1 Оразалиева Э. Коннитивтік лингвитика: қалыптасуы пен дамуы, - Алматы, 2006 ж. «Ан Арыс» баспасы.
2 Әмірбекова А. Қазіргі қазақ тіл біліміндегі жаңа бағыттар – Алматы, 2011 ж. Елтаным баспасы.
3 Сыздықова Р. Абай шығармаларының тілі, - Алматы, 1968, Қазақ КСР «Ғылым» баспасы.
4 Жанпейісов Е., М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының тілі - Алматы, 1976 ж., Қазақ КСР «Ғылым» баспасы.
5 Жҧбанов Қ. Тіл ғылымы жӛніндегі зерттеулер. – Алматы: Ғылым, 1999.
6 Рапишева Ж. (Фил.ғыл.канд., Каримова. А «Қазіргі ғылыми парадигмадағы «тілдік тҧлға» мәселесі» мақаласы.
7 Шаханов М. «Ҧлт анасы – тіл» - Алматы, 2010 ж. «Жедел басу баспаханасы» ЖШС.
8 Қабатай Б.Т. п.ғ.к., доцент «Тіл ғылымындағы танымдық бағыттар» мақаласы.
9 М.Шахановтың әндері мен жҧрт жатқа айтып жҥрген жырлары - Алматы, 2014ж. «Дәуір» РПБК ЖШС.
Резюме
Магистрант ІІ курса КазНПУ имени Абая, Тургунов Е.С., Научный руковадитель: к.ф.н Коканова Ж.А.
Языковая личность Мухтара Шаханова
Абай атындағы ҚазҦПУ-нің Хабаршысы, «Жас ғалым. Ізденістер. Мәселелер. Зерттеулер» сериясы, №1(7), 2016 ж.
58
С того момента как Шаханов начал писать, он формировал себя как личность и определил свои жизненные
принципы, свободно употреблял их в своем творчестве. Данный процесс можно расценить как большую возмож-
ность для поэта, для свободы своих мыслей и действий. Говоря в общем, через сказанное слово, понятие о языковой
личности говорит об авторе слово, который может поднять личность человека. Каждый человек является человеком
своего уровня, может быть человечеством. Однако, мы не можем рассматривать каждого человека по категории
языковой личности. Потому что, слово данного человека не мог вовремя формировать общественное мнения и
посланника, который не мог дать концепт культуры речи того времени. Слова и мнения поэтов, писателей и предста-
вителей интеллигентного общества и ученых могут формировать общественное мнение и, если оно сможет остаться
в сознании людей в качестве исторического ценного мнения автора такого мнения мы узнаем его как личность.
Соответственно, в исследовании с когнитивной стороны мнения той личности можно узнать языкового личности.
Ключевые слова: Языковая личность, когнитивная лингвитика, концепт, личность
Summary
Kazakh National Pedagogical University named after Abay. The 2 st course Undergraduate student Turgunov E.S.,
Scientific supervisor. c.of.f.s Kokhanova Zh.A
Linguistic personality of Mukhtar Shakhanov
Since Shakhanov started to write, he formed himself as personality and determined life principles, freely used them in his
work. This process can be seen as a great opportunity for the poet, for the freedom of his thoughts and actions. Generally
speaking, through the spoken word, the concept of the language person says a word about the author, which may raise a
person's identity. Each person is a man of his level can be mankind. However, we can not treat every person on the category
of linguistic identity. Because the word of the man could not in time to form public opinion and the messenger, who was
unable to give the concept of speech culture of the time. The words and opinions of poets, writers and intellectual society and
scientists can shape public opinion and, if it is able to stay in people's minds as a valuable historical views of the author of this
opinion, we know him as a person. Accordingly, in the study of cognitive side views of one person can learn the language of
the person.
Кeywords: Linguistic personality, Сognitive linguistics, Concept, person
821. 512 122 – 3.0
Қ.МҦХАНБЕТҚАЛИҦЛЫНЫҢ «ТАР КЕЗЕҢ» РОМАНЫНДАҒЫ ТАРИХИ ДЕРЕКТІЛІК
Б.Н. Қанленова – Абай ат. ҚазҦПУ, Филология институтының 2-курс магистранты,
Ғылыми жетекшісі: п.ғ.к., доцент Тамаев А.
Мақалада қазақтың белгілі батыры, шешен, Байбақты руының биі Сырым Датҧлы ерлігін суреттеген тарихи
роман талданған. Романда Сырым батыр ерлігі, кҥресі арқылы қазақ халқының тәуелсіздігі жолындағы кҥресі кең
ауқымда суреттелген. Автор кӛркем шығармаға арқау болған тарихи шындықты барынша ҧтымды пайдаланған.
Кілт сӛздер: тарихи дерек, кӛркемдік шындық, образдар, образдар эволюциясы, кӛркемдік, жанр, драмтизм
Жазушының қиялы және кӛркем шығармадағы шындық дҥние арақатысы – қашанда әдебиеттану
ғылымы мен сын саласының кҥн тәртібінен тҥсіп кӛрмеген мәселе. Маңыздылығы, зәрулгі бҥгінгі
тәуелсіздік және демократия заманында тіптен артып отыр.
Тарихи шындықты кӛркем жинақтаудың биік ҥлгісі – Мҧхтар Әуезовтің әлемге әйгілі «Абай жолы»
роман-эпопеясы екендігін зерттеуші ғалымдарымыз, сыншыларымыздың бәрі айтты. ХХ ғасырдағы сол
дәстҥр бҥгінгі тәуелсіздік жылдарында да ҥзілген жоқ.
Сол дәстҥр Қажығали Мҧқанбетқалиҧлының Сырымдай батыр, би, дана тҧлғасын бейнелеген «Тар
кезең» романында жалғасын тапқан. Туындыда қазақ халқы ҧлттық бет-әлпеті ерек, жан жҥрегі жарқын
поэзияға бӛленген халық екені терең де тебірентер шыншылдықпен суреттелген. Сырымдай батырды
жазушы асқақ, айбарлы, ауқымды мінез ерекшелігін кӛкейден кетпейтіндей етіп бейнелеген.
«Тарихи роман халықтың бҧрынғысы мен бҥгінгісінің жанды байланысын кӛркем бейнелер арқылы
ашады. Мҧндай шығармалардың танымдық мәні ҥлкен. Олардан халық ӛмірінің ӛткені мен қазіргісінің
арасында қаншалық айырма бар екенін ілгерілеуіміздің сипатынан ҧғамы» [1, 63 бет]. Кеше мен бҥгінгіні
сабақтастырып, қайсар рухымен, тар жол тайғақ кешкен тағдырымен халық санасына жол тартқан Сырым
батыр туралы қаламгер Қажығали Мҧқанбетқалиҧлының «Тар кезең» романы уақыт талабынан, дәуір
сҧранысынан туған шығарма деп есестеуге болады. Роман шын мәнінде жеке бір адамның ғана емес,
сонымен қатар тҧтас халықтың, ҧлттың басындағы жағдайды, тағдыр тауқыметін, кҥресті, жеңісті,
әлсіздікті, отаршылдықты, тҧтас халықтың ерекшелігін, қадір-қасиетін паш ететін туынды.
«Романның тууы әдебиет кәмелетінің, ӛнердің марқайғандығының белгісі ғана емес, халықтың рухани
Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Молодой ученый. Поиски. Проблемы. Исследования», №1(7), 2016 г.
59
ӛмірдегі есеюінің кӛрсеткіші. Зады, жалпы роман жанрына тән қасиеттер мен заңдылықтар, романның ҧлт
әдебиетіндегі кӛрінісі бажайланып, тиянақты зерттелуі ләзім» [2, 163 бет] – дейді роман жанры жайында
академик Р.Нҧрғали.
Кӛркемдік жинақтау кӛзі – объективтік шындық. Сол шындықтың ішінен типтік қҧбылыстарды
ажыраты білу, шығармашылықпен интуициямен сезініп, академик З.Қабдоловтың сӛзімен айтқанда,
«мидың мың градустық домнасында қҧрыштай қорытылып шыққан сӛздердің» [2, 196-бет] эстетикалық
игерілуі деп тҥсінуіміз қажет. Ӛмірдің мәнді, маңызды, объективтік қҧбылыстары мен сол қҧбылыстар
туралы субъективтік тҥсініктерін типтік образда ҧштастыра білетін талант иесі ғана кӛркемдік пен
шындықты ҧштастырып, әдеби шығарма туғызбақ.
Типтендіру қҧралы шындық дҥниеден кӛрген білгенді сол кҥйінде тҥсіре салатын фотоаппарат емес.
Типтендіру ӛмір фактілерін іріктеуден басталады. Кӛркем сӛз ӛрнегіне елеусізі емес, елеулісі, мәнсізі
емес, мәндісі іріктеліп салынбақ.
Жалпы ХVІІІ ғасыр қазақтар ҥшін ӛте қасіретті ғасыр ретінде тарихтан белгілі. «тарихшы Алексей
Левшиннің жазуынша және қазақ жырауларының жырларында айтылған жоңғария қалмақтары, жоңғария
қалмақтары әрқайсысы 10 мың жауынгері бар, 7 қолмен қазақтарды шапқан. Екпіні қатты шапқыншылар
Қазақтың оңтҥстік аудандарыындағы бейбіт елді аяусыз қырғынға ҧшыратып, Тҥркістан, Сайрам,
Ташкент қалаларын басып алды. Жоңғарлардың жойқын шабуылының нәтижесінде қазақтар шайқас да-
ласында мыңдап жауынгерлерінен айрылды, ал қорғансыз халықтың шығыны одан әлдеқайда кӛп болған.
Абылай ханның айтуынша, сол кезде әрбір он адамның тӛртеуі қаза тапты. Бҧл деректі Ш.Қҧдайбердіҧлы
да қоштайды. Тарихта бҧрын болып кӛрмеген алапат қҧбылыс – қазақтың ҥдере қашқан босқыншылыығы
туды. Жоңғар шапқыншылығынан кҥйзелген қазақ жеріне Еділ бойы Қалмақтары (торғауыттар), Жайық-
тың казак-орысы, Орал башқҧрттары, Қоқан бектері, Бҧқар мен Хиуа хандары тҧс-тҧстан шабуыл
жасады. Қазақ елі ӛз тарихында алғаш рет қасіретті зардабы ӛте зор зҧлматқа тап болып, жер бетінен жоқ
болу қаупіне ҧшырады» [3, 120-бет] деп осы дәуірдегі ҧлт басындағы қасіретті зерттеуші Сатемирова Д.А
дҧрыс кӛрсеткен.
ХVІІІ ғасырдың соңы, ХІХ ғасырдың басы қазақ тарихында ең бір кҥрделі, қайшылығы мол дәуір.
Cебебі ХVIII ғасырдан бастап патшалық Ресей империясының басқыншылық саясатының кҥшеюі халық-
тың саяси, әлеуметтік-шаруашылық жағдайын нашарлатып жіберді. Қазақтар ӛздерінің ежелгі ата-баба
мекенінен, шҧрайлы қоныстарынан ығыстырылып шығарылды. Қазақтар ӛздерінің саяси және экономи-
калық еркіндігінен айрылып, барлық билік барған сайын орыс патша ҥкіметінің Орынбор ӛлкесіндегі
жергілікті орыс әкімшілігінің қолына шоғырлана берді.
Автордың пайымдауынша отаршылдықты ҧстап отыруға әбден еті ҥйренген адамдар ӛзіне бодан
болған елді соншалықты қорлағандарының себебі, олар ҥшін бодан халықтың барлық жасаған іс-әрекет-
тері, тіптен ӛмір сҥрулерінің ӛзі де ҥлкен қылмыс. Сондықтан да автордың ҧстанған бағыты, идеясы,
әрине, тәуелсіздік идеясы Қажығали Мҧқанбетқалиҧлының осы шығармасы арқылы Ресей мен Қытай
тәрізді алпауыт мемлекеттермен кӛршілес, Ресей тәрізді алпауыт мемлекетке бодан болып отырған қазақ
халқының кӛрген зорлық-зомбылықтарын, бар қайғы-қасіреттерін ӛзіндік нақышпен, кӛркем сӛзбен, алаш
жҧртшылығының тәуелсіздік жолындағы қҧрбан еткен ӛмірлерін бҥкпесіз оқырман назарына ҧсынады.
Жайық пен Еділ аралығындағы қҧнарлы, сулы-нулы жерлерге орналасып алған казак-орыстар қазақ
ауылдарына ҥздіксіз шабуыл жасап, кіші жҥз қазақтарының малдарын адамдарына қоса айдап әкетіп,
Байҧлы, Әлімҧлы, Алаш, Беріш, Тама, Адай, Шеркеш т.б. кіші жҥз руларына тоқтаусыз зорлық-зомбылық
жасады. Оның ҥстіне патша ӛкіметінің жергілікті шенеуніктері қазақтардың байырғы жерлерін тартып
алып, аса ауыр қысым кӛрсетті. Патша ӛкіметі қазақтарды Жайық сыртына, Еділ бойына ӛткізбей, оған
тиым салды. Сонымен қатар Екатерина II қазақ жерінде басқыншылық билігін нығайту мақсатында жаңа
заңнамалық қҧжаттар қабылдады. Мәселен, орыс-казактарға қазақтардың адамдары мен малын ӛз бетімен
кез келген уақытта тартып алуға, кҥдік тудыратын кез-келген қазақты ҧстауға ресми тҥрде рҧқсат етілді.
Осының бәрі халықтың наразылығын кҥшейтіп, жаппай кӛтерілуге әкеп соқты. Сонымен қатар азаттық
қозғалысқа патша ӛкіметінің қысымына шыдамаған би, старшын және батырлар қатынасты. Осындай
тарихи шынайы оқиғалар Қажығали Мҧқанбетқалиҧлының «Тар кезең» романына арқау болған.
Шығарманың ӛн бойынан сезіліп тҧрған ащы қасірет, әділетті кек осының бәрі оқырманды тебірент-
пей қоймайды. Бҧл туралы романда «Алдын ала келісім бойынша, Текенің казак-орыстары да қазақты
шабуға ақпанның дәл 17-де – бҧлармен бір кҥнде жлға шығуға тиіс болатын. Әскер тәртіптің аты - әскери
тәртіп; Жайық қалашығындағы уәйіске кеңсесінің бастығы бригадир Акутин уағда бойынша бҧл сапарға
әскери ағамандар Колпаков пен Пономарев бастаған трядты дәл уақытында аттандырды да.
Содан... Колпаков пен Пономарев Теке мен Ҥйшік арасындағы бекіністерді ҧзақ шарлап, ақыры
Абай атындағы ҚазҦПУ-нің Хабаршысы, «Жас ғалым. Ізденістер. Мәселелер. Зерттеулер» сериясы, №1(7), 2016 ж.
60
наурыздың бас кезінде ат басын Сарайшыққа кеп әрең тіреген. Текеден сырт кӛзге жау тҥсірердей боп
аттанған осы отряд, Сарайшыққа келгенше, шыныныда да, сҧп-суық сҧсын жоғалтқан жоқ-ты. Бірақ
наурыздың 15-і кҥні Сарайшықтан қырға қарай қозғалып, кӛз кӛрместей жерге ҧзадық-ау дегенде, бҧлар
баяғы Жайық казактарыының ескі әуеніне қайта басты. Кӛздеген жерлері – Жемді де, «Жем бойында
жиылып жатыр екен» деген «ҧры-қары қырғыз-қайсақтарды» да мҥлде ҧмытып... (қҧрысын, кілең
жанкешті қырғыз-қайсақтар жиылып жатқан Жемде бҧлар не жоғалтыпты?! Жемге барамыз деп жҥріп,
желкелері қиылып қалса қайтпек?!), оның есесіне осыдан бірер кҥн бҧрын барлаушылар әкелген мәлімет
бойынша, ер-азаматтары аламанға қосылып кетіпті дескен Қҧр Ойыл бойындағы ауылдарға қарай ат
басын бҧрысты.
Сӛйтіп, бҧл отряд тӛменгі Жайық шебіне қарасты Қаракӛл, Қарабау деген жерлерде қанен-қаперсіз
отырған Беріштер мен Адайлардың екі ауылын тәңірінің тал тҥсінде тас-талқан қылып шапты да алды» -
деп жазады автор [3, 201 - б.]. Мҧздай қаруланған орыс әскерінің бейбіт ауылды қан қақсатқан суреті,
алмағайып кезеңнің шынайы бейнесін жазушы эпикалық жанрда ашуға ҧмтылады. Жазушы шынайы
тарихи деректі ала отырып оған тҥрлі позициядан сәуле тҥсіруге ҧмтылады. Оқырманның зерде
талқысына салып, ой таразысында салмақтауына ықпал етеді. Еш себепсіз қарусыз, панасыз, әлсіз
қазақтар сақадай сай қаруланған, әпербақан орыс әскерінің талауына ҧшырайды. Әлсіздің аты - әлсіз,
кҥшті жонын кҥжірейтіп әлсізді жемтігіне айналдыра бере ме? Зҧлымдық, қатыгездік ақылды, ойлы
саналған адам қоғамында еш шімірікпестен бола бере ме? Осы мәселелерді жазушы оқырманының ой
таразысында қалдырады.
Осы жорық туралы Урал Уәйіске кеңсесі Ресейдің Әскери Коллегия Президенті Птемкинге мынадай
рапорт жолдайды:
«Колпаков пен Пономарев Жемге жорықты қоя тҧрып, әлгі Беріштер мен Адайлардың қонысына
қарай тартқан да, Мырзатайдың баласы Мәмбеттің бастауымен ҥш кҥненнен кейін әлгі жерге жеткен.
Қарсыласқан ҧры қарылар біздің ҥш казктың астындағы аттарын атып тҥсіріп, бір-жар адамды жарақатта-
ғанына қарамастан, отряд олардың біразын ӛлтіріп, кӛпшілігін тірілей қолға тҥсіріп, 102 адамды тҧтқын-
даған. 2 955 жылқы, 83 тҥйе алынған... сының бәрін айдап, артынып-тартынып, тӛменгі Урал шептеріне
жеткен отряд қазір де сол артынып –тартынған кҥйлерінде Орал қаласына қарай қайтып келе жатыр...» [3,
202 - б.]. Ашықтан ашық желіккен, қызылсыраған казак-орыстар барды да қазақ аулының адамын ӛлтіріп,
малын айдап әкетті. Романды оқып отырып ызаң келеді. Бірақ бақ та, байлық та, кҥште кӛпте екендігін
амалсыз мойындайсың. Шекарада мықты қаруланған қаптаған қалың орыс әскері... Бірақ зҧлымдыққа,
озбырлыққа қарсы тҧрар, оны жеңер кҥш бар дегенді жазушы мҧрат еткен. Бҧл ыза оқырманның ғана
ызасы емес, ол одан кейін романда суреттелер халық кӛтерілісінің негізгі себебі деуге болады.
Оқырманның басына саналуан ойлар келіп, неше тҥрлі сезім қамайды. Бҧл шығарма әсерін, жазушы
талантының қуатын кӛрсететін белгі.
Романда одан әрі желіккен казак-орыстар мҧнымен тынбайды. «Ойбай, Колпаков пен Пономарев
отряды қырғыз-қайсақтардың быт-шытын шығарып, мол олжамен келе жатқан кӛрінеді. Әрі кетсе бір
аптада қалаға кіреді екен...» деген әлгі хабар гу ете қалды» [3, 203 - б.]. - дейді жазушы романда. Қазақтар
арасында ӛскен, қазақ жайын ӛте жақсы білетін Даниило Дмитрич Донсков тәрізділер қазақ ішіне аттанар
әскерлерді «... оларға жорықта алып жҥруге жеңіл зеңбіректер береміз. Зеңбірек қазақтарды шыдатпай-
ды!» [3, 206 - б.]. дегеніндей сол дәуірдегі озық соғыс техникасымен қаруландырып отырғаны сияқты
тарихи шынайы деректерді жазушы шығарманың ӛн бойында ҧтымды пайдаланып отырған. Отрядтың
мол, тегін олжамен келе жатқанын естіген қаладағы қалған орыс-казактар екі алақанын сарт-сҧрт ҧрып,
білек сыбанып қазақ ішіне жортуылға баруға сондай бейілді екенін жазушы реалистікпен бере білген.
Казак-орыстар әрекеті жасандылықтан, боямадан ада. Романда сол дәуірдің еш боямасыз ащы шындығы
шырқырап тҧр. Адамзат қоғамындағы әділетсіздік, зҧлымдық демегенде не дейсіз?
Орынбордағы Шекара істері жӛніндегі экспедиция және Жайық қалашығындағы казак әскерлерінің
Уәйіске кеңсесі бастығының орынбасары Даниил Донсков ӛзінің бастығы бригадир Акутинге казактардан
жаңа отряд жасақтап шеп бойына жақын қыстаған қазақтарды Жайық бойынан кӛшпей тҧрып ауылдарын
шауып алуды, мал-мҥлкін талап алуға қайта-қайта рҧқсат сҧрайды.Осы жағдайды жазушы мынадай
диалог арқылы береді. Мысалы:
«- Әрине, жаңадан отряд жасақтау керек, Ваше высокородие! – деді, қайтадан шақырып алып ақылдас-
қанда орынбасары Донсков. – Ӛткенде отрядқа ілікпей қалған казактардың біразы Сіз бен бізге ӛкпелі еді.
Енді Колпаков пен Пономарев отрядының олжалы келе жатқанын естігеннен бері, тіпті іштері кҥйіп жҥр.
Жинайық соларды!..
- Жина! Жина да дереу жолға аттандыр! – деді енді Акутин.
Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Молодой ученый. Поиски. Проблемы. Исследования», №1(7), 2016 г.
61
Сол - сол-ақ екен, Данил Донсков жақында ғана шені жоғарылаған ӛзі жас, ӛзі қызуқанда офицер Петр
Назаровты шақырып алып, қалада қалған казактардан 225 адамды іріктеп берді де, Жайық бойындағы
қамалдар мен форпостылардан жолшыбай тағы 180 адамды қосып алуға рҧқсат етілген қағазды қолына
ҧстатып, мҧздай қаруланған отрядты екі жеңіл зеңбірегімен жолға шығарып та жіберді.
Қала сыртындағы кҥре жолдың басында тҧрғанда ғана, отряд бастығы Назарвты оңаша алып шығып
айтқаны:
– Бір нәрсе есіңде болсын, Петруха! Осы жолғы олжаларыңның тек жартысы ғана ӛздеріңдікі болады.
Естіп тҧрсың ба, тек... тең жартысы ғана!!! Солай! Оған ренжімейсіңдер!
–Жарайды, Даниило Дмитрич! Тҥсінікті... – деп, аржағын айтқызбастан Назаров сақ- сақ кҥлді. – Бҧл
сапарға кімнің арқасында шығып бара жатқанымызды білеміз ғой! Сондықтан сіздің ҥлесіңізге ешкімнің
де дау-далабасы бола қоймас. Қош-ш!!! – деді де, қаладай тістері ақсия кҥлген кҥйі, бағанадан бері
ауыздықпен алысып, кӛзі шатынап әрең тҧрған астындағы кҥреңқасқа аттың тізгініні қағып қалып, ҧзап
бара жатқан серіктерінің соңынан тасырлата жӛнелді» [3, 209 - б.].
Бҧл диалогтен Донсков, Назаров болмысы кӛрінеді. Полифониялық романға тән қасиет бҧл шығарма-
дан да кӛрінеді. Себебі, жазушы кеіпкерлер әрекетіне араласпайды, оны бағаламайды. Оларды бағалауды
оқырманның еншісіне қалдырады.
Автор сол кездегі қоғамдық саяси мәселелерге кейіпкерлерін, табиғат кӛрінісін, кейіпкерлердің ішкі
сезім толғаныстарын, арпалыстарын сай етіп бейнелейді. Тіптен, сол кездегі қоғамдық ортаны жан-жақты
суреттегені соншалық, кейіпкерлер бейнесін, даралық сипаттарын шынайы кӛрсете білген.
Бас кейіпкер Сырымның шыққан тегі, ауыр тағдыры, тіршіліктегі шырғалаңдары эпикалық романға
лайық дҥниелер.ХҤІІІ ғасырдың соңы, ХІХ ғасырдың басындағы басындағы қазақтардың хал-ахуалы,
«Ҧлы орыстық шовинизм» саясаты, хан мен қарапайым халық арасындағы тартыс – тәрізді шындықты
жазушы білгірлікпен кӛрсете алған.
Қаламгердің Сырым батырды: «Алдарындағы тірліктің беймағлҧмдығынан ба, әлде әр пенденің
тағдыры әзелден лаухыл-махфузда жазулы тҧрады дегенмен, осынша жанның ертеңгі кҥнгі обал-сауабы
еріксіз толғантты ма, әйтеуір батыр ҥстіндегі бадана кӛзді ақ сауытты айырып жіберердей алпамса кеуде-
сін тіп-тік ҧстап тҧрғанмен, әлденеге бҥгін кібіртіктіреңкіреп, қабағы тас тҥйіліп, екі қасының арасындағы
терең қос сызық қазылыңқырап, әншейінде кісіге шаншала да, сынай қарайтыншарасы кең, ӛткір қоңыр
кӛзінің оты тҧнжыр тартып, әдеттегідей емес...» [3, 253-б.] деп суреттейді..
Осы портреттің ӛзінен нағаз батырға тән сипатты кӛреміз.
Кіші жҥздің ішіндегі он екі ата Байҧлынан шыққан, халыққа кеңінен белгілі батыр Сырым Датҧлы
кӛтерілісті басқарды. Асқан ақылдылығы мен тапқырлығы ҥшін бала кезінде-ақ «Бала би» атанған батыр
кӛтеріліс барысында шебер дипломат, әскери қолбасшы әрі кӛрнекті ҧйымдастырушы екенін кӛрсете
білді. Кӛтерілісшілердің жетекшісі Сырым Датҧлы ӛз дәуірінде әрі шешен, әрі би ретінде қазақ ішіне ғана
емес, башқҧрт, қалмақ, ресей жҧртына да кеңінен танылғандығын жазушы романды кӛрсете білген.
Сырым Датҧлының ерлігі мен қайыспас қайсар батырлығы, ерекше ерік кҥші бҥгінге дейін аңыз. Ӛз
зандамандастарының арасында ат қҧлағында ойнайтын шабандоздығымен де ерекшеленетін. XIX
ғасырдың екінші жартысында ӛмір сҥрген ағылшын журналисі Д.Ч. Бульжер былай деп жазды: «...Сырым
батыр - жігерлі, терең ойлы, қайратты, батыл, тапқыр, айлалы ерекше тҧлға. Ол халықтың сҥйіспеншілігі-
не бӛленген, халық оған табынған десе де болады».
Кӛтеріліске қарапайым ел адамдары тҧтастай, олармен бірге старшындар, билер және батырлар белсе-
не қатысты. Олардың бәрі де Кіші жҥздегі барлық рулардың, әсіресе Ресеймен шектес жерлердегі рулар-
дың ӛкілдері болатын. Ӛйткені жайылым тапшылығының ауыртпалығын кӛтерген де, Орал казак әскерле-
рінің шектен шыққан озбырлығын кӛрген де солар болатын. Кӛтерілісшілердің арасында сҧлтандар
тобынан шыққандар да бар еді. Мәселен, атақты батырдың жақын серіктерінің бірі Айшуақ сҧлтанның
ҧлы Жантӛре де осы кӛтерілістің басы қасында болған сҧлтандардың бірі.
Кӛтерілісшілердің қойған ең басты талабы патша ҥкіметінің қазақ жерлерін тартып алуын тоқтату,
сҧлтандардың, ханның және олардың айнала тӛңірегіндегілердің озбырлығына тыйым салу болды.
Романдағы бҥкіл оқиға дамуы, әрекет, ӛмір қҧбылыстары - бәрі де оның негізгі қаһарманы Cырым
Датҧлына байланысты дамиды. Cырым Датҧлы романда әр қырынан кӛрінеді. Батырдың адамгершілік,
ақындық, қайсар қайраткерлік, ӛжет кҥрескерлік қасиет-қабілеттері шығармада жарқырай кӛрінген.
Жазушы роман жазуға аса ҥлкен жауапкершілікпен, ҧзақ жылғы дайындықпен келген. Шынайы дерек
тарихи романның негізгі шарты дейді ғалымдар. Жазушы дерек атаулыны қиялмен қорытып кӛркемдік
кӛрігінен ӛткізбесе, деректі сол қалпында бергеннен діттеген межесіне жетпесі анық. Шығарманың
кӛркемдік кҥші, эстетикалық қуаты болмасы белгілі. Қ.Мҧқанбетқалиҧлының ҧшан-теңіз деректерді
әбден екшеп, іріктеп алғанын Сырым образынан да, оның қасындағы кейіпкерлерден, романдағы оқиға
Абай атындағы ҚазҦПУ-нің Хабаршысы, «Жас ғалым. Ізденістер. Мәселелер. Зерттеулер» сериясы, №1(7), 2016 ж.
62
желісінен де байқауға болады.
Сырым ӛзін қарапайым, сыпайы ҧстап, халықпен ойлы, салмақты қарым-қатынас жасайды. Кӛп
ортасында болады, сӛз тыңдауға, адам тануға ҧмтылады.
Оның осы жолдағы адамдық ізденістері, мінез-қҧлқын қалыптастыруы, толысуы ерекше қызықты.
Романда сол кездегі ел ӛмірінің кең тынысымен астасып, жарқын бейнеленеді.
Романдағы Қараман Тана Малайсары би, Алашадан Ӛтеулі, Сапар, Азамат билер, Масқардан Дӛнен
батыр, Қызылқҧрт Жанбай мен Жабан батыр, Тана Сҧлтанәлі, Табын Қҧламан, Таламан, Жарас, Кӛней
Сырымның ӛз бауырлары Атантай батыр, інілері Жандыбай, Барлыбай, Қалдыбай, Тамадан Қадыр мен
Садыр батырлар бейнелерінде де әділдік аңсаған халық ойларының, даналықтың сипаттары жинақталған.
Жалпы романда қазақтың дара, тектілік қасиеттері, ҧлттық психологияға тән жақсылық пен жиренішті
кемшіліктер сҥйсіне, қазыла айтылады. Олардың кӛбі аталған халық ӛкілдерінің кӛзқарасымен сҧрыпта-
лып беріледі.
Романда игі істің басында тҧрған Сырым батырмен бірге бірталай батырлардың жарқын образдары
жасалған. Олардың ішінде Табын Барақ пен Тіленші, Шекті Кӛтібар батырлар ерекше кӛзге тҥседі. Ел
қорғау, кек қайтару жорықтарында ерлігімен кӛзге тҥскен бҧл батырлар нағыз халық қамқорлары ретінде
суреттеледі. Ел тағдырын Сырыммен бірге ойлап, оның идеясының іске асуына тілек те, білек те қоса
біледі.
Орыс ғалымы Белинский «Тарихшының міндеті – ненің болғанын айту, ал ақынның міндеті – соның
қалай болғанын кӛрсету.
Тарихи драманың мазмҧны тек қана мемлекет ӛмірінен алынуы керек» - деген болатын. Тарихқа кӛз
жҥгіртсек, Сырым Датҧлы атақты батыр, ірі тарихи тҧлға болғанын дәлелдейтін мәліметтер ӛте кӛп. Ол -
ӛзінің ерлігімен, ақылдылығымен, әділеттілігмен бҥкіл елді ӛзініңе қаратып, соңына ерте білген адам. Ол
- Емельян Пугачев бастаған шаруалар кӛтерілісіне де белсене қатысқан, әскери тәртіпті жақсы меңгерген
батыр. Соғыс тактикасын, әскери ӛнерді жетік меңгерген. Сырымның айбарынан, қаһаранынан қарсылас-
тары қорыққан.
Жазушы романда толып жатқан факті, тарихи материалдар келтіреді. Ол материалдарды жалпылама
тізбей оған суреткерлік тҧрғыдан қарайды. Типтік ортана суреттеу арқылы типтік образдарды даралап
кӛрсетеді. Адамдардың әр тҥрлі әрекеттеріне негіз болып отырған әлеуметтік, саяси себептерді ашады.
Әрбір жеке тарихи деректің ӛзінен қоғамдық мәні бар қорытынды жасайды.
Роман – ӛміріміздің кӛлемді тҥрде жазылған бейнесі. Оның ішінде алуан тҥрлі адамдардың тағдыры,
қарым-қатынастары, сезім-кҥйлері, қоғамдық, әлеуметтік, саяси қатынастар да бой кӛтереді. Осылардың
барлығы да жоғарыда талданып ӛткен «Тар кезең» романында сӛз етіледі. Бҧл роман хроникалық сипатқа
ие, тарихи фактілерге негізделген, әдебиетімізде ӛз орнын тапқан, оқырманның сҥйсініп оқитын туынды-
сына айналған дҥние десек, артық болмас.
Қазақ әдебиетінде қазақ-орыс қарым-қатынасын суреттейтін, отаршылдық озбырлығын кӛркемдікпен
кӛрсете білген «Тар кезең» романы ӛз ерекшелігімен, айқын идеясымен, шеберлік кестесімен дараланып
тҧраны кең тынысты туынды.
Достарыңызбен бөлісу: |