Омаров, Д. Абайдың рухани мұрасы немесе данышпан берген салауатты өмір тағлымы: дүниетаным / Досым Омаров.– Алматы: Ел-шежіре, 2007.– 263, [1] б. Кітапта Абай мұрасы оның өз өмір олы арқлы саралана отырып, оны салауатты өмір салтына қолдану жаңаша көзқараспен беріледі. Абай ілімі бойынша адамның өз болмысын тануы, сана-сезімінің жетілу сатылары, имандылық сырлары баяндалады. Кітап оқу орындарында өзін-өзі тану, салауатты өмір пәндеріне қолдану үшін мектеп оқушыларына, студенттерге және өмірдің терең мағынасына үңілетін көпшілікке арналады.
Оқу
Ақбай, Н.Абай жолы энциклопедиясы/ Наурызбай Ақбай. – Алматы: Арда, 2008.– 501, [3] б. Бұл энциклопедия қазақтың классик жазушысы, драматург, абайтанушы, ойшыл, ғалым Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің төрт томдық «Абай жолы» роман-эпопеясының негізінде жазылған. Онда қазақ халқының XIX ғасырдың екінші жартысындағы қоғамдық-саяси өмірі барлық жағынан көркемдікпен суреттеліп, олардың тыныс-тіршілігінің түкпірінде жатқан тарихи процестер кеңінен айқын көрсетілген; қоғам дамуының басты-басты заңдылықтары ашылып, жарты ғасырлық тарихи дәуірдің рухы жіті бейнеленген.
Аталмыш энциклопедия көркем шығарма жөніндегі тұңғыш ғылыми басылым болып табылады. Кітапқа үлкенді-кішілі 1400-дей мақала енгізілген.
Оқу
Досжан, Д. Абайдың рухы: ғұмырнамалық ойтолғау / Дүкенбай Досжан. – Астана: Фолиант, 2008.– 428, [3] б. «Абайдың рухы» – жаңа заман биігінен ақын өміріндегі кезеңді оқиғаларға, бәзбір жауһар өлеңдерге табан тірей отырып ұстаздың рухани жан әлеміне барлау жасаған пәлсапалық, ғұмырнамалық ойтолғаныс десеңіз болады.