Абай және жаңа дәуірдегі қазақ Әдеби тілі


) Абай қазақтың мол сөз байлығын қолданумен қатар, өзі де жаңа сөз, жаңаша сөйлем құрылыстарын енгізді



бет2/6
Дата10.12.2023
өлшемі125,86 Kb.
#136198
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
f628b64cda66000

3) Абай қазақтың мол сөз байлығын қолданумен қатар, өзі де жаңа сөз, жаңаша сөйлем құрылыстарын енгізді.

4) Өлең құрылысына қыруар жаңалықтар қосып, көркемдеудің жаңа тәсілдерін ұсынды

Құдайберген Жұбанов 1934 ж. «Абай - қазақ әдебиетінің классигі» деген еңбегінде екі үлкен принципті пікір білдіреді:

  • Абайдың жеке-дара үздік шығып, таза қазақ тілінде жоғары поэзия тудыруы;
  • Ғасырлар бойы келе жатқан туған тілінің ең бір нәрлісін кәдеге жарата біліп, әлсізінен безуі;

Сыздықова «Абай шығармаларының тілі» (1968)

  • Абайдың әдеби мұрасы қазақ тілі тарихының материалы ретінде зерттелді. Мұнда ұлттық жазба әдеби тіліміздің ірге тасын қалап, әрі қарайғы даму бағыттары мен принциптерін белгілеудегі Абайдың ерекше ролі мен теңдесі жоқ қызметі көрсетілді.

Р.Сыздықова «Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы» (1971)

  • Қазақ өлеңдерінің, оның ішінде Абай туындыларының синтаксистік амал-тәсілдері, ұйқасы, өлшемі, композициясы және олармен синтаксистік құрылымының өзара байланысы нақты талданды. Күрделілігі, сыйымдылығы, көркемдік әсері жағынан Абай өлеңдерінің синтаксистік жазба поэзия талаптарына сай түсетін, өзіне дейінгі қазақ поэтикасы дәстүрінен жоғары көтерілген, кейінгі қазақ поэзия тіліне бағыт-үлгі болатын сипатта екендігі дәлелденді.

Қазақ әдеби тілін дамытуда Абай ұстанған принцип-бағыттар

  • Р.Сыздық «Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі» атты еңбегінде «Абай қазақ әдеби тілін жаңа сатыға көтергенде бұрынғы принцип-бағыттардың күллісін жоққа шығарған жоқ, керісінше, ең басты өмірлік белгілерін сақтап, оларды әрі қарай ұстады» деп көрсетеді.

Ол принцип-бағыттар:

  • 1 жалпыхалықтық тілді әрдайым негіз етіп ұстау;
  • 2 Жалғастылық принципі: жаңа әдеби тіл үшін қазақтың ғасырлар бойы үзілмей келе жатқан төл әдеби тілін таңдады, ескі түркі жазба тілдері, оның қазақ топырағында «кітаби тіл» атанған түрі қазақтың жазба әдеби тілін қалыптастыруда қосымша құрал болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет