Абай институтының хабаршысы



Pdf көрінісі
бет13/14
Дата12.03.2017
өлшемі1,08 Mb.
#9211
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

СЫН ЖƏНЕ БИБЛИОГРАФИЯ

Ж. Елбаева

ҚҰРМАНҒАЗЫ ҚАРАМАНҰЛЫНЫҢ АУДАРМАШЫЛЫҚ ШЕБЕРХАНАСЫ

Аннотация. Мақалада қарастырылатын мəселелер. Қ. Қараманұлының шығармашылық жолы. 

Аудармашылық шеберханасы. Аудармашыға қажетті қасиеттер. 

Көркем тəржіма жəне аудармашының сөздік қоры.

Тірек сөздер: аударма, аудармашы, балама, түпнұсқа. 

Ж. Елбаева

ПЕРЕВОДЧЕСКАЯ МАСТЕРСКАЯ КУРМАНГАЗЫ КАРАМАНУЛЫ

Аннотация. Вопросы, рассматриваемые в статье. Творческий путь К. Караманулы. 

Переводческая мастерская. Свойства, необходимые переводчику. 

Художественный перевод и словарный запас переводчика.

Ключевые слова: перевод, переводчик, эквивалент, первоисточник.

Zh. Elbaeva

TRANSLATION WORKSHOP OF KURMANGAZY KARAMANULY

Abstract. The issues dealt in this article. K.Karamanuly’s creative way. Translation Workshop. 

Properties required a translator. Literary translation and vocabulary of translator .

Keywordstranslation, translator, equivalent, source.

Жазушы,  журналист,  аудармашы,  Қазақ стан-

ның  еңбек  сіңірген  мəдениет  қызметкері,  Қазақ-

стан  Жазушылар  жəне  Журналистер  ода ғының 

мүшесі – Құрманғазы  Қараманұлы 5 желтоқсан 

1943  жылы  Қаратөбе  ауданы  Егіндікөл  ауылын-

да  дүниеге  келген.  Егіндікөл  ауылындағы  жеті 

жылдық  мектепті (1960) бітірген. 1962–69 ж. 

ҚазМУ-дың журналистика факультетінде оқыған. 

1969  жылы  «Лениншіл  жас»  газетіне  жұмысқа 

қабылданады. 1976–93 ж. «Жалын»  баспасында 

редактор, редакция меңгерушісі, бас редактордың 

орынбасары болады, 1993–96 ж. «Балауса» баспа-

сында істейді.

  Қ.  Қараманұлының  алғашқы  туынды-

сы – «Шай тантөбедегі  от»  əңгімесі 1960 жылы 

облыстық  «Октябрь  туы» (қаз. «Орал  өңірі») 

газетінде жарияланады. Тұңғыш кітабы – «Қайраң 

өткел»  миниатюралық  əңгімелер  топтамасы 

(1978). Сондай-ақ «Қызғыш құс» (А., 1980), «Ал-

тын іздеушілер» (1987), «Жалғыз атты жолаушы» 

(1996) повестер жинағы, «Тəңірге тағзым» (1996) 

зерттеу еңбегі шықты. Сонымен қатар ол əлемдік 

əдебиет классиктері Эрнест Хемингуэйдің «Қош 

бол, майдан!» (1983), Грэм Гриннің «Комедиант-

тар» (1984), Ирвинг Стоунның «Грек қазыналары» 

(1986)  романдарын  аударды.  Ағылшын  тілін  өз 

бетінше оқып-үйренген жазушы соңғы екі роман-

ды аудару барысында шығарма авторларымен хат 

арқылы  хабарласып,  əріптестік  байланыс  орнат-

ты.  Соның  нəтижесінде  И.  Стоун  (Калифорния, 

АҚШ)  өз  романының  қазақша  нұсқасына  алғы 

сөз,  Г.  Грин  (Антиб,  Франция)  соңғы  сөз  жазып 

берді. 2002 жылдан  бері  қарай  əр  оқу  жылының 

басында Егіндікөл орта мектебінің жақсы оқитын, 


Абай институтының хабаршысы.  №6 (12), 2011

92

үлгілі, тəрбиелі 10 оқушысына “Ақ Орынша” атты 



стипендия тағайындап, тоқсан қорытындысымен 

беріліп тұрады.

Қ.  Қараманұлының  ең  алғаш  тəржіма  əле-

мі не  қадамы 1962 жылы  əл-Фараби  атындағы 

Қазақ  мемлекеттік  университетінің  журналисти-

ка факультетіне түскеннен басталады. Универси-

тет қабырғасында жүре тұрып, «Popular science» 

журналынан  «Аса  күрделі  механизм»  деп  ата-

латын  мақаланы  ағылшын  тілінен  тікелей  қазақ 

тіліне  аударады.  Бұл  келешек  аудармашының 

аударма  əлеміне  ұмтылған  алғашқы  талпыны-

сы  еді.  Кейін,  осы  аударма  мақала  «Жас  Алаш» 

газетінде  жария ланады.  Ал  көркем  аудармаға 

алғаш 1977 жылы келеді. Борис Горбачевскийдің 

«Ариаднаның  арқауы»  атты  зерттеуін  аудара-

ды. 1979 жылы Эрнест Хемингуэйдің «Қош бол, 

майданын!», 1983 жылы Ирвинг Стоунның «Грек 

қазыналарын»,  сондай-ақ  Грем  Гриннің  «Коме-

дианттарын»  Сервантестің  «Дон  Кихот» I бөлім 

(2006), II бөлім (2007) ауқымды  романын,  Че-

заре  Павезенің  «Ғажайып  жаз», «Жоталардағы 

жынойнақ», «Жолдас», «Ай  мен  алау»  роман-

повестерін (2008), Артур Конан Дойл əңгімелерін, 

Агата  Кристидің  «Он  қарадомалақ»  романын, 

сондай-ақ  Джордж  Сименонның  «Менің  досым 

Мегрэ», «Коронердің  қонағы» (2010) романда-

рын қазақ тіліне аударды. Ол қазір де еңбек етуде. 

«Жиырмасыншы  ғасырдың  француз  повестерін» 

қазақ тіліне тəржімалау үстінде.

Қ.  Қараманұлының  аудармашылық  шеберха-

насымен  төмендегі  сұхбатты  оқу  арқылы  жақын 

таныса аласыздар.



Зерттеуші:  Аударманың  өзге  түрлерімен 

айналыстыңыз  ба?  Көркем  тəржіманы  таң-

дауы ңызға не себеп болды?

Аудармашы:  2010  жылы  «Батыс  Еуропа 

əдебиетін» аудардым; оның ішінде детектив жан-

рындағы романдар, əңгімелер. Атап айтсақ, Ага-

та Кристи, Артур Конан Дойл, Джордж Сименон. 

Қазір  мен  «Жиырмасыншы  ғасырдағы  француз 

повестерін»  аударып  жатырмын.  Ең  қызығын, 

біздің менталитетімізге жақын дегенін, бір жиыр-

ма шақтысын теріп алып аударып жатырмын.

Көркем  аудармаға  келу  себебім,  менің  шет 

ел  əдебиетіне  деген  қызығушылығымнан  ту-

ындады. 1962 жылдары  мен  университетке 

(ҚазМУ) түскенде лингафон кабинеті, шет тілін-

дегі  көркем  əдебиет  оқулықтары  жоқ  болатын. 

Мұғалім  жалдап  өз  бетіммен  ағылшын  тілін 

үйренуді  ұйғардым.  Сөйтіп,  Пушкин  (қазіргі 

Ұлттық кітапхана) кітапханасына барып «Popular 

science»  журналынан  «Аса  күрделі  механизм» 

деп аталатын мақаланы ағылшын тілінен тікелей 

тəржімалап  шықтым.  Бұл  «Жас  Алаш»  газетіне 

шықты.  Аударма  жұмысы – қайырымды  жұмыс. 

Аса  жауапкершілікті  талап  етеді.  Бірақ  берері 

де  мол.  Жан-жақты  ізденіп,  рухани  баюыңа 

көмектеседі.  Өзім  жұмысыма  жауапкершілікпен 

қараймын.  Көп  ізденіп  еңбек  етемін  жəне  де 

еңбегім еш болды деп ойламаймын. 

З.: Жалпы аударма өнерін таңдауға сізді не 

итермеледі?

А.:  Сол  бəрі  шет  ел  əдебиетіне  деген 

қызығушылықтан  басталды.  Ағылшын  тілін 

өз  бетіммен  үйренуім  де  содан.  Эрнест  Хемин-

гуэй,  Теадор  Драйзер,  Джордж  Стейнбек  сын-

ды  ағылшын  классиктерінің  шығармаларын 

түпнұсқасында оқығым келді.



З.: Қай шығарма қазақ тіліне аудару кезінде 

көп қиындық тудырды? Əсіресе қай тұсы қиын 

болды?

А.:  Сервантестің 2 томнан  тұратын  «Дон 

Кихот»  романын  аудару  маған  қиынға  түсті. 

1984-88  жылдар  аралығын  осы  шығармаға  жұм-

садым. Төрт жылым кетті. Себебі бұл бұдан 400 

жыл  бұрын  жазылған  шығарма.  Орыс  тілінен 

аударғанның өзінде біраз еңбектендім. Қалай бол-

са солай аударуға ар-ұятым жібермеді. Ондаймен 

айналыспаймын да. «Дон Кихот» шығармасының 

жарыққа  шыққанына 400 жылдығы  тойланды 

ғой.  Сол  кезде  бір  шетелдік  басылым  елу  елден 

ішінде  «Нобель»  сыйлығының  лауреаттары  да 

бар  жүз  жазушыға  «Адамзат  адамзат  болғалы 

қандай  көркем  шығарма  ең  қызықты  деп  ойлай-

сыз?»  деген  сұрақ  қойғанда,  Сервантестің  «Дон 

Кихот»  шығармасы,  бірінші  орынға  шығып, 

екінші «Гомер», үшінші «Достоевский», төртінші 

орында  «Толстой»...  Көрдіңіз  бе, «Дон  Кихот» 

шығармасы – əлем  мойындаған  шығарма.  Мұны 

мен білетінмін. Сондықтан да қиын болса да ау-

дарып шықтым. 



З.: Аударуға ең көп уақытыңызды жұмсаған 

шығармаңыз?

А.:  Екі  томдық  Сервантестің  «Дон  Кихот» 

шығармасы. Төрт жыл уақыт кетті. 



З.: Аударуға кіріспес бұрын қандай дайындық 

жүргізесіз?

А.: Мəселен, Э. Хемингуэйді аударғанда біраз 

ізденуге тура келді. «Farewell to arms» – «Қош бол, 

майданды» аудармас бұрын түпнұсқасын да қарап 

шықтым.  Себебі  орыс  тіліндегі  аудармасының 



Абай институтының хабаршысы. №6 (12), 2011

93

логикалық  қисыны  дұрыс  келтірілмеген  сияқты 



болды. Ал Ирвинг Стоунның «Грек қазыналарын 

аударғанда» мұнда да көп ізденуге тура келді. Бар 

білгенімді ой елегінен өткіздім. Жүгінетін дұрыс 

сөздік те жоқ. Ондай сөздіктер сөз үйренушілерге 

жарамаса,  аудармашыларға  мүлдем  жарамас. 

Термин  сөз  жасау  маған  біраз  қиындық  ту-

ғызды.  Шығарманы  аудармас  бұрын,  қосымша 

əдебиеттер  іздедім.  Өйткені  «Грек  қазыналары» 

маған  археология  шығармасы  болғандықтан  тың 

нəрсе болатын. 



  З.:  Өзіңізге  ең  ыстық,  жаныңызға  жақын 

аударма еңбегіңіз?

А.:  Жаныма  жақын  аударма  еңбегім – 

Сервантестің  «Дон  Кихот»  шығармасы.  Себебі 

автордың  баяндау  стилі  де  менікіне  жақын. 

Шығарма  мазмұны  қарапайым  пенделердің 

тіршілігі. 

 З.: Аудармашыға қандай қасиеттер қажет 

деп санайсыз?

 А.: Аудармашыға ең алдымен; 

Білім.


Тіл.

Сөздік қоры мол болуы керек.

Ой-өрісі кең болуы керек.

Еңбекқор болуы керек. 

Аударма  көп  ізденумен  қатар,  төзімділікті  де 

қажет етеді. Оның қасында өзің шығарма жазған 

анағұрлым жеңіл. Себебі аудармада бірнеше рөлді 

қатар атқаруың керек; жазушы да, ақын да, аудар-

машы да бола білуің керек.

З.:  Ағылшын  тілінен  қазақ  тіліне  тіке-

лей  аударудың  қандай  ерекшелігі  жəне 

артықшылығы бар?

А.:  Біз  осы  күнге  дейін  шет  ел  көркем 

шығармасын  тікелей  қазақ  тіліне  аударғанымыз 

жоқ.  Мен  Жазушылар  одағының  «он  үшінші 

съезінде»  баяндама  оқыған  болатынмын.  Сон-

да  айттым, «тəуелсіздік  алғанымызға  жиырма 

жыл болды. Əлі бір де бір кітап ағылшын тілінен 

тікелей  қазақ  тіліне  аударылған  жоқ.  Неге?  Ша-

масы  жететін,  қабілетті  жас  аудармашылар  жоқ 

емес,  бар  ғой.  Бірақ  оларды  тəрбиелейтін  ниет 

жоқ. Осындай он-он бес жастардың басын қосып 

тəрбиелесе, кеңес беріп үйретсе жақсы болар еді. 

Өйткені  онсыз  болмайды.  Олардың  жұмысын 

тексеріп редакциялау керек қой» дедім. 

Артықшылығы,  мəселен,  ағылшын  тілінен 

орыс тіліне аударғанда қасиеті кемиді. Ал ол ау-

дарманы біз алып қазақ тіліне аударамыз. Сонда 

қарап отырсаңыз қасиеті екі есе кемиді. 

З.:  Көркем  тəржіма  бойынша  ұстазыңыз 

бар ма?

А.: Ұстазым жоқ. Бірақ құрмет тұтатын, шы-

ғар маларын  сүйіп  оқитын  тұлғалар  бар.  Олар: 

марқұм  Хасен  Өзденбаев.  Аудармашы  Шо ло-

ховтың  «Көтерілген  тың»  романын  керемет 

аударған.  Сондай-ақ  Достоевскийдің  «Идиот» 

шығармасын тəржімалаған Нияз Сыздықов жəне 

де  аудармашы  Əбілмəжін  Жұмабаев.  Бұл  кісінің 

өзінің жеке шығармасы жоқ. Өмір бойы тек аудар-

мамен айналысып келген.

 Ирвинг Стоунның «Грек қазыналары» ау-

дармасына қатысты:

З.: Сіз сүйенген орыс тіліндегі нұсқаның ау-

дармашысы кім? 

А.: Аударманың нағыз хас шебері – С. В. Шер    -

винский.  Бұл  кісі  испан  тілінен  біраз  дүние  ау-

дарған. 

З.:  Сіз  аудару  барысында  тек  орысша 

нұсқасын  қолдандыңыз  ба  əлде  түпнұсқасына 

да назар аударып отырдыңыз ба? 

А.:  Түпнұсқасын  қарастырмадым.  Іздеп  таба 

алмадым.


З.: Осы аудармаға қанша уақыт кетті?

А.: Бір жарым жыл шамасында.

З.:  Сөздік  қорыңыздың  бай  екеніне  аудар-

ма  романын  оқу  барысында  көз  жеткіздім, 

аудармашының тіл байлығы мол болуы үшін не 

істеу керек?

А.: Аудармашының сөздік қоры бай болмаса, 

аударманың еш қандай мəні болмайды. Ал сөздік 

қорды байыту үшін аудармашы, ең алдымен; 

– ана тілін жақсы білуі керек;

– қаламгер болуы керек; жазушы, ақын, жур-

налист сияқты жазуға бейім болуы керек; 

– көркем əдебиетті көп оқу керек;

– есте сақтау қабілетін жақсарту керек;

– өзіңнің сөздігің болуы керек. Мəселен, менің 

өзімнің  сөздігім  бар.  Мысалы, «колона»  деген 

сөзге «ұшқын» деп өзім аударма бердім. «Бағана» 

деп  алмадым,  ұнамады.  Міне,  осындай,  өзім  ау-

дарма берген сөздерді сөздігіме жазып қоямын.

З.:  Неліктен  шығарма  атауын  «Грек 

қазынасы»  демей, «Грек  қазыналары»  деп 

аудардыңыз?

А.:  Бұл  сұрақ  маған  осы  шығарманы  ауда-

ру  барысында  «Жазушы»  баспасында  осыдан 28 

жыл  бұрын  қойылған  тұғын.  Шығарма  атауын 

«Грек  қазынасы»  демей, «Грек  қазыналары»  деп 



Абай институтының хабаршысы.  №6 (12), 2011

94

беру себебім, «Қазына» деген бір-ақ нəрсе ғой. Ал 



«қазыналар»  деген  көп.  Шығармада  тек  «Троя» 

табылмайды ғой, оған қоса тағы Микен де табы-

лады. Себебі осы. 

З.:  Шығармада  өлеңдер  мен  мақалдар 

келтірілген.  Мақал-мəтелдерге  балама  табу 

қиын болды ма? Түпнұсқаның өзінен аудардыңыз 

ба əлде орыс тілінен бе?

А.:  Аударуда  қиналған  жерім  өлеңдерді  ау-

дару  болды.  Дегенмен  ешкімнен  көмек  сұрамай, 

барлығын  өзім  аударып  шықтым.  Себебі  бұл 

Пушкиннің өлеңі емес қой, аударма өлең. Орыс-

ша  аудармасында  ұйқасын  əдемі  келтірген. 

Мен  де  барынша  ұйқастырдым.  Түпнұсқаны 

қарастырмадым.

З.:  «Монетаның»  аудармасын  ұлттық  ва-

люта аты – теңге деп беруіңіздің себебі неде?

А.:  Теңге  деп  беру  себебім,  бұрын  қазақта 

домалақ  темір  ақшаны  теңге  деген.  Яғни,  теңге 

сөзі-қарабақыр ұғымын береді. 

З.:  «Медовый  месяц»  аудармасын  неге  «бал 

айы»  емес, «шырын  айы»  деп, «север»  сөзінің 

аудармасын неге «солтүстік» емес, «терістік» 

деп аудардыңыз?

А.: Енді «бал айы» деген калька ғой («honey 

moon» – «медовый  месяц» – «бал  айы»).  Өзім 

аудармасын  беруге  тырысқанмын  ғой.  Ал,  енді 

«терістік» деп «оңтүстікке» қарама-қарсы қылып 

алдым. Негізі «түстік» емес, «тұстық» болуы ке-

рек. Сонда «оңтұстық», «солтұстық».



Абай институтының хабаршысы. №6 (12), 2011

95

ЖАС ҚАЛАМ



 

 

* **

С. Қайдауылова

ДИАЛОГТАҒЫ СҰРАУЛЫ СӨЙЛЕМДЕРДІҢ КОММУНИКАТИВТІК ҚЫЗМЕТІ

Аннотация. Мақалада қарастырылатын мəселелер. Сұрақ – диалогтық жағдайларды 

қалыптастырудың басты құралы. Диалог  мəтіннің семантикалық тұтастығы. 

Диалогтардағы сұраулы сөйлемдердің жіктелуі.

Тірек сөздер: диалог, сұрақ, сұраулы сөйлем.

С. Кайдауылова

КОММУНИКАТИВНАЯ ФУНКЦИЯ ВОПРОСИТЕЛЬНЫХ 

ПРЕДЛОЖЕНИЙ В ДИАЛОГЕ

Аннотация. Вопросы, рассматриваемые в статье. Вопрос – главное средство формирования диа-

логических ситуаций. Семантическая целостность диалогического текста. Классификация вопроси-

тельных предложений в диалогах.

Ключевые слова: диалог, вопрос, вопросительное предложение.

 S. Kaydauylova

COMMUNICATIVE FUNCTIONS OF INTERROGATIVE SENTENCES IN DIALOGUE

Abstract. The issues dealt in this article. The question is the main means of establishing dialogue situations. 

The semantic integrity of the dialogue text. The classifi cation of interrogative sentences in the dialogues.

Keywordsdialogue, question, interrogative sentence.

Диалог – екі адамның арасындағы ақпаратпен 

алмасу,  əрбір  пікірден  кейін  рөлдермен  алмасып 

отыратын автор мен адресаттың тікелей араласуы. 

Диалог бірлестігі туралы түсінік Н.Ю. Шведова, 

Е.В. Падучева, А.И. Баранов, Г.Е. Крейдлин жəне 

Е.В. Рахилинаның жұмыстарында қарастырылды. 

Сұрақ  диалог  жасауда  сөйлеу  онтогенезінің 

түрлі  деңгейлерінде  басты  қызмет  атқарады.  Ол 

сөйлеушіні  коммуникацияға  тартудың  негізгі 

амалы,  оны  жауап  беруге  түрткі  ету,  сондай-ақ 

алғашқы жеке коммуникативтік дағдыларды ғана 

емес,  сонымен  қатар  ең  қажетті  тілдік-жүйелік 

дағдылардың  (ең  алдымен,  лексикалық  жəне 

синтаксистік)  қалыптасуын  қамтамасыз  ететін 

диалогтық жағдайларды қалыптастырудың басты 

құралы болып табылады. Сұрақтың сөйлеу актісін 

меңгермейінше, диалог синтаксисін оның барлық 

аспектісінде,  соның  ішінде  актуальді  мүшелеу 

аспектісінде  меңгеру  мүмкін  емес:  диалогтық 

жағдайды  модельдей  отырып,  тема-ремалық 

қатынастың маңызын айқындауға болады. 

Синтаксистік  жүйеде  диалогтағы  коммуни-

кант тардың  репликасын  біріктіруді  атау  үшін 

диалогтық  бірлестік  термині  қолданылады. 

Н.Ю. Шве дова репликалардың бірігуі əрқайсысы 

бір-бірімен синтаксистік тəуелділіктің белгілі бір 

ережелерімен байланысқан бірлестірілген синтак-

систік тұтастық дейді [1; 137].

Дегенмен диалогтық бірлестік, əсіресе сұрақ-

жауап диалогтық бірлестік ұғымы қайшылық пен 

анықсыздық,  дəлсіздікпен  ерекшеленеді.  Линг-

вистикалық еңбектерде диалогтардағы сұрақ пен 


Абай институтының хабаршысы.  №6 (12), 2011

96

жауап репликаларының сипаты мен синтаксистік 



табиғаты туралы сұрақ даулы болып келеді. 

Сондықтан да диалогтық бірлестік диалогтағы 

сөйлем-репликалардың  бірізділігін  құрайды. 

Мұн дай репликалар арасындағы тілдік байланыс 

көмескіленген;  əңгіменің  түрлі  қатысушысына 

тəн  пікірлер  бір-бірімен  тығыз  байланысып, 

құрылымы  жағынан  өзара  біріккені  соншалық, 

ерекше  коммуникативтік  жəне  құрылымдық 

грамматикалық бірлік ретінде қарастырылады.

Диалог  психологиялық  деңгейде  стимул 

мен  əрекет  болып  бір-біріне  бағытталған  сөйлеу 

қадам дарына байланысты орнайды. Сөйлеуші мен 

тыңдаушының қарым-қатынас жасауына себепші 

болатын коммуникативтік интенция – тыңдаушы 

реакциясы.  Тыңдаушының  реакциясы  диалогты 

құрайтын əртүрлі мақсатты анықтайды. 

О.И.  Москальская  сөйлем-сұрақ  та,  сөйлем-

жауап та өз алдына жеке пікір ретінде қызмет ете 

алмайды  деп  санайды.  Реплика-сұрақ  əлі  пікір 

емес,  бір  əңгімелесушіден  шығып  екіншінің  сөз 

сөйлеуіне  түрткі  болатын  стимул.  Сондай-ақ  реп-

лика-жауап  та  мағыналық  дербестікке  ие  емес. 

Диалогтық  бірлестік – стимул  мен  əрекеттің 

алмасушылық  тізбектелуі.  Сұрақ  жауаппен  орын 

алмастырылатын  синтаксистік  позицияны  ашады 

[2; 99].


Күнделікті  тұрмыста  қолданылатын  ауызекі 

сөйлеу  тіліне  тəн  диалогты  ауызекі  сөйлеу  тілін 

қалыптастыратын  коммуникативтік  жағдайлар 

туралы пікір айтқан проф. Р. Əмірдің тұжырымы 

негізінде  түсіндіруге  болады.  Ғалым  ауызекі 

сөйлеу  тілін  қалыптастыратын  коммуникативтік 

жағдайлардың  мынадай  басты  белгілерін  атап 

көрсетеді: «1. Пікір  айту  ауызша  əрі  сөйлеуші 

мен  тыңдаушының  жүзбе-жүз  отырып  қатысуы; 

2.  Пікір  айту  диалог  түрінде,  яғни  екі  неме-

се  бірнеше  адамның  қатысуы; 3. Пікір  айту 

ешқандай дайындықсыз емін-еркін əңгіме үстінде 

құралады» [3; 55]. 

Диалог-мəтін  семантикалық  тұтастыққа  ие. 

Диалог-мəтінді  құруда  оның  коммуникативтік 

жəне композициялық тұтастығына назар аударады. 

Мəтін  диалогтың  семантикалық,  компо зициялық 

жəне  коммуникативтік  жүйелі лігі  ерекше  жағ-

дайда  оның  құрылымдық  жəне  грамматикалық 

тұтастығынан  көрінеді,  өйт кені  репликаларда 

көптеген  ұғымдар  мен  қатынастардың  жасырын 

(имплицитті) пікірі жиі көрініс табады. 

Диалогта  сұраулы  сөйлемдердің  барлық  түр-

лері  өзінің  бірінші  қызметінде  (яғни,  сұраулық 

мағынасында)  қолданылады,  олар  əңгіме лесу-

шіден жауап алуға түрткі болатын себепші репли-

калар болып табылады. 

Сөйтіп, диалог ішіндегі сұраулы сөйлем қай-

сы бір  функционалды  мəтін  болмасын  бірден 

мына дай нысанада жұмсалады: 

Диалогтарда  қызметі  жағынан  анықтаушы 

мақ сатында жұмсалған, құрылым жағынан қайта-

лаушы сұрақтар жиі қолданылады. 

Толық  аяқталмаған  пікір  интонациялық 

амал дың  тікелей  қатысуымен  екінші  реплика-

да  анықтаушы  сұрақ  арқылы  жалғасуы  мүмкін. 

Мұн дай  жағдайда  алғашқы  репликаның  бір  сөзі 

қайталанады. Мысалы: 

[Сайлау]: Сенсең де, сенбесең де өзің біл. Біз 

ол екеуміз былтыр күзде танысқанбыз. 

[Назым]:  Былтыр  күзде?  Ровно  бір  жыл 

болған екен ғой (С. Асылбекұлы). 

Анықтаушы  сұрақ  кейде  өзінен  кейін  түсінік 

беруді қажет ететін тағы бір сұраулы сөйлемді та-

лап ететін жағдайлар да кездеседі. Мысалы: 

[Сайлау]: Ол менің бір танысым. Досым…

[Назым]:  Досым?  Сен  кімді  ақымақ  қылып 

тұрсың? (С. Асылбекұлы). 

Диалогтарда  коммуниканттар  арасындағы 

пікірдің  бірнеше  қарсы  сұрақтар  арқылы  жал-

ғасатын түрлері де кездеседі. Мұндай қатарынан 

сұраулы  сөйлемдердің  қолданылуы  диалог  ба-

рысына  қарай  эмоционалды  бояуды,  мысалы,  өз 



пікірінің дұрыстығының эмоционалды дəлелін 

көрсетеді.

– Неменеге жолдас дейсің сен мені!

– Несі бар жолдас десем? – деп мынау қайта 



көтерілді. 

– Немене жолдас деп, сен менімен асық ойнап 



па едің?

  Өзіңіз  не  деп  тұрсыз,  жолдас  Бегей?  Біз, 



айталық, сізді ғана емес, Сталиннің өзін жолдас 

дейміз...  Немене,  онымен  асық  ойнағандықтан 

жолдас дейміз бе сонда?! (З. Қабдолов). 

Диалогтардағы сұраулы сөйлемдер жауап алу 

нəтижесіне байланысты екі топқа бөлінеді:

а)  жауап-тұжырымды  немесе  болымсыз  жа-

уапты  қажет  ететін  сөйлемдер,  яғни  шындық 

болмыстың сəйкестік немесе сəйкессіздігі туралы 

жауап. Мысалы: – Сен келісесің ғой, иə? – Асқар 

ұйықтап жатыр ма?

б) коммуниканттың жауабында сұрап отырған 

мəселе  туралы  ақпаратты,  хабарды  қажет  ететін 

сұраулы сөйлемдер. Мысалы: Биылғы Елбасының 



Абай институтының хабаршысы. №6 (12), 2011

97

халыққа  Жолдауында  экономика  мəселесіне 



қатысты не айтылды? Бұл не? – Не деп əндетіп 

тұрсыз,  Бəкеев?Қане,  дұрыстап  баяндаңыз  тілі 

бар  адамша.  ЧП  сағат  нешеде  болды?  Ұрыдан 

қалған  белгілер  қандай?  Иттер  неғып  үрмеген? 

Үрсе,  неге  естімейсіз?  Ұрлық  кезінде  қайда 

жүрдіңіз? (Н. Ақыш).

Дəл  осындай  мақсатта,  мысалы,  қылмыс 

жасаған  адамды  тергеуде  сұрақ  қою  арқылы 

қажетті  ақпаратты  алу  үшін,  ақиқатты  анықтау 

үшін  қарсыласын  ыңғайсыз  жағдайда,  тосын 

қалдырып сұраулы сөйлемдер конструкцияларын 

қолданатыны бар. Мысалы: 

– Асықпаңыз. Мына қағаздарда сіздің қылмыс 

жасағаныңыз жазылған. 

– Немене, космостан суретке түсіріп тұрып 



па біреу?

– Сіздің қылмыс жасағаныңызды ма?

– Мен қылмыс жасаған жоқпын. 

– Ендеше нені суретке түсірмек космостан?

– Жəй айта салынған сөз емес па? 

–  Шындық  іште  жатпайды.  Кейде  байқау-



сызда  шығып  кетеді.  Сіз  дəл  осы  жолы 

шындығыңызды айттыңыз ғой деймін (Б. Исаев).

Сондай-ақ  диалогқа  қатысушылар  арасында 

қолданылатын  сұраулы  сөйлемдер  төмендегідей 

коммуникативтік 

талаптарды 

арқалап 


та 

қолданылады:  бір  іске  түрткі  болу – Бұлардың 



ата-аналары,  туған  туыстары  қайда?  Сонша-

ма  күннен  бері  неге  іздемеген?  Жоқ,  əлде  сырт-

тан  келген  біреулер  ме  екен?  Қалайда  іздеп 

табу  керек  (Б.  Оңғарбай);  нақты  экспрессивті 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет