Академиялық стиль келесі нормалармен айқындалады: - сөйлемдер күрделі, ұзын болуы мүмкін;
- әртүрлі терминдер, шетел сөздерінің кездесуі;
- «біздің ойымызша», «қорыта келгенде», «талдау нәтижесінде» т.с.с. құрылымдық айналымдар қолданылады.
5.Зерттеу нәтижесі бойынша топ алдында сөйлеу. Баяндамада зерттеушінің үш сапасы байланыста болады: зерттеу жұмысын жүргізе білуі, тыңдаушыларға нәтижесін жеткізе білуі, сұрақтарға білікті жауап беруі.
Баяндама бойынша презентация жасауға дайындықта келесі мәселелерді қарастыру қажет: - жобаның презентациясынан аудитория қандай ақпарат алуы қажет?
- сөз сөйлеу (презентация) мазмұны;
- презентацияны иллюстрациялау;
- сөйлеушінің жеке имиджі.
Келесі сызбада берілген «Жаса- Жасама» ережелерін ұстану, Сіздің топ алдында ғылыми жұмысыңызды хабарлауда жетістіктікке жетелейді.