Абай өлеңдеріндегі рухани-адамгершілік қасиеттер және олардың адамның рухани жетілуіндегі алатын орны мен маңызы


Ежелгі түркілердің дүниетанымдық түсініктері және олардың рухани негіздері



бет27/58
Дата21.12.2022
өлшемі161,99 Kb.
#58855
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   58
Байланысты:
Абай өлеңдеріндегі рухани

Ежелгі түркілердің дүниетанымдық түсініктері және олардың рухани негіздері.Түріктердің дүниетанымының бастау бұлағы, қайнар көзі – табиғат. Бұл, табиғатпен біте қайнасып бірге өскен, соның өзгерісін, құбылысын жіті бақылайтын көшпелілер әулетінің қоршаған ортамен тығыз байланысты екенін білдіреді. Көптеген салт-дәстүрдегі наным, тыйымдар осы табиғатпен біте қайнасудан туындаған ұғымдар жиынтығы болып саналады. Осы табиғатты жаратушыны «тәңірі» деп танып, оның туындысы табиғатты аялау арқылы оған құрмет көрсетілген. Бұл үрдіс қазірге дейін осы халықтардың жалғасы боп саналатын көптеген халықтардың салт-дәстүрінде орын алған. Қазіргі моңғол, қазақ, қырғыз т.б. халықтардың дәстүріндегі қыстау, күзеу, жайлау ұғымдарының болуы; • Ағын суға кір жумауы, суды ұлықтауы; • «Көк шөп жұлма», «Бастау басына ақтық байлау» сияқты ұғымдары; • Аңның, малдың пірінің болуы (Көк бөрі, түйе атасы – Ойсыл қара, жылқы атасы-Қамбар Ата, Шопан Ата,…); Осындай түсініктермен тәңірінің жаратқан әрбір жаратылысына өзінше баға беріп құрметпен қараған.
Ежелгі және байырғы түріктердің діні әлі де толық зерттеле қойған жоқ. Сақ, хунну, көк түріктердің дінін ол дәуірде қалай атаған, оның жүйесі қандай, дін бе әлде наным-сенім бе дегенге к үні бүгінге дейін толық жауап берілмей келеді. Байырғы түріктердің наным – сеніміне арнайы қалам тартқан ғалымдар саусақпен санарлықтай ғана. Бұл мәселеге ең алғаш арнайы назар қойып зерттеген ғалымдар француз Жан Пьер Ру, ресейлік И. В. Стеблева, С. Г. Кляшторныйлар болды. Орта және Орталық Азия халықтарының ХХ-ХХІ ғасырға дейін сақталып келген шаманизмнің тарамдары олардың байырғы түрік оңғындарымен тікілей сабақтасытығын Л.П.Потопов, Анохин, С. Д. Майнагашев, Ш.Ш.Уәлиханов, Н. Ы. Дыренкова, Г. Д. Санжаев, Н. А. Алексеев, О. Пүрэв, А. Т. Төлеубаев, С. М. Абромзон, П. Пельо, Г. П. Снесарев секілді ондаған ғалымдар ғылыми еңбектерінің зерттеу объектісіне айналдырып келді. Жалпы, осындай көптеген ғалымдардың еңбектерінен мен байырғы түріктердің дінін ғылыми тұрғыда арнайы қарастырған екі ғалымның тұжырымын қолдаймын. Немістің атақты ғалымы Г. Дёрфер мен белгілі түркітанушы Қ. Сартқожаұлы зерттей келе, байырғы түріктердің діні, дін дәрежесіне көтерілгенін баса айтып, бұл дін бір құдайлыққа жақын деген тұжырым жасаған және байырғы түріктердің дінін «тәңірлік» (тенгризм) деп атай отырып: «… бұл дін даму тарихында үш кезеңді басынан өткізген болуы әбден мүмкін. Олар: тотемдік, шамандық және тәңіршілдік»-деген қорытындыға келген. Олай болса байырғы түріктердің дінін осы ғалымдардың айтуынша саралап көрейік:1. Байырғы түріктердің түсінігі бойынша Тәңір (teŋri) жерде емес көкте ол көзге көрінбейді. М: Űze kök teŋri (Жоғарыда көкте Тәңірі); 2. Тәңір жалғыз жаратушы. Ол жаралмайды, тумайды; 3. Бұл дүние тіршілік-тірлік. Ол дүниеге адамның жаны ұшып кетеді. Жан жоғалмайды. М: Kűl-tegin qoj jylqa [toquzynčy aj] jiti jigirmike učdy (Күлтегін қой жылы тоғызыншы айдың он жетісі күні ұшты). Бұл сөйлемде Күлтегіннің жаны ұшып кеткенін сөз етіп отыр. Ал, сүйек жерде қалады. 4. Ұшқан жан жоғалмайды. Ол дүниеде не жақсылық, не қиыншылық көреді. Олай болса тозақ, пейіш мәселесін мұнда қабат сөз ете білген. 5. Тәңір мен жер киесіне ұшырағанда ақыр заман болады. Адамзат, ағайын туыс өз ара арпалысады. М: Teŋri jer bulγaqyn űcűn (Тәңір мен жер киесіне ұшырағаны үшін) деген сөйлемдер бұған дәлел бола алады. 6. Байырғы түрік мәтіндерінде жаратушы-бір Тәңірдің көрсетуімен әр бір жанды, жансыз болмыс өмір сүреді деген түсінікте болған. Оны екі негіз үш дәуір (екі jyltyz űč öd) деп атаған. Бұл байырғы түріктердің дүниетанымының негізгі философиясы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет