Абай Құнанбаевтың өлеңдері



бет2/2
Дата27.11.2023
өлшемі32,08 Kb.
#130081
1   2
Байланысты:
Абай Құнанбаевтың өлеңдері

Сегіз аяқ Алыстан сермеп, Жүректен тербеп,
Шымырлап бойға жайылған;
Қиуадан шауып,
Қыйсыннан тауып,
Тағына жетіп қайырған,
Толғауы тоқсан қызыт тіл, Сөйлеймін десең, өзің біл.
Өткірдің жүз, Кестенің бізі,
Өрнегін сендей сала алмас. Білгенге маржан,
Білмеске арзан,
Надандар баһра ала алмас.
Қиналма бекер, тіл мен жақ,
Көңілсіз құлақ — ойға олақ.ыстан сермеп,

35
Сәулең болса, кеудеңде,


Мына сөзге көңілің бөл.
Егер сәулең болмаса,
Мейлің тіріл мейлің өл.
Танымассың, көрмессің,
Қаптаған соң көзді шел.
Имамсыздық намазда —
Қызыл бастың салған жол.
Көп шуылдық не табар,
Билемесе бір кемел?

Берекелі болса ел —


Жағасы жайлау ол бір көл.
Жапырағы жайқалып,
Бұлғақтайды соқса жел.
Жан-жағынан күркіреп
Құйып жатса аққан сел,
Оның малы өзгеден
Өзгеше боп өсер тел.

36
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,


Жоқ-болды, ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тіл орамды
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.
Бұл сөзді тас ұқпас, талапты ұғар,
Көңіліңнің көзі ашық сергегі үшін.

Түзу кел, қыйсық-қыңыр, қырын келмей,


Сыртын танып іс бітпес, сырын көрмей.
Шу дегенде құлағың тосаңсыйды,
Өскен соң мұндай сөзді бұрын көрмей.
Таң қаламын алдыңғы айтқанды ұқпай,
Және айта бер дейді жұрт тыным бермей.

Сөз айттым «әзрет Әлі, айдаһар» сыз,


Мұнда жоқ «алтын иек, сары— ала қыз».
Кәрілікті жамандап, өлім тілеп,
Болсын деген жерім жоқ жігіт арсыз.

37
Әуелде бір суық мұз — ақыл зерек,


Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек.
Тоқтаулылық, талапты шыдамлылық, —
Бұл қайраттан шығады, білсең керек.

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,


Сонда толық боласың елден бөлек.
Жеке-жеке біреуі жарытпайды,
Жол да жоқ жарыместі «жақсы» демек.

Ақыл да, ашу да жоқ, күлкі де жоқ,


Тулап, қайнап бір жүрек қылады әлек.
Біреуінің күні жоқ біреуінсіз,
Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек.

Ғашықтық, құмарлық пен — ол екі жол,


Құмарлық бір нәпсі үшін болады сол.
Сенен артық жан жоқ деп ғашық болдым,
Мен не болсам болайын, сен аман бол.

41
Қиыстырып мақтайсыз,


Ойласаң не таппайсыз?
Бізде ерік жоқ, өзің біл,
Әлденеге бастайсыз.

Біз де әркімді байқаймыз,


Тап бергеннен тайқаймыз.
Сіздей асыл кез болса,
Қайтіп басты шайқаймыз?

Ақылыңа сөзің сай,


Сіз — жалын шоқ, біз— бір май;
Ыстық сөзің кірді ішке,
Май тұра ма шыжымай.

Қабыл көрсең, көңлім жай,


Тастап кетсең, япырмай,
Ит қор адам бола ма
Бұл жалғанда сорлыңдай?

42
Білектей арқасында өрген бұрым,


Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.
Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін.

Аласыз қара көзі айнадайын,


Жүрекке ыстық тиіп салған сайын,
Үлбіреген ақ етті, ашық жүзді,
Тісі әдемі көріп пе ең қыздың жайын?

Бұраң бел, бойы сұлу, кішкене аяқ,


Болады осындай қыз некен-саяқ.
Піскен алма секілді тәтті қызды,
Боламын да тұрамын көргендей-ақ.

Егерде қолың тисе білегіне,


Лүпілдеп қан соғады жүрегіңе.
Бетіңді таяп барсаң тамағына,
Шымырлап бу енеді сүйегіңе.

