Абдыхалыкова жазира есенкелдиевна



бет42/89
Дата27.11.2023
өлшемі0,54 Mb.
#129504
түріДиссертация
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   89
Адамгершілік құндылықтарының басымдылығы қағидасы - жекетұлға үнемі даму жағдайында болып, білім берудің ең құнды субъектісі ретінде қабылданады, олай болса, академиялық қолдау көрсету барысында студенттің қажеттіліктері мен мүмкіндіктері басты орында болады.

  • Еріктілік қағидасына сәйкес, студент академиялық қолдау көрсету қызметкерлеріне күрделі мәселелерді шешу, жеке оқу траекторияны құруда бірігіп шешім қабылдауда, кеңес алуға жүгіну мәселелерінде өзіндік дербес шешімдерді қабылдайды.

  • Субъектік ұстанымын белсендіру қағидасы - академиялық кеңесші студенттің үздіксіз білім алуына жауаптылығын арттыруға, оқу іс-әрекетін, оқу траекториясын аса ұқыптылықпен жоспарлауға, таңдау жасауға, дербес шешім қабылдауға, өзінің жетістіктерін бағалауға жағдай жасауы қажет. Бұл жағдайда, студенттің кеңесшімен бірігіп жұмыс атқаруға ұмтылысы, маңызды болады.

  • Теңқұқықтық қағидасы (субъект-субъектік қарым-қатынас)- академиялық кеңес беру үдерісінде әрбір қатысушы белсенді субъект ретінде қабылданады. Академиялық кеңес беру, студент пен кеңесші іс-әрекеттің нәтижесіне бірдей жауапты. Кеңесшінің басты міндеті, студентке өзін-өзі тануға, түсінуге, қабілеттерін, қызығушылықтары мен бейімділігін айқындауға, саналы дербес таңдау жасауға, мәселелерді шешу, және оларды жүзеге асыруда өзінің мүмкіндіктерін бағалауға көмектесу.

  • Икемділік қағидасы – оған сәйкес, академиялық қолдау көрсету үдерісі ситуативті,себебі, әрбір студент өзіндік ерекшеліктері бар жеке тұлға, соған сәйкес, оларда бірдей академиялық жағдай немесе қиыншылықтар туындамайды, және әртүрлі жағдайда оларды шешуге бағытталған,студенттің кәсіби дамуына, жауаптылығын арттыруға әсер ететін әмбебап әдістер де жоқ. Осыған байланысты, студентке университет жағдайында қолдау көрсету үдерісі дайын шешімдер мен әдістерді пайдалану мүмкін емес; ол академиялық қолдау көрсету субъектілерін дербес анализ және үнемі рефлексивті іс-әрекет жасауға мәжбүрлейді.

  • Бірлесіп жұмыс атқару (кооперация) қағидасы - академиялық қолдау көрсету студенттің толыққанды кәсіби қалыптасуымен, жеке оқу траекториясын құруға қамтамасыз ететін үдеріс. Дегенмен, академиялық қолдау көрсету қызметкерлері, студенттің кәсіби қалыптасуына әсер ететін жеке буын емес екенін ұмытпай, өзіндік біліктілігінің мүмкіндігін адекватты бағалап, қажетті жағдайда студентті басқа ұйымдарға, университет қызметтеріне бағыттауы керек.

  • Жекедаралану қағидасы білім алушылардың академиялық қиыншылықтарын шешуде жағымды жағдай жасау үшін, олардың жеке-дара қызығушылықтарын, білім алу қажеттіліктерін, мүмкіндіктерін ескеру қажет.

    АҚШ университеттеріндегі озық академиялық қолдау көрсету бағдарламаларына талдау жасау барысында, іріктеліп алынған академиялық эдвайзер, тьютор, ментор бағдарламалары мен бірінші курс студенттеріне арналған бағыт-бағдар беруші курстары, университет студенттеріне академиялық қолдау көрсету кешенінің құрылымдық моделінің компоненттерін құрады.
    Дамытушы академиялық эдвайзер (Develepmental Academic advising) - қолдау көрсетудің негізгі компоненті ретінде, білім алушылардың жеке - дара сенімі мен көзқарастарына сыйластықпен қарау негізінде, студенттің қажеттілігі мен университет талабы арасындағы қарама - қайшылықтарды екі жақтың пайдасына шешуге, студенттің әлеуметтік, әлеуеттік, отбасылық, жас және жеке дара, ұлттық, гендерлік ерекшеліктеріне назар аударуға, студенттің академиялық мүмкіндіктерін біртіндеп айқындау арқылы , жеке оқу траекториясын саналы қалыптастыруға, жүзеге асыруға университет ресурстарын жүйелілікпен пайдалануына, кредиттік оқыту технологиясының студентке қажетті тұстарын, басымдықтарын, студенттің кәсіби маман ретінде қалыптасуына әсер ететін күнделікті университетішілік іс-шараларды телефон, электронды пошта, жеке-дара кездесулер арқылы жеткізуге жауапты болады. Сонымен қатар, университет студенттеріне академиялық қолдау көрсетудің маңызды компоненттері бірі, академиялық эдвайзерлердің кеңес беру іс- әрекетінде J.D.Bransford and B.S.Stein [162] ұсынған академиялық кедергілерді шешу технологиясының (IDEAL) бес кезеңін қолданылады: диагностикалық (I- Identify) (академиялық мәселелерді айқындау, белгілеу); ізденістік (D-Define) (себептерін іздестіру); келісімдік (E- Explore) (академиялық кедергілердің шешу стратегиясын қарастыру, жауапкершілікті бөлу, қадамдық жоспарын әзірлеу); іс-әрекеттік (A-Anticipate and Act) (айқындалған жоспардың мүмкін болатын салдарын алдын-ала болжау), рефлексивтік (L- Look back and learn) (іс-әрекетке кері байланыс жасау).
    Тьютор қызметін, оқытушылар, немесе ерікті түрде (волонтер) оқу үлгерімі бойынша жоғары көрсеткіштер көрсеткен жоғары курс студенттері, немесе магистратура, докторантура білім алушылары атқарады. Тьютор қызметі, пәндердің силлабусы негізінде, оқу курсының күрделі тақырыптарын, немесе студенттің өздік жұмыстарын жеке-дара, немесе шағын топта, білім алушылармен бірлесіп талдаудан, пікірталас жүргізуден тұрады. Тьютор бағдарламасының мақсаты - белгілі бір пән бойынша студентің оқу тәжірибесін арттыру, академиялық артта қалушылықтың алдын алу арқылы студенттің жеке оқу траекториясының саналы жүзеге асыруына әсер ету.
    Ментор қызметін, кафедра оқытушылары, немесе ерікті түрде (волонтер) университеттік тәжірибесі мол жоғары курс студенттері, немесе магистратура, докторантура білім алушылары атқара алады. Тьютор бағдарламасының мақсаты – 1, 2 курс студенттерін, жоғары білім беру жүйесіне өтуін (transfer), бейімделуін оңайлату; студент- оқытушы байланыс жасауын жетілдіру; бірінші курс немесе ауысып келген студенттерді университеттің бір мүшесі ретінде сезіндіру; оқу мотивациясын арттыру; достық қолдау және көтермелеу көрсету; оқу мәселелері бойынша пайдалы кеңестер беру.
    Бірінші курс студенттеріне арналған бағыт-бағдар курсының мақсаты, білім алушылардың кәсіби дамуы мен жеке оқу траекториясын құруға кедергі келтіретін академиялық мәселелер мен кедергілердің алдын алу, университет ортасына бейімделуге әсер ету; студенттің өзбетімен білім алуда субъектік позициясын белсендіру. Курстың соңында студенттер, университет саясаты; студенттер ісімен айналысатын университет қызметтері мен функциялары, академиялық қолдау көрсету қызметкерлері эдвайзер, тьютор т.б. университеттің оқыту үдерісі; ЖОО-да өздік жұмысты ұйымдастырудың мақсаты, міндеттері; оқу-танымдық дербес іс-әрекетті ұйымдастыруды жоспарлау; оқу- танымдық іс- әрекетті басқару және бағалау; ақыл–ой еңбегінің мәдениетін қалыптастыру; жеке оқу жоспарын саналы құру туралы түсініктер қалыптасуы қажет. Бағыт-бағдар беру курстарын, арнайы дайындықтан өткен академиялық эдвайзерлердің жүргізілуі міндетті.
    Жеке-дара оқу траекториясын жүзеге асыру, оқуға арналған уақытты рационалды пайдалануда, әртүрлі бағыттағы өздік жұмыстарды орындау үшін жоғары білім беру жүйесі білім алушылардан белсенділік, бастамашылық, жауапкершілік, дербестік сияқты жекетұлғалық қасиеттерін көрінуін талап етеді. Аталған міндеттер мен жүктемелер әсіресе бірінші курс студенттері үшін қиындықтар туындатады. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің студенттерімен жүргізілген сауалнама қорытындысының эмпирикалық мәліметтерін анализдеу, сонымен қатар студенттер мен оқытушылармен жүргізілген сұхбаттасуларға сүйене отырып, студенттердің академиялық қиыншылықтарын шартты түрде төртке бөлуге болады:



    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   89




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет