша  қазіргі  биосферада  тірі 



ағзалардың шамамен 2 млн. түрі бар.  

Биосферадағы  тіршілік  шекарасы  атмофераның  тропосфера  бөлігін,  яғни  18-25  км,  гидросфераны 

толығымен, яғни 11 км және литосфера қабағының 3-5 км қалыңдығын қамтиды. Сонымен биосферадағы 

тіршілік  қабаты  34-39  км  камтиды.  Тіршілікке  келесі  физико-химиялық  жағдайлар  қолайлы  болып 

табылады:  көмірқышқыл  газы  мен  оттегінің  жеткілікті  мөлшерде  болуы;  судың  жеткілікті  болуы; 

температуралық  режим  тым  жоғары  және  тым  төмен  болмауы  керек;  минералдық  қоректену 

элементтерінің жеткіліктілігі; су ортасының белгілі бір тұздылығы.  

6) Экологиялық деректер 

Биосфераның  ластануы.  Антропогендік  фактордың  әсерінен  биосфераның  құрамдас  бөліктері  – 

атмосфера,  гидросфера  және  тропосфера  қазіргі  таңда  үлкен  зардап  шегуде.  Ол  адамзаттың  табиғат 

ресурстарын  барынша  пайдалану  тұрғысында  көрініс  тауып  отыр.  Соның  нәтижесінде  биосфераның 

құрамдас  бөліктерінде  ғаламдық  экологиялық  проблемалар  туындауда.  Мысалы,  атмосфера  қабатында 

климаттың  жылынуы  –  көмірқышқыл  газының  көп  мөлшерде  бөлінуінен  жылы  эффектісі;  озон 

қабатының  жұқаруы  –  фреон,  яғни  ХФК  (хлор,  фтор,  көміртегі)  молекуларының  озон  элементін 

ыдыратуы; улы тұмша; қышқыл жауындар т.б.  

Гидросфера  қабатында  ластануға  судың  барлық  категориялары:  мұхит,  континенттік,  жер  асты, 

әртүрлі  дәрежеде  ұшырайды.  Сулардың  ластануы  ең  бірінші  рет  су  қоймаларына  әртүрлі  ластаушы 

заттардың келіп түсуіне байланысты болады. Екінші ретті ластану бірінші ретті ластаушылардың әртүрлі 

тізбекті реакцияларға түсуі арқылы жүреді. Ластаушы заттарға негізінен топырақ эрозиясының өнімдері, 

минералды  тыңайтқыштар,  улы  химикаттар,  ауыр  металдар,  мұнай  өнімдері,  тұрмыстық  қалдықтар  т.б. 

заттар  жатады.  Ластаушы  заттардың  басым  бөлігін  атмосфералық  жауын-шашын  әкеледі.  Сулардың 

канализация  ағысымен,  тұрмыстық  қалдықтармен,  өнеркәсіп  орындарының  ақаба  суларымен,  су 

транспорттарымен ластану үлесі де жоғары.    

Литосферада  ластануға,  әрине  топырақ  қабаты  ұшырайды.  Топырақты  пайдаланушы  және 

ластаушы  көздер  жеткілікті.  Жерлердің  бұзылуының  деградациясының  (латын  тілінен  аударғанда  артқа 

кету,  төмендеу)  негізгі  факторларына:  эрозия,  суарудың  теріс  салдары,  жердің  азуы  және  пайдалануға 

жарамсыздығы,  пестицидтердің  қолданылуы,  ашық  әдіспен  кен  өндіру,  құрғату  мен  суландыру,  шектен 

тыс мал жаю, агротехниканы дұрыс жүргізбеу, урбанизация, қышқыл жауын, мұнаймен ластану т.б. [4]   

Дәрісті  жүргізу  барысы  көріп  отырғандай  жаратылыстану  пәндерін  интеграциялап,  яғни 

сабақтастырып  ұсынылып  отыр.  «Биосфера  биотасының  қалыптасуы»  тақырыбы  «Биогеография» 

курсының І тарауында өтілетін  негізгі тақырыптың бірі. Себебі, жер шарындағы тіршіліктің, яғни флора 

мен  фаунаның  географиялық  таралуын  оқымастан  бұрын,  оның  тіршілік  ету  ортасын,  қалыптасуын, 

биосферадағы орнын және маңызын анықтап алуымыз қажет. Сондықтан студент- 

 

 

51 



Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №4 (30), 2011 ж. 

терге  күнделікті  бір  сарыңмен  өткізуден  гөрі,  осындай  интеграциялау  тұрғысында  өткізген 

қызықты,  әрі  түсінікті,  миға  қонымды  және  жадыда  сақталуына  тиімді  деуге  болады.  Бұған  қосымша 

дәрісті инновациялық әдістермен – интерактивті тақтаны немесе мультимедиялық проекторды пайдалана 

отырып презентация, слайд-шоу, электронды оқулықтарды, бейне таспаларды пайдалана отырып өткізген 

тіпті эффектілі болмақ.   



 

 

1.  Бейсенова Ә.С. Қазақстанда экологиялық мәселелерді шешудегі мамандар даярлаудың қажеттігінің 

тұжырымдамасы. Атамекен. 1996, № 24. 

2.  Нұрғазина Қ. Пәнді экологияландыру /Химия мектепте 2005. № 5 

3.  Г.С.Оспанова, Г.Т.Бозшатаева. Экология. Алматы, Экономика. 2002.  

4. 

А.И. Родионов и т.д.  Защита биосферы от промышленных выбросов. М:2007г.

 

 

Резюме 

В  статье  рассматривается  актуальность  межпредметных  связей,  обусловленных    тенденциями 

интеграции наук, развитием системного метода познания. Междисциплинарный принцип экологического 

образования  позволяет  не  только  формировать  ответственное  отношение  к  окружающей  среде,  но  и 

позволяет решать проблемы повышения качества обучения в целом.  

 

Summary 

In article the urgency of the intersubject communications caused by tendencies of integration of sciences, is 

considered  by  development  of  a  system  method  of  knowledge.  The  interdisciplinary  principle  of  ecological 

formation allows  not  only to form the responsible relation to  environment, but also allows to solve problems of 

improvement of quality of training as a whole. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



52 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №4 (30), 2011 ж. 

ПӘНДЕРДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ 

МЕТОДИЧЕСКИН АСПЕКТЫ ДИСЦИПЛИН 

 

ӘОЖ 373.17 

 

АТОМ – ҚҰРЫЛЫСЫ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ПЕРИОДТЫҚ ЖҮЙЕ МЕН ЗАҢ ТҰРҒЫСЫНАН 

ҚАРАСТЫРЫЛАТЫН ТҮСІНІКТЕР 

 

 

З. О. Өнербаева

 

-

 



п.ғ.к., доцент, Абай атындағы ҚазҰПУ 

З. Ағышанова

 

-

 



Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 4 курс студенті

 

 

Периодтық заң және атом құрылысы – мектеп химия курсының негізі. Ол химиялық элементтер және 



олардың  қосылыстары  туралы  білімді  бір  жүйеге  түсіруге,  түсіндіруге  және  батыл  болжамдар  жасауға  

мүмкіндік  береді.  Атомның  құрылысын  анықтауға,  жаңа  элементтералуға  және  синтездеуге  жол-жоба 

көрсетеді.Периодтық  заңның  негізінде  атомдық  физика,  химия  және  басқа  да  жаратылыстану  ғылымы 

жедел дамыды. 

Периодтық  заң  және    атом  құрылысы  өтілген    соң  химия  курсының  теориялық  деңгейі  артады. 

Оқушылардың  түсінуінше  химия  суреттеме  ғылымынан    теориялық  ғылымға  айналады.  Химияны  оқып 

үйренуде  дедукцияның  маңызы  күшейеді.  Периодтық  заң  және  атом  құрылысы  туралы  оқу  материалы 

элементтер  және  олардың  қосылыстары  қасиеттерінің  периодты  түрде  өзгеретіні    және  оның  себептері 

жөнінде ұғым қалыптастырады. 

Атом  құрылысы  теориясы  және  периодтық  жүйе  мен  заң  тұрғысынан  қарастырылатын    түсініктер. 

Атом,  атомның  құрамы,  ядро,  ядроның  заряды;  Элементтің  салыстырмалы  атомдық  массасы,  атомның 

абсолюттік  массасы;  Химиялық  элемент,  реттік  нөмірі;  Топ,  топ  нөмірі,  период,    период  нөмірі;  Атом 

радиусы; Электр терістілік-ЭТ; Периодық жүйе, периодтық заң т.б. 

8-сынып химияның бастапқы ұғымдарын қалыптастыру әдістемесі. 

Атом құрылысы теориясы тұрғысынан кейбір ұғымдар (атом, химиялық элемент, т.б.) жоғары сатыда 

қайта  қарастырылады.  Соңғы  уақыт  талабына  сай    жаңа  бағдарламаларға  көшубарысында  химиялың 

бастапқы  ұғымдарын  оқытуда  теорияларға,  атом  құрылысы  теориясы  мен  периодтық  заңға  сүйенуді 

авторлар ұсынады. 

Авторлар  өзінің  әдістемелерінде  2  идеяны  негізге  алады:  І-ІІІ  периодтағы  элементтердің  атомдық 

құрылысын электрондық  бұлттар түсінігін пайдаланбай-ақ, электрондық  схемасын беру; Оқытудың   осы 

кезеңінде периодтық жүйені тек анықтама кесте ретнде қолдану; 

Химиялық  элемент,  оның  таңбасы,  атомның  құрамы  және  құрылысымен  байланысты  анықталады, 

элементтердің салыстырмалы атомдық массасы, атомның абсолюттік массасы туралы алғаш түсініктерді 

дұрыс  қалыптастыру  үшін  изотоптар  түсінігін  қолданады.  Сонда  оқушылар  бұл  түсінікті  тереңдетілген 

түрде оқытудың ғылыми принциптеріне сәйкес анықтамасын атом құрылысын ескертіп дұрыс қабылдап, 

біліп алады. 

Периодтық жүйені анықтама кесте ретінде қолдану авторлардың  пікірі бойынша оқушылардың ойлау 

қабілетін  жетілдіре  отырып  бастапқы  химиялық  ұғымдарды  бірден  қатесіз  дұрыс  қалыптастыруға 

қөмектеседі. 

Мысалы,  химиялық  элемент  анықтамасын  білген  соң,  мұғалім  әр  элемент  атомының  ядро  зарядының 

саны периодтық кестедегі реттілік нөміріне сәйкес келетіндігін түсіндіріп, бірнеше элементті алып мысал 

келтіреді.  Мұғалім  әңгімесін  жалғастырады;  ядро  айналасында  электрондар  қабат  түзе  орналасады. 

Электрон  қабатындағы  электрондардың  mах.  Саны  2n,  n-қабат  саны  формуласы  бойынша  есептеледі. 

Мұғаліммен  қосыла  отырып,  оқушылар  1-ші  және  2-ші  қабаттың  схема  құрылысын  сызады.  Мұғалімнің 

үйге тапсырма берудегі мақсаты-оқушылардың сабақта алған білімдерін бекіту. 

Элементтің  салыстырмалы  атомдық  массасы,  атомның  абсолюттік  массасы  деген  ұғымдарын 

оқушылар  толық  дұрыс  қабылдап,біліп  алуы  үшін  де  атом  құрылыс  теориясын  периодтық  жүйені, 

изотоптар  түсінігін  орынды  қолданғаны жөн.  Оқушылар  бұл  түсініктерді  толық,  терең  түсініп  қолдануы 

олардың жалпы даму деңгейіне де тікелей тәуелді және осы тақырыптарда пән- 

 

 



 

 

53 



 

 


Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №4 (30), 2011 ж. 

 

аралық  байланыстарды  пайдалануды  есте  ұстау  керек.  Мәселен,  физика  және  математика  пәндерінен 



алынған  оқушылардың  білім  деңгейі  жоғары  болған  жағдайда  ғана,  химиялық-элементтердің 

салыстырмалы  атомдық  массасы,  атомның  абсолюттік  массасы  деген  түсініктерін  оқушылар  терең  де 

толық игере алады деп ойлаймыз. 

Мысалы,  1  массасының  атомдық  бірлігі  атомы  массасының  1/12  бөлігіне  тең,  яғни  1,66.  10  кг-ға  тең. 

Осындай сандарды бөлуді математикадан өтті ме, жоқ па? Өтсе оқушылар дұрыс түсіне ме деген мәселені 

мұғалім  анықтай  алуы  керек.  Одан  соң  оқушыларға  атомның  құрамына  протон  нейтрон  кіретінін 

физикадан  танысты  ма,  жоқ  па  деген  мәселені  мұғалім  білуі  керек,  сонда  изотоптар  түсінігіне  көше 

отырып,  Элементтердің  бірдей  изотоптардың    массасы  неге  әр  түрлі  екенін  түсіндіреді.  Мұғалім 

оқушыларды мынадай қорытындыға әкеледі: бірдей элементтің изотоптарының массасы әртүрлі болады,  

себебі олардың атомдарының ядроларының құрамындағы нейтрон саны әртүрлі болады. Одан әрі мұғалім 

оқушыларға  протон  мен  нейтрон  санының  бүтін  болғанмен  де,  көпшілік  элементтердің  салыстырмалы 

атомдық  массаларының саны да бөлшек сан болатын себебін түсіндіреді. 

Ar-элементтердің  барлық  изотоптарының  салыстырмалы  атомдық  массаларының  ортақ 

арифметикалық саны. Бұнда міндетті түрде олардың табиғатта таралуының пайызы алынады.  

Бұдан  кейін  оқушылар  периодтық  кестені  пайдаланып,  бірнеше  элементтердің  салыстырмалы 

атомдық массаларымен танысады. 

Оқушылар  білімдерін  бекітіп,  дамыту  үшін  оларға  сәйкес  жаттығуларды,  есептерді  орындауға 

үйге тапсырма береді. 

Көп  авторлар  оқушылардың  «химиялық  элемент»  және  «жай  зат»  түсінігін  шатастыратыны 

туралы  пікір  білдіреді.  Осы  түсініктерді  айыра  білу  үшін  де  периодтық  жүйені  пайдаланған  авторлар 

тиімді әдістерін ұсынып отыр. 

Кітаптағы  периодтық  кестені  ашып,  металл  еместердің  таңбаларын  қызыл  қарындашпен 

айналдыра  сызып  кою  керек.  Онсыз  оқушыларға  жұмыс  істеуге  қиын  болады.  Мұғалім  заттарды 

химиялық формуламен белгілеу керек екенін айтады. 

   Сонымен қатар  бұл сабақта заттардың  өзін көрсету және олардың формулаларын жазу арқылы 

жай заттар мен күрделі заттардың құрамын салыстыру керек екені туралы жазады. Мұғалім оқушыларды 

сыртынан  қарағанда  жай  заттар  және  күрделі  заттарды  ажырату  мүмкін  емес  екеніне  сендіреді.  Оларды 

тек  химиялық  формула  арқылы  ажыратуға  болады.  Мұғалім  химиялық  элементтерге  қарағанда  жай 

заттардың көп тарағандығын айтады. Оның себептері: 

Молекуладағы атомдардың саны әр түрлі 

Кристалдарының құрылысының әр түрлі болуы «алма, графит) 

 

Сонымен  аллотропия  құбылысымен  таныстыру  арқылы  «химиялық  элемент»  және  «жай  зат» 



түсінігін ажырата білуді үйретеді. 

Нақты айтқанда химияның бастапқы негізгі ұғымдарын оқушылар біліп, игеріп алмайынша,оларға 

келесі  тақырыптарды  түсініп,  жете  білуі  қиынға  түседі.  Содан  барып  білімдерінде  ақаулықтар, 

кемшіліктер, олқылықтар пайда болады. 

Мысалы,  химияның  маңызды  келесі  тақырыбының  бірі  Бейорганикалық  қосылыстардың  негізгі 

кластары. Бұл тақырыпта оқушылар үнемі бастапқы химияның ұғымдарын қолдану керек. 

Химия  курсының  алғашқы  тақырыбында  және  орта  мектеп  курсында  қалыптасатын  ұғымдар 

жүйесі зат және химиялық реакция ұғымдарынан тарайды. Мұндағы оқушыларға берілетін негізгі базалық 

ұғымдардың  сатыларына  тоқталатын  болсақ:  зат,  заттың  қасиеттері,  молекула,  атом,  салыстырмалы 

атомдық  дәне  молекулалық  масса,  элемент,  валенттілік,  химиялық  таңба,  химиялық  формула,химиялық 

реакцияның жүру жағдайлары және басталуы, Химиялық реакциялардың типтері. 

Бұл  ұғымға  анықтаманы  екінші  ұғым  арқылы,  мысалы  «элемент  дегеніміз  атомдардың  бір  түрі», 

«Бір элемент атомынан тұратын заттар жай заттар деп аталынады»,- т.с.с. 

Сонымен,  атом  құрылысы,  периодтық  заң  және  периодтық  жүйе  туралы  материалды  ойдағыдай 

игеру шарттарына мыналар жатады: 

Атом,  элемент,  салыстырмалы атомдық  масса,  жай  және  күрделі  зат,  заттардың  физикалық  және 

химиялық қасиеттері, амфотерлік ұғымдарын жетік білу. 

 

 



 

 

 



 

54 


Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №4 (30), 2011 ж. 

Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары жөніндегі білімді тиімді пайдалану. 

Тарихи негізді орынды жүзеге асыру. 

Оқытудың 

диалетикалық 

сипатын 


қамтамасыз 

ету 


қайшылықтарға, 

оларды 


шешу 

жолдарынамкөңіл аудару. 

Оқушылардың  өздігінен  істейтін    жұмыстарын  жиі  және  тиімді  ұйымдастыру:  қосымша 

әдебиеттерді  оқуға  ұсыну;  элементтерге  карточкалар  әзірлеу  және  олармен  жұмыс;  кестелер  және 

сызбанұсқалар сызу; тәжірибелер жасау т.б. 

Зерттеу  әдістерін  жиі  қолдану;  периодтық  заңдылықты  қорытып  шығару;  оқылмаған  элементтер 

мен қосылыстардың қасиеттерін болжау.  

 

1.  Нұғманов И.Н. Химиялық білім берудің педагогикалық негізі- Қазақстан мектебі, № 6, 1999. 50-53 Б. 



2.  Өнербаева  О.,  маманова  с.  Бастапқы  химиялық  ұғымдар  тарауына  әдістемелік  талдау.  Химия 

мектепте, № 2. 2007. 17-21 Б. 

3.  Өнербаева  О.,  Нұрахметова  А.  Р., Түсініктер  жүйесін  қалыптастыру.  Химия  мектепте,    2007.  №  3, 

2007. 10-13 Б. 

4.  Нұрахметов Н. т/б. Химия оқулығы, Жарат-матем. бағыты.-Алматы: Мектеп 2004. 

5.  С.Шаповаленко  Г.  Методика  обучения  химии  в  восмилетней  и  средней  школе  (общие  вопросы).  –  М.: 

учпедгиз, 1963. 

          

Резюме 

В  статье  рассматривается  теория  строения  атома,  а  затем  выводят    периодический  закон  в  свете 

электронных  представлений.  Теорию    строения  атома  и  периодический  закон  изучают  сразу  после 

Менделеевской трактовки периодического закона. 

 

Summary 

 

In article it  is considered, the theory of a structure of  atom in the beginning  is studied, and then  deduce 



the periodic law in the light of electronic representations. In  a course  of chemistry the theory of   a structure of 

atom-a basis for studying of the periodic law, a chemical bond and structure of  substances, velencies and degrees  

of oxidation, laws of course of chemical prcesses and systematization chemistry elements. 

 

 



 

 

 



ӘОЖ 378.016.091.26:004(574) 

 

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДА БІЛІМДІ БАҚЫЛАУ ӘДІСТЕМЕСІMEH ҚҰРАЛДАРЫ

 

 



A.E. Сағымбаева п.ғ.д., профессор, Абай атындагы ҚазҰПУ

 

    



   Ақпараттық  коммуникациялық  технологиялрдың  білім  беруге  кеңінен  енгізілуі  бүгінгі  күні  оқыту 

түрлері  мен  әдістерін  модернизациялаудың  негізі  болып  табылады.  Қашықтықтан  оқытудың  жаңалығы 

мен  оның ерекшілігіне  қарай кашықтықтан оқыту әдістері мен құралдары оны ғылыми негіздей  отырып, 

динамикалык  жаңартып  отыруды  талап  етеді.  Қашықтықтан  окыту  оқушылардың  өзіндік  оқу-танымдык 

іс-әрекеттерін қарастыратындықтан, қашықтықтан оқытуда оқушылармен кері байланыс өте маңызды рөл 

атқарады, ол үшін оқушылардың білімін бақылаудың әістері мен құралдарын жасау қажеттігі туындайды.

 

  Қашықтықтан  оқытуды  ұйымдастыру  бүкіл  оқу  үдерісі  құрылатын  платформамен  байланысты. 



Қашықтықтан  оқытудың  казіргі  кезде  белгілі  платформалары  («Прометей»  қашықтықтан  оқыту  жүйесі, 

«WebTutor»  жуйесі,  «Доцент»  қашықтықтан  оқыту  орталығы  және  т.б.)  және  қашықтықтан  оқытудың 

барлық  кезендерінде  интерактивті  құрылғыларды  білім  бақылауды  сихрондық  және  асихрондық  түрде 

жүргізуді  суйемелдейтін тестілеу жүйелері  (ExamView Test Generator, менеджер ExamView Test Manager 

конструкторларынан туратын ExamView Assessment Suite кешені, ExamView Player тестері және т.б.) бар.

 

  Қашықтықтан  оқытуда  білім  бакылау  құралдары  қазіргі  кездегі  білім  бақылау  технологияларына 



негізделген.  Қашықтықтан  оқытуда  білім  бақылаудың  негізгі  түрі  тестілеу  болып  табылады,  тестілеудің 

ерекшеліктерін тест тапсырмаларын жасауда ескеру қажет. Тест түріндегі тапсырма- 

 

55 


Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №4 (30), 2011 ж. 

 лар оқытудың кезеңдеріне байланысты түріне қарай ажыратылады (оқу акпараттын қабылдау кезеңі, оқу 

ақпаратын өндеу және меңгеру кезеңі, оқыту қорытындысын шығару кезеңі).

 

Жоғары  оқу  орындарында  оқытудың  сапасы  студенттердің  өз  бетінше  және  кәсіби  кызметке 



шығармашылықпен  жұмыс  істеу  біліктіліктерін  меңгеруімен  анықталады.  Бұларды  анықтау  үшін  білім, 

біліктілік пен дағдыны бақылау қолданылады. Қашықтықтан оқытуда білімді бақылау сапасы ақпараттық 

технологияны  іске  асырудың  толықтығына  және  студенттердің  білімін  бақылауда  бакылаудың  дәстүрлі 

түрлерін тиімді колдануға тәуелді болады.

 

Бірақ қазіргі кезде оқу пәндері бойынша қорытынды бақылау көбінесе дәстурлі әдіспен қабылданады, ал 



қашықтықтан  бақылау  тек  қана  компьютердің  көмегімен  іске  асырылады.  Студенттің  емтихан  графигі 

бойынша  белгілі  бір  аудиторияларда  тестілеуге  қатысуы  талап  етіледі.  Оқыту  үдерісін  толықтай 

автоматтандырудың қажеті аз, оқытушы мен студенттің өзара әрекетін жоққа шығаруға болмайды.

 

Қашықтықтан  оқыту  жүйесінде  білімді  бақылау  өзін-өзі  тексеру,  тренинг  және  емтихан  түрінде 



жүргізіледі.

 

Өзін-өзі  тексеру  жағдайында  студентке  бақылау  материалдары  кез  келген  уақытта  қолжетімді  болуы 



және  тесті  тапсырмаларын  орындау  санына  шек  койылмауы  қажет.  Студент  өзін-өзі  тексеріп  болғаннан 

кейін  жинаған  ұпай  саны,  дұрыс  жауаптары,  өзінің  берген  жауаптары,  оқытушының  берген 

түсініктемелері берілетін бақылау нәтижесі жайлы есепті көре алуы кажет.

 

Тренингте  бақылау  сұрақтары  студентке  бақылау  үдерісінде  өзін-өзі  тексеру  үшін  беріледі.  Бақылау 



тапсырмаларын  орындағанда  студент  өз  жауабыньщ  дүрыс  немесе  дұрыс  еместігі  жайлы  жүйеде  жылдам 

кері  байланыс  орната  алады,  сонымен  катар  окытушының  түсініктемелері  мен  дұрыс  жауаптарды  көру 

мүмкіндіктеріне ие болады.

 

Емтихан кезінде студентке білімін бақылауды тек қана бір рет өтуіне мүмкіндік беріледі. Қашықтықтан 



оқыту  жүйесінде  емтихан  тестілеу  түрінде  жүреді.  Оқу  пәнін  жүргізуші  тьютор  барлық  оқу  топтарына 

немесе жеке студентке тест тапсыруга рұқсат береді. Тест студенттің виртуалді өз кабинетінде (студенттің 

интерфейсі  аркылы)  тьютордың  емтиханға  берген  белгілі  бір  уақыт аралығында  ғана  қолжетімді  болады. 

Студент  емтиханды  қайта  тапсыру  үшін  оқу  пәнін  жүргізуші  тьютордан  рұксат  алуы  қажет.  Емтиханның 

корытындысы тек қана қорытынды нәтижені, яғни студенттің жинаған ұпайын ғана береді.

 

Білімді  бағалау  дихотомиялық  сызба  немесе  политомиялық  сызба  түрінде  жүргізіледі.  Білімді 



бақылаудың дихотомиялык сызбасы карапайым сызба болып табылады, студент жүз пайыз дұрыс жауап 

бергенде  ғана  ұпай  ала  алады.  Бағалаудың  политомиялық  сызбасы  жауаптың  әрбір  элементін  жекеше 

бағалайды және барлық жауап элементтерінен нақты элементтер санына белгілі бір ұпайларды есептейді.

 

Мұндай  сұрақтарға  мысал  ретінде  «сәйкестік»  және  «көптен  көп»  сияқты  сұрақтарды  алуға  болады. 



Бағалаудың  политомиялық  сызбасын  колданып  койылган  әрбір  сұрақты  бағалауда  тьютор  жауап 

элементтерінің дұрысының ең кі ш і с ін  беруі кажет.

 

Қазіргі  кезде  студенттердің  білімін  бақылауда  сұрақтардың  санын  есептеудің  ешқандай нормативтері 



жоқ.  Бақылау  тапсырмаларын  жасағанда  тьютор  студенттердің  білімін  бақылауға  қажетті  сұрақтардың 

орташа саны мен уақытын аныктауы кажет. Жоғары оку орындарында 2 сағат көлеміндегі дәріс бойынша 

студенттердің білім деңгейін бақылауда бір бақылау тапсырмасында әдетте 10-12 сұрақ беру жеткілікті деп 

есептеледі. Тестілеу уақыты екі бөліктен түрады, бірінші бөлігі - сұрақтарға жауап беруге арналған жалпы 

уақыт,  ал  екінші  бөлігі  -  байланыс  арнасының  өткізу  мүмкіндігін  ескеретін  желі  бойынша  байланысқа 

кететін уақыт.

 

Қашықтықтан  оқытуда  тестегі  сұрақтар  санын  аньгқтауды  қарастырайық.  «Тестегі  жалпы  сұрақтар 



саны»,  «студентке  ұсынылатын  сұрақтар  саны»  ұғымдарының  бар  екендігі  белгілі.  Қашықтықтан  оқыту 

жүйесі  сұрактарды  араластыру  және  жалпы  сұрақтардан  белгілі  бір  сұрақтарды  кездейсоқ  таңдап  алу 

мүмкіндіктерін беретінін ескере келсек, тестегі жалпы сұрақтар саны студентке берілетін сұрақтар санынан 

екі  еседей көп болуы қажет. Сұрақтардың жалпы саны көп болған сайын студенттің қолданбалы сұрақтар 

жиынын  алу  ықтималдылығының  жоғары  болатыны  түсінікті.  Бүл  студенттің  білімін  дұрыс,  әрі  нақты 

бағалауға  мүмкіндік  береді.  Қашыктықтан  оқыту  жүйесінің  жауаптарды  араластыру  құралын  студенттің 

механикалық түрде жауап беру- 

 

 



 

 

 



 

 

56 



Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №4 (30), 2011 ж. 

ін болдырмау мақсатында қолданған тиімді. 

Тест  тапсырмаларын  категориялары  (оқытылған  тақырып  немесе  баска  белгілері)  бойынша 

«Секция»  опциясының  көмегімен  топтастырута  болады,  ол  белгілі  бір  тақырып  бойынша  қажетті 

сұрақтар  санын  беруге,  сонымен  катар  тестегі  тақырыптарды  басқаруға  мүмкіндік  береді.  «Сек 

ция»  опциясы  әдетте  қойылулары  бірдей,  бірак  шарттары  әртүрлі  фасетті  тапсырмаларды  құруда 

қолданылады. 

,

 



Жоғары  оқу  орындарында  қашықтықтан  оқытуда  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды 

қолдану  классикалық  педагогиканың  білімді  бақылау  әдістерін  қазіргі  деңгейде  қолданылуын  жоққа 

шығара  алмайды.  Студентті  өз  бетінше  жұмыс  істеуге  және  өз  бетінше  дұрыс  шешім  қабылдауға  үйрету 

мақсатында  студент  пен  оқытушының  арасында  дискусияны,  «дөңгелек  үстелді»  әңгімелесу,  талқылау, 

пікірлесу түрінде қолдануға болады.

 

Қашықтықтан  оқытуда  оқу  үдерісін  басқару  үшін  және  студенттерге  оқу  материалын  беру  үшін 



ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар  қолданылады.  Қашыктықтан  оқыту  технологиясы  оқу 

сабақтарын «on-line» және/немесе «off-line» режимдерінде өткізуге негізделеді. Егер бірінші режим білімді 

бақылауды  нақты  уакытта  тікелей  өзара  оқу  әрекетінде  (бейнеконференция,  чат,  телефонмен  әңгімелесу 

және  т.б.)  қарастырса,  оқу  сабақтары  екінші  режимде  студенттердің  білімін  бақылаудың  (электрондық 

пошта,  оқытушының  тапсырмасы  бойынша  ағымдык  және/немесе  қорытынды  бақылау  тапсырмаларын 

тапсыру үшін студенттің оқулықпен жұмыс істеуі) асихрондық үдерісін карастырады.

 

Жоғары  оқу  орының  ақпараттық-білім  порталы  қашықтыктан  білім  беру  технологиясының 



ерекшеліктерін  ескеруі  керек  және  арнайы  серверде  орналастырылған  қосымша  қашықтықтан  оқыту 

жүйесінен тұруы кажет.

 

Қашықтықтан  оқыту  жүйесінде  өз  кезегінде  студенттердің  оқу  әрекеті  мен  қашықтықтан  оқу  курсының 



тындаушысы  ретінде  студенттің  алға  қарай  жылжуын  үздіксіз  бағалаудың  автоматтандырылған  ішкі  жүйесі 

болуы  керек.  Ол  үшін  студенттін  білім  деңгейі  сапасының  бағасын  үнемі  қадағалап  отыру  керек  және  әр 

түрлі  тест  тапсырмаларынан  тұратын  тест  тапсырмалараның  қорла-ын  дайындау  қажет:  көптен  біреуге; 

коптен көпке; енгізу алаңы; бірнеше енгізу алаңы; реттеу; бимодальді сұрақтар; ашық жауап; бірнеше қалып 

кеткен сөздер; сәйкестік; «drag and drop» және т.б.

 

Қашықтықтан  оқыту  жүйесінің  тест  дизайнері  сұрақтарға  мультимедиалық  файлдарды,  сұхбат 



элементтерін, түсініктемелер және т.б. кірістіре алады.

 

Қашықтықтан  оқыту  жүйесінде  білімді  бақылау  мынадай  шаралардан  тұрады:  қашықтықтан  оқыту 



үдерісінің субъектілеріне қолжетімділік пен құқықты анықтау; қашыктықтан оқыту жүйесінде рұқсат ету 

мен  көріну  аумақтары  арқылы  рөлдік  колжетімділікті  басқару;  залал  келтіруші  программалар  шабуыл 

жасағанда,  апатты  жағдай  туғанда  жүйені  қорғау  құралдарын  автоматты  түрде  басқару;  қашықтықтан 

оқыту  жүйесінде  оқыту  үдерісінің  субъектілерінің  әрекетін  хаттамалау;  қашыктықтан  окыту  жуйесінің 

контентін  басқару;  контигентті  басқаруды  жэне  оқу  іс-әрекеті  бойынша  мәліметтер  қүрылымын 

қалыптастыру; тестілеу жүйесінің қызметі.

 

Қашықтықтан  оқыту  жүйесінде  білімді  бақылау  мен  бағалауды  ұйымдастыру  білім  беру  стандартына 



сәйкес  жүргізіледі.  Бақылау  тапсырмалары  да  білім  беру  стандартына  сәйкес  құрастырылады  және 

мазмұндық модульге сәйкес болуы кажет.

 

Қашықтықтан  оқытуда  есеп  берудің  әрүрлі  типтерінің  көп  болуы  қолданушының  өзінің  қалауы 



бойынша есеп түрін шығаруына мүмкіндік береді. Осылайша қашықтықтан оқыту нәтижесінде студенттер 

жұмыс  істеп  болғаннан  кейін  жүйеде  олардың  оқу  іс-әрекеттері  мен  оқу  жетістіктері  жайлы  жан-жақты 

есептер  қалады.  Бүл  есептер  оқыту  үдерісін  түзетуге  және  болашақ  маман  болып  қалыптасуына  негіз 

болады.


 

Қашықтықтан  оқыту  жүйесінде  оқу  өзара  әрекеттері  файлдарды  ішкі  жіберулер  мен  хабарламаларды 

тарату арқылы хабарландыру электрондық тақтасының, чаттың, форумның көмегімен жүзеге асады.

 

Оқытуды жекешелендіру әр студент үшін оқыту үдерісін жоспарлау мен студенттердің алған бағаларын 



қадағалап отыру шараларының күнтізбелік графигі арқылы іске асырылады.

 

Бір  мезгілде  екі  немесе  торт  пән  бойынша  кешенді  тестілеу  өткізуге  рұқсат  беріледі.  Бұл  жағдайда 



кешенді тестілеуге біріктірілген пәндер логикалық өзара байланысты және бірдей кэсіби пән болуы шарт. 

Әр пән бойынша білім жекеше бағаланады.

 

 

 



 

 

57 



Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №4 (30), 2011 ж. 

1.  Нурбекова Ж.К., Сагимбаева А.Е., Кабжанова А. Индустрия информационных услуг сферы образования // Материалы 

/// межд. науч.-метод, конф. «Математическое моделирование и ИТ в образовании и науке». -Алматы, 2005, -Т2. - 

С. 174-179. 

2. Сагимбаева А.Е., Майдисарова Д. С. К вопросу контроля знаний в мультимедийных образовательных системах // 

Поиск, серия гуманитарных наук. -Алматы, 2007, №4(2), -С. 249-254. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет