Ғылыми өздік жұмыстарын безендіру. Ғылыми жұмыс композициясы.Титулдық бет. Теория+практика.
Аннотация және сын пікір жаза білу.
Кіріспе. Деректері мен әдебиеттерді анализдеу.
Зерттеудің негізгі бөлімін безендіру.
Тезистер құру. Теория + практика.
Қорғау, презентациялау.
1.Осы тақырыппен жұмыс істеу барысында сіз нені үйрендіңіз?
2.Өздік жұмыстарды орындау барысында туындаған мәселелердің шешудің альтернативті жолдары туралы не білдіңіз?
Белсенді үлестірме материал № 3 Плагиат Плагиат басқа біреудің жұмысын, мақсаты мен қолданыс көлеміне қарамастан, дереккөзге сілтеме жасамай, өз жұмысы ретінде ұсыну дегенді білдіреді. Бұл академиялық адалдық нормаларын бұзуды көрсетеді.
Плагиат үлгілері:
көшіріп алу (басқа адамның тілін немесе идеясын өз меншігі ретінде қолдану арқылы);
дерекөзге сілтеме жасамай, басқа адамның жұмысын сөзбе- сөз үзінді алу;
дерекөзге сілтеме жасамай, басқа адамның жұмысының жекелеген сөздерін немесе сөздердің орналасу тәтібін өзгерту арқылы басқаша тілмен жазу;
құраушысына сілтеме жасамай, басқа құжаттан алынған идеяларды қолдану.
онлайн- дерекөздерді стильдеу мақсатында Интернеттен ақпараттарды кесіп алу және қою; Мысалы, «эссе банкі», немесе «қағаз фабрикасы», сияқты кәсіби агенттіктер арқылы жұмысты сатыл алу немесе тапсырыс беру не бірлескен жобада басқа біреулер орындаған зерттеулерді мойындамау.
Плагиат барлық дереккөз түрлері мен бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты туындауы мүмкін: мәтінде, суретте, музыкалық үзінділерде, математикалық туындыда, компьютер ережелерінде және т.б.; web-сайттардан алынған материалдарда немесе қолжазбаларда және басқа бұқаралық ақпарат құралдарында; дәріс және басқа оқушы жұмыстарының үлестіру материалдарын қоса алғанда, жарияланған және жарияланбаған материалдар.
Жоғарыда жазылғанның негізінде, Сіздің зерттеулеріңізде, өздік жұмыстарыңызда қолданатын сілтемелерден, құжаттардан, мәтіннен, және журналдардан, сондай-ақ, web-сайттардан үзінді келтірудің барлық нормаларын сақтау, сонымен қатар тапсырманы орындау кезінде Сізге ауызша немесе жазбаша түрде көрсетілген көмекті атап көрсету маңызды. Басқа біреудің жұмысынан алынған көлемді дәйеккөздерден аулақ болыңыз.