Абайдың аудармалары


Ш.Уәлиханов қазақ ауыз әдебиетін жинап зерттеуші



бет11/55
Дата19.12.2022
өлшемі0,61 Mb.
#58267
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   55
Байланысты:
әдебиет

68

Ш.Уәлиханов қазақ ауыз әдебиетін жинап зерттеуші
Шоқан Уәлихановтың қазақ халық әдебиеті үлгілерін жіктеуі және оның тегі, құрамы, ерекшеліктері туралы ой-пікірлері. Шоқан Уәлихановтың қазақ әдебиеті туралы еңбектері, негізінде, мыналарды қамтиды( қазақтың ауыз әдебиетінің халық өміріндегі маңызы, эпостық жырлардың тууы, тарихи шындықпен байланыстылығы мен ерекшеліктері, қазақ халық поэзиясының жанрлық түрлері мен өзгешеліктері( аңыздар, ертегілер, айтыстар, мақалдар( олардағы этнографиялық көріністер( қазақ әдебиетінің жекелеген өкілдері Асан қайғы, Бұқар жырау, Тәтіқара жырау, Шал ақын, Шөже, Орымбай, Нұрымбай, ертедегі көптеген шығыс жазбаларындағы қазақтарға, олардың аңыз- әңгімелеріне байланысты деректер( әдеби алмасулардың сыр-сипаты, әдеби салыстырулар т.б. Міне, қазақ әдебиетінің көп ғасырғы даму тарихы мен тәжірибесі Шоқан Уәлиханов еңбектерінде тұңғыш ғылыми тұрғыда тексерілді де байсалды ой-тұжырымдар айтылды. Ол ой-тұжырымдардың ғылыми салмақтылығы мен тереңдігі биік деңгейде болды да осы күнге дейін мән-маңызын жоғалтқан жоқ. 
Қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, жарыққа шығару, зерттеу ісінің ғылыми жолға тұңғыш қойылуы қазақ оқымыстысы Шоқан Уәлихановтың есімімен байланысты. Ол қазақ аңыздары, аңыз- әңгімелері, ертегілері, өлеңдері, эпостық жырлары мен тарихи жырлары саласынан мол материалдар жинап, алғаш зерттеді. Зерттеу нәтижелерін қазақ халқының өткендегі тарихын танып білуге пайдаланды. Ғалым еңбектерінде қазақ ауыз әдебиеті алғашқы рет қазақтың мәдени рухани мұрасы есебінде зерттелді. Шоқан Уәлихановтың басқа еңбектері сияқты әдебиет туралы жазған мақалалары, ғылыми еңбектері, күнделіктері оның ерекше білімдарлығын, байыптылығын, аңғарымпаздығын, ұқыптылығын байқатады. Қай халықтың болса да әдебиеті алдымен фольклордан, халық сөз өнерінен басталатыны белгілі. Бұл заңдылық қазақ халқына да тән екндігін, оның ауыз әдебиеті де бай әрі өзіндік сыр-сипаттары да мол болғандығын Шоқан Уәлиханов көптеген деректерге сүйене отырып дәлелдейді. 
Қазақтың ауыз әдебиеті Шоқан Уәлихановты тіпті бала күнінде қызықтыра бастағаны белгілі. Оған дәулетті Уәлихановтар әулетінде қазақтың сөз өнері аса құрметтелгені, ауылында талай айтыстар, өнер сайыстар болғандығы, парасатты, терең ойлы, оқыған, білімді әжесі Айғаным халық даналығын, ертегі, аңыздарын щебер әңгімелейтіні, араб, парсы тілдерін меңгеруі, әкесі шыңғыспен бірге ел аралағанда халықтың ертегілерін жинап жүргені ықпал еткен(5.24). “Шоқан Уәлиханов қазақтың халық поэзиясына ерте жастан құмартып, оның классикалық үлгілерін жазып алып, өзінің ата-анасына дауыстап оқып жүреді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет