Абайдың аудармалары


XIX ғасырдың бірінші жартысындағы балалар әдебиеті



бет9/55
Дата19.12.2022
өлшемі0,61 Mb.
#58267
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   55
Байланысты:
әдебиет

64

XIX ғасырдың бірінші жартысындағы балалар әдебиеті
Бұл дәуірде дала өлкесін отарлау,түгел меңгеру ісін бұрынғыдан гөрі батыл жүргізе бастаған Ресей патшалығы қазақ елін билеу ісіне тікелей араласты.Қазақ тәртібін орнату жобаларын іске асыра бастады. Бұрынға атадан балаға ауысып келе жатқан хандық билік орнына сайланып қойылатын сұлтандар әкімшілігі орнатылды.Сырт формасы сайлау болғанымен ұлықтар келісімінсіз,олардың ұйғарымынсыз ешбір сұлтан әкімшілік ісіне өз бетінше кірісіп кете алмады.Өйткенмен де,бұрынғы тек тұқым қуған хандар иелігінен мұның кейбір өзгешеліктері де бар еді. Сұлтандыққа қарсы болған ақ сүйек,төре тұқымдары хан атағын әлі де сақтап қалу мақсатында бар амалдың бәрін жасады. Ел жұрт жер қысымын көріп,елде халық пен хан-патша арасындағы наразылық үдеді. 30-шы жылдары Ішкі Орда қазақтарының хан сұлтандары мен патша әкімшілігі қысымына қарсы күресі ашық айқасқа айналды.Көтерілістің туын Беріш руынан шыққан Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы сияқты өжет ерлер көтеріліп,халық кегін алу жолында оларға қарсы күрес бастады.Махамбет туралы айтасндар





65



Балалар әдебиетінің қалыптасу, даму жолдарына шолу
Балалар әдебиеті - әдебиетіміздің өскелең бір саласы. Оның өзіндік өсу, өркендеу жолдары бар. Басында жалпы әдебиетпен бірге дамып, толысып келген балалар әдебиеті ХІХ ғасырда өз ерекшеліктерімен дербес күйге жетті. Балалар әдебиеті тәлім-тәрбие, білім беретін өмір оқулығына айналды. Балалар әдебиетінде оптимизм басым. Сары уайым, қайғы шер атымен кездеспейді. Бала біздің болашағымыз, өміріміздің жалғасы болғандықтан, олар егеменді ел құрылысына қажырлы күш жұмсайды. Балалар әдебиетіндегі басты қасиеттердің бірі оларды ер жүрек, өз отанының патриоты болуға жетелейтін, өнеге беретін батыр, адал адамдардың образын жасау.
ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейін қазақта балалар әдебиеті деген ұғым бола қойған жоқ. Оған қарап, қазақта балаларға арналған рухани қазына жасалмаған екен деп ойлауға болмайды. Қазақтың бай ауыз әдебиеті, халық әдебиеті, жыраулар поэзиясы – тұнып тұрған балалар әдебиеті. Қазақ балалар әдебиетінің түп атасы – Ыбырай Алтынсарин. Негізі ХІХ ғасырда қаланған балалар әдебиеті ХХ ғасырда С.Дөнентаев, С.Көбеев, Б.Өтетілеуов, Т.Жомартбаев шығармалары арқылы дамып, өрістеді. Жиырмасыншы жылдардың аяғында І.Жансүгіров, С.Мұқанов, Ө.Тұрманжанов секілді қаламгерлердің тікелей балалар әдебиетімен шұғылдануы, өздерімен бірге қаламдастарын тартып, көптеген мәселелерді ортаға салып, ойласып шешуі - әдебиеттің бұл саласына ерте назар салына бастағанын аңғартады.
М.Әуезовтің “Көксерек” философиялық әңгімесі, Ө.Тұрманжановтың “Құмырсқалар, аралар – қиыспас дос, құдалар” мысал-поэмасы, Б.Соқпақбаевтың “Менің атым Қожа” повесі қазақ балалар әдебиетінің табысына айналды. Қазақ ақын-жазушылары аталған шығармаларымен әлемдік балалар әдебиетінің образдық галлереясын жаңалады, жанрлық байлығын толықтырды дей аламыз 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет