Абайдың аудармалары


М.Әуезовтің «Жетім» әңгімесі



бет3/55
Дата19.12.2022
өлшемі0,61 Mb.
#58267
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
53



М.Әуезовтің «Жетім» әңгімесі
«Жетім» әңгімесі 1924 жылдардың жемісі. «Жетім» әңгімесінде Қасым атты жетім баланың қасіретті балалық шағы, Иса деген жамағайынның қорлығына шыдамай, ауылдан қашып шыққан бетінде, қараңғы түнде, тоғай ішінде өлгені айтылады. Өмірден зәбір көргендердің мұңы мен наласын үлкен әлеуметтік толғақты мәселе ретінде сипаттау сыншыл реализмнін негізгі белгісі еді. Классикалык орыс әдебиетінің дәстүрлі үлгісінен үйренген, көп тағылым алған М.Әуезовтің алғашқы шығармаларын осы рухта бастауы табиғи болып көрінеді. Ұлы таудың бөктерінде кештің қоңыр салқын желі еседі. Күн батып, ымырт жабылып барады. Күнбатысты қалың қара бұлт басқан, айналада күңгірт тартқан төбелер қоңырқай тартып, түн тыныштығына қарай бойсұнған сияқты. Сондай жүдеп сарылған төбелердің арасымен үш салт атты келе жатыр еді. Жаз ортасының қоңыр кеші. Ұлы таудың бөктерінде кештің салқын желі еседі. Күн батып бара жатты. Алыстан күн күркіреп жатты. Анда – санда көкжиектің тұсынан күн жарқылдап тұр. Бұлт қалың, жарқылдағы күшті. Қара – барқын тартып қараңғылана бастаған аспанда түксиген қатал қабақ, құлазып жүдеген иесіздік білінгендей. Сол кезде иесіздікте жүдеу тартып, ұйқыға батып бара жатқан даланы әнші жігіттің даусы ұлы бір сабырды еске түсіргендей. Ән салған жігіттер табиғатпен жалғасатын тіл тапқандай боп, кейде шырқыраған сұлу әнмен түн құшағына кіріп келе жатты...
Тау сыртындағы елді бетке алып келе жатқан жігіттерге қарсы жалғыз жаяу бала келе жатты. Жол үстінде ымырт жабылып, қас қарайған шақта жалғыз келе жатқан баланың ойында үлкен мұң, қабағында қалың қайғы бар.
Табиғат балаға қатал, суық көрінеді. Жан – жақта жүдеу тартып, жұмырланған боз төбелер қайғылы сырымен, дүние шерімен сазарғандай. Әрі салқын, әрі қорқынышты күйді есіне түсіргендей болады. Он жасар Қасымның бұдан бір жыл бұрын кәрі анасы өліп еді. Одан жарты жыл бұрын туған әке – шешесі өлген... Өз әке – шешесі өлгенде Қасымның сүйеніші болып қалған кәрі әжесі бар еді. Қасымның кішкентай басы тағдырдың бұның басына келерлік барлық соққысын түгелімен көріп шыққан.
Алдыңғы өлімнен кейін жарты жыл өткен соң Қасым әжесінен айырылды. Әжесі демі үзілгенге дейін қарсы алдына Қасымды отырғызып қойып, содан көзін алмай жатып үзілген. Кәрі кеудесінен жаны шыққанша, Қасымға ендігі қайғының қаншалықты қиын болатынын біліп, сорлы болған пішінін көруге өзінің көзі шыдамай, есіркеп, барлық күшін жиып, езу тартып күлген сияқтанып еді. «Құлынымның бұғанасы қатқанша, рақым ет. Сорлы қылып қақсатпа, зарлатпа, көрде мені күңірентпе!» деп тілеп еді. Қасым сол күнгі жылауынан бастап, үлкен кісідей қайғыға, қаралы күйге түсті.
Күндер өтті. Қасым жетім болды. Күннен – күн өткен сайын әжесі келмейтін болып, алыстай бастады. Жетімдік бұған өзінің барлық суық пішінінде емін – еркін танытты. Қатал тағдыр мықты қолымен қатты ұстады.
Қасымның көмескі ниеті есіне түсті, ол ниеті – ел жайлаудан қайта оралып, қыстауға таман жақындаған соң, сол қыстау маңында зираты бар әке – шешелерінің басына бармақшы еді. Олардың басына мал сойып апарып, құран оқытамын дегенде, алдында Иса мен Қадиша ұрсып, қабыл алмай, малды сойғызбай қойған. Әжесі өткен соң «жақынымын» деп, жаны ашыған ие болып шығып, Иса деген ағайыны Қасымды қолына алды. Қасымның әке – шешесінен отыз шақты қой, он шақты қара қалып еді. Исаға қасымның малын берерде жұрт: «Жетімнің малына қиянат қылма! Өзін адам ғыл, күт, асыра, жылатпа!» деп тапсырған болып беріп еді. Мені мұндай сорлы ғылғандай не жазып едім? … Неңді жеп едім?! Жазығым – қуарып қалған жетімдігім бе? – деп, жерде жатқан үлкен тасты ала салып төніп келіп қалған Исаны тізесінен періп кеп жіберіп, далаға қарай қаша жөнеліп еді. Иса аузына келгенін айтып боқтап, аяғы мертігіп «бақ» етіп отырып қалды. Қасым сол бетімен тас лақтырып қуған балаларына жеткізбей, үлкен тауға қарай жөнеліп кеткен. Ауылға енді бара алмайтынын біліп, зарлап еңіреп, әжесі мен атасының атын атап шақырып келе жатты.
Тау асатын жолда жалғыз келе жатқан зар еңіреген жетім бала Қасымды алып келе жатқан хал осы.
Қасым жүгіре бастады. Қасымның қазіргі ойы: енді баратын қорған жоқ болғандықтан, тау бөктеріндегі әке – шешелерінің басына барып, қабырын құшақтап жылау еді. Тау асатын жолда жалғыз келе жатқан зар еңіреген жетім бала Қасымды алып келе жатқан хал осы. Қасым қатты қорқып келе жатыр, түнде кездесетін жын – шайтандар, қара түндей жалмауыздар … сау адамды қағып кететін перілер. Әйтеуір енді алдында бұлдырлап, елестеп жүгіргендей болып, елбеңдеген бір нәрсе жолын бастап келе жатқан сияқты. Бір құйын соққандай болды, жасқанып көзін ашса алдында тісі ақсиған, ұзын бойлы, қолында ұзын қара пышағы бар қара кісі тұр екен. Даланың жыны осы ғой деп ойлай беріп еді, анау:
- Артымнан еріп жүр, Аяғыңа кірген тікенге, жырған тасқа қарама! Өліп қалсаң да артымнан еріп отыр! – деп жүріп кетті.
Әлсіз жетім:
- Ағатай, жетіммін… - дей беріп еді, алакөз қайта жарқ еткенде, артынан жүгіріп кетті. Ән салған үш жолаушы күн жарқылынан ағашқа сүйеніп, қатып тұрған баланы көрді. Аттан түсіп келіп қараса – жыртық киімді, өңі құп – қу болып, қаннан айырылып жүдеген он, он бір жасар бала екен. Ол - өлік.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет