Абдыхалыкова жазира есенкелдиевна


кезең. Ағылшындарға отаршылдық кезеңінде алғашқы университеттердің қалыптасуы



бет13/89
Дата27.11.2023
өлшемі0,54 Mb.
#129504
түріДиссертация
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   89
1 кезең. Ағылшындарға отаршылдық кезеңінде алғашқы университеттердің қалыптасуы. Университет жанында арнайы студенттердің әлеуметтік және академиялық мәселелерімен айналысатын қызметтердің негізі 1636 жылы құрылған АҚШ-тың алғашқы жоғары оқу орындарының бірі - Гарвард университетінің қалыптасуымен байланысты. Осы уақытта «студенттерге қолдау көрсету», «студенттер ісімен айналысатын қызметтер» немесе «студенттерге академиялық қолдау көрсету» терминдері арнайы қолданылмаса да, факультет мүшелері, оқытушылар аудиториялық, аудиториядан тыс іс - шараларды ұйымдастырып, білім алушылардың қосалқы ата-аналарының рөлін атқарған. Гарвард, Йель, Уильям және Мэри университеттерінің профессор-оқытушылар құрамы студенттердің діни, интеллектуалдық, адамгершілік тәрбиесіне белсене атсалысып, академиялық кеңес беру үздіксіз жүргізіліп, олардың діни, ақыл-ой көзқарастарының қалыптасуына әсер етті.
Оқу-тәрбие үдерісіндегі қатаң тәртіп, патерналистік немесе “әкелік қамқор” (in loco parentis) қағидасындағы авторитарлы жүйеде болып, аудиториядан тыс іс-шаралар қатаң классикалық оқу пәнінің аясында жүргізілген. Мысалы, тарихшы-ғалым F.Rudolph өз зерттеулерінде, сол замандағы Американың колледждеріндегі оқу үдерісі оқу бағдарламасы, кітапхана, оқытушы-студент қарым-қатынасында жүзеге асқан деп бейнелей келіп, «студенттер қауымы арнайы кеңесшілерді, бақылауды, кәсіби бағыт- бағдарды, қосымша сабақтарды талап ететін жасөспірімдер ретінде қабылданды» - деп жазады [44,127 б.].
18 ғасырдың екінші жартысында университеттік жүйеде орын алған қатаң тәртіпке қарсылық білдіру ретінде студенттер әдеби кештер, пікірталас клубтарын, спорттық командалар ұйымдастырып, университет газеттері, брошюралар, қысқаша ескертпелер жариялады. Мысалы, 1776 жылы «Уильям және Мэри» университетінде «грек әрпі- Kappa Alpha» атауымен, Америка университеттерінде алғашқы студенттік ұйым құрылды. Студенттік ұйымдар басында әдеби пікірталас өткізу үшін жиналса, 1825 жылдарға қарай білім алушылар арасында бауырластық желі ретінде көптеген ЖОО-нда ашылды. Студенттер үшін бұл ұйымдар, кампустың (университет) бірсарынды өміріне өзгерістер мен жаңашыл идеяларға бастаушы болды. Грек алфавитінің әріптерін қолданып, бірнеше студенттік ұйымдардың желісі қалыптасып, бір- бірімен оқу үлгерімі бойынша үшін жарыстар ұйымдастырды. Студенттік ұйымдар арасында бәсекелестік академиялық жетістіктер бойынша көрінсе, кейіненн қоғамдық пайдалы іс-шаралар, әлеуметтік жобалар ұйымдастыру, студенттер арасында спорттық, ғылым салалары бойынша жарыстар жүргізуде де байқалды. АҚШ-тың жоғары білім беру тарихын зерттеуші, J.R.Thelin пікірінше, студенттердің күшімен, бастамашылығымен ұйымдастырылған аудиториядан тыс ұйымдар өзіндік өміршеңдігін, студенттер арасында сұранысқа иелігін дәлелдеп, басында оқытушы-профессорлар тарапынан тыйым салу, біртіндеп келісу, кейіннен ресми түрде қабылдауға мәжбүрледі [46, 115 б.].
18 ғасырдың соңындағы АҚШ университеттеріндегі студенттік наразылық қозғалыстарының басты себептері оқу әдістеріне, оқу пәндері, қатаң діни тәртіпке, студенттерге берілетін ас мәзіріне қанағаттанбаумен байланысты болды. Ал, 19 ғасырдың басында, Америка саясаткерлері, жоғары білім беру жүйесін, елдің әлеуметтік және экономикалық дамуының құралы ретінде қайта қарастырды. Жоғары білім беру жүйесі адамдардың жасы, жынысы, нәсіліне қарамастан барлық Америка азаматтарына ортақ ретінде танылып, бұрын соңды тәжірибеде болмаған, әйелдердің, афроамерикандықтардың университетте білім алуына жол ашылды.
Осы уақыт аралығында, элективті курстар жүйесінің тәжірибеге ендірілуі мен қалыптасуына бағыт бұрған, Гарвард және басқа да АҚШ-тың үздік жоғары оқу орындары, факультет мүшелерінен элективті пәндерді таңдауда бойынша студенттерге кеңес беруін талап етті. Осыдан, студенттерге оқу үдерісінде бағыт-бағдар беретін кадрлардың қажеттігі анықталды. Мысалы, 1841 жылы Охайо Кенион колледжінде (Kenyon College of Ohio) ресми түрде академиялық эдвайзерлер университет штатына енгізілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет