Абай атындағы ҚазҦпу-нің Хабаршысы, «Жас ғалым. Ізденістер. Мәселелер. Зерттеулер» сериясы, №1(7), 2016 ж



Pdf көрінісі
бет21/28
Дата15.02.2017
өлшемі4,09 Mb.
#4142
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28

 
1 Байтҧрсынов А. Шығармалары. – Алматы: «Жібек жолы», І том. 2002 ж. – 208 б. 
2 Айтбаев Ӛ. «Қазақ сӛзі». – Алматы: «Рауан», 1997 ж. – 240 б. 
3 Байтҧрсынов А. «Ақ жол». – Алматы: «Аруана», 1994 ж. 
4 Поливанов Е.Д. Новая казах-киргизская / Байтурсыновская орфография. 
5 Бюллетень Н. Средне азитатского госуниверситета, Вып. У.Ш. - Ташкент. 1924 г. - с 36.  
 
Резюме 
Сатыбалдиева А.Е. – КазНПУ имени Абая, 6М012100 – магистрант 2 курса по специальности Казахский язык и 
литература в школах с неказахским языком обучения,  
Научный руководитель: кандидат филологических наук, и.о. ассоциативный профессор (доцент) С.А. Жиренов 
Система методических терминов в использований Ахмета Байтурсунова 
В этой статье автор рассматривает проблемы терминологии. Им исследованы труды А.Байтурсынова, непосред-
ственно участвовавшего и внесшего неоценимый вклад в становление образования терминологии в области языко-
знания, в частности терминов в сфере образования, в соответствии с национальным мышлением казахского народа. 
Ключевые слова: терминология, архитектура, живопись, музыка 
 
Summary 
Satybaldiyeva A.E. - Kazakh National Pedagogical University named after Abai, 6M012100-Master 2 course, specialty 
Kazakh language and literature in schools with non-Kazakh language learning; 
Supervisor: candidate of philological sciences, associative professor S.A. Zhirenov 
The system of teaching in terms of performances, Ahmet Baytursunova 
In  this article, the author considers terminology problems.  He investigated  works of  A. Baytursynov  who  was directly 
participating and made an invaluable contribution to the formation of terminology in the field of Linguistics, particularly, in 
terms of education according to the cultural way of thinking of the Kazakh people. 
Keywords: terminology, architecture, painting, music. 
 
ӘОЖ 377.44 
 
ҚАЗАҚ ТІЛІН ТАНЫМДЫҚ ТҦРҒЫДАН ОҚЫТУ МӘСЕЛЕСІ 
 
А.Қ. Серікқалиева – Абай атындағы ҚазҦПУ, Филология институтының 2-курс магистранты 
 
Бҧл  мақалада  қазақ  тілін  танымдық  тҧрғыдан  оқыту  оқу  жҥйесін  сапаландыру  ҥшін  тіл  бірліктерін  «этнос-тіл-
мәдениет»  ҥштігіне  сҥйеніп  мәтінге  тілдік  ерекшеліктер  тҧрғысынан  ғана  емес,  оның  танымдық  қҧндылығын, 
астарында жасырын жатқан мәліметті анықтауға, жорамалдауға жете кӛңіл бӛлініп, студент ҥшін «Орыс» концептісі 
нақты мысалдар арқылы талданды. 
Кілт сӛздер: таным қабілеті, концепт, «Орыс» концептісінің қҧрылымы 
Тәуелсіздігін  алған  мемлекетіміздің  ертеңгі  болар  болашағы  –  бҥгінгі  студент.  Қазіргі  ғаламдану 
дәуірінде оның жан дҥниесін білімнің бҥкіл әлемдік жетістіктерімен қаруландыра отырып, ҧлттық дәстҥр, 
оның рухани байлығы негізінде тәрбиелеу керек.  
Когнитивтік лингвистика адамның ақыл-ой тәжірбиелік қызметімен байланысты қарастыру мәселесін 
кӛтереді. Студенттердің танымдық кӛзқарасын байыту, ӛмірлік ҧстанымын қалыптастыру оқытушының 

Абай атындағы ҚазҦПУ-нің Хабаршысы, «Жас ғалым. Ізденістер. Мәселелер. Зерттеулер» сериясы, №1(7), 2016 ж. 
120 
шеберлігіне,  шығармашылық  қызметіне  байланысты.  Студент  бойында  кездесетін  таным  қабілеттері 
дегеніміз – білімді ӛз санасында белсенді және нәтижелі тҥрде бейнелеуі. Ол студенттердің сыртқы дҥние 
туралы  білімді  меңгеру  ептілігі  және  дағды  мен  әдеттерін  қалыптастыру  нәтижесінде  жҥзеге  асады. 
Студенттің  танымдық  белсенділігін  арттыру,  таным  қабілеттілігінің  оянуына  тҥрткі  болу  –  оқытудың 
негізгі  мәселесі  (1,  162-165  б).  Сондықтан  қазақ  тілін  оқытуда  когнитивтік  лингвистика  ілімі  білім 
мазмҧнының танымдық бағыттары мен аспектілерін әр тҥрлі қырынан ғылыми негіздейді және адамның 
таным ҥдерісіне қатысты білімін тереңдетіп, тәжірбиесін молайтады (2,10-15 б). 
Когнитивтика лингвистика тіл арқылы қоршаған ортаны, адамзат қасиеттерін, қоғамдық қҧбылыстар 
мен жаратылысты танып білудің ғылыми теориялық негіздерін қарастырады. Таным ғылымы пәнаралық 
(ғылыми  аралық)  ғылым  болғандықтан,  әр  саладағы  ғалымдардың  (тілші,  әдебиетші,  психолог,  ойшыл 
(логик),  философ,  математик,  программист,  кибернетик,  антрополог,  этнолог,  тарихшы  т.б.)  ой-пікірін 
тоғыстырып,  адам  болмысы,  санасы  мен  ақыл-ойы  туралы  анағҧрлым  толыққанды  біртҧтас  ғылыми 
тҧжырым жасауды мақсат етеді. Когнитивтика лингвистика таным ғылымының бір бӛлігі ретінде дәл 
осы  мәселені  тіл  қызметімен  байланыстыра  қарастырып,  тіл  білімінің  заңдылығын  толықтырады, 
танымдық жағынан заңдылығын, ережесін, жҥйесін қалыптастырады. Ӛйткені таным әрекеті, танымды-
лық  (когниция)  адам  санасымен  әлем,  дҥние  туралы  тану,  білу,  білім  жинақтау  дегенді  тҥсіндіреді. 
Алайда бҧл арада тек ғылыми бағытта ғана тану деген бір жақты ҧғым қалыптаспау керек (4, 66 б.). 
Білім  беру  саясатының  тҧжырымдамасына  сай,  шығармашылық  тҧрғыда  ойлай  алатын  танымдық 
мәдениеті  биік,  ҧлттық  мәдениетті  жете  меңгерген,  ӛзін-ӛзі  ҥнемі  дамыта  алатын  белсенді  қабілетті 
студенттерді тәрбиелеуде қазақ тілін танымдық тҧрғыдан оқытудың рӛлі ерекше екені сӛзсіз. Тілді, тілдік 
бірліктерді  адами  факторлармен,  адами  қҧндылықтармен  бірлікте  қарастыру  қазіргі  тіл  білімінің  алға 
тартып отырған басты бағыттарының бірі. Бҥгінгі кҥні адами факторларға ерекше мән беріп, тіл иесінің 
тілдік бірліктерді дҧрыс, ҧтымды қолдану, мән-мағыналарын терең тҥсіну  мәселесі ғылыми еңбектерде 
жиі  кӛтерілуде.  Қазақ  тілін  танымдық  тҧрғыдан  оқыту  тілді  қарым-қатынас  қҧралы  ретінде  игерумен 
бірге оны ерекше қҧбылыс есебінде қабылдануды, елтануды, ӛлкетануды қамтамасыз етеді. 
Қазақ тілін танымдық тҧрғыдан оқыту оқу жҥйесін сапаландыруға, оның басты принциптерін жҥзеге 
асыруға себептігін тигізеді. Сапаландыру - негізгі бір педагогикалық жҥйеге бағынған кешенді әдістердің 
тоғысуы болып табылады. Кешенді әдістер мен когнитивтік процесстерді зерттеу мәселесі мына тӛменде-
гі  талаптарды  қажет  етеді:  когнитивтік  қабілеттілік;  қабылдау,  меңгеру,  мәмелені  шеше  білу,  елестету, 
тапқырлық.  Когнитивтік  талдаудың  сҥйенетін  басты  негізі  -  концептер  адамның  тілдік  санасында 
репрезенттелуі, миымен қабылданып, санада ӛңделуі (4.273-б.). 
Студенттердің  ынтасын  арттыру  сабақта  зор  жетістікке  жетудің  басты  шарты  болып  табылады.  Ал, 
сабақта  ынтасын  кӛтеретін  нәрсе  –  сабақтың  мазмҧны  мен  оқытушының  қолданатын  әр  тҥрлі  әдіс-
тәсілдері, яғни студентті сабаққа қызықтыру ҥшін жҥргізетін жҧмыстары. Демек, тіл бірліктерін «этнос 
(адам)-тіл-мәдениет» ҥштігіне сҥйеніп оқыту тіл білімінің этнолингвистика, тіл арқылы ел тану, лингво-
мәдениеттану,  когнитивтік  лингвистика  сияқты  жаңа  бағыттарына  жол  ашты.  Аталған  бағыттардың 
негізінде адамның тілі мен мәдениетінің ӛзара байланысы мәселесі жатыр.Мысалы, «Орыс» концептісін 
талдап кӛрсету арқылы ӛзге елдің мәдениетін таныту. Тіл мен халықтың, оның мәдениетінің арасындағы 
тікелей  байланыс  халықтың  рухынан,  тілінен  кӛрініс  табады.  Олай  болса,  тілді  оқытқанда  оны  сол 
халықтың  рухани  байлығымен,  мәдениетімен  байланыстыра  оқыту  қажет.  Сӛйтіп,  студенттерге  қазақ 
тілін  танымдық  тҧрғыдан  оқыту  туралы  тҥсінік  беру  арқылы,  зерттеу  нысанына  алынып  отырған  « 
Орыс»концептісін анықтап алмақпыз.  Ол  ҥшін тіліміздегі ӛзінің қолданылу  жиілігімен де, жеке мәндік 
белгілерімен  де  ядролық  ӛрісі  кең  қолданыстардың  қатарынан  орын  алған  «Орыс»  концептісінің 
табиғатын тану ҥшін қҧрылымдық кӛрінісін талдаймыз.  
«Орыс» концептісінің қҧрылымдық кӛрінісі: 
 
Орыс - ҧлт 
Ресей  Федерациясының  байырғы  және  негізгі  халқы.  Қазақтардың  солтҥстік, 
солтҥстік-шығыстағы кӛршісі.  
Орыс елі 
Қытай,  Іле  қазақ  автономиялы  облысында  жасайтын  Қазақстаннан  ауып  барған 
Албан,  Суан  т.б  ҧлы  жҥз  руларының  ӛкілдері  осылай  аталып  кеткен.  Бҧлар  500-550 
мыңдай жан 
Орыс - мҧсылман емес 
Кәрі орыс мҧсылман  болмайды. Басқа ҧлттың дінін  қабылдау, салтына  кӛшу, әдетте 
адамның жас кезінде болатын жағдай; ӛз дініне, ӛз ҧлтының дәстҥріне берік мосқалды 
мҧсылман қылуға болмайды деген ҧғымды білдіреді. 
Орыс - аққҧлақ 
Сол аққҧлақ біздің кеңсеге кірмесе екен деп тілейтін болдым 
Орыс - оқу, білім - ояну 
Орысша оқып һҥнерлі болалық; оян, қазақ, кӛтер басты; қҧтылып надандықтан ғылым 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Молодой ученый. Поиски. Проблемы. Исследования», №1(7), 2016 г. 
121 
тапса;  қазақты  ояталық  етіп  һҥммәт;  қазақты  тӛрге  сҥйреп  жеткізші;  ғылымның 
талиблары нҧрын тӛккей, жатпалық жастар. 
Орыс - ӛзге 
«Арақ ҧрттап, қияр қажаған орыс адамы…». 
Орыс - совет ҥкіметі 
Біздің  бала  кезімізде  ҥлкендер:  «Әй  орыс-ай»  деп  ризашылықпен  таңдайын  қағып 
отыратын.  Себебі,  бізге  осы  нҧр  шҧғылалы  бейбіт  ӛмірді  орнатқан,  капиталистік 
жауларды  жусатып,  жуасытқан,  әрі  қазір  де  қорғап  отырушы,  оқу-білім,  керек-
жарақпен қамтамасыз етуші – мынау шекараның арғы жағындағы ҧлы кӛрші Сәбет елі 
екен. «Сәбет деген не?» десең «орыс» дейтін. Сондықтан біз ҥшін сәбет пен орыстың 
айырмашылығы да, оны тҥсінетін деңгейіміз де жоқ еді. 
Орыс - аға ҧлт 
Орыс халқы – ҧлы халық, аға халық сізге де, бізге 
Орыс - мейірман 
Ҥлкендер: «Ҥйінен алыс жҥрген бала ғой, орыс болса да», - деп, салқын сҥтін, іркіт-
айранын  ішкізіп,  жанторсығына  қҧйып  беріп  жататын.  Кетерінде  әлгі  солдаттар 
ризалышық  белгісі  ретінде  балалар,  біздерге  әскери  жҧлдызша,  значоктарын,  тіпті 
кейбірі пилоткасын да сыйлап кетіп жататын еді. Значокты шымылдықтың желбіреуі-
гіне  тізіп, жҧлдызшаны кепкімізге  қадап алып мәз болатынбыз. Әрине, сол кезде біз 
ҥшін орыс солдатынан ӛткен мейірбан адам жоқтай кӛрінетін. 
Орыс - кҥйгелек 
Жаз  болса  ауыл  ҥстінде  ақ,  қоңыр,  кӛк  тҥсті  тікҧшақтар  қаптап  кететін.  Тынымсыз 
тыртылдап  ҧшып,  кейде  тым  жақындап  келіп  ӛрістегі  малды  ҥркітіп  «әзілдейтін». 
«Бҧлар не істеп жҥр?» деп сҧрағанда ҥлкендер «кҥйгелектер ғой» дейтін. «Кҥйгелегі» 
не десек, Алтайдың қатпар тауларының қыртысын сығалап, кен іздеп жҥрген геолог-
тар екен ғой. Сол «кҥйгелектер» жермен де жҥретін. Кӛршіміз Кәмалаш шалдың ҧлы 
Биғҧмар аға бір кҥні бірнеше «кҥйгелектерді» ертіп келгені бар. Әлгілердің арасында-
ғы бір қасқа бас орыс бізге жағалай батончик кәмпит ҥлестірсін. «Берсең балаға бер», - 
дегендей әлгі қасқа бас кҥйгелектің берген кәмпитін ауыл балалары аузымыздың суы 
қҧрып әңгімелеп жҥретін болдық. «Кҥйгелек» орыстар да ақкӛңіл екен. 
Орыс - ҧлық, билеуші  
Сыбан  мен  Тобықтының  ӛмірі  бітпеген  жер  дауының  бірінде  Қҧнанбай  Кенжеғҧлға 
сәлем айтады: 
-  Ертең  орыс  ҧлығы  келеді,  таласты  жерге  билік  айтады,  отырған  жерінен  кӛшсін,  - 
деп. Сонда Кенжеғҧл: 
- Қҧнанбай мені орыспен қорқытпасын, әркім ӛзі қазған кӛріне тҥседі, - депті.  
 
Міне,  «Орыс»  концепт  қҧрылымының  ҧғымдық  бӛлігін  анықтау  студентке  беретін  тапсырмаларды 
дәлелдейтін,  тҥсіндіретін,  пікірмен  келісетін,  келіспейтін,  ҧсыныс  енгізетін,  сын  кӛзбен  қарайтын,  бір 
сӛзбен  айтқанда,  тіл  ҥйренушіні  жан-жақты  ойландыратын  жҧмыстар  болуы  керек.  Таным  –  адамның 
жаңа әрі тың білімді игеріп, рухани байлығының ӛсуі. Тіл ҥйрету барысында жастардың дҥниетанымын 
кеңейту – сол халықтың әдет-ғҧрпы, салт-санасы, мәдениеті, тарихы, әдебиетін ҥйреніп, зерттеп-білумен 
тікелей байланысты. Таным – ақиқатқа жету, бҧрын таныс семес шешімдерді іздеу, жаңалық ашу, оны 
іздеу. Соның нәтижесінде ғана оны практикалық ӛмірде пайдалануға жол ашылады.Осындай зерттеулер 
мәдениетаралық  қатынастың  тӛрінен  орын  алып,  халықтардың  бір-бірімен  тҥсінісу  барысын  жҥзеге 
асыруға  кеңінен  ат  салысады.Танымдық  оқыту  арқылы  студентті  қызықтырып  отырған  мағлҧматтар, 
іздестіріп  отырған  сҧрақтарына  жауап  тӛңірегінде  танымдық  мәні  ,  мағынасы  бар  ақпараттар  беретін, 
студенттің дҥниетанымын, білімін жан жақты кеңейтетін, кӛзқарастарын қалыптастыру керек. 
 
1 Оразахынова Н.А. Абай атындағы ҚазҦПУ-дың профессоры, п.ғ.д., Г.М. Кенжебаева Абай атындағы ҚазҦПУ-
дың аға оқытушысы, п.ғ.к. ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕСІ Вестник КазНПУ им. 
Абая, серия«Филология», №3(49), 2014 г. 162-165 б. 
2 Оразбаева Ф.Ш. Қазақ тілін танымдық тҧрғыда оқыту. Қазақ тілі мен әдебиеті. 2007 ж, - №1, - 10-15 б. 
3 Шақаман Ы.Б. Танымдық тіл ғылымы. Ғылыми зерттеулік еңбек (монография) - Павлодар. ПМПИ. 2012 - 
66 б. 
4 Әбілғазықызы А. Қазақ тілінің тарихы мен тҥркітану мәселелері. Кӛрнекті тҥркітанушы ғалым, филология 
ғылымдарының  докторы,  профессор  Бабаш  Әбілқасымовтың  80  жылдық  мерейтойына  арналған  халықаралық 
ғылыми-теориялық конференция материалдары – Алматы, 2011, - 273 б. 
 
Резюме 
Магистрант 2-курса КазНПУ имени Абая Серікқалиева А.Қ  
Когнитивный аспект обучения казахского языка 
Эта  статья  казахский  язык  и  когнитивные  изучении  языка  для  обучения  придали  качественно  новую  систему 
единиц  «этнических групп  -  язык  культуры»  на основе одного  из  трех  не только с  точки зрения лингвистических 
особенностей  текста,  его  воспитательное  значение,  чтобы  определить  детали  скрыты  за,  не  является  приоритетом 
для студента считаем, что концепция "Орыс" анализировали с помощью конкретных примеров. 
Ключевые слова: познавательные способности, концепция "русского" концепции структуры 

Абай атындағы ҚазҦПУ-нің Хабаршысы, «Жас ғалым. Ізденістер. Мәселелер. Зерттеулер» сериясы, №1(7), 2016 ж. 
122 
 
Summary  
Kazakh National Pedagogical University named after Abay. The 2 st course Undergraduate student Serkaliyeva A. 
Cognitive aspect of training of the Kazakh language 
This article Kazakh language and cognitive study of language learning gave a qualitatively new system of units "ethnic 
groups - the language of culture" on the basis of one of the three not only in terms of the linguistic features of the text, its 
educational  value,  to  determine  the  details  hidden  behind,  is  not  a  priority  for  the  students  believe  that  the  concept  of 
"Russian" were analyzed by specific examples. 
Keywords: cognitive abilities, the concept of "Russian," the concept of structure 
 
ӘОЖ 37.062.1 
 
САХНАЛЫҚ КОСТЮМ ОБРАЗДАРЫН ДАЙЫНДАУҒА СТУДЕНТТЕРДІҢ КӚРКЕМДІК 
ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ 
 
С.Охапова – Абай атындағы ҚазҦПУ, Ӛнер, мәдениет және спорт институтының 
6М010700 – «Бейнелеу ӛнері және сызу» мамандығының 1-курс магистранты 
 
Мақалада  сахналық  костюм  образдарын  дайындаудың  кейбір  мәселелері  қарастырылған.  Костюм,  сахналық 
костюм,  қызығушылық  ҧғымдарына  анықтама  берілген.  Костюмның  алатын  орны  мен  ролі,  шығу  тарихы,  ӛзіндік 
табиғи ерекшеліктері, қызығушылықты дамыту мәселелері жан жақты қарастырылған. Жалпы костюм образдарын 
дайындауда ЖОО ның студенттерінің кӛркемдік қызығушылықтарын дамытудың педагогикалық, ӛнертанушылық, 
эстетикалық негіздері мен бҥгінгі жағдайы сипатталған. 
Тҥйін сӛздер: киім, қызығушылық, кӛркем, пішім, сахна, театр, сән, технология, дамыту, дҥниетаным 
 
«Костюм – бҧл актердің екінші қабығы, бҧл оның жанды заттардан бӛліп 
алынбайтын және ажырағысыз бірдеңесі, ол бҧның бір бҥтінге бірігіп тҧтастай 
кӛрініп тҧратын бір дҥниесі және онының сахналық тҥрiнің бет пердесі» 
А.Я. Таиров [1] 
 
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық бағыттарына сәйкес білім беру жҥйесін 
дамыта  отырып,  әлемдік  білім  кеңістігіне  ықпалдастырудағы  негізгі  бағдар  -  адамды  қоғамның  ең 
маңызды қҧндылығы ретінде танып, оның рухани жан-дҥниесінің дамуына, кӛзқарастары мен шығарма-
шылық әлеуетінің, танымдық біліктілігі мен мәдени қҧндылықтарының жоғары деңгейде дамуына, жеке 
тҧлғаның қызығушылығының дамуына жағдай жасау. 
Білім  берудің  жаңа  бағыттарының  басты  ерекшелігі  -  оқытудың  нәтижесін  алдын-ала  болжап, 
студенттердің  костюм  образдарын  дайындауға  қызығушылықтарын  дамыта  отырып,  ізденімпаздығын 
арттыру, білімі мен біліктерін жетілдіріп, оны сана «сҥзгісінен» терең зерделей отырып, шығармашылық 
әлеуетін ҥнемі дамытуға және рухани толысуға ҧмтылыстарын қалыптастыру мақсаты тҧр. 
Қазіргі кезеңдегі ЖОО білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында костюм образдарын дайындауда 
студенттердің  кӛркемдік  қызығушылықтарын  дамытуда  студенттердің  оқу-танымдық  іс-әрекеттегі 
кӛркемдік  қызығушылығына  тікелей  байланысты.  Кӛркемдік  қызығушылық  болашақ  жас  маманның 
ізденімпаздық қабілет сапасын дамытудың негізгі ӛзегі болып табылады. Себебі ӛмірдегі қҧндылықтар-
дың  барлығы  да  жаңашылдық  бағыттар  арқылы  ғана  іс-әрекетке  тҧрақты  кӛркемдік  қызығушылық 
нәтижесінде танылып, болашақта ӛміршең де, жан жақты дамуына мҥмкіндік алады.  
Қызығушылық дегеніміз - бҧл адамның саналы іс әрекеті. Қызығушылық қалай пайда болады? Жалпы 
адамның  қызығулары  бірнеше  тҥрге  бӛлінеді.  Қызығушылық  туралы  психолог-педагогтар  кӛптеген 
еңбектер  жазған.  Олар  мыналар:  У.Мак  Дугал  (1871-1938),  Э.Торндайк,  И.Ф.  Гербарт.  Бҧл  ғалымдар 
қызығушылықты  зерттеп  қана  қоймай  оның  беретін  жетістерін  де  атап  ӛткен.  Мысалы  қызығушылық 
қабілетті дамыта отырып, студенттердің кӛркем шығармашылық қабілетін арттыруға болады. Бҧл мәселе 
бҥгінгі таңдағы кӛкейтесті мәселелердің бірі болып табылады [2, 12 б.]. 
Костюм белгілі бір халықтың, дәуірдің тиянақты киім қалпы. Киім адамның ӛмір сҥруіне аса қажетті 
қҧралдарының бірі бола отырып, белгілі дәрежеде олардың жас айырмашылығы әлеуметтік жағдайы мен 
этникалық  ортасы  туралы  мағлҧмат  беретін  белгі.  Киім  адамды  қоршаған  ортаның,  табиғаттың  тҥрлі 
әсерінен  қорғап  ӛзінің  практикалық  қызметін  атқарса  адам  денесіне  сән  беріп  -  этникалық  қызметін 
атқарған.  Адам баласы  алғаш пайда болып,  ҥңгірлер, жартас қуыстарын паналап жҥрген кезден бастап 
табиғатпен жақсы ҥйлесімін тапқан. Сол кезде ағаш жапырақтарынан, аң терілерінен дӛрекі жамылғылар 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Молодой ученый. Поиски. Проблемы. Исследования», №1(7), 2016 г. 
123 
жамыла  бастаған.  Адамзат  палеолит  -  тас  дәуірінде  тігіссіз  байланатын  киімдерді  пайдаланумен  қатар 
сҥйек ине, сҥйек бізді қолданып, тері және тоқыма киім кешек жасап киіну мәдениеттің басқа да тҥрлерін 
қалыптастыра бастаған немесе тҥйірленетін болған. Неолит дәуірінде ӛру, иіру және тоқу кәсібі дамып 
иықтан, мықыннан келетін киім тҥрлері пайда болған [3, 27 б.]. 
Костюм  -  франсуз  тілінен  аударғанда  «costume»  деген  мағынаны  білдіреді.  Ал  ойын-сауықтарды 
кӛрсетілетін  орынды  «сахна»  деп  атаймыз.  Сахналық  костюм  образдарын  жасауда  пайдаланатын  киім-
кешектер тҥрлі әшекейлермен безендіріліп, кӛркем образдар дҥниесі жасалады. Жалпы сахналық костюм 
актерлерге сахна кейіпкерінің ішкі жан дҥниесін ашуға кӛмектеседі.  
Костюм  дәуірдің  эстетикалық  идеяларын  байқатады.  Ол  адамның  екі  немесе  оданда  кӛп  заттан 
тҧратын киім жиынтығы (сумка, аяқ киім, бас киім, қолғап). Жалпы костюм - ӛткір әлеуметтік, сатира-
лық, трагедиялық, ертегілік т.б. образдар дҥниесін жасаудағы театр суретшісі шығармашылығының жеке 
бір  саласы.  Костюм  сахналық  образдың  ҧлттық,  әлеуметтік  ерекшелігі  мен  мінез-болмысын  айқындай 
тҥседі. Суретшілер спектакльге қажетті киім ҥлгілерін жасайды. Мҧндай шығармашылық процесс кезінде 
әрбір киімнің қандай матадан тігілетіндігі, ӛлшемі мен ҥлгісі қатаң ескеріледі [4,67 б.]. 
Костюм актерге сахна кейіпкерінің ішкі жан дҥниесін ашуға кӛмектеседі. Костюмге қосымша қажетті-
лік ретінде бет-жҥзді арнайы опалау (грим) мен шашты ҥлгілеу қолданылады. Костюм әуелден дәстҥрлі 
әдет-ғҧрып  пен  ойын-сауықта,  ежелгі  дәуір  мен  орта  ғасырлар  театрларында,  Шығыстың  классиклық 
театрында  (Жапония,  Қытай,  Ҥндістан  т.б.)  пайдаланылған.  Ежелгі  дәуірдегі  және  одан  кейінгі  театр 
тҥрлерінде  Костюм  шартты  немесе  ӛз  дәуіріне  лайықты  ҥлгіде  болды.  Француз  драматургі  Мольер  ӛз 
пьесаларын қойғанда, сол заманындағы тҥрлі адамдар тобының киім ҥлгілерін пайдаланды. 
Костюмның рӛлi декорацияда ҥнемі де әрқашан «қозғалмалылық» сияқты басты да негізгі кӛшбасшы 
болады.  Оның  уақытпен,  тарихпен  және  актерлермен  ӛзіндік  арақатынасы  мен  кӛзқарасы  ӛзгертiліп, 
сахнаны кӛркем безендірудегі және ресiмдеулудегі тікелей «серiктесі» бола алады десек те болады.  
Сахналық театр костюмы - ол актердің сахналық образының қҧрамдас бӛлігі, сонымен қатар кейiпкер-
дiң актердiң тҥрленуiне және кӛркем образға айналуына кӛмектесуіне септігін тигізетін қҧрал мен форма 
бола  тҧра,  оның  сыртқы  белгілері  мен  кейіпкерді  бейнелеудегі  тамаша  мінездемесі  бар,  кӛрерменде 
кӛркем  әсер  тигізетін  қҧрал  екені  баршамызға  аян.  Актер  ҥшін  костюм  ол  материясы,  формасы  мен 
мағынаны дәрттендiрген негізгі рӛлі болып табылады.  
Театр  сахналық  костюмы  ең  алдымен  бейнелеу  қҧралдары  арқылы  туындалады  яғни,  эскиз  арқылы 
жҥзеге  асады.  Сахналық  костюм-бҧл  бишілер  мен  әр  тҥрлi  театр  қойылымдары  мен  мерекелерi  ҥшiн 
пайдаланылатын киім. Бiздiң уақытымызға ерекше танымалдылық танытып жҥрген ол карнавалдар мен 
би  кештеріне  кию  ҥшiн  пайдаланылатын  костюмдер.  Қазiргi  би  ҧжымдарының  ҥлкен  санына  қарай, 
бҥгінде  олардың  арасында  қатаң  бәсеке  туындауда,  олардың  әрқайсысы  болмасын  билеп  қана  қоймай, 
сонымен қатар әртҥрлі мерекелерде және би жарыстарында шоу жасағысы келеді. 
Сән ӛтеді, сән қалады деп айтады, неге? ӛйткені нақты мода ӛтеді, оның тіршілік еткені, дизайн және 
моделдеу  принциптері  ӛнер  шығармашылығындағы  адам  бейнелері  қалады.  Осының  бәрі  костюм 
мәдениетін қҧрайды. Сәнге еліктеп, шамадан тыс тырысқанша, адам ӛзіне жарасымды киінгені жӛн. Пьер 
Карденнің мынадай сӛзі бар «Жарасымды киінген адам деп - ӛзіме және басқалармен санасатын адамды 
айтуға болады». Осы сӛзді еске сақтап қай жер болса да соған лайықты киіну керек [5]. 
Жалпы сахналық костюм  образдарын дайындауда студенттердің сахналық костюм тҥрлерін,  тарихы 
мен  табиғи  ерекшеліктерін  танып  білуге,  технологиясын  меңгеруге,  игеруге  және  оның  негiзiнде  жаңа 
сахналық костюм образдарын сомдауға кӛмектесетiн және адамның қызығушылық бағытта дамуына жан 
жақты кӛмектесетiн руханилық қҧбылысының бiрнеше iргелi салалардың бiр-бiрiмен тығыз байланысы-
нан  ӛрбидi,  тҥзiледi.  Ал  олардың  арасындағы  студенттердің  бойына  кӛркемдік  қызығушылықты 
дамытуды қажет ететiн негiзгiлерiне сипаттама берсек, тӛмендегiлердi атап ӛтуге болады:  
Студенттердің зердесiн байытып, кӛркемдік қызығушылық деңгейлерінің белгiлi бiр деңгейге кӛтеру, 
дамыту  арқылы  ақиқаттың  сан  қырлы  қҧрылымын  тҥсiну  ҥшiн  қолданылатын  қажеттiлiк  білімділік 
мәселелерді анықтап береді. Бҧл бағыт бiлiмдi жҥйесiз жинақтау ҥшiн емес, адамның рухани дамуымен, 
оның  жаратымпаздық  қасиеттерiн  ашып,  айқындай  тҥсу  ҥшiн  қажет.  Ол  студенттердің  кӛркемдік 
қызығушылығын дамытуда зор мҥмкiндiгі бар. 
Жалпы  ішкi  мен  сыртқы  дҥниенiң  әсемдiгiн  тҥсiнумен,  қабылдаумен,  тҥйсiнумен  және  қоршаған 
ортаға, айналасына әсемдiк қатынас орнатумен байланысты руханилық эстетикалық мәселелермен тығыз 
байланысты. ―Әсемдiк әлемдi қҧтқарады‖ деген ғҧламадан қалған сӛзге сәйкес, адам бойында сҧлулықты 
кӛре бiлуге, ондағы ҥйлесiмдiлiктi бҧзбауға ҥйрету. Бҧл жерде адамның жан сҧлулығы, ой тазалығы, iс-
қимыл мен ниетiнiң ақтығы айтылатын iспеттi. Ал ҥйлесiмдiлiк бар жерде сҧлулық та бар. Жалпы табиғат 

Абай атындағы ҚазҦПУ-нің Хабаршысы, «Жас ғалым. Ізденістер. Мәселелер. Зерттеулер» сериясы, №1(7), 2016 ж. 
124 
сонау бастан-ақ әсемдiлiктен қҧралған. Оның әрбiр бӛлiгi қайталанбас керемет ҥйлесiмдiкпен қалыптас-
қан. Тек сол әсемдiктi байқай бiлетiн, сезе бiлетiн жҥрек керек. Ал, ендi рухани деңгейi жоғары шебердiң 
қолынан  шыққан  ӛнер  туындысы  адамдарға  ӛте  ыстық  сезім  сыйлайды.  Ӛзiнiң  iшкi  кҥш-қуатымен 
кӛрермендерiн  сҥйсiндiредi.  Суретшi  тек  табиғаттан  ҥйренудiң  арқасында  ғана  шеберлiкке  жеткен.  Ал 
рухани  тоқыраудан  шыға  алмаған  адам  сомдаған  ӛнер  туындысы  сырты  кӛркем  болғанымен,  шын 
мәнiнде тартымдылығы жоқ бос дҥние болары анық Руханилықтың әсемдiкпен байланысы міне осындай. 
Тек әсемдiктi терең кӛре бiлген, сезе бiлген адам ғана қоғамның рухани әлемiн ӛз тарапынан барынша 
толықтыра тҥсетіні сӛзсіз. Сӛйтiп, ол ӛз iс-әрекетi арқылы адамдар арасындағы сҧлулықпен, ҥйлесiмдiлiк-
пен кӛмкерiлген руханилықтың қалыптасуына, оның дамуына да ӛз ҥлесiн қосады.  
Адам жеке тҧлға ретiнде әлемдi тануға ҧмтылған кезде оны бейнелеп қана қоймайды, ол оны жетiлдi-
рiп, дамытуға да тырысады. Сондықтан ӛмiрдi жоғарғы рухтың, ҥйлесiмдiлiктiң ӛте нәзiк заңдылықтары-
на сәйкес ӛзгертем, яғни оған ӛз тҧрғымнан ҥлесiмдi қосам деген жеке адам барлық ӛмiрiн шығармашы-
лық әлемiнде ӛткiзедi, ӛмiрiн соған сарп етедi. Бҧл жерде, З.Фрейд тҥсiндiргенiндей, шығармашылықтың 
қайнар кӛзi тек қана сублимациялық ҥрдiстерде дей алмаймыз. Ӛйткенi, шығармашылық адамның рухани 
болмысымен астасып, оның мәндiк тҥп тамырын айқындай тҥседi.  
Әрбiр ӛнер туындысы адам әлемiн жаңа рухани кҥшке, рухани атмосфераға айналдыруы шарт. Ондай 
деңгейге кӛтерiлмеген  туындылар жалған қҧндылықтар мен  ҥйлесiмдiлiктi шайқалтушы терiс қҧралдар 
болып табылады. Тарихи ҥрдiс ӛнердi уақыт таразысынан ӛткiзедi, оның керектiсiн қалдыруда одан артық 
сараптаушы, електен ӛткiзушi, сынақшы жоқ. 
Берiлген  жҥйенiң  айналасында  туындайтын  мiндет  студенттердің  ынтасын,  қызығушылығын  аңғара 
бiлу.  Сондықтан  да  сахналық  костюм  образдарын  дайындау  мен  қҧрастыру  мәселелерiн  бҥгінгі  ӛмiрге 
жақындата бiлуiмiз керек. Студенттердің осы мәселелерге деген қызығушылығын ояту сахналық костюм 
образдарының кҥнделiктi және қазiргi ӛмiрде алатын орнымен байланысты. Студенттердің бҥкiл рухани 
ішкі  дҥниесi,  жинақталатын  бiлiм  жҥйесi,  оның  дҥниетанымына  да  тікелей  әсер  етедi.  Студенттердің 
бойында сахналық костюм образдарына деген қызығушылықты дамыту, рухани дҥниесiнiң iзеттi, адам-
гершiлiгiнің  бағытты  қалыптасуын  қамтамасыз  ету,  берiлген  жағдайдағы  педагогикалық  проблеманың 
негiзгi шарты болып табылады. Жалпы барлық жҧмыс осы қызығушылықтың тӛңiрiнде жҥрсе, оқытушы 
ҥшiн жақсы нәтижелерге  итермелейтiн ыңғайлы, әрi тиiмдi жолдар ашылады. Ол ҥшiн студенттер  нені 
қажет етедi? Оны не қызықтырады?, ол ненi қалайды? - деген сҧрақтарды ҥнемі ҧмытпауымыз керек... 
Осы  тҧжырымнан  шығатын  қорытынды  берiлген  педагогикалық  тҧжырымда  сахналық  костюм 
образдарын  дайындауда  студенттердің  кӛркемдік  қызығушылығын  дамытуға  бағытталған  iзеттi  жол 
болып табылады. Студенттердің сахналық костюм образдарын қҧрастыру мен дайындауға деген қызығу-
шылығын оқытушы әрдайым ӛз тарапынан байқап, аңғарып отырса, ол зор тиiмдiлiктерге қол жеткізеді 
деген сенімдеміз. 
 
1 Таиров А.Я. О театре. / Ком. Ю.А. Головашенко и др. - М.: ВТО, 1970. - 603 с. 
2 Жолдасбекова С.А. Бастауыш класс оқушыларының сәндiк қолданбалы ӛнерге эстетикалық қызығушылығын 
қалыптастыру, пед.ғ.к. …дисс. авторефераты: 27.01.1993. - Алматы, 27.01.1993, - 25 б. 
3 Киреева Е.В. «История костюма». - М.: «Просвещение» 1976 г. - С. 176. 
4 Жолдасбекова С.АКостюм тарихы. – Шымкент: М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2004 - 186 б.  
5 Бондаренко В.В. Пьер Карден. «Мода - один из элементов вечности в человеческом времени». http://afield.org.ua 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет