Абдыхалыкова жазира есенкелдиевна


кезең. Әралуандылық (Диверсификация) 1850- 1890 жж



бет14/89
Дата27.11.2023
өлшемі0,54 Mb.
#129504
түріДиссертация
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   89
2 кезең. Әралуандылық (Диверсификация) 1850- 1890 жж. Жоғары білім беру жүйесінің тарихы, оның ішінде арнайы студенттер ісімен айналысатын кәсіби қызметтердің дамуының екінші кезеңі, Американың жоғары білім беру жүйесінің түбегейлі өзгеруіне әсер еткен бірнеше оқиғалармен байланысты болды. Солардың біріншісі, 1862 жылы АҚШ конгресі қабылдаған «Ұлы Морилл» (Morill act) актісі. Елдегі жаңа саясатқа сәйкес, біртұтас Америка ұлтының қалыптасуы (The formation of united American Nation), ұлттың интеллектуалды, адамгершілік қасиеттерін дамыту арқылы жүзеге асуы тиіс еді. Осы актіге сәйкес, АҚШ-тың әрбір штатында, жоғары оқу орындарының құрылысына, ондағы жаңашыл бағыттағы оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруға 12 000 гектар жер тегін берілді. Кейіннен, бұл университеттер «сыйға тартқан колледждер» ( land- grant colleges) деп аталып кетті [46, 185б.].
«Ұлы Морилл» актісінің мақсаты ЖОО-н құру негізінде, қарапайым қоғамды жоғары біліммен қамтамасыз ету, Америка азаматтарын практикалық және кәсіби дағдыларға үйрету, ауыл шаруашылық, өнеркәсіп саласында жұмыс атқаратын инженер мамандарын дайындау, сол арқылы елдің экономикасын арттыруға оңтайлы жағдай жасау болды. Дегенмен, кейбір аймақтарда тұрғылықты халықтың аз болуы, азаматтардың жоғары білім алуға дайын еместігі мәселелерінен, студенттердің саны акт жоспарынан төмен болды.
Студенттер ісімен айналысатын қызметтердің дамуына әсер еткен екінші үлкен мәселе, 1885 жылы Еуропаның Берлин университетінің «ғылыми – зерттеу» моделінің негізінде Гарвард университетінің президенті Чарльз Элиоттың (Charles Eliot) оқу пәндерін таңдауға мүмкіндік беретін, ашық-құрылымды оқу жоспарының инновациялық жүйесімен академиялық қауымды таныстыруы еді. Элективті оқу жоспарының дамуы Чарльз Элиоттың осы жаңашыл, қазіргі уақытқа дейін әлемдік жоғары білім беру жүйесінде өміршеңдігін дәлелдеген қозғалысымен тығыз байланысты.
АҚШ-тың білім беру тарихын зерттеуші, педагог John R. Thellin [46, 215б.] пікірінше, бұл идея Американың басқа да университеттерінің, профессор- оқытушылар құрамымен, әкімшілік қызметтіндегі тұлғалармен жоғары деңгейде қабылданды. Біртіндеп басқа университеттерде өз тәжірибелеріне жаппай ендіріп, 19 ғасырдың соңында, Америка университеттерінің 50 %-ы элективті оқу жоспарын қолданды.
Америка университеттерінде студенттердің академиялық, әлеуметтік өмірін, оқытушылардың кәсіби іс-әрекетін қадағалайтын, әкімшілік қызметтер, студенттерге басшылық жасайтын академиялық штаттар, қызметтер ашылды. Мысалы, 1870 жылы Гарвард университетінің профессоры Ефрем Герни жоғары білім беру институттарындағы алғашқы декан болып сайланды.
Морилл актісінен кейінгі, студенттердің санының өсуі, Ч. Элиоттың реформасынан кейін оқыту үдерісін оқу курстарын таңдау тұрғысынан ұйымдастыру, элективті курстардың санын біршама кеңейтіп, жаңа келген студенттерге пәндерді таңдауға мүмкіндік беретін формалды академиялық эдвайзер тағайындау, ментор, тьютор сияқты академиялық қолдау көрсету бағдарламаларын ЖОО-ның білім беру саясатына байланысты қайта пайымдап, тәжірибеге ендіруге әсерін тигізді. Мысалы, 1876 жылы, Джон Хопкинс университетінде студенттер қауымының артуы, олардың қажеттіліктерінің әртүрлі болуы, оқу жоспарынан тыс әлеуметтік, академиялық іс-шаралардың дамуына байланысты факультет эдвайзерлерінің арнайы штаттары кеңейтілді.
Дегенмен, АҚШ-тың жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие беру үрдісінің «ғылыми-зерттеу» моделіне көшуі бірнеше күтпеген, күрделі мәселелер туындатты. Профессорлар ғылыми-зерттеу жұмыстарына ғана назар аударып, отаршыл кезеңнен қалыптасқан студенттердің кәсіби қалыптасуына деген авторитарлық қарым-қатынасының орнына немқұрайлылық, либералдық қарым-қатынас келді. Осының салдарынан, студенттердің оқу үлгерімі мен университеттің мәдени-көпшілік, академиялық іс-шараларына қатысуы төмендеді. Осы мәселелердің алдын алу үшін, бірқатар университеттер стратегиялық жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлей бастады. Мысалы, 1888 жылы Бостон университеті, бірінші курс студенттеріне арналған бағыт-бағдар беру курсын (freshman orientation course), жекелеген мамандықтардың басымдықтары мен оқу пәндерінің мазмұны бойынша академиялық кеңес беру бағдарламаларын енгізсе, оның ізінен, 1889 жылы Гарвард университеті осы тәжірибеге сүйене отырып, тек қана білім алушылармен жұмыс жасайтын академиялық эдвайзер бағдарламасын ендірді.
Осы өзгерістер, студенттерге академиялық қолдау көрсету қызметтерінің дамуының екінші кезеңіне алып келді. Элективті жүйенің қарқынды дамуы, студенттерге оқу пәндерін күштеп міндеттеуге қарсы философиялық, педагогикалық ойлар туындатып, жоғары білім беру жүйесін бір орталықтан ұйымдаспаған бағытына (децентрализация) көшуге, автономдық қағидаларды сақтауға әсер етті. Америка педагог-ғалымдарының арасында «білім алушылардың мамандану бағыттарының әртүрлі болуы қажет» идеясының жариялануының алғашқы кезеңі еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет