84
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. Бұл бөлім
- өте маңызды бөлімдердің
бірі болып табылады. Журналдардың көпшілігі мақалының әдебиеттер тізімі
ереже бойынша жасалмаған болса, онда оны қабылдамайды. Пайдаланылған
әдебиеттер тізімін рәсімдеу ерекшеліктерін 6.3 - бөлімде толығырақ
қарастырамыз.
Мақаланы соңғы тексеру кезінде келесідей сұрақтарға жауап бере алу
қажет: Мақаланың мақсаты анық тұжырымдалған ба? Аталған жұмыс не үшін
орындалды? Зерттеудің принциптері мен әдістері толық баяндалды ма?
Алынған нақты деректер толық ұсынылған және сипатталған ба?
Ұсынылған
деректерден туындайтын, талқылануы тиіс аспектілер толық ашылды ма?
Мақала редакцияның талаптарына сәйкес рәсімделді ме?
Мақалалардың көлеміне, мазмұнына, айдарларына және безендірілуіне
қойылатын талаптар әр түрлі журналдарда әрқилы. Сондықтан,
техникалық
өңдеу және мақаланы рәсімдеу «авторларға арналған ережелерге» сәйкес
жүргізілуі қажет. Әдетте, бұл ережелер журналдарда үнемі жарияланады және
электронды түрде қолжетімді. Мақаланы жазу мен рәсімдеу үшін тағы үш
практикалық кеңес:
1. Мақаламен жұмыс аяқталғаннан кейін оны екі аптадан немесе бір айдан
кейін жаңаша көзқараспен мұқият қарап, оқып шығыңыз.
2. Мақаланы әріптестеріңізбен жеке әңгімелесуде немесе семинарда
талқылаңыз. Әріптестердің «жаңа көзқарасы» мақаланың мазмұндау
логикасында, дәлелдеуде және безендіруде кездесетін ең айқын теріс қырларын
жоюға мүмкіндік береді.
3. Мақаланы жазу мен рәсімдеу барысын ұзаққа созбаған жөн. Оны
міндетті түрде редакцияға жіберіңіз. Ғылымда «екінші ретті балғындық»
нәтижесі сақталмайды, яғни мақаланы кейінге
қалдыру арқылы сіз оның
бағалылығын жоғалтасыз.
Әдетте, жас зерттеуші үшін ғылыми жарияланымның бірінші тәжірибесі
мақала емес, қысқаша жарияланым болып табылады. Оның ең көп тараған түрі
– баяндама тезистері. Тезистер - бұл кішігірім ғана мақала ғана емес, ол
жарияланымның ерекше түрі. Тезистер әдетте қандай да бір ғылыми іс - шара
басталғанға дейін шығарылады және баяндамашының өз хабарламасын баяндау
алдында, оның материалымен танысуға мүмкіндік береді. Тезистердің
мақаладан айырмашылығы, тезистерді жазу арқылы жиналған тыңдармандарды
қызықтырып, баяндама мен баяндамашыны жарнамалау мақсатын көздеумен
сипатталады.
Баяндама тезистерінің қалыпты сұлбасы ғылыми мақаланың «Реферат
(Аңдатпа)» бөлімінің түріне жақын келеді. Ол
зерттеудің мақсатын, әдістерін,
негізгі нәтижелерді, қорытындыларды, талдауды қамтиды. Бірақ баяндаманың
тезистерінде мақала үшін міндетті кейбір бөлімдер көрсетілмейді, мысалы,
«Материалдар мен әдістер» немесе «Нәтижелерді талқылау» бөлімдері.
85
6.3 Пайдаланылған әдебиеттер тізімін жасау және рәсімдеу
Ғылыми жұмыстың қандай түрі болмасын міндетті түрде алдыңғы алынған
нәтижелерге негізделеді, сондықтан ғылыми мақалалар мен көлемді басқа да
жарияланымдарда жазылған материалдарды құжаттық растау ретінде міндетті
түрде оларға библиографиялық сілтемелер жасалады. Жұмыста бөтен
идеяларды, деректерді, әдістерді пайдалану
немесе олардың авторларына
сілтеме жасамай мәтіндерді қолдану
плагиат болып табылады, яғни ғылыми
этиканың басты бұзылуының бірі болып табылады.
Мақалада келтірілген библиографиялық мәліметтер оқырманға жұмыстың
алдыңғы зерттеулермен байланысын тез анықтауға мүмкіндік береді, яғни
автордың ғылыми ұстанымдары, оның белгілі бір ғылыми топқа қатыстылығы
туралы түсінік жасауға, келтірілген деректердің нақты дұрыстығын тексеруге
мүмкіндік береді. Тәжірибе көрсеткендей, маман
жаңа мақаламен танысуды
келесідей тізбекте жүзеге асырады: «Тақырып» - «Реферат» – «Әдебиеттер
тізімі» – «Қорытынды» – «Мақаланың өзі». Бұл сілтемелер мен олардың
библиографиялық сипаттамаларының дұрыс таңдалуы мен рәсімделуінің
маңыздылығын көрсетеді.
Сілтеме екі жағдайда жүргізіледі:
- жұмыстың қандай да бір бөлігі бойынша атаулар болған жағдайда;
- басқа автордың жаңғыртылған күйдегі мәтінін немесе дәйексөзін
қолданған кезде.
Жарияланымға, мұрағаттық құжатқа,
шығарма қолжазбасына, жеке
хабарламаға сілтеме жасауға болады. Соңғы екі жағдай үшін аталған
туындының немесе жазбаның авторының жеке рұқсаты қажет. Сілтеме тізіміне
тек қолданылған көздерді ғана жазу керек. Бірнеше қажетті жағдайларды атап
өтуге болады:
- автор әдебиеттер тізімінде келтірілген барлық жұмыстармен жеке таныс
болуы тиіс;
- көптеген журналдардың шектеу көлемін ескере отырып, ең алдымен
маңызды жұмыстарға сілтеме жасау керек;
- сілтемелерді кез-келген сөз бен сөйлемдерге
жасай берудің қажеті жоқ,
яғни мақаланың бөліктеріне құрылымы мен мағынасына қарай сілтеме жасаған
жөн.
Сілтемелер мен библиографиялық сипаттамалардың тізімін рәсімдеу
ешқандай қиын емес. Бар болғаны МЕМСТ-ға, анықтамаларға немесе
«Авторларға арналған ережелерге» жүгінсе болғаны, сондай-ақ, библиограф –
мамандармен кеңесу қажет.
Төменде мысал ретінде диссертация жазу кезінде қолданылатын ақпарат
көздерінің библиографиялық сипаттамасы келтірілген. Сілтеме тізімінің барлық
«бөліктерінде»: авторлардың аты-жөндерінің, тыныс белгілерінің орналасуына,
дереккөздің шығыс деректерінің атауына және т.б. назар аудару қажет.
Достарыңызбен бөлісу: