Батырлық жырдың тақырыбы, азаттық және бостандық идеясы, қаһармандық сипаты, елжандылық мәні Батырлық жырлар, батырлар жыры — ауыз әдебиетіндегі ең бай да көне жанрлардың бірі.[1] Қаһармандық эпос деп те аталады. Батырлық жырлар халық өмірінің тұтас бір дәуірін жан-жақты қамти отырып, сол тарихи кезеңдегі батырлардың сыртқы жауларға қарсы ерлік күресін, ел ішіндегі әлеум. қайшылықтар мен тартыстарды бейнелеп береді. Бірақ онда тарихи оқиғалар тізбегі өмірде болған қалпында емес, жырдың көркемдік шешіміне лайықты өріледі.[2] Бас кейіпкердің жүріс-тұрысына, өзге елге ерлік сапарға шығуына және өз елін жаудан азат етуіне байланысты оқиғалар бір қаһарманның маңына топталып, соның бейнесін ашуға қызмет етеді. Эпос желісі белгілі бір тарихи дәуірге табан тіреп, соны көрсетіп отырғанымен, оған көбіне түрлі заманның оқиғаларын бір қаһарманға теліп жырлап беру тән. Батырлық жырлардың осы өзгешелігіне байланысты ғылыми ортада көптен бері түрлі тұжырымдар орын алып келеді. Ресейлік зерттеушілер (Б.А. Рыбаков, Р.С. Липец, т.б.) және кейбір қазақ ғалымдары (Әлкей Марғұлан, Әуелбек Қоңыратбаев, т.б.) эпостық жырлардағы тарихи оқиғалар мен тарихи тұлғаларға сүйене отырып, жыр мен тарихтың жақындығын тілге тиек етсе, енді бір топ ғалымдар (В.Я. Пропп, Б.Н. Путилов, т.б.) эпостың нақты тарихи оқиғаларға қатысы жанама түрде ғана көрінеді деген пікірді алға тартады.
73
XIX ғасырдың екінші жартысындағы балалар әдебиеті ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап балаларға арналған жаңа типті орыс-қазақ мектептерінде оқытылатын “Букварь” (1892) , “Әліппе”, “Қазақтар үшін орыс тілін үйретудің бастауыш құралы” (1876) “Қазақ хрестоматиясы” (1879) шыға басталды. Мұның өзі жаңа типті орыс-қазақ мектептерінің ашылуына байланысты туған игілік еді. Қазақ балалары үшін ашылған мектептер, соншама аз болса да, қазақ халқының арасында олар орыс білімінің тарауына көмектесті. Балалар ендігі жерде Діни медреселерде оқымасын, олардың бастарын Діни уағыздарын мектептеріне тартылсын деген пікірлер туа бастады. Бұл кезде Діни медреселерде оқитын шәкірттерге ислам дінін дәріптейтін өлеңдерді, түсініксіз аяттарды хормен айтқызып, еріксіз жаттауға мәжбүр ететін: Осы тұстағы қазақ балалар әдебиеті орыс әдебиетінің қазақ тіліне аударылуыымен де толығып, жетіле түсті. Өз шығармаларымен қатар, Ыбырай Алтынсарин И. А. Крыловтан,и И. И. Дмитриевтен, Ушинский хрестоматиясынан балаларға лайықты көптеген өлеңдер, әңгімелер аударып, өз хрестоматиясына енгізді. Ыбырай мен Абайдың орыс әдебиетінен аударған шығармалары қазақ балалар әдебиетінің өсіп, дамуына игі әсерін тигізді.
Қазақ балалар әдебиеті мен балалар фольклорына жататын бай мұраларды жинап, іріктеп алу, бір жүйеге келтіру, бастыру жағы да осы ХІХ ғасырдан бастап қолға алынған еді. Осыған орай қазақ балалар әдебиеті педагогикалық принциптерді қолдануға тиіс өрелі ойлар өріс ала бастады.Ертедегі фольклорлық шығармалар ру, тайпалардың ортақ әдеби мұрасы болса, келе-келе қоғамдық қатынастың дамуына таптық сипат алған, оның басты себебі адамдардың ара қатынасындағы әлеуметтік теңсіздіктен әр алуан топтар, нәсілдер, тектер, таптар пайда болған. Соның нәтижесінде белгілі бір таптың салт – санасына, талғам – талаптарына лайық көркем шығармалар пайда бола бастаған. Еңбекші қарапайым халық жаратылыспен қарым – қатынаста, қоғамдық әрекетте және өзімен өзі сырласқанда өлең – аңыздар шығарған. Оны әдетте жұрт алдында, көп көзінде орындаған. Айтушы да, тыңдаушы да бетпе-бет қатар отырып, шығармашылық бірлік құрған.