Үшінші кезеңде (2012-2013 жж.) зерттеу нәтижесі бойынша сандық және сапалық талдау жүргізілді; теориялық талдау, тәжірибелік – эксперимент нәтижелері бойынша алынған теориялық тұжырымдар жүйеленіп, жалпыланып, статистикалық өңдеу жұмыстары жүргізілді. АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесіндегі студенттерге академиялық қолдау көрсету бағытындағы тәжірибесін қазақстандық кредиттік оқыту технологиясында қолдану мүмкіндіктері бойынша ғылыми-педагогикалық негізделген әдістемелік нұсқаулар жасалды. Қорытындылар тұжырымдалып, пайдаланылған әдебиеттер жүйеленіп, талап бойынша рәсімделді.
Зерттеу базасы: АҚШ университеттеріндегі студенттерге академиялық қолдау көрсету орталықтары, Кентукки университеті (University of Kentucky), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі - АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесіндегі студенттерге академиялық қолдау көрсету қызметтерінің қалыптасуы тарихи тұрғыдан анықталды; - Студенттерге академиялық қолдау көрсету орталықтарының маман даярлаудағы рөлі мен озық бағдарламалары айқындалды; - ҚР және АҚШ жоғары оқу орындарындағы академиялық қолдау көрсету бағдарламаларына салыстырмалы талдау жасалынды; - АҚШ тәжірибесі негізінде Қазақстанның ЖОО-да кредиттік оқыту технологиясында қолдануға мүмкін болатын «Университет студенттеріне академиялық қолдау көрсету кешенінің құрылымдық моделі» даярланды; - АҚШ –тың жоғары оқу орындарындағы студенттерге академиялық қолдау көрсету тәжірибесін ҚР университеттеріне ендіруге басшылыққа алатын теориялық – әдістемелік нұсқаулар жүйесі негізделді. Зерттеудің практикалық мәнділігі: - АҚШ –тың академиялық қолдау көрсету тәжірибесінен өңделіп, қазақстандық кредиттік оқыту жүйесіндегі студенттердің жеке оқу траекториясын қалыптастыруда кезіктіретін білім алушылардың академиялық кедергілерінің алдын-алу мақсатымен жасалған, 1 курс студенттеріне арналған «Университеттте білім алу стратегиясы» атты модульдік бағдарламасы әзірленді.
- магистранттарға, докторанттарға, оқытушылар қауымына, эдвайзерлерге арналған «Университет эдвайзерлерінің академиялық кеңес беру қызметі» атты арнайы курс бағдарламасы жасалды. - зерттеу нәтижелері кредиттік оқыту технологиясындағы оқыту үдерісін оңтайландыруға, жетілдіруге, осы бағыттағы жаңа зерттеулер жүргізуге негіз бола алады; шетелдік және салыстырмалы педагогика курстарының мазмұнын кеңейтуге, ЖОО-да мамандардың кәсіби біліктілігін жетілдіру, қайта даярлау институттарында пайдалануға болады.