Валентина Әуезова.
Тақырып, оқиға және оның құрылысы, шығармаға қатысушылардың араларындағы тартыс, оларды суреттеу әдістері жазушының сол шығармадағы айтайын деген...бағынады: Идеясына. Жазушының сол өзі суреттеп отырған өмір құбылысы туралы айтқысы келген ойы, сол өмір құбылысына берген бағасы: Идея. Халық шығармашылығының жемісі: Фольклор.
Фольклорға нелер жатады: Мақал-мәтел, қисса-дастан, жұмбақ, жаңылтпаш, аңыз бен миф. Ауыз әдебиетінің ғылыми атауына фольклор терминін кім, қашан ұсынды: Дат ғалымы Вильям Томсен, 1846 жылы.
Ауыз әдебиетін зерттейтін ғылым: Фольклортану.
Көне аңыз, әңгіме: Миф. Табиғат құбылыстарын, адам не қоғас өмірінің сан алуан сырын, қиял ғажайып оқиғаға айналдыра бейнелейді: Миф. Миф ең алғаш рет қай елдерде пайда болған: Грекия мен Римде. Түркі халықтарында қандай мифтер бар: Көк бөрі, Ұмай ана, Келіншек тау, Қорқыт ата, Қожанасыр, Алдар көсе туралы мифтер. Әдеби шығарма сюжетіндегі өз мәні бар жеке оқиға немесе шығарманың бас-аяғы тиянақты бір бөлшегі: Эпизод. Эпизод грек тілінен аударғанда қандай мағына береді: Кірістіру. Заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын айқындайтын, анықтайтын суретті сөз: Эпитет.
Көбіне сын есім, кейде зат есімдер мен есімше, көсемше етістіктері арқылы затты анықтайтын сөздер: Эпитет сөздер. «Сұр бұлт, түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан». Үзінді авторы, көркемдегіш құрал: Абай, эпитет. «Қоңыр күз болатын. Ақ жауын себелеп тұр. Жол лайсаң. Алтай өңірінің ең бір жүдең, көңілсіз шағы». Үзінді авторы, көркемдегіш құрал: Қалихан Ысқақ, эпитет. Көркем әдебиеттің байырғы, негізгі тектерінің бірі, өмір шындығын мейлінше мол қамтып, кең суреттейтін, адам мінезін мүмкіндігінше терең ашып, жан-жақты танытатын іргелі, күрделі жанр: Эпос.
Эпос грек тілінен аударғанда қандай мағына береді: