О.С. Ахметова, Р.Б. Жолдасова*
ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚЫТУШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ
ҚҦЗЫРЛЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
(Алматы қ., Абай атындағы ҚазҰПУ, ҚазМемҚызПУ, *- магистрант)
Мақалада қашықтықтан оқытудың тиімді жақтары қарастырылған. Атап айтқанда
жоғарғы оқу орындарында, колледж, мектептерде оқу бағдарламасы бойынша
қашықтықтан білім алудың мәні анықталған. Сонымен қатар электрондық оқулық
және бейнефильмдерді, басқа да электрондық басылымдарды қашықтықтан оқытудың
спутниктік арнасы арқылы ендірмейінше кез келген саланың алға басуы мүмкін
еместігі нақтыланған.
В статье рассмотрена эффективность дистанционного обучения. Уточнена цель
дистанционного обучения по образовательным программам вузов, колледжей и
средних школ. А так же уточнена невозможность развития любой сферы без
внедрения электронных учебников, видеофильмов и других электронных печатных
издании через спутниковый канал дистанционного обучения.
Efficiency of the controlled from distance educating is considered in this article. The aim
of the controlled from distance educating is specified on the educational programs of
Institutions of higher learning, colleges and high schools. And impossibility of development
of any sphere is similarly specified without introduction of electronic textbooks, video films
et al electronic printed edition through the satellite channel of the controlled from distance
educating.
Соңғы жылдарда Қазақстандағы білім беру жүйелерінің кұрылымдарында елеулі
ӛзгерістер болып, оқу мен білім технологиясы қаржы қорының байыбына жетіп
түсінудің, нарықты ӛркендету жолында күресудің тиімді құралына айналып отыр. Осы
ретте қазіргі замандағы технологиялық жетістіктерге негізделген қашықтықтан білім
беру жетекші рӛл атқарады. Дүние жүзі бойынша қашықтан білім беру жүйесін
еркендетудің басты мақсаттарынын бірі оқушылардың кез келген мектептер,
колледждер мен университеттердегі оқу бағдарламалары бойынша оқып, білім
16
алуларына жағдай туғызу болмақ. Коммуникациялық каналдарды ауқымды түрде
тарату курысы маңызды міндеттерді ойдағыдай іс жүзінде асыруға септігін тигізбек.
Қашықтықтан оқытудың жергілікті жүйесі белгілі бір білім және жекелеген қала
(университет) шеңберінде жұмыс атқарады, оның құрамына тек жоғары оқу орындары
ғана емес, мектептер, гимназиялар мен колледждер де кіреді. Осындай жүйенің
аясында жұмыс жасаудың алғашқы сатысында зиялылық потенциялын, компьютерлік
техниканы ұтымды пайдалана отырьш, үздіксіз білім беру принциптерін ойдағыдай іске
асыру қажет. Осыған орай, мектептер мен жоғары оқу орындары жергілікті және
аймактық желіні пайдаланып, шығармашылық жұмыстарын таратып, оқыту үрдісінде
әдістеме бойынша тәжірибе алмасуы қажет.
Оқытудың ауқымды және жергілікті жүйелерін ойдағыдай пайдалана білудің
нәтижесінде білімнің базалық және деректердің банкілік мәліметтеріне, клиент сервер,
мультимедиа, компьютерді оқып-үйренуші жүйелерге, электрондык оқулыктарға, оку-
әдістемелік материалдарға, қашықтықтан оқыту жүйесінің технологиясымен үйлесімді
болып келетін, алдағы уақытта оқыту тәсілдерінің ішінде кең тараған бес аспап әрі
ӛміршең түрлері бола алатындай жайлы окулыктарға, бағдарламаларға еркін кіруге
болады [1].
Бүгінгі таңда ақпараттық қамтамасыз ету жүйесіне баса мән бермейінше, білім
берудің ақпараттық технологияларын, дәлірек айтқанда, электрондық оқулық және
бейнефильмдерді, басқа да электрондық басылымдарды қашықтықтан оқытудың
спутниктік арнасы арқылы ендірмейінше, кез келген әлеуметтік-экономикалық саланың
алға басуы мүмкін емес.
Қазіргі кезде компьютерлік дамудың кең қолданысқа алынуына байланысты,
қашықтықтан білім алу үшін Интернетті пайдаланып қашықтықтан оқыту жүйелерінде
оқытушылар мен тыңдаушылардың бір арнада жұмыс атқаруы бастапқы мақсат. Осы
мәселеге байланысты қашықтықтан оқыту жүйесінде атқаратын іс-шараларды білуіміз
шарт.
Қашықтықтан оқыту – информациялық және коммуникациялық технологияларды
пайдалана отырып, ара-қашықтықтағы немесе жартылай ара-қашықтықтағы оқытушы
мен оқушының арасындағы қарым-қатынас деп түсінуге болады. Қашықтықтан
оқытудың жаңа технологиялық бірлестігі дәстүрлік оқумен салыстырғанда,
артықшылығы ӛте кӛп. Солардың ішінде:
Әрбір студент ӛзіне толық комплектілі оқулықтарын алады. Оның құрамына
әдістемелік оқу комплекстері кіреді.
Қашықтықтан оқыту сынақтары мен емтихандары компьютерлік тест-тендіру
арқылы тапсырылады.
Қашықтықтан оқуда студент Алматы қаласына келмей-ақ, ӛз жұмыс орнында
отырып оқуына болады. Сыртқы бӛлімдегі студенттерге жылына екі рет қалаға келу
міндетті.
Қашықтықтан оқыту ӛзінің сапалық жағынан, студентке тура жеткізу
мақсатында, жақсы әдістемелік электронды оқулықтар қамтамасыз ету және
ақпараттық технологияларды кең пайдаланудың арқасында күндізгі бӛліммен
бәсекелесе алады.
Интернет-ресурстарын, электрондық поштаны, Интернет-сабақ пен дайындық
сабақтарына арналған программалық қамтамасыздығын, электрондық мультимедия
оқулықтарын және де кӛптеген басқа да жаңа ақпараттық технологияларды қолдану –
студентті ақпараттық ортаға алып келеді.
Қашықтан оқыту жеке дара оқыту негізінде жүреді: білім алушы оқытудың түрін
ӛзі таңдайды, жеке сабақтарды қайталап оқуы мүмкін, кейбір бӛлімдерді тастап кету
17
мүмкін және т.б. Оқытудың бұл жүйесі студенттің ӛз бетінше жұмыс жасауын және
ӛздігінен білім алу біліктерін дамытады.
Қашықтан оқыту- бұл белгілі бір қашықтықта оқыту, яғни оқытушы мен оқушы
бір-бірінен кеңістікпен алшақтатылған және оқу үрдісінің барлығы немесе оның басым
бӛлігін қазіргі ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолдану
арқылы жүзеге асырады.
Қашықтан білім беру технологиясы білім алудың перспективті тәсілі болып
табылады. Қашықтан білім берудің тиімді жүйесін жасау халықтың басым бӛлігі үшін
сапалы білімге қол жетімділікті арттырады, мүмкіншілігі шектеулі адамдар үшін білім
алу проблемасын шещуге және күндізгі оқыту нысаны бойынша білім алу мүмкіншілігі
жоқ аймақтар халқын анағұрлым толық қамтуға кӛмектеседі.
Қашықтықтан оқыту оқытудың формасы ретінде де, қашықтықтағы техникалық
білім берудің аймақтық орталықтар, технологиялар құралдарының кӛмегімен сырттай-
қашықтықтағы факультеттер, қашықтықтан оқытудың желілік технологиялары
негізінде білім беру бағдарламаларын енгізу тәсілдері ретінде де қарастырылғанын
кӛрсетті.
Елімізде қашықтықтан оқытудың эксперименттік ұйымдастырылуы жоғары оқу
орындарының ақпараттық-білім беру орталарын жасау әдіснамасын анықтауға
мүмкіндік берді.
Қашықтықтан оқыту бойынша жоғары оқу орындарының қызметтерін оқып-
үйрену нәтижесі Қазақстанда қашықтықтан оқытуды дамыту үшін:
қашықтықтан оқыту саласында мамандарды даярлаудың бірыңғай әдістемесін;
жоғары оқу орнының алдыңғы қатарлы оқытушыларынан жасақталған
педагогикалық құраманы қамтамасыз ету;
контингентті есепке алудың бірыңғай жүйесін және білім беру үдерісін басқару;
оқу үдерісінің бірыңғай техникалық және әдістемелік қорын;
электрондық түрде (медиатека) ақпараттардың кӛздерін қамтитын виртуалды
кітапхананың бірыңғай каталогын;
оқытушылардың біліктіліктерін арттырудың және аттестациялаудың жалпы
жүйесін;
электрондық
пошта
және
бейнеконференция
құралдарының
жалпы
университеттік жүйесін қамти отырып, оқу үдерісін жүргізудің әдістемелік
құралдарының барлық пакеттеріне қатынаудың тең мүмкіндігін;
жоғары оқу орнының қызметіне қызығушылық танытқан мекемелер мен
ұйымдардың (салалық, аймақтық және т.б. ұстанымдар бойынша) мамандарының
біліктілігін арттыру және оларды кәсіби қайта даярлаудың жалпы жүйесін жасау қажет
екендігін кӛрсетті.
Қазіргі педагогика адамзаттың мұқтаждықтарына жауап беретін білім беру
мақсаттарына сәйкес қоғамды қайта құру мен прогрессивті дамудың әлеуметтік роліне
кӛңіл бӛледі.Сондықтан орта білімді ақпараттандыру үрдісі және сонымен байланысты
оқытудың жаңа ақпараттық технологиясы білім берудің жаңа мазмұнына едәуір әсерін
тигізді.Орта білім беруді ақпараттандырудың негізгі бағыттарының бірі және неғұрлым
оңтайлы тәсілі ретінде қашықтан оқытуды ұйымдастыруды кеңінен енгізу ұсынылып
отыр.Күндізгі оқумен салыстырғанда қашықтан оқыту болашақ 12 жылдық мектеп
үшін елеулі білімділік мәні бар бірқатар қосымша мүмкіндіктерге ие.Оқытудың бұл
формасы оқуға түрткіні дамыту үшін оңтайлы алғы шарт жасай отырып,тұлғалық,
дербестік,жауапкершілік сапаларын қалыптастырады, субъектінің шығармашылық
қуатын ашады.
Қашықтықтан оқытудың тиімді әдістері
Икемділік - уақыт, орын, ыңғайлы қарқын
18
Қосарлылық - негізгі оқумен ұштастыру
Оңтайлылық - ыңғайлы кесте
Қамтушылық - білім алушы санының ӛлшем еместігі
Оқытушы - оқытушының жаңа рӛлі
Білім алушы - білім алушының жаңа рӛлі
Ақпараттық технологиялар
Қашықтықтан оқытудың дидактикалық құралдары –оқыту әдістері мен тәсілдері,
материалдар, оқытушымен тікелей қатынас жасаудың шектеулігін ескеретін оқу
танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру түрлері.
Қашықтықтан оқыту – оқыту субъектілерінің орналасуы кеңістік және уақыт
бойынша индифференттелген, оқу құралдары, оқытушы мен студенттердің
интерактивті (сұхбаттасу), асинхрондық немесе синхрондық ӛзара іс-әрекетінің
мақсатты үдерісі.
Қашықтықтан оқытудың педагогикалық технологиялары – бұл электрондық
дидактикалық құралдарды және телекоммуникацияны қолдану арқылы тікелей және
тікелей емес қатынас жасаудың педагогикалық технологиялары болып табылады.
Қашықтықтан оқытудың ақпараттық технологиялары – оқу материалдарын жасау,
беру және сақтау технологиялары, қашықтықтан оқытудың оқу үдерісін ұйымдастыру
және сүйемелдеу; студентке оқу ақпаратын беру және оқытушы мен студенттер
арасындағы қатынасты қашықтықтан ұйымдастыру әдістері.
Сонымен, қашықтықтан оқытудың қалыптасуы мен дамуын тарихи, теориялық-
әдіснамалық талдау негізінде қашықтықтан оқытудың келесі даму тенденциялары
анықталды:
- қашықтықтан оқытуда оқу орны ӛзіне бәсекелес оқу орындары мен қарым
қатынасқа ӛтуі, қашықтықтан оқытудың консорциумдары құрылып, қашықтықтан
оқыту бірлестіктерінің құрылуы, оқу орындарының жергілікті, автономды, жеке
ұйымдастырылған ақпараттық білім беру орталарының бірегей ақпараттық білім беру
ортасына бірігуі, ұлттық, халықаралық деңгейде ақпараттық білім беру орталарының
пайда болуы қашықтықтан оқытудың ірілендіру бағытында даму тенденциясын
анықтайды;
- білім берудегі бәсекелестік: әртүрлі елдердің білім беру орындарына
пайдалылығы, керектігі және тиімділігін оқу орындары мен оқытушылардың үнемі
дәлелдеуі қажет, ал, қашықтықтан оқыту білім беруді жаһандандырудың субъектісі
ретінде интернационалдық коммуникативтік кеңістіктің дамуына ықпал ете отырып,
ӛзіне жаңа жағдай туғызып, ӛз дамуына ықпал етуі қашықтықтан оқытудың
интернационалдық бағытта даму тенденциясын береді;
- ашық білім беру кеңістігінің дамуы қазіргі қашықтықтан оқытудың
инновациялық дамуын береді, сонымен қатар, ӛзінің дамуына ішкі және сыртқы
кедергілердің күшеюі қашықтықтан оқыту бойынша негізгі ұғымдардың
трансформациясына әкеледі;
- қашықтықтан оқытуда оқытушының ролі оқу ақпаратын тасымалдаушыдан, білім
алушы топтың, жеке тәлімгердің жаттықтырушысы, жетекешісі қызметіне ӛтуі, білім
алушының жеке ӛзіндік жұмыс үлесінің ӛсуі, сондай-ақ, оқытуда қызметтік
дайындаудан жеке тұлғаның дамуына бет бұруы анықталды, ал бұл білім алушылардың
оқуға деген ӛзіндік іс-әрекеті қашықтықтан оқытудың АКТ құралдарын қолдануда
дамып, белсенділіктері арта түсетіндіктен қашықтықтан оқытудың жеке тұлғаға
бағытталып дамуының тенденциясын кӛрсетеді;
- білім беруді ақпараттандыру құралдарының қашықтықтан оқытуда қолданылуы,
оның ішінде оқыту әдістері мен оқытуды ұйымдастыруда қолдану жаңа педагогикалық
технологиялардың пайда болуы, сондай-ақ, қысқа мерзімде динамикалық ӛзгеріп
19
отыратын желілік оқуды жобалап, ұйымдастыруда эмпирикалық әдістердің әлсіз болуы
себепті, информатика-математикалық әдістерін қолдану қажеттігі қашықтықтан
оқытудың инновациялық бағытта даму тенденциясын береді;
- білім беруді ақпараттандыру жағдайында АКТ- оқыту әдістері мен оқытуды
ұйымдастырудың тиімді құралы болатыны, АКТ құралдарын қолдану ақпараттандыру
жағдайына бейімделуге қажет білім, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру АКТ-
ның оқыту үдерісіне интеграциясы жағдайында ғана жүзеге асатындықтан, АКТ мен
педагогикалық технологиялардың интеграциялануы бағытында қашықтықтан
оқытудың даму тенденциясы анықталды;
- алдыңғы тенденцияның салдары болып, вербальдық, визуалдық және модульдік
ойлаудың интеграциялануы бағытында қашықтықтан оқытудың даму тенденциясы
анықталды [2].
Ақпараттық технологиялардың дамуын және оқу үдерісін ұйымдастыруда оларды
қолдану тәсілдерін есепке алу, бизнестің дамуы үшін экономикалық және заң
шығаратын шарттардың ӛзгеруі және олардың оқыту практикасында кӛрінуі,
тұтынушының, яғни студенттің жаңа сұраныстарының тууы себепті, сәйкес оқу курсы
модулін, әдістемелік материалдарды дайындау осы іс-әрекеттермен байланысты
ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету мен оқытушыларды дайындауға байланысты
болады.
Қазақстандағы білімді модернизациялау кезеңіндегі ӛзекті мәселелердің бірі - ол
жеке тұлғаны қалыптастыру, қоғамда ӛзінің позициясын еркін және жауапты түрде
анықтауға қабілетті, интеллектуалдық сипаттағы дәстүрлі емес тапсырмаларды шешу
мақсатында инновациялық технологияларды енгізу болып табылады. Білімді
модернизациялаудың міндеттерін студенттердің креативтілігі, белсенділігі және
дербестігімен байланысты жеке тұлғалық қасиеттерінсіз шешу мүмкін емес. Жоғары
оқу орындарында қашықтықтан оқыту жүйесі жеке тұлғаға бағытталған акцентпен
құрылуы керек.
Қазіргі таңда адамдар білімінің жоғары деңгейін талап ететін әлемдегі
интеграциялық үдерістерге байланысты, Қазақстанның жоғары оқу орындарының
Болондық үдеріске кіруіне байланысты, жаңа білім беру ақпараттық жүйелерін қолдану
деңгейі мен оқыту нәтижелерінің сәйкессіздігіне және жалпы әлемдік ӛркениеттің
тәжірибесіне байланысты кадрлардың кәсіби дайындығына қойылатын қоғам
талаптары толығымен қанағаттандырылмаған.
1.
Исаев С.А, Ахметова О.С. Новая образовательная парадигма в системе образования
Казахстана // Bulletind’EUROTALENT-FIDJIR,vol.3,2011, Paris, France. –P.75-80
2.
Грамота Т.В. Проблема подготовки преподавателей вуза к дистанционному
обучению студентов в рамках повышения качества образования // Наука и культура
России, г. Самара 26-27 мая 2011г.
20
ӘОЖ378. 016. 02: 004. 738 (574)
Н.С. Баймулдина, Ә.С. Мәутбекова
ОҚУ ТЕЛЕКОНФЕРЕНЦИЯЛАРЫН ҦЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ
ЖҤРГІЗУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ ИНФОРМАТИКАҒА
ОҚЫТУ ЭЛЕМЕНТІ РЕТІНДЕ
(Алматы қ., Абай атындағы ҚазҰПУ)
Бұл мақалада оқу телеконференциялары қамтитын бірқатар дидактикалық
функциялар мен мүмкіндіктер, телеконференциялардың электрондық почта арқылы
хат алмасуға қарағандағы ӛзгешелігі, ең үлкен тиімді жетістікке жету үшін
телеконференцияларды
оқу
үдерісінде
қолдану
барысындағы
талаптар,
телеконференцияларды ұйымдастыру әдістері және жүргізудің негізгі кезеңдері
қарастырылған.
В статье рассмотрены ряд дидактических функций и возможности учебной
телеконференции, требования предъявляемые к их использованию в учебном
процессе, методы организации и основные этапы проведения телеконференции.
Several didactic functions and possibilities which cover training teleconference,
difference between teleconference and electronic mail, requirements of using teleconference
in learning process in order to get effective achivements, methods of organization of
teleconference and main periods of its conducting are considered in the given article.
Түйін сөздер: телекоммуникация, оқу телеконференциясы, электрондық почта, скайп.
Ключевые слова: телекоммуникация, учебные телеконференции, элекронная почта,
скайп.
Keywords: telecommunications, training teleconferences, e-mail, skype.
Білім беруді ақпараттандыру жүйесінде ақпараттық технологияларды, әсіресе,
телекоммуникациялық технологияларды пайдалану ерекше орын алады. Қазіргі
таңда телекоммуникациялық технологиялар адамның барлық ӛміріне, әсіресе, білім
беру жүйесіне енуіне байланысты бұл технологияларға деген қызығушылық қарқынды
ӛсуде. Телекоммуникациялық технологиялар - Қазақстан Республикасының бәсекеге
нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың
бірі болып табылады. Осы себептен бұл міндетті орындаудың негізгі шарты жоғары
оқу орнының оқыту үдерісінде телекоммуникациялық технологиялардың мәнін білу
және оны игеру арқылы студенттердің оқу материалына деген қызығушылығын
арттыруға,
олардың
ақпараттық
мәдениетін,
дүниетанымдық
кӛзқарасын
қалыптастыруға бағыттайды [1].
Білім беру үрдісіндегі ең кеңінен қолданылатын оқу іс-әрекетінің белсенді
формасын білдіретін тиімді телекоммуникациялық технологиялардың бірі-
телеконференция. Телеконференциялар – бұл екі немесе одан да кӛп қатысушылардың
ӛзара қарым-қатынасын ұйымдастыру үшін байланыстың элетронды каналдарын
пайдалану процесі болып табылады.
Оқу
телеконференциялары
бірқатар
дидактикалық
функциялар
мен
мүмкіндіктерді қамтиды. Оқу құралы ретінде оқу телеконференцияларының негізгі
дидактикалық функцияларын атап ӛтейік. Кез келген телеконференцияға қатысушы
тӛмендегідей әрекеттерді орындай алады:
қарастырылып отырған тақырып бойынша ӛзінің ойын жазып, хабарлама
жіберу;
телеконференцияның қатысушыларына сұрақтар қою;
21
басқа да қатысушылардың және модератордың сұрақтарына жауап беру;
телеконференцияға
қатысушылардың
хабарламаларын
оқу.
Оқу
телеконференциясының кез келген қатысушысы барлық қабаттасып келген және сол
сәтте қойылған хабарламаларды немесе белгілі бір тақырыптағы хабарламаларды
оқи алады.
дискуссияға
қатысу.
Хабарлама
нақты
және
алдағы
уақытта
талқыланатындай болуы керек;
ӛзінің танымдық мүмкіндіктерін жетілдіру, жаңа білім алу;
телеконференция мекен – жайына ӛз хабарламаларын кез келген уақытта
жіберу;
бір мезгілде бірнеше тақырыптық бағыттардағы неғұрлым қызығырақ
талқылауларға қатысу;
ӛзі туралы, ӛз идеясы туралы айту. Интернет желісінің сайттарында
орналасқан
немесе
басқа
телекоммуникациялық
желінің
оқу
телеконференцияларына қызығушылық танытқан қолданушылар да қатыса
алады [2].
Телеконференциялар әр бір қатысушыға болып жатқан үрдіске ӛз кӛзқарасын
еркін білдіруге, қойылған мәселені бірлесіп шешуге, бір бірлеріне әр түрлі сұрақтар
қоюға, ӛз ойларымен бӛлісуге мүмкіндік береді. Кез келген телеконференцияның
негізгі элементіне нақты бір сұрақты талқылау жатады, ал айырмашылығы
пікірталаста бір-бірінен жойылған қатысушылар арасында байланысты орнатуда
телекоммуникациялық технологияны қолдану болып табылады. Телеконференция
оқу тақырыптары бойынша үйренушiлер арасында жалпы пiкiрталасты ұйымдастыруға
мүмкiндiк бередi. Телеконференция оқытушының басқаруымен ӛткiзiледi. Оқытушы
пiкiрталастың тақырыбын белгiлейдi, телеконференция барысында ӛткiзiлетiн
мазмұндарды бақылайды. Телеконференцияға қатынасушылар түскен хабарламаларды
қарап, конференцияға ӛзiнiң хабарламаларын (хаттарын) жiбере отырып, пiкiрталасқа
қатынасады. FTP-серверлерiнiң қызметi ӛте үлкен кӛлемдегi файлдарды
(ақпараттарды) жiберуге мүмкiндiк бередi. Мұндай жiберулердi ұйымдастыру мен оны
бақылауда FTP-серверлерiнiң қызметiн атқаратын функциялар орналасады. Ал WWW-
серверi оқу материалдарын орналастыруға мүмкiндiк бередi. Бұл материалдар
гипермәтiн түрiнде ұйымдастырылатын болады. Гипермәтiн материалдарды жүйелеп
құруға, атап айтқанда, оқу материалдарының бӛлiмдерiн гипербайланыс арқылы бiр-
бiрiмен байланыстыруға, материалдарды бiр-бiрiмен толықтырып отыруға мүмкiндiк
туғызады. WWW-құжаттарында тек мәтiндiк ақпаратты ғана емес, сонымен бiрге,
графиктiк, дыбыстық және видеоақпараттарды да орналастыруға болады.
Телеконференцияларды ұйымдастыруда Skype және ooVoo программаларын қолдануға
болады. Skype программасы аудио және видео байланыстарды екі қолданушы үшін,
аудио бірнеше қолданушылар үшін ұйымдастыруға арналған. ooVoo программасы екі
және одан да кӛп абоненттер арасында байланысқа арналған. Мұндай байланыстың
артықшылығы қатынасудың құпиялылығында. Кемшілігі сигналдарды жіберудегі
жылдамдылық режимі [3].
Телеконференция студенттердің ұжымдық жұмысын ұйымдастыруға, мидың
ойлауына байланысты іскер ойындар әдісін жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады.
Осының бәрі телекоммуникациялық технологиялардың арқасында мүмкін болып отыр.
Бұл технологияны білім беруде қолданылуының үлкен күші бар. Кӛптеген желілер
алғашқы ретте, ғылыми, конструкторлық және оқу орындарын байланыстыратын жүйе
ретінде жасалған болатын. Сондықтан ұжымдық пікірталас жүргізуге арналған желі
мүмкіндігі телеконференция деп аталып, ол белгілі бір салада ғана қолдануға
негізделген еді. Бірақ, кейіннен желілер практикада кең пайдаланылып, оның алғашқы
22
ғылыми семинар, конференцияға арналған мүмкіндігі біршама шетте қала бастады.
Телеконференция ұйымдастыру кәдімгі кітапхана немесе архив жұмысына ұқсас
жүргізіледі. Мұнда да кӛп сатылы тақырыптық катологтар мен олардағы мәліметтерді
сақтау ісі ұйымдастырылады. Телеконференцияларда әртүрлі орындардан алынған
хабарлар хаттар түрінде сақталады, олардың біразы электрондық почта арқылы
жинастырылады. Ал, мұндай хаттар мақалалар деп аталады [4].
Нақты тақырыпқа бағытталған конференция мәліметтері катологтар сатылары
арқылы кӛрсетіліп тұрады. Әрбір конференцияның ӛзіне сәйкес ―Қоймалар‖
бӛлімінде жиналған мақалалар каталогы болады.
Телеконференциялардың электрондық почта арқылы хат алмасуға қарағанда екі
ӛзгешелігі бар, олар:
біріншісі, белгілі бір мерзім әр конференция үшін әртүрлі ішінде қабылданған
мақалалар жинақталып сақталып отырады да, олар ӛте ескіріп кетсе жойылады;
екіншісі, кейбір телеконференциялар басқарылып отырады, яғни мұндай
конференцияға әрбір абонент мақаласын тікелей жібере алмайды.
Телеконференция белгілі бір схема бойынша жүргізіледі: ол белгілі бір
тақырыпқа байланысты қысқаша мәтіннен басталады, ал қатысушының әрқайсысының
сол тақырыпқа байланысты ӛз пікірлері мен ойларын айтуға мүмкіндіктері бар. Барлық
пікір-ойлар келіп түскен уақыты бойынша тізбектеле орналасып, телеконференцияның
барлық қатысушылары оған қатынай алады. Әрбір қатысушы пікірталастың дамуына
байланысты ӛзіне ыңғайлы уақытта жұмыс істейді. Конференция мәтінін құратын,
әрбір қатысушының ойына талдау жүргізетін әрбір телеконференцияның жүргізушісі
(модератор) болады. Компьютерлік конференцияның жақсы ӛтілуі жүргізушінің
профессионалдық деңгейіне байланысты. Жүргізуші қызметін оқытушы немесе
үйренуші атқара алады. Сонымен қатар, жүргізуші конференцияның басталуын,
конференцияның алғашқы кезеңінде қатысушыларға кӛмек кӛрсетілуін, олардың
үйренуін, пікір-талас тақырыбының дамуына демеу беру сияқты және конференцияның
аяқталуын жүзеге асырады.
Оқу телеконференцияларын жүргізудің негізгі кезеңдері
Дайындық кезеңі.
1.
Тақырыпты таңдау, мақсат міндетін анықтау;
2.
Оқу телеконференциясының мазмұны;
3.
Оқу телеконференциясына қатысушыларды таңдау;
4.
Оқу телеконференцияларының ӛту уақытын белгілеу;
5.
Телеконференцияны дамытуды жоспарлау.
Оқу телеконференциясын телекоммуникациялық желі базасында жүргізу
барысында ерекше оқу – танымдық орта құрылады. Оның негізгі сипаттамалары
тӛмендегідей:
а) интерактивтілік, барлық қатысушылардың бір – бірімен және ақпараттық
ресурстармен белсенді әрекеттестігі ретінде анықталады;
б) ақпараттылық, ақпараттық ортаның толықтығы, арнайы технологиялық тәсіл
арқылы ұйымдастырушылық және берілген ақпараттық ортадағы қолданудың
ыңғайлылығы;
в) ашықтық, айтылмыш оқу - танымдық ортаның ақпараттық хабарламаларға
және конференцияның басқа да қатысушыларымен қарым – қатынас барысындағы
ашықтығы;
г) оперативтілік, ақпаратпен алмасудағы жоғары жылдамдылықпен қамтамасыз
ету, оқу үдерісін бақылау мүмкіндігі, тыңдаушылармен кері байланысты орнату,
конференцияның жүрісі туралы ақпаратты үнемі жаңарту, қажет жағдайда оны жылдам
түзету және қолданушылар үшін кез келген уақытта кіруге рұқсат беру.
23
Сонымен қатар, оқу телеконференциялары оқытудағы кейбір мәселелерді
шешуге мүмкіндік беретін жаңа қызықты оқу құралы болып табылады. Ең үлкен тиімді
жетістікке жету үшін телеконференцияларды оқу үдерісінде қолдану барысында
бірқатар талаптарды сақтау керек. Олар:
конференцияның аяқталуы барысында міндетті түрде теориялық және
практикалық танымдық мағыналы нәтиже алу;
қатысушылардың (жеке, жұптық, топтық) дербес белсенділігі;
телеконференцияның маңызды бӛлігінің жіктелуі (кезеңдi нәтижелердi
нұсқаумен);
коммуникативті қарым – қатынас пен шығармашылық ойлаудың салыстыру,
талдау, зерттеу, моделдеу әдістерінің қолданушылармен пайдаланылуы.
Телеконференциялар екі түрлі әдіспен ұйымдастырылуы мүмкін. Бірінші әдісі
электрондық поштаға негізделген және offline режимінде жұмыс істейді. Екінші әдіс
Web серверге негізделген және online режимінде жұмыс істейді. Web серверде
хабарландырудың электронды тақтасы деп аталатын арнайы орын болады. Бұл тақтаға
қатысушылардың ойын тыңдайтын және мәселені талқылауға ӛздері де қатысатын
қосылушылардың кез-келген саны бір мезгілде қосыла алады [5, 6].
Қорыта айтқанда, телеконференциялар әрқашан да белсенді оқыту формасын
білдіреді, оқуға деген студенттердің мотивациясын күшейтеді, болып жатқан
оқиғаларға ӛзіндік кӛзқарастарын қалыптастыруға, қойылған мәселені топпен шешуге,
бір – бірлеріне сұрақ қоюға және ойларымен бӛлісуге мүмкіндік береді.
1.
Ешаманова Д., Білім беру жүйесінде ақпараттық және иновациялық
технологияларды пайдалану // Информатика негіздері, 2011, №1.-2-4 б.
2.
Майкина Г. Оқытудың ақпараттық технологиялары // Информатика негіздері, 2011,
№2.- 8-9 б.
3.
Жданов С.А. Применение информационных технологий в учебном процессе
педагогического института и педагогических исследованиях. Автореферат .канд. пед.
наук. -М., 2007. -36 с.
4.
Баймулдина Н.С., Дуйсебаева А.Б. Методические основы электронного обучения
теоретической информатике.// Материалы международной научно-практической
конференции «NAUKOWA MYŚL INFORMACYJNEJ POWIEKI – 2013», 07-15 marca
2013 roku Volume 12 Pedagogiczne nauki, Przemyl Nauka i studia 2013 p. 22-25.
5.
Бейсенова Г. Жаңа ақпараттық технологиялардың тиімділігі // Қазақстан мектебі,
2006, №6. – 11-19 б.
6.
Баймулдина Н.С., Маутбекова А.Использование учебных телеконференций в
обучении будущих учителей информатики//Материалы международной научно-
практической конференции «NAUKOWA MYŚL INFORMACYJNEJ POWIEKI –
2013», 07-15 marca 2013 roku Volume Pedagogiczne nauki, Przemyl Nauka i studia 2013
р.11-15
24
ӘОЖ 517.968.72
Достарыңызбен бөлісу: |