54
Тұлпардан тұғыр озбас шабылсада,


Оған да үкі, тұмар тағылса да.
Қыжыртпай мені сырттан жүре алмайды,
Кім желігіп, қай шеттен қағынса да.

Күшік ит бөрі ала ма жабылса да?


Тәңірі сақтар, табандап тап ұрсада.
Арсыз адам арсаңдап, арсылдайды,
Әржерде-ақ керегеге таңылса да.

Құтырды көпті қойып азғанасы,


Арызша орыс — олардың олжаласы.
Бір де оны жарылқап, бір де мұны,
Қуды ұнатты-ау Семейдің бұл қаласы.

57
Келдік талай жерге енді,


Кіруге-ақ қалдық көрге енді.
Қызыл тілім буынсыз,
Сөзімде жаз бар шыбынсыз,
Тыңдаушымды ұғымсыз
Қылып тәңірім бергенді.
Осы жасқа келгенше,
Өршеленіп өлгенше,
Таба алмадық еш адам
Біздің сөзге ергенді.
Өмірдің өрін тауысып,
Білімсізбен алысып,
Шықтық міне белге енді.
Енді аяңды, жығылма,
Сыймас жерге тығылма,
Қой бұрынғы желгенді!

58
Өзгеге, көңілім, тоярсың,


Өлеңді қайтіп қоярсың?
Оны айтқанда толғанып,
Іштегі дертті жоярсың.
Сайра да зарла, қызыл тіл,
Қара көңілім оянсын.
Жыласын, көзден жас ақсын,
Омырауым боялсын.
Қара басқан, қаңғырған,
Қас надан нені ұға алсын?
Көкірегінде оты бар,
Құлағын ойлы ер салсын.
Тыңдамаса еш адам,
Өз жүрегім толғансын.
Әр сөзіне қарасын,
Іштегі дертім қозғалсын.

61
Асқа, тойға баратұғын,


Жаны асығып жас жігіт.
Қолға кетті жауға бір күн,
Тірі адамның ісі — үміт.

Қозғады жау батыр ерді,


Жауға сойқан салғалы.
Қалыңдығы қала берді,
Жатыр еді алғалы.

Асықсаң да, шырағым,


Саған деген құданың
Жазылған қандай жарлығы,
Есіткен жоқ құлағын.

Қалыңдық құшып, сүйуге


Күйеуіне ынтызар.
Келісімен тиюге
Дайындалған ойы бар.

62
Ата-анаға көз қуаныш —


Алдына алған еркесі,
Көкірегіне көп жұбаныш,
Гүлденіп ой өлкесі.
Еркелік кетті,
Ер жетті,
Не бітті?

Оқытарсың молдаға оны,


Үйретерсің әрнені.
Медеу етіп ойы соны,
Жаны тыныштық көрмеді.
Жасында күтті,
Дәмі етті,
Босқа өтті.

Ата көңілі жанбаса бір,


Артық өнер шықпаса,
Ел танымай, үй танып құр,
Шаруасын да ұқпаса,
Үміті қайда?
Соны ойла,
Абайла!

64
Заман ақыр жастары


Қосылмас ешбір бастары.
Біріне бірі қастыққа
Қойнына тыққан тастары.

Саудасы — ар мен иманы,


Қайрат жоқ бойын тыйғалы.
Еңбекпен етті ауыртпай,
Құр тілменен жыйғалы.

Өнімсіз іске шеп-шебер,


Майданға түспей несі өнер.
Сыйырша, тойса мас болып,
Өреге келіп сүйкенер.

Күлмеңдеп келер көздері


Қалжыңбас келер өздері.
Кекектеп секек етем деп,
Шошқа туар сөздері.

65
Көзінен басқа ойы жоқ


Адамның надан әуресі.
Сонда да көңілі тым-ақ тоқ,
Жайқаң-қайқаң әр несі.

Білмейсің десе, жел өкпе,


Дейді ол дағы — тәңірі ісі.
Бірінен бірі бөлек пе
Иемнің әділ пендесі?

Жүректің көзі ашылса,


Хақтықтың түсер сәулесі,
Іштегі кірді қашырса,
Адамның хикмет кеудесі.

Наданның көңілін басып тұр


Қараңғылық пердесі.
Ақылдан бойы қашық тұр,
Ойында бір-ақ шаруасы.

66
Жастықтың оты жалындап


Жас жүректе жанған шақ,
Талаптың аты арындап
Әр қыйынға салған шақ.

Уайым-аз, үміт-көп,


Ет ауырмас бейнетке,
Бүгін-ертең жетем деп
Көңілге алған дәулетке.

Қайратпен кіріп жалынбай,


Ақылмен тауып айласын,
«Мен қалай?» ға салынбай,
Жылы жүзбен жайнасын.

Қайратқа сеніп қақтықпай,


Жазасын тауып жауласар,
Қатынша тілмен шаптықпай,
Майданға шықса жарасар.

70
Не іздейсің, көңілім, не іздейсің?


Босқа әуре қылмай шыныңды айт.
Шарқ ұрып тыныштық бермейсің,
Сырласалық, бермен қайт.

Абұйыр, атақ сол жанда,


Кімді көп жұрт мақтаса.
Ол мақтаудан не пайда,
Көп мақтауын таппаса?

Көп тәңрі атқан мақтай ма,


Ол тәңрі атқан болмаса?
Жоқты-барды шатпай ма,
Көптің өзі оңбаса?

Мақтау — жел сөз жанға қас,


Қошеметшіл шығарған.
Бір мақтаса боқтамас
Ел табылса, құмарлан.

71
Жүрегім, ойбай, сокпа енді!


Бола берме тым күлкі.
Көрмейсің бе, тоқта енді,
Кімге сенсең, сол шикі.

«Жетім қозы— бауыр,


Түңілер де отығар».
Сорлы жүрек мұнша ауыр
Неге қатты соқтығар?

Сенісерге жан таба алмай,


Сенделеді ит жүрек.
Тірілікте бір қана алмай,
Бұл не деген тентірек?

Жоқ деп едің керегің,


Топ жиып ең бір бөлек.
Кезек келер демедің,
Ендігі керек қай керек?

72
Қайғы шығар ілімнен,


Ыза шығар білімнен.
Қайғы мен ыза қысқан соң,
Зар шығады тілімнен.
Қайтып қызық көремін
Әуре-сарсаң күнімнен?
Қайрылып қарап байқасам,
Ат шаба алмас мінімнен.

Қайғылы, қартаң біздей шал,


Қарай берсең, қайда жоқ?
Есер, есірік болмасаң,
Тіршіліктен пайда жоқ.

Ақыл бітпес дәулетке,


Дәулет бітпес келбетке.
Болымсыз қулық тойымсыз
Болды балаң жөргекте.

78
Жақсылық ұзақ тқрмайды,


Жамандық әркез тозбайды.
Үміттің аты елеріп,
Қос тізгінді созбайды.

Қанша тепкі салсаң да,


Уайымнан озбайды.
Бір қайғыны ойласа,
Жүз қайғыны қозғайды.
Жер қорығыш желгек шал,
Желіп жүріп боздайды.

Құрсаған бұлт ашылмай,


Аспанның жүзі көгермес.
Үрпейген жүрек басылмай,
Талапты көңіл елермес.
Шырайды қайғы жасырмай,
Күлкінің ерні кезелмес.

95
Тілім, саған айтайын,


Осы сөздің келісін тап.
Қолым, сені қайтейін,
Қалмды тұрдың қатты ұстап.
Жүректің сөзін сөйле, тіл,
Жалғаны жоқ бояма.
Қу көсе — қандай өзімшіл,
Бір сынамай қоя ма?

Махаббатпен қарап бақ,


Тамыр соқса солқылдап.
Мен жазайын сізге хат,
Оқып көрсін ол шындап.

Оқып көріп байқасын,


Мағынасы ішке кіре ме?
Ұрлаған сөз деп айтасың,
Сөз ұрлыққа жүре ме?

100
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,


Ол бірақ қайтып келіп, ойнап- күлмес.
«Мені» мен «менікі» нің айрылғанын
«Өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес.

Көп адам дүниеге ьой алдырған,


Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?

Кім жүрер тіршілікке көңіл бермей,


Бақи қоймас фәнидің мінін көрмей,
Міні қайда екенін біле алмассың,
Терең ойдың телміріп соңына ермей.

Дүниеге дос ақыретке бірдей болмас,


Екеуі тап бірдей боп орынға алмас.
Дүниеге ынтық, махшарға амалсыздың
Иманын түгел деуге аузым бармас.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет