Абайдың аудармалары


М.Дулатұлы шығармашылығы



бет6/55
Дата19.12.2022
өлшемі0,61 Mb.
#58267
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Байланысты:
әдебиет

59

М.Дулатұлы шығармашылығы.
М.Дулатoв 1885-жылы 25-нoябрьде қазіргі Қoстанай oблысына қарасты Сарықoпа деген жерде туған. Алғашында ауыл мектебіңде, 12 жасынан бастап Тoрғайдағы екі кластық oрыс-қазақ училищесінде oқыды. Міржақып Дулатұлы — әдебиеттің әр түрлі жанрына қалам тартқан қаламгер. Алғашқы кітабы — "Оян, қазақ!" деген атпен Петербург қаласындағы жарық көрген өлең жинағы. Одан кейін 1913 жылы Орьнборда "Азамат", ал 1915 жылы "Терме" атты өлеңдер кітаптары басылып шығады. Ақын өлеңдерінің басты такырыбы—ел тағдыры болды. Алғашқы кітабы "Оян, қазақ!" жұртшылық арасында ауыздан-ауызға, қолдан-қолға тез тарап кетеді. Қайта басылады. Кітаптың нeriзгi мазмұны халықты оятуға, әділетсіздікпен күресуге шақырған өлеңдер құрады. Сол себепті де кітап тұтқындалып, авторы қуғынға ұшырайды.Өзінің шығармашылық жолын ә дегеннен өлеңнен бастаған Міржақып проза жанрына да қалам сілтейді. 1910 жылы оның осы жанрдағы туындысы "Бақытсыз Жамал" романы Қазан қаласында басылып шықты. Бұл - қазақ әдебиетіндегі таза көркем проза үлгісінде туған тұңғыш роман еді. Кітап 1914 жылы екінші peт басылды.Бұл жылдары Міржақып бірқатар мақалалар мен фельетондар жазады. 1922 жылы Ташкентте екі бөлімнен тұратын "Есеп кұралы" оқулығын бастырады. "Балқия" пьесасын жазады.
М. Дулатұлының шығармалары қазақ елінің тәуелсіздік алған кезінен бастап кеңінен жариялана бастады. 1991 жылы шығармаларының бip томдық, ал 1996-1997 жылдары екі томдық жинақтары жарык көрді. М. Дулатұлы шығармашылығы жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізіліп, бірқатар кітаптар мен мақалалар жарияланды.



60

Мүсірепов шығармаларындағы қазақ анасының ұлттық бейнесі.Анаға деген махаббат, сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыруда көркем сөз құдыреті.
Ғ.Мүсірепов шығармаларындағы қазақ анасының ұлттық бейнесі. («Ананың анасы», «Ананың арашасы», «Адамның анасы», «Ер ана», «Ақлима»т.б.)
Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов (22 наурыз 1902 жыл— 31 желтоқсан 1985 жыл) — қазақтың халық жазушысы, драматург, сыншы, мемлекет және қоғам қайраткері. Ғ. Мүсірепов – қазақ әдеби тілінің зергері.Оның тілі ,қазақ тілінің үнділігі мен нәрлілігін өз орнына қолдана білуі кез келген оқырманды таң қалдырады.Мүсіреповтің шығармаларында оның 30-40 жылдары жазған “”Ашынған ана ”,”Ананың анасы”,”Ер ана”,”Ақлима ”,”Ананың арашасы”сияқты аналар жөніндегі новеллалар топтамасы елеулі орын алады.“Ашынған ана ”Ғ.Мүсіреповтің әңгімесінде ашынған Ана жалғыз ұлын ажалдан арашалап алып қалу үшін аштыққа көнеді, жаңалаштыққа төзеді, зынданға түседі, азап атаулының бәрін де көреді, бәріне шыдайды. Ақыр аяғында абақтыдан шыға сала жан түршігерлік азаптың бәрін ұмытып, абақтыдан шыға сала жан түршігерлік азаптың бәрін ұмытып, жалғызын көру үшін үйіне қарай құстай ұшады. Қайран ана, әбден азып-тозған, үсті-басы өрім-өрім, құр сүлдері ғана қалған. Тірі аруақ секілді. Жүресінен отыра қап, алақанын ошақтағы алау отқа қақтағанда, етінен арыған шидей жіңішке саусағының бірінен кенет асыл жүзік көзі от шашқан ана көзімен шағылыса жарқ ете қалады. 
Ананың анасы — Ғабит Мүсіреповтің 1933 жылы жазған ана құдіреті тақырыбындағы әңгімелерінің бірі. Ел арасына кең тараған аңыздан алынған. Мұнда елді шауып, жазықсыз жас қызды зорлап алып бара жатқан батырды қыз анасының сөзбен тоқтатып, жеңгені, сөйтіп, оның қызын жау қолынан азат етуі баяндалған. Әйтілес ақсақалдың «етектей сақалын балуан саусақтарымен салалап тарап» қойып өткен өмір оқиғасын баяндауынан басталады. Әңгімеде намысқа шабар білегі, әділетті таныр жүрегі бар, бірақ ел әкімдерінің алдауына түскен аңғал батыр Жалпақ балуанның Бала бидің қолшоқпары болуы, жүрегін жарып шыққан қызының тағдырына шырылдап арашашы бола білген абзал ананың өжеттігі айтылады.
Ананың арашасыЖазушы асқақ ана бейнелерін қиын тартыстар үстінде көрсете отырып, қоғамдағы алатын орнын, рухтарының мықтылығы мен анаға тəн тамаша қасиеттерін қызғылықты оқиғалар үстінде əсем бейнелейді. Мысалы, «Ананың арашасындағы» Нағиманы алайық. Өз басына қауіп төніп тұрғанына қарамастан, жаралы болып жатқан қызыл əскерді жау қолына түсірмей, алып шығады. Өз баласы болса бір сəрі, бөтен əскер. Бөтен болса да халықтың азаттығы үшін күресіп жүрген боздақ екендігін сезіне отырып, азаматты аман алып қалу үшін өзі де басын бəйгеге тігеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет