Абдыхалыкова жазира есенкелдиевна


кезең. Жаңашыл даму кезеңі. 1900-1950жж



бет15/89
Дата27.11.2023
өлшемі0,54 Mb.
#129504
түріДиссертация
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   89
3 кезең. Жаңашыл даму кезеңі. 1900-1950жж. 19 ғасырдың аяғы мен 20 басында болған АҚШ-тың экономикасындағы өнеркәсіп революциясының негізінде жоғары білім беру жүйесіне бөлінетін қаржы көлемі ұлғайды, жаңа миллионерлер қатары жалпы білім беру жүйесіне, кейіннен ғылыми-зерттеу жұмыстарына көп мөлшерде қаржы бөлді.
АҚШ ғалымдары W.N.Cowley, D.Williams [73] тарихи- педагогикалық еңбегінде, профессорлардың назары сабақ беруден ғылыми-зерттеу жұмыстарына жіберген қаржының нәтижесін көрсету, басылымдарға жариялануда болып, студенттермен қарым-қатынасы төмендегенін, ынтымақтастығы мен әрекеттестігінің әлсірегенін басып көрсетеді. Университеттің ұйымдастырушылық кемшіліктерінің орнын толтыру, білім алушылардың элективті курстарды дұрыс таңдауын қадағалау мақсатында әртүрлі университеттер студенттің жеке оқу траекториясы құруға, дербес білім алу мәселелерін, аудиториядан тыс білім алу уақытын ұйымдастыруға әсер ету мақсатттарымен академиялық эдвайзерлер штаттары, пән бойынша қосымша тьютор сабақтарын қарқынды тәжірибеге енгізді. Мысалы, 1906 жылы Колумбия университеті (Columbia University) барлық білім алушыларға арналған академиялық эдвайзер орталығын (Academic Advising Center) ашты.
АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесінің сыншысы H.D. Sheldon, Американың 14 университетінің жылдық есеп беру баяндамаларына талдау жүргізе отырып, Германияның «ғылыми-зерттеу университеті» моделін толық ендіру салдарынан, студент-профессор арасындағы академиялық, жекетұлғалық әрекеттестіктің азайғанын сынға алды [74].
АҚШ ғалымдарының еңбектерін талдай келе, «жекетұлғаға бағытталған оқыту», «студентке бағытталған оқыту» қағидалары ғылыми негізделген, оны қолдану, білім алушылардың академиялық, қажеттіліктерін қанағаттандыру мәселелерімен түбегейлі айналысатын мамандарды даярлауға бет бұрған, студенттерге академиялық, әлеуметтік қолдау көрсету бағдарламаларының қарқынды дамуына әсер еткен, американдық жоғары білім беру жүйесінің «жаңа толқыны» деп айқындаймыз.
Тағы да бір ерекше мәселе, студенттер ісімен айналысатын арнайы кәсіби қызметкерлердің дайындалуы, кәсіби ассоциациялардың құрылуы. Мысалы, 1914 жылы Колумбия университетінің Білім беру колледжінде алғашқы рет «Әйелдер эдвайзері» (Woman Adviser) саласы бойынша кәсіби магистрлары дайындалды. Студенттер ісімен айналысатын мамандандырылған қызметтердің рөлі артып, кәсіби жолға қойылды. Оған 1910 жылы құрылған Америка офис-регистраторлар ассоциациясы (American Association of Collegiate Registrars), университеттік қабылдау комиссиясы ассоциациясы (American Association of Admission Oficcers), 1920 жылы колледж салауатты өмір салты ассоциациясы (American College Health Association), 1937 жылы ұлттық кәсіби бағыт бағдар-беру ассоциациясы (National Orientation Directors Association) сияқты, мамандарды біріктіруге, бір бірінің тәжірибесімен бөлісуге мүмкіндік беретін кәсіби қоғамдастықтардың қалыптасуы дәлел бола алады.
Студенттер ісімен айналысатын арнайы қызметтердің дамуына, оның өзектілігі мен мазмұндылығын айқындауға әсер еткен, 1937 жылы «Студенттер ісімен айналысатын қызметкерлердің ой-пікірі» (The Student Personnel Point of View) [75] атты тарихи бетбұрыстық мақаласының жарық көруі. Бұл мақала, Американың білім беру кеңесімен (American Council on Education) бекітілген, студенттермен жұмыс атқаратын университеттік кадрларының іс-әрекетін бірнеше жылдар зерттеудің нәтижесіндегі шарықтау шегі (кульминация) деуге де болады. Баяндамада, оқыту үдерісінде, студенттің жеке-дара ерекшеліктерін түсіну, олардың жастық, жыныстық, нәсілдік, мәдени т.б. мәселелеріне байланысты әр алуандылығын ескеру, оқытудың негізгі функцияларын жүйелеу мен студенттің дербес танымдық іс-әрекетін басқару үшін, жоғары оқу орындарының академиялық қолдау көрсету бағдарламаларын, студенттер ісімен айналысатын қызметтердің, орталықтардың қажеттігі басып көрсетілді. Баяндамаға сәйкес, студенттің қажеттіліктеріне бағытталған бағдарламалар мен қызметтер, әрбір университеттің жеке миссиясы мен мақсатына бағытталып, ұйымдастырылуы қажет. Маман даярлау тұжырымдамасы кеңейіп, дене, әлеуметтік, рухани, эмоционалдық, интеллектуалдық тұрғыдан жан-жақты дамыған жекетұлғаны қалыптастыру маңызды орынға қойылды. баяндамада көрсетілген білім беру қағидалары, 1937-1949 жылдар аралығында, студенттер ісімен айналысатын қызметтердің, ұйымдардың, арнайы орталықтардың ұйымдастырылу ерекшеліктері мен дамуына түбегейлі әсер етті.
Сонымен қатар, екінші дүниежүзілік соғысына қатысқан ер-азаматтар мен тылда еңбек еткен әйелдерге АҚШ-тың федералдық штатынан қаржы бөлініп, шәкіртақы тағайындалды. Жоғары білім алуға әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы көтермейтін тұлғаларға мүмкіндік берілді. Университет студенттерінің контингенті оқу деңгейі, әлеуметтік жағдайы, нәсілдік қатынасы бойынша өзгерді. 1944 жылы қабылданған «Әскери қызметкерлерді қайта бейімдеу» (Servicemen's Readjustment Act) актісіне сәйкес 2.25 миллион соғыс ардагерлері универитетке қабылданды.Білім алудағы оқу үлгерімі мен дайындығы, оқу тәжірибесі әртүрлі студенттердің академиялық кедергілері мен қиындықтарын шешу мәселелері, эдвайзер, қосымша инструктор, тьютор қызметтерінің, дамытушы курстардың дамуына әсер етті. Мысалы, АҚШ ғалымы E.G. Williamson [76] өз зерттеулерінде, академиялық қолдау көрсетудің алғашқы кезеңдерінде, бұл қызметтер, студенттің дамуына емес, оның жеке оқу үдерісін, өмір сүру айналасын, діни-намым сенімдерін қадағалау болды, деп қорытындылаған.
Бұл уақытта, Америка білім беру жүйесі, федералдық штаттар деңгейінде заңнамалармен бекітілді. Оның қорытындысы ретінде 1958 жылғы «Ұлттық Білім беру саласын қорғау» заңы (National Defence Education Act of 1958) [77] қабылданып, студенттерге білім алу несиелеріне, аспиранттарға ғылыми-зерттеу жұмыстарын жасауға, шет тілдерін меңгеруге, кәсіби-техникалық білім алуға, мұғалімдерді дайындауға қаржылық жағдай жасалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет