Абай атындағы ҚазҦпу-нің Хабаршысы, «Жас ғалым. Ізденістер. Мәселелер. Зерттеулер» сериясы, №1(7), 2016 ж



Pdf көрінісі
бет20/28
Дата15.02.2017
өлшемі4,09 Mb.
#4142
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28

Резюме  
Корганбаева Ж.К. - КазНПУ им.Абая, к.х.н., старший преподаватель кафедры Химии, 
Сатымбаева А.Қ. – КазНПУ им.Абая, магистант 
Особенности применения интегрированного обучения в курсе органической химии 
Современный  процесс  развития  системы  образования  отличается  высокими  темпами  творческого  поиска  в 
усовершенствовании  методов  обучения  в  иссползовании  инновационной  педагогической  технологии.  В  статье 
рассматриваются особенности преподавания химии в профессиональном колледже с применением новых педагоги-
ческих технологи. Так же рассматривается суть и значительность интегрированного обучения и изложено о повыше-
ний  познавательной  дееспособности  учащихся  используя  данную  технологию.  Среднее  образование  в  Казахстане 
является  обязательным  и  включает  среднее  общее,  начальное  профессиональное  и  среднее  профессиональное 
образование. Начальное профессиональное образование в Казахстане приобретается за 2-3 года в профессиональных 
колледжах и профессиональных лицеях на базе основного общего образования. В настоящее время перед профессио-
нальной школой ставится задача не только дать учащимся профессиональную систему знаний, умений и навыков, но 
и  в  процессе  формирования  этой  системы  развить  их  мышление,  умение  творчески  оперировать  приобретенными 
теоретическими и профессиональными знаниями, научить способами самостоятельного приобретения новых знаний 
и  применения  их  в  будущей  профессии.  Анализируя  результаты  педагогической  деятельности,  можно  прийти  к 

Абай атындағы ҚазҦПУ-нің Хабаршысы, «Жас ғалым. Ізденістер. Мәселелер. Зерттеулер» сериясы, №1(7), 2016 ж. 
112 
выводу о необходимости планирования уроков так, чтобы обеспечить познавательную активность и самостоятель-
ность учащихся при изучении химии. Чем больше учебно-познавательных действий и операций выполнено учащи-
мися за урок и чем более они рациональны и целесообразны, тем выше интенсивность учебного труда. Поэтому мы 
считаем,  что  использование  именно  интегрированное  обучение  в  химии  поможет  достичь  роста  познавательной 
активности учащихся.  
Ключевые слова: педагогические технологии, интегрированное обучение, органическая химия 
 
Summary  
Korganbaeva Zh.K. – candidate of chemical science, senior teacher of chemical chair of KazNPU after Abay 
Satymbayeva A. K. – KazNPU after Abay, master student 
The application features of integrated of learning course in of organic chemistry  
Modern  development  of  an  education  system  differs  high  rates  of  creative  search  in  improvement  of  methods  and 
receptions of training, the contents, in use of innovative pedagogical technology process. The article discusses the peculiarities 
of teaching chemistry in a professional college using new pedagogical to technology as a integrated learning. Just consider the 
nature  and  significance  of  the  problem  of  learning  technologies,  and  set  out  on  promotions  cognitive  capacity  of  students 
using  this  technology.  Secondary  education  in  Kazakhstan  is  compulsory  and  includes  general  secondary,  primary  and 
secondary vocational education. Initial vocational education in Kazakhstan acquired in 2-3 years in professional colleges and 
vocational schools on the basis of  general  education.  At present, the professional school  seeks  to  not only  give  students  a 
professional body of knowledge and skills, but also in the formation of this system to develop their thinking, the ability to 
creatively manipulate the acquired theoretical and professional knowledge, self-taught ways of acquiring new knowledge and 
their application in future profession. Analyzing the results of pedagogical activity, we can come to a conclusion about the 
need to plan lessons so as to provide a cognitive activity and independence of students in the study of chemistry. The more 
training and educational activities and operations carried out  by students  for the lesson and the  more they are rational and 
feasible, the higher the intensity of academic work. Therefore, we believe that the use of precisely the integrated learning in 
teaching chemistry will help to achieve the growth of cognitive activity of students.  
Keywords: educational technology, the integrated learning, organic chemistry. 
 
ӘОЖ 377.3 
 
ОРТА БІЛІМ БЕРУ ЖҤЙЕСІНДЕ ӘДЕБИЕТТІ ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДІСТЕРІ 
 
С.М. Бегманова – Абай ат. ҚазҦПУ, Филология институтының 2-курс магистранты, 
Ғылыми жетекшісі: п.ғ.д., профессор Т.Қ. Жҧмажанова 
 
Мақалада  қазақ  халық  ауыз  әдебиеті  ҥлгілерін  оқыту  тәжірибесі,  оны  оңтайлы  әдіс  арқылы  ҥйрету  жолдары 
ҧсынылып  қарастырылады.  Ауыз  әдебиеті  –  әрбір  халықтың  рухани  мҧрасы,  сарқылмас  қазынасы,  байлығы.  Осы 
ауыз  әдебиетін  оқытудағы  тиімді  әдістер  қатарымен  қоса,  мәтінді  оқудағы  жаттығу  тҥрлері,  оларды  тыңдаушыға 
жеткізу жолдары, заманауи техникалық қҧралдарды мҥмкіндігінше кеңінен қолдану, сӛйленіс дағдысына шығаратын 
амал-тәсілдері т.б. осылардың барлығы студенттің тақырыпты тереңірек әрі нақты тҥсінуіне ықпал етеді. 
Тірек сӛздер: халық ауыз әдебиеті, жанр, әдіс-тәсіл, кӛркем мәтін 
 
Қазіргі  жаһандану  заманында  әрбір  білім  алушы  азамат  білім  мен  қатар  тәжірбиені  де  жақсы 
меңгерген болуы тиіс. Алынған білім тек теория жҥзінде ғана емес қалып қоймай, іс барысында жҥзеге 
асса  онда  адам  мен  қатар  қоғамда  гҥлденер  еді.  Адамның  ой-санасының  ӛзгеруіне  білім  әсер  етпей 
қоймайды. Ал, білім нәрін себетін адам ол – мҧғалім.  
Білікті  ағылшын  философы,  әрі  педагогы  Дж.Локктың  «Баланың  ақылы  да,  жаны  да  туғанда  таза 
тақтайдай  болып  туады.  Таза  тақтайға  қандай  жазу  жазса  да  жазушының  еркінде»  -  деген.  Бҧл  сӛзден 
ҧққанымыз  балаға  білім  мен  тәрбие  беретін  ата-ана  мен  мҧғалім  және  қоғам.  Сондықтан  балаға  білім 
беретін  орта  ол  –  мектеп.  Яғни,  мектептегі  тәрбие  ісі  де,  оқыту  ісі  де  жеке  тҧлғаның  ерекшеліктеріне 
қарай ескеріледі. 
Білім  алушыны  оқыту  барысының  нәтижелі,  жемісті  болуы  мҧғалім  әдістемесіне,  шеберлігіне  де 
байланысты болады. Әдіс-тәсілдер деген не? Білім беру ҥрдісінде мынадай екі тҥрлі қызмет жҥзеге асады. 
Бірінші мәселе – мҧғалім оқытуы, екінші мәселе – оқушының оқуы. Мҧғалім мен оқушының осы арақа-
тынасы әр тҥрлі оқу қызметтері, оқыту әдістеріне жатады. Мысалы, мҧғалімнің әңгімелесуі — әңгіме әдісі 
немесе кітаппен жҥргізетін жҧмыс тҥрлері – кітаппен жҧмыс әдісі, оқушының жауап беруі оқушы білімін 
тексеру  әдісі  деп  аталады.  Сонымен,  әдіс-тәсіл  мҧғалім  мен  оқушы  арасындағы  жҧмыс  тҥрлеріне 
байланысты әр тҥрлі болып келеді. Орта білім беру жҥйесінде қазақ әдебиеті пәнін оқыту ҥрдісі әртҥрлі 
әдістер арқылы жҥзеге асады. Қазақ әдебиеті пәнінде білім алушының деңгейін ескере отырып, тақырып 
пен сабақ тҥріне сәйкес мҧғалім әртҥрлі әдістерді ӛз қалауынша қолданады. 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Молодой ученый. Поиски. Проблемы. Исследования», №1(7), 2016 г. 
113 
Белгілі әдіскер ғалымдар А.Кӛшімбаев, Т.Ақшолақов, Қ.Бітібаева еңбектерінде қазақ әдебиетін оқыту 
әдістері  мынадай  тҥрлеріне  бӛлінген.  Әдебиетті  оқытуда  сӛздік  әдіс,  кӛрнекілік  әдіс,  тәжірибелік  әдіс, 
тҥсіндірмелі – иллюстративтік әдіс немесе репродуктивті әдіс, эвристикалық (ішінара іздендіруші) әдіс, 
зерттеу әдісі, ӛзіндік жҧмыс әдісі, проблемалық баяндау әдісі, мәтінді кӛркемдеу, мәнерлеп оқудың орны 
ерекше [1, 65]. 
Мҧғалім ӛте кӛп қолданатын әдістің бір тҥрі – баяндау әдісі. Әдебиет сабақтарында баяндау әдісі деп 
мҧғалімнің  монологті сӛзі арқылы оқу материалдарының тҥсіндірілуін  айтады.Мысалы, ақын, жазушы-
ның ӛмірбаяны, ӛтілгелі тҧрған шығарма жайындағы тарихи-әдебиеттік тҥсініктеме, тҥсініксіз сӛздер мен 
ҧғымдарды тҥсіндіру, кӛркем шығарманы талдау, т.б. жағдайларда баяндау әдісі кӛбірек қолданылады. 
Сӛздік  әдіс  -  берілетін  білім  ақпараттық  сипаттау  болғанда,  білімді  қалыптастыру,  соның  ішінде 
теориялық білім беру, жаңа ҧғымдарды білім алушыға жеткізуде бҧл әдіс ӛте тиімді. Сӛздік әдіс, әсіресе, 
қазақ әдебиеті пәнінің кҥре тамыры деуге болады.  
Кӛрнекілік әдіс – берілетін білім мазмҧны кӛрнекілікті тілеп тҧрғанда, уақыт ҥнемдеуде, әсіресе, білім 
алушы  психологиясына  әсер  ету  мақсаттарында  ӛте  тиімді  болады.  Сондай-ақ  білім  алушыны  сабаққа 
қызықтыру, ынталандыру мәселелерінде де маңызы зор. 
Кӛркем сӛз мәтінін мәнерлеп оқу әдісі – кӛлемі шағын шығармаларды (қысқа ӛлең-жырлар, әңгімелер, 
кӛлемді  шығарманың  ҥзінділері,  мысал  ӛлеңдер  т.б.)  мәнерлеп  оқу  (алғашқы  оқу,  талдау  барысындағы 
оқу, қайталап оқу). 
Тҥсініктеме  бере  отырып  оқу  әдісі.  Бҧл  әдіс  кӛлемі  шағын  шығармаларды  немесе  қысқа  ҥзінділерді 
мәтіннің мазмҧн жігіне қарай бӛліп оқи отырып, жол-жӛнекей талдау жасап отыру мақсатымен қолданы-
лады.  Мҧнда  мәнерлі  әуез  екінші  орынға  шығады  да,  бірінші  кезекте  кӛзделген  мақсатты  ашу  ҥшін 
қажетті тҥсіндіру атқарылады. 
Әңгіме әдісі. Әңгіме әдісінде қойылатын сҧрақтар ҥш жҥйеге бӛлінеді. 
Шығарманың  тақырыбын,  жоспарын,  кейіпкерлерінің,  образдарының  қҧрамын,  сюжетін  айқындауға 
арналған сҧрақтар – бір жҥйе. Бҧларды бағдарлау сҧрақтары деп атайды. Шығарманың жалпы идеялық 
мағынасын,  образ-характерлерін,  олардың  ӛзара  байланысы  мен  қарым-қатынасын,  композициялық 
қҧрылысын, тіл ерекшеліктерін айқындауға, талдауға арналған сҧрақтар – бір жҥйе. Бҧлар – шығарманы 
талдаудағы аса маңызды орын алатын сҧрақтар. Сондықтан олар талдау сипатындағы сҧрақтар деліне-
ді. Ал тағы бір жҥйе шығарманың қоғамдық, әдебиеттік маңызын ақын, жазушының стилі мен кӛркемдік 
шеберлігінің ӛзгешеліктерін, жалпы шығарманы талдау жҧмысын жинақтап, қорытындылауға арналған 
сҧрақтардан  қҧралады.  Сондықтан  бҧлар  жинақтау  сҧрақтары  деп  аталады.  Әдебиет  пәнін  оқытудың 
осы ҥш жҥйесіне арналған сҧрақтар тарихи-әдебиеттік курстың мақсат-міндеттері мен талаптарына сай 
болуы шарт. 
Практикалық  әдіс  -  бҧл  білім  алушының  теориялық  білімін  практикада  пайдалана  білу  дәрежелерін 
жетілдіреді. Бҧл әдіс кітаппен жҧмыс тҥрлері кезінде жазушы тілі, стилін анықтауда ӛте тиімді. 
Зерттеу  әдісі  –  берілетін  білімнің  ғылымилығын  арттыру,  қосымша  материалдармен  байыту  білім 
алушыларды іздендіру, ӛз беттерімен проблеме шештіру мәселелерінде тиімді. Білім алушыларды ӛздігі-
нен ойлануы мен іскерлігін, ӛз беттерінше қорытынды шығару дағдыларын жетілдіруде ӛте пайдалы. 
Лекциялық  әдіс.  Тарихи-әдеби  шолулар,  ақын-жазушының  ӛмірі  мен  шығармашылық  қызметіне  си-
паттама, әдебиеттің тарихи мен теориясына байланысты мәселелерді жинақтап қорыту, кӛркем шығарма-
ны тҧтастай тҥсіндіру т.б. тҥрлерде білім алушылардың дайындық деңгейіне қарай таңдалынып алынады. 
Лекциялық сабақтардың бір тҥрінде мҧғалім лекциялық материалдың кҥрделі жоспарын тізеді, жоспар 
негізгі  бӛліктер  мен  тармақ-тармақшаларға  бӛлінеді.  Жоспарда  баяндалатын  мәселелер  айтылу  рет 
тәртібіне  қарай  жҥйеленіп  тізіледі,  қажетті  даталар  мен  цитаттар  т.б.  жоспардың  тиісті  жерлерінде 
кӛрсетіледі. Кейде білім алушыларды оларға таныс емес шығарманың идеялық тақырыптық мазмҧнымен 
жол-жӛнекей таныстырып кетуі қажет болып қалады. Бҧл ретте де мҧғалім ондай шығарманың мазмҧнын 
кӛркемдеп әңгімелеу тҥрімен қысқаша айтып беруге тиіс [2, 45]. 
Орта  білім  беру  жҥйесінде  әдебиетті  оқытуда  әдіс-амалдардың  бҧлардан  басқа  да  тҥрлері  бар. 
Мысалы, сӛз жарысы, пікірталас баяндама жасау, теріп мазмҧндау проблемалы баяндау-әңгімелеу жазба 
жҧмыстар т.б.  
Қазақ әдебиеті аспектілік пәні сабағында қолданылатын негізгі материалдар қоры: мәтін, бейне және 
аудиовизуалды  материалдар.  Қазіргі  сабақтың  алуан  тҥрлілігі  мен  олардың  шығармалық  сипаттары 
әдебиет пәні бойынша ҧйымдастырылатын сыныптан тыс жҧмыстарымен ҥндес, мақсаттас болып келеді. 
Сыныптан  тыс  уақытта  жҥргізілетін  жҧмыстар  білім  алушылардың  әдебиет  сабағында  алған  білім 
қорын молайтып, ой-ӛрісін дамытып, дҥние тану қабілетін арттырады. Сыныптан тыс уақытта жҥргізіле-

Абай атындағы ҚазҦПУ-нің Хабаршысы, «Жас ғалым. Ізденістер. Мәселелер. Зерттеулер» сериясы, №1(7), 2016 ж. 
114 
тін  жҧмыстар  әр  алуан.  Олар:  тҥрлі  ҥйірмелер,  әдебиет  газеті  мен  қолжазба  журналдар,  әдеби-кӛркем 
кештер,  спектакльдер,  әдеби  кӛрмелер,  серуен,  экскурсиялар,  театрға  бару,  кино,  мҧражайларға  бару, 
сыныптан тыс кӛркем шығармаларды оқу, әдебиеттік музыкалық клубтар, оқырмандар конференциялары 
т.б.  сӛз  ӛнеріне  тарту,  кӛркем  шығармаларға  деген  қызығушылығын  арттыру,  эстетикалық  талғамын, 
сезімін дамыу сияқты білім мен тәрбие берудің басты-басты мәселері сыныптан тыс жҧмыстарда одан әрі 
жалғасын  табады.  Бҧлардың  қайсысын  қашан,  қайда  және  қалай  қолдану  әдебиет  мҧғалімінің  еркіне 
беріледі [3, 86]. 
Қазақ  әдебиетін  оқыту  барысында  фольклор  бӛлімін  бастағанда,  бірішіден,  халық  ауыз  әдебиетімен 
таныстыратын  мәтіндер  оқып,  ауыз  әдебиеті  деген  не?  сынды  сҧрақтардың  жауабын  тҥсіндіріп,  оның 
ҥлгілері және тҥрлерімен таныстырамыз.  
Ауыз  әдебиеті  –  халық  шығармашылығының  ерекше  саласы,  ауызша  шығып,  ауызша  таралған 
кӛркем-әдеби туындылардың жиынтығы. Қазақ халқының мҧндай сӛз ӛнерін ғалымдар ауыз әдебиеті деп 
атаған.  
Қазақ әдебиеттану ғылымындағы ауыз әдебиетінің шығарушысы да, таратушысы да, тыңдаушысы да 
– халық. Сондықтан ол, шын мәнінде, халықтың ӛз еншісі болып табылады [4, 21].  
Ауыз  әдебиеті  жанрлық  қҧрамы  жағынан  да  сан-салалы  болып  қалыптасты.  Тҧрмыс-салт  ӛлеңдері 
(еңбек-кәсіп, аңшылық, ҥйлену, жерлеу салты, наным-сенім т.б.), ертегілер, аңыздар, әпсаналар, жырлар, 
тарихи  ӛлең,  қара  ӛлең,  лирикалық  ӛлең,  ӛтірік  ӛлең,  мақал-мәтелдер,  жҧмбақтар,  айтыс,  шешендік 
сӛздер, жаңылтпаштар, драмалық ҥлгідегі шығармалар – міне, ауыз әдебиетінің негізін қҧрайтын осы бір 
жанрлардың ӛзі әрі қарай тҥр-тҥрге бӛлініп кете береді. Бҧлардың қай-қайсысы болса да сӛзбен айтыла-
тын шығармалар және олардың негізгі қҧралы сӛз. Сондықтан ауыз әдебиеті, ең алдымен, сӛз ӛнері. Ауыз 
әдебиеті ҥлгілерін білім алушыларға оқытуда әртҥрлі сызба-кесте, слайд тҥрлерін пайдалану ӛте тиімді. 
Соның  негізінде  тӛменде  арнайы  кестелі  слайдттар  берілді.  Жоғарыда  айтылғандай,  ең  алдымен  ауыз 
әдебиетіне  толық  анықтама  беріліп,  тҥсіндіріліп  содан  кейін  тҥрлерімен  таныстырылып,  нәтижесінде 
тӛмендегіше кестелі слайдттар негізі қҧрылады.  
Ауыз әдебиетінің келесі бір тҥрі – айтыс. Айтыс – ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық 
жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сӛз сайысы, жыр жарысы. Айтыс – синкреттік 
жанр, ол тҧрмыс-салт жырларынан бастау алып, келе-келе ақындар айтысына ҧласқан. Айтыста осыған 
орай лирикалық, эпикалық, драмалық сипаттар мол ҧшырасады [5.35].  
Айтыс  –  халық  ауыз  әдебиетінің  ерекше  бір  тҥрі.  Сонымен  бірге  аудиторияда  айтыстың  тҥрлерін 
топтастырып,  слайд  тҥрінде  кӛрсетіп  таныстырамыз.  Және  де  қазіргі  заманғы  айтыстың  тҥрлерімен 
салыстырып кӛрсетіп, аудио-визуалды материалдар қолданамыз. Айтыстың тҥрлері: жҧмбақ айтыс, бәдік 
айтыс,  ӛлі  мен  тірі  айтысы,  жар  –  жар  айтысы,  салт  айтысы  –  қыз  бен  жігіт айтысы;  ақындар  айтысы, 
жануарлар мен адамдар айтысы. 
Айтыс туралы тақырыпты бекіткен соң, білім алушылар ӛз ойын ортаға салу, пікірін білдіру сынды 
монологтық  тапсырмалар  орындауды  ҧсынамыз.  Яғни  тыңдаушы  ӛз  елінде  осы  айтыс  ӛнеріне  ҧқсас 
келетін ауыз әдебиетінің тҥрімен таныстырып, оның қазіргі уақытта халық арасында кең тараған немесе 
тарамағандығын,  сонымен  қоса  бҧл  ӛнер  тҥрінің  жойылған  жойылмағандығын  айтып  ӛтеді.  Осындай 
тапсырма  тҥрлері  оның  жаңа  тақырып  бойынша  алған  білімін  шыңдап,  есінде  мықтап  сақталуына 
ықпалын тигізеді. 
Лиро-эпостық жырлар ғашықтық жырлар – лирикалық әрі эпикалық шығарма. Оқиға желісі бірін-бірі 
қҧлай  сҥйген  екі  жас  арасындағы  махаббатқа  қҧрылады.  Кӛпшілігінің  оқиғасы  сҥйгеніне  қосылуды 
аңсаған,  жастарға  ескі  салт-сана  қарсы  тҧрып,  мерт  қылумен  аяқталады.  Лиро-эпостық  жырларларда 
халықтың тҧрмыс-салт, әдет-ғҧрпы, наным-сенімі, кӛңіл-кҥйі кӛбірек суреттеледі. Лиро-эпостық жырлар-
да кейіпкерлер батырлар емес, карапайым адамдар. Екі жастың бір-біріне деген сҥйіспешілігін жырлай-
тын  эпостарда,  негізінен,  махаббат  отына  жанған  қыз  бен  жігіттің  қосыла  алмай,  трагедияға  ҧшыраған 
тағдыры  баяндалады.  Әдетте,  олардың  бақытына  кедергі  болатын  нәрсе  –  ата-аналардың  қарсылығы 
немесе қызға ғашық басқа жігіттің жауыздығы, не болмаса екі рудың араздығы болып кӛрсетіледі . 
Ғашықтық  жырлар  кӛп  вариантты  болып  келеді.  Оның  себебі  кӛп  замандар  бҧл  жырлар  ауыздан-
ауызға тарап, біреуден біреу жаттап алу арқылы кейінгі ҧрпаққа жетіп баспаға іліккен. 
Қазақ халқының лиро-эпостық жырлары: «Қозы Кӛрпеш-Баян сҧлу», «Қыз Жібек», Айман-Шолпан», 
«Кҥлше қыз», «Қҧл мен қыз», «Мақпал қыз», «Есім-Зылиқа». 
Бҧл  бӛлімде  де  техниканың  кӛмегіне  жҥгініп,  кӛрнекілік  материалдар  әзірленіп  қолданылады. 
Сонымен бірге мәтін бойынша жҧмыс кеңінен жҥргізіледі. Мҧндай тапсырмалар білім алушының ойын 
еркін,  нақты  жеткізуіне,  пәнді  оқуда  алған  білімін  пайдалануға,  мәтінді  қандай  дәрежеде  тҥсінгендігін 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Молодой ученый. Поиски. Проблемы. Исследования», №1(7), 2016 г. 
115 
тексеруге ҥйретеді.  
Кез келген шығарманы оқыту барысында мәтінді дҧрыс талдай және мәтінмен дҧрыс жҧмыс жҥргізе 
алу  сауаттылық  пен  шеберлікті  талап  етеді.  Осы  қасиеттер  болғанда  ғана  сабақтың  алдына  қойған 
мақсаттарына оңай әрі дҧрыс жетуге болады. 
 
1 Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. - Алматы: «Рауан», 1997. 
2 Ақшолақов Т. Кӛркем шығармаға талдау жасау. - Алматы: «Мектеп», 1983. 
3 Кӛшімбаева А. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. - Алматы: «Мектеп», 1969. 
4 Жҧмалиев Қ. Қазақ әдебиеті. – Алматы: Мектеп, 2001. – 230 б. 
5 Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – Алматы, 1974. – 201 б. 
 
Резюме 
С.М. Бегманова - КазНПУ им. Абая магистрант ІІ курса, научный руковадитель: д.п.н., проф Т.Қ. Жҧмажанова 
Концептуальная система Методы, используемые для обучения литературу в средней школе 
В статье рассматриваются современные методы преподавания казахской литературы, а именно устного народно-
го  творчества.  Устное  народное  творчество  –  это  духовное  наследие,  бесценный  источник  и  богатство  каждого 
народа. Наряду с указанными эффективными методами обучения анализируются некоторые виды упражнений при 
работе  с  текстами,  рассматривается  использование  широкого  спектра  современных  технических  средств.  Все  эти 
действия способствуют формированию у обучаемых коммуникативных и аналитических навыков для полноценного 
и глубокого понимания студентами представленных текстов. Вместе с этим, широко рассматривается сравнительный 
метод  обучения  в  аспектном  преподавании  казахской  литературы  в  аудитории,  так  как  этот  подход  способствует 
правильному и точному пониманию прочитанного текста. А также в данной статье на примере слайд-шоу презента-
ции рассматриваются трудности восприятия устного народного творчества. 
Ключевые слова: устное народное творчество, жанр, метод, художественная литература 
 
Summary  
S.M. Begmanova - Kazakh National Pedagogical University named after Abay, 
The1 st course Undergraduate student, Research leading: d.p.n, prof. T.Q. Jumajanova 
The conceptual types of The methods used to study literature in high school 
In  the  article  modern  methods  of  teaching  Kazakh  literature  namely  folklore  are  considered.  Folklore  is  a  spiritual 
heritage, an invaluable source and wealth of each people. Along with the specified effective methods of training some types of 
exercises during the work with texts are analyzed, use of a wide range of modern technical means is considered. All these 
actions promote formation at the trainee communicative and analytical skills for full-fledged and deep understanding of the 
presented texts by students. Together with it, the comparative method of training in aspect teaching Kazakh literature in the 
foreign audience as this approach promotes the correct and exact understanding of the reading texts widely is considered. And 
also in this article on the example of slideshow presentation difficulties of folklore perception are considered. 
Keywords: folklore, genre, method, fiction, art literature 
 
ӘОЖ 81.367.7 
 
АХМЕТ БАЙТҦРСЫНҦЛЫ ҚОЛДАНЫСЫНДАҒЫ ӘДІСТЕМЕЛІК ТЕРМИНДЕР ЖҤЙЕСІ 
 
А.Е. Сатыбалдиева – Абай ат. ҚазҦПУ, Филология институтының 2-курс магистранты, 
Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор (доцент) м.а. С.А. Жиренов  
 
Бҧл мақалада автор терминология мәселесін қарастырған. Тіл білімі саласының терминдерінің тууына, жасалуы-
на,  қалыптасуына  тікелей  атсалысқан  А.Байтҧрсынҧлының  еңбектеріне  тоқталған.  Ғалымның  тілдік  терминдерді 
ҧлттық санаға лайықтап жасауымен дәлірек айтқанда, әдістемелік терминдер жҥйесін жасағаны айтылған.  
Кілт сӛздер: терминология, сәулет ӛнері, кескін ӛнері, әуез ӛнері 
  
Ғалым қазақ алфавитінің тҧңғыш реформаторы, осы жетілген жазу ҥлгісімен еліне тҧңғыш әліппесін, 
тіл қҧралын, әдебиет танытқышын сыйлаған, таза қазақ емлесімен шыққан тҧңғыш «Қазақ» (1913-1918) 
газетінің  тҧрақты  редакторы,  кӛрнекті  ақын  аудармашы,  публицист-журналист,  ірі  қоғам  қайраткері 
ағартушы-ҧстаз.  Мҧхтар  Әуезовтың  сӛзімен  айтқанда  қазақ  халқының  «Рухани  кӛсемі»  болған 
А.Байтҧрсынҧлының ҧланғайыр еңбегі сан - салада кӛрінеді. 
А.Байтҧрсынҧлының сан-салалы мҧрасын игеру ісі енді ғана басталды. Оның ағартушылық қызметі, 
ғылыми  ізденістері,  жазушылық  жалыны,  ақындық  дарыны,  аудармашылық  ӛнері  қоғам  қайраткері 
ретінде ісі т.б. толып жатқан қоғамдық қызметтердің қай - қайсында да ол ӛзінің ӛшпес ізін қалдырды.  
А.Байтҧрсынҧлы  ӛзінің  ӛмір-баянында  былай  дейді:  «Орынборға  келгеннен  кейін,  біріншіден,  қазақ 
тілін фонетикалық, морфологиялық және синтаксистік тҧрғыдан зерттеумен, екіншіден, қазақ алфавитін, 

Абай атындағы ҚазҦПУ-нің Хабаршысы, «Жас ғалым. Ізденістер. Мәселелер. Зерттеулер» сериясы, №1(7), 2016 ж. 
116 
орфографиясын жеңілдету және реттеу ҥшін реформа жасаумен, ҥшіншіден, қазақ жазба тілін лексикалық 
шҧбарлықтан  арылтуға,  ...  термин  жасау  арқылы  халықтың  жанды  тілінің  арнасына  кӛшіру  істерімен 
айналыса  бастадым»  дей  келе,  мҧны  ӛзі  жасаған  оқулықтар  мен  ӛзі  басшылық  еткен  «Қазақ»  газеті 
арқылы жҥзеге асырғанын айтады.  
Халықтың сана-сезімін ояту ҥшін жаппай сауаттандыру жҧмысын жҥргізу керек екенін ҧққан ғалым. 
Ӛзі  мақсат  еткен  мәселелерге  ретімен  тоқталған.  А.Байтҧрсынҧлының  1912  жылы  Орынборда  «Оқу 
қҧралы» деген атпен жарық кӛрген кітабы қазақша сауат ашатын тҧңғыш әліппе қҧралы. Мектепте қазақ 
тілін пән ретінде ҥйрететін «Тіл қҧрал» атты 3 бӛлімнен тҧратын оқулықтың І бӛлімі фонетикаға  
1914 ж, ІІ бӛлімі морфологияға, 1914 ж, ІІІ бӛлімі синтаксиске 1916 ж арналған. «Баяншы» 1915 жылы 
Қазаннан жарық кӛрген еңбегі қазақ мҧғалімі ҥшін әдістемелік қҧрал болса. «Әдебиет танытқыш» 1926 
жылы  басылып  шыққан  әдебиеттануға  кіріспе  еді.  1925  жылы  «Әліпбидің»  жаңа  тҥрін  жариялайды. 
Ғалым осындай қҧралдың ересектер ҥшін де аса қажет екенін ескеріп, «Сауаташқышты» жазады. Ол оқу-
лық бірінші 1924 жылы Орынборда, 1926 жылы Семейде басылып шыққан. Осы оқулықтарды тҥзу бары-
сында ғалым әрбір ҧғым, тҥсінік, нәрсе, затқа әсіресе, грамматикалық категориялардың бас-басына қазақ-
ша термин береді. Ал оларды дәл, нақты, дҧрыс тауып қолданғанын ӛмір уақыт сыны дәлелдеп отыр.  
Қазақ терминдерін сӛз еткенде, терминология мәселесінің тууына, жасалуына, қалыптасуына тікелей 
атсалысқан А.Байтҧрсынҧлының есімін бірінші алатынымыз белгілі. 
«Тілдің  міндеті  –  ақылдың  аңдауын  аңдағанынша,  қиялдың  меңзеуін  меңзегенінше,  кӛңілдің  тҥюін 
тҥйгеніңше айтуға жарау. Мҧның бәрін жҧмсай білетін адамы табылса, тіл шама қадырынша жарайды. 
Бірақ  тілді  жҧмсай  білетін  адам  табылуы  қиын…  Сондықтан  сӛзден  жасап  сӛз  шығару  тегін  әркімнің 
қолынан  келе  бермейді  және  шығарғандардың  да  сӛздері  бәрі  бірдей  жақсы  бола  бермейді»  [1],  -  деп, 
тілдің міндетін терең тҥсініп, оны термин шығармашылығында асқан шеберлікпен, ҥлкен жауапкершілік-
пен жҧмсай білген ҧлы тҧлғаның қазақтың ғылыми терминологиясын қалыптастырудағы еңбегі ҧшан - 
теңіз. Ғалымның тіл білімі саласындағы еңбектерін саралау, жҥйелеу, оларға тарихи тҧрғыдан баға беру 
бҥгінгі тілші ғалымдардың еншісіндегі жҧмыс. Тілші ғалым Ӛ.А. Айтбаев тҧлғаның термин жасау тәжіри-
бесін саралай келе, оны «қазақ терминологиясының атасы» [2], - деп бағаласа, 1988 жылдан бері, Ахмет-
тануға ӛзіндік ҥлесін қосып жҥрген тілші ғалым Рабиға Сыздықованың тіл білімі, әдебиеттану ғылымда-
рының, қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін салушы А.Байтҧрсынҧлының ірі ғалым екендігін былайша 
саралайды.  
-  Терминдік  мәндегі  кҥрделі  атауларды  ҧсынуда  А.Байтҧрсынҧлы  тек  ҧғым  дәлдігін  ғана  кӛздеп 
қоймай,  сипаттама  (характеризующий)  компонентін  әсерлі,  ҥнді,  тҧлғалас  сӛздер  болып  келуіне  қатты 
назар аударған. Әдебиеттану саласында жасалған терминдерінде бір тектес және сӛздер мен әдемі әсерлі 
«ойнақы» компоненттер… кӛбірек кездеседі [3]. 
А.Байтҧрсынҧлы,  тӛл  терминдерді  жасауда  қазақ  тілінің  ӛз  мҥмкіндігін  барынша  сарқа  пайдалану 
анық  та  айқын  принцип  ҧстанды.  Ол  «пән  сӛзі  (термин)  ретінде  тиісті  ҧғым  мағынасын  толық  беретін 
қазақ  сӛзін  алу»  принципін  басты  қағида  етіп  алды.  Сол  кездің  ӛзінде-ақ  ғалым  кірме  терминдердің 
талғаусыз қабылдау тіл ҥшін қандай қасірет алып келетінін кӛрегендікпен болжай білген. 
Сӛзіміз  дәлелді  болу  ҥшін  ғалымның  ӛз  пікірін  келтіре  кетейік:  «Біз  сияқты  мәденит  жемісіне  жаңа 
ауыз тиген жҧрт, ӛз тілінде жоқ деп, мәдени жҧрттардың ішіндегі даяр сӛздерді алғыштап, ана тілі мен 
жат  тілдердің  сӛздерін  араластырса  ақырында  ана  тілдің  қайда  кеткенін  білмей  айырылып  қалуы 
ықтимал. Сондықтан мәдени жҧртшылықтың тіліндегі пән сӛздерінің даярлығына қызықпай ана тіліміз-
ден  қарастырып  сӛз  табуымыз  керек»  [1].  Бҧл  пікір  қазіргі  кезде  ХХІ  ғасырдың  басында  да  ӛз  қҧнын 
жойған жоқ. Қайта бізге бағыт-бағдар беретін ағалы тҧжырым болып отыр.  
Жоғарыда  айтқанымыздай,  А.Байтҧрсынҧлы  термин  жасауды  теориялық  тҧрғыдан  ғана  кӛрсетіп 
қойған жоқ, ӛз еңбектері арқылы іс жҥзінде жҥзеге асырды. Сондай еңбектерінің бірі қазақ тілінің ӛзіне 
тән табиғатына сай тӛл  оқулығы  «Тіл қҧрал» жайында былай дейді.  «Тіл қҧрал» деген аты қандай жат 
кӛрінсе,  ішкі  мазмҧны  да  әуелі  кезде  сондай  жат  кӛрінер,  ӛйткені  қазақта  бҧрын  болмаған  жаңа  зат… 
Халықта болмаған нәрсе жат кӛрініп, бірте-бірте ойы ҥйренген соң қалатын [1]. Шынында да ол жат бол-
мақ тҥгіл, ана тілінің жҥйесін танытқан бҧл қҧрал ізі бҥгінде бар қазақ тілі оқулықтарында сайрап жатыр.  
Кӛрнекті ғалым, ҚР ҦҒА-ның академигі Р.Сыздықованың мына пікірі тӛл оқулық жайлы кӛп нәрсені 
аңғартады «Тіл қҧрал» тҧңғыш оқулық болумен қатар, бастауыш мектепке яғни алғашқы 4-5 жыл оқитын 
шәкірттерге  арналғанмен,  бҧл  қазақ  тілінің  фонетикалық  және  грамматикалық  қҧрылысын  талдап, 
жҥйелеп танытып берген, қазақ тіліндегі тҧңғыш ғылыми жҧмыстың басы болды. Қазақ тілі фонетикасы 
мен грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша термин ҧсынды» [1].  
А.Байтҧрсынҧлының  еңбектерінің  қҧндылығының  нәтижесінде  әр  жылда  еңбектері  толықтырылып 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Молодой ученый. Поиски. Проблемы. Исследования», №1(7), 2016 г. 
117 
басылып отырған. Ғалымның «Тіл қҧрал» атты еңбегі 1914 ж, 1918 ж, 1920 ж, 1922 ж, 1924 ж, 1925 ж, 
1927  жылдары,  яғни  7  рет  басылған.  Қызылордадан  1925  жылы  толықтырылып  басылып  шыққан 
А.Байтҧрсынҧлының «Тіл қҧрал» еңбегіне назар аударсақ. Ғалым: 
1. Тіл мүшелері (сӛйлеу мен сӛйлем, сӛйлем мен сӛз, сӛз бен буын, буын мен дыбыс)  
2. Қазақ тіліндегі дыбыстар: олардың таңбалары 
1. Жарты дауысты дыбыстар 
2. Қатаң дыбыстар 
3. Ҧяң дыбыстар 
4. Ымыралы дыбыстар 
5. Ымырасыз дыбыстар 
3. Сөз тұлғалары 
1. Тҥбір сӛз 
2. Туынды сӛз 
3. Қос сӛз 
4. қосалқы сӛз 
5. қосымшалар 
4. Сөз жазуының жалпы ережелері. 
5. Жұрнақтар 
6. Атауыш сөздер (зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік) 
7.  Шылау  сөздер  (ҥстеу,  демеу,  жалғаулық,  одағай  деп,  олардың  тарауларына  ішкі  топтарының 
жасалу туралы маңызды тҧжырымдар жасап, жеке-жеке атаулармен атаған. 
«Тіл қҧралындағы» сӛз таптары мәселесінде сӛздерді топқа бӛлмес бҧрын, ең алдымен атауыш және 
шылауыш  сӛздер  деп  ҥлкен  екі  топқа  бӛлген,  ол  топтарды  «мағынасына»  қарай  тоғыз  топқа  жіктеген. 
Олар іштей зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, ҥстеу, демеу, жалғаулық одағай [1], - деп алғаш-
қы бесеуі, яғни зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік «атауыш сӛздер», ал ҥстеу, демеу, жалғау-
лық одағайлар шылау сӛздер қатарында қарастырылды [1]. Ғалымның атауыш сӛздер дегені толық лекси-
калық мағыналы сӛздер тобы болса, шылау сӛздерге лексикалық мағыналары жоқ сӛздерді топтастырған. 
А.Байтҧрсынҧлының тіліміздегі сӛздерді топтастыруындағы жалпы жҥйе негізінен ӛзгеріссіз кҥні бҥгінге 
дейін қолданылып келеді.  
«А.Байтҧрсынҧлы жасаған терминдер жҥйесі, бір қарағанда, оп-оңай болып кӛрінгенімен, ол ӛте кҥр-
делі де терең ізденістер нәтижесінде пайда болған ғылыми туынды. Ӛйткені іс оның кҥнделікті нақты - 
педагогикалық ҧйымдастырушылық, оқытушылық жҧмыс және ғылыми қызметімен тығыз байланысты 
жҥргізіліп  отырғанынан  туындайды.  А.Байтҧрсынҧлы  ҥшін  ең  маңыздысы  -  жасалған  терминдердің 
қҧрылымы мен семантикасы жағынан қазақ тілінің қарапайым лексикасына жақын болды», - дейді ғалым 
Ӛ.Айтбаев [2]. 
«Тіл-қҧралдың» морфологияға (сӛз жҥйесіне) арналған ІІ бӛлімі 1914 жылы жарық кӛрген. Еңбек әр 
жыл сайын толықтырылып ӛңделіп 1914 ж, 1915 ж, 1920 ж, 1922 ж, 1923 ж, 1924 ж, 1925 ж, 1927 жылда-
ры,  яғни  8  рет  басылған.  Бҧның  себебі:  ғалымның  еңбектері  сол  кездің  ӛзінде  керекті  қҧнды  кітапқа 
айналғаннын дәлелдейді. Еңбектің Орынборда 1915 жылы басылып шыққан кітабында зат есімді дерек-
ті-дерексіз, жалпы-жылқы, жекелік-кӛптік мәнді тҥрлерге бӛліп атаулар берген. Қазіргі грамматикамен 
«Тіл  қҧралдағы»  зат  есімдердің  мағыналық  топтарының  арасында  да,  атауларында  да  айтарылықтай 
айырмашылық жоқ. Бҧл терминдер әбден қалыптасып, бҥгінгі кҥні қолданылып жҥр, қолдана береді де.  
А.Байтҧрсынҧлы  жасаған  терминдер  мен  жазған  оқулықтар  тек  қазақ  еліне  ғана  қызмет  еткен  жоқ, 
кӛрші халықтарға да ҥлкен қызмет кӛрсетті. Мысалы қырғыз мемлекетінің тарихын жазған академик Э.А. 
Измайлов  қырғыз  халқы  А.Байтҧрсынҧлының  «Тіл  қҧралы»  бойынша  хат  таныды  деп  жазған.  Бҧл 
оқулықтар ғалымның таза ана тіліндегі бастамасы және дҧрыс жазылған еңбек болды. А.Байтҧрсынҧлы 
бір топ терминдерді ғана емес, бҥкіл бір ғылым саласындағы арнаулы ҧғымдардың атаулар жиынтығын 
дәлірек айтқанда терминдер жҥйесін жасаған. Ғалымның осындай тҧтас терминдер жҥйесін қалыптасты-
руы - оның қазақ тіл білімінің терминдерін жасаушы екендігінің дәлелі бола алады.  
Ҧлттың  сипаты  мен  ерекшелігі  тілі  болса,  қазақ  тілінің  жҥйесін  алғаш  рет  зерттеген,  қазақ  тіл 
мәселерімен қатар әдебиет саласына да  тың еңбектер жазған.  Әдебиеттану саласында тҥрлі бағытта ой 
қорытып,  пайымдау  барысы  әйгілі  ғалымды  «Тіл  қҧралы»  тәрізді  тҧңғыш  оқулық  тҥріндегі  ғылыми 
еңбегінің екінші қанатындай етіп «Әдебиет танытқышты» жарыққа шығаруы.  
«Әдебиет  танытқыш»  алғаш  рет  1926  жылы  Ташкентте  басылып  шықты.  1937  жылдары  тиым 
салынып, 1989 жылы «Жазушы» баспасынан және 1991 жылы «Жалын» баспасынан ғылыми айналымға 

Абай атындағы ҚазҦПУ-нің Хабаршысы, «Жас ғалым. Ізденістер. Мәселелер. Зерттеулер» сериясы, №1(7), 2016 ж. 
118 
қайта  оралды.  Қазақ  тіліндегі  әдебиет  теориясы  бойынша  алғашқы  оқулық  болып  табылатын  бҧл 
кітаптың басты ерекшелігі әдебиетке қатысты ғылыми терминдерді қазақша қалыптастырды.  
«Әдебиет  танытқышта»  әдебиеттің  міндеті  былай  тҥсіндірілген:  Адамның  жан  қоштау  керегінен 
шыққан  нәрселер  «Екеуіне  жҧмсалатын  ӛнер  тҥрін  А.Байтҧрсынҧлы  анықтап  береді  –  тіршілік  ҥшін 
жҧмсалатын тірнек ӛнері болады, соңғысы нәрселерге жҧмсалатын ӛнер-кӛркемшілік ҥшін кӛрнек ӛнері 
болады» [4]. Кӛрнек ӛнерін А.Байтҧрсынҧлы бес тарауға бӛліп қарайды.  
1.  «Сәулет ӛнері» (европаша архитектура) 
2.  «Сымбат ӛнері» (европаша скульптура) 
3.  «Кескін ӛнері» (орысша живопись) 
4.  «Әуез ӛнері» (европаша музыка) 
5.  «Нәрсенің жайын, кҥйін, тҥрін, ісін сӛзбен келтіріп кӛркейту ӛнері.  
Бҧл  сӛз  ӛнері  болады.  (қазақша  асыл  сӛз,  арабша  әдебиет,  европаша  литература).  Енді  оның  басқа 
ғылымдардан ерекшелігі». Ӛнердің ең алды сӛз ӛнері деп саналады. «Ӛнер алды қызыл тіл» деген қазақ 
мақалы  бар.  Мҧны  қазақ  сӛз  баққан,  сӛз  кҥйттеген  халық  болып,  сӛз  қадірін  білгендіктен  айтқан. 
Алдыңғы ӛнердің бәрінің де қызметін шама қадірінше сӛз ӛнер атқара алады, қандай сәулетті сарайлар 
болсын,  қандай  сымбатты  я  кескінді  сҥгіріттер  болсын,  қандай  әдемі  ән-кҥй  болсын,  сӛзбен  сӛйлеп, 
суреттеп кӛрсетуге, таныстыруға болады. Бҧл ӛзгелердің қолынан келмейді [3]. 
Сӛз  ӛнеріне  қатысты  барлық  теориялық  ҧғымдар,  тҥсініктер,  терминдер  «Әдебиет  танытқышта» 
тҥгелімен қазақша атауларымен берілген. «Сӛз ӛнері», «Шығарма сӛз», «Мазмҧн тҥрлері», «Сӛз ӛнерінің-
ғылымы», «Тіл асылы», «Сӛз толғау», «Тіл (лҧғат) әуезділігі», «Ӛлең шығару», «Қара сӛз бен дарынды 
сӛз  жҥйесі»,  «Қара  сӛз»,  «Дарынды  сӛз»,  «Ауыз  әдебиеті»,  «Қалып  сӛзі»,  «Жазу  әдебиеті»,  «Діндар 
дәуір», «Сындар дәуір», «Толғау», «Айтыс-тартыс» деген тақырыптардың ӛзі кӛрсетіп тҧрғандай тарау 
аттары тҥгелдей қазақша аталады. Ғылми еңбектің ӛне бойында сақталатын бҧл сипат әр тараудың іштей 
кӛріністерінде тіпті тереңдей тҥсіп, қазақ тілінің байлығын, қандай нәрсеге болса да балама табылатын 
қасиетін айқындай тҥскен.  
Жазылғанына  қанша  уақыт  ӛтсе  де  еңбектің  бҥгінгі  кҥн  тҧрғысынан  алғанда  да  кӛкейкесті  болып 
отырғанын  ешкім  жоққа  шығара  алмайды.  Аталған  оқу  қҧралының  басты  ҧстанымы  бҥгінгі  білім  беру 
сатыларында  мектепте  білім  мазмҧнында  сабақтасып  жатқандығын  кӛруге  болады  және  ол  әлі  де 
қҧндылығын жойған жоқ.  
А.Байтҧрсынҧлы араб графикасы негізіндегі қазақ жазуын тҧңғыш боп реформалады, оған сәйкестен-
діріп  еміле  ережелерін  қҧрастырған.  Бҧл  жаңа  жазу  ҥлгісі  ел  кӛңілінен  бірден  шығады.  1912  жылы 
«Айқаптың» 8-санында М.Дулатов «Жазу тәртібі», деген мақаласында А.Байтҧрсыновтың реформалаған 
жазуын қҧптап, ӛзі де біраз ҧсыныстар жасайды. Ол «Қазақ» газетіндегі «Тіл қҧралына» жазған рецензия-
сында  А.Байтҧрсыновтың  емлесіне  жоғары  баға  берген:  «Қазақ  тілін  қолына  қалам  ҧстағаннан  бері 
қазақша  жаза  бастаған  Байтҧрсынов  қазақ  емлесін  шығарды,  оқу  қҧралдарын  жазды.  Осы  екі  жылдың 
ішінде  «Қазақ»  газетасының  тіл,  емле  туралы  жазылған  қызметі  кӛре  кӛрінерлік  болды.  Екі  жылдың 
ішінде де орта есеппен 250 мың дана «Қазақ» нӛмері тарады; жаңа емлемен 15-тей кітап шықты, бҧлар 45 
мың  данадай  бар.  Осының  бәрі  қазақ  арасына  тарап  жатыр.  Бҧл  емлені  тосырқап  тҥсінбейміз,  оқи 
алмадық деген ешкімді естігеніміз жоқ. «Қазақ» емлесін мҧсылман медреселерінде, орыс школдарындағы 
шәкірттер,  учительдер,  мҧғалімдер  жабыла  қабыл  еткендігі  былтырғы  «Қазақ»  нӛмерлерінің  кӛбінен 
кӛрінеді.  
А.Байтҧрсыновтың  ҧсынған  әліпбиін  орыс  ғалымдары  «Байтурсыновский  алфавит»  деп  атап, 
профессор  Е.Д.  Поливанов  ӛз  кезінде  оған  «…  енді  тҥзетуді  қажет  етпейтін,  тарихи  тҧрғыдан  алғанда 
кемелденген, жетілген ҧлттық графика» - деп жоғары баға берген болатын. Поливанов Е.Д. Новая /казак-
киргизская/  Байтурсыновская  орфография.  Н.Бюллетень  Средне  азатского  госуниверситета,  Вып.  УШ. 
Ташкент 1924 с.36. [5]. 
Сондай-ақ,  А.Байтҧрсынҧлы  тіл  білімі,  әдебиеттану  ғылымдарының  ғылыми  терминологиясын 
жасаумен бірге қазақ әліпбиін жазып шығарды.  
Сӛйтіп  А.Байтҧрсынҧлы  оқу-ағарту  ісі,  оқулықтар  жасау,  әліппе  емле  мәселелерімен  қатар  мәденит 
пен  әдебиет  саласында,  қоғамдық  ӛмірде  әлеуметтік  мәні  бар  істермен  айналысып,  кӛп  нәрсеге  ҧйтқы 
болды.  Тереңінен  ой  қозғап,  байсалды  пікірлер  айтты.  Ғалымның  бҧл  жҧмысы  кӛпшілік  тарапынан 
қолдау тауып, қайраткерлік, ғалымдық, ағартушылық қызметтерімен дарыны, таланты ӛз заманын да аса 
жоғары бағаланып, мойындалды.  
Терминолог ғалымдардың пікірінше, А.Байтҧрсынҧлы жасаған кейбір терминдерді қолданыстан шы-
ғарып тастау, ауыстыру әрекеттері де болған. «Бірақ, деп жазады, Ӛ.Айтбаев – бҧ әркеттен ештеңе шық-

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Молодой ученый. Поиски. Проблемы. Исследования», №1(7), 2016 г. 
119 
пады. Қайта бҧдан артық ҥлгіні қанша әрекет еткенімен жасай алмайтындарына кӛздері жетіп, елдің бәрі 
А.Байтҧрсынҧлы  терминдерін  негізге  алды.  Кҥні  бҥгінге  дейін  мектеп  пен  жоғары  оқу  орындарында 
пайдаланып келе жатқан оқулықтардағы терминдік жҥйе тҥгелімен Ахаң есімімен байланысты» [2] деп 
жазады.  
Ал, ғалым Р.Сыздықова былай дейді: «қазақ тілін талдап, тануда А.Байтҧрсыновтың еңбегін және бір 
бҧл  тҧрғыдан  ерекше  бағалау  керек.  Ол  термин  жасаудаға  іс-әрекеті,  ғалым  қазақ  тілі  грамматикасына 
қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша термин ҧсынды. Осы кҥні қолданып жҥрген «Зат есім, 
сын есім, сан есім, етістік, одағай, шылау, бастауыш, баяндауыш» деген т.с. сан алуан лингвистикалық 
ғылыми терминдердің баршасы А.Байтҧрсыновтікі. Бҧлардың ӛте сәтті жасалғандығын кҥні бҥгінге дейін 
қолданып келе жатқан ӛміршеңдігі дәлелдейді [3]. 
Қорыта  келгенде,  А.Байтҧрсынҧлы  –  ғылымның  әр  саласын  қамтып,  қалыптастыруға  ат  салысқан 
әмбебеп, дарынды ғалым.  
Ҧлт  ҧстазы  атанған  ғалымның  жҥріп  ӛткен  ӛмір  жолы,  қай  қырынан  алсақ  та  кейінгіге  ӛнеге-
қайраткерлігі,  ӛнері,  ғылымы  тереңде  жатқан  мінсіз  маржан  іспетті.  Бҥгінгі  мектеп  оқулықтарындағы 
терминдердің барлығы ғалымның бізге қалдырған мҧрасы. А.Байтҧрсынҧлы еңбектерін тиімді пайдала-
нып, ӛз тәжірибеміздің ӛзекті туы етіп ҧстау, парызымыз деп санаймыз.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет