Абдыхалыкова жазира есенкелдиевна



бет48/89
Дата27.11.2023
өлшемі0,54 Mb.
#129504
түріДиссертация
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   89
Identify- (академиялық мәселелерді айқындау) диагностикалық кезең.

Бұл кезең студентте орын алған академиялық кедергілерді айқындау, деректерді түртіп алуға арналады. Академиялық кедергілерді айқындау студенттің, немесе оқытушы тютор, лектордың, куратордың көмегімен жүзеге асуы тиім. Бұл кезеңде, эдвайзер, академиялық кедергілердің маңыздылығын, оның мазмұнын түсіндіріп, оны жою студенттің жетістікке жетудің қадамы ретінде қарастырылуы қажет.
D-Define - (себептерін іздестіру) ізденушілік кезең. Айқындалған студенттің қиыншылықтарының туындауының негізгі себептеріне талдау жасап, студентпен біріге отырып, оның шешімін табудың бірнеше альтернативті нұсқаларына пікірталас жүргізу қажет.
E- Explore - (академиялық кедергілердің шешу стратегиясын қарастыру, жауапкершілікті бөлу, қадамдық жоспарын әзірлеу) шарттық кезең. Мұнда, анықталған мәселені шешудегі академиялық эдвайзер мен студенттің жауапкершіліктері, функциялары айқындалып, бірігіп әсер ету жоспары құралады.
A-Anticipate and Act - (айқындалған жоспардың мүмкін болатын салдарын алдын-ала болжау) іс-әрекеттік кезең. Академиялық эдвайзер студенттің мәселені шешу үшін жасалған жоспарын дер кезінде шешуін қадағалап, теріс құбылыстар болған жағдайда, бірнеше шешімдер беруге дайын болуы қажет.
L- Look back and learn - (іс-әрекетке кері байланыс жасау) – рефлексивтік кезеңде, академиялық кедергінің шешімін табуға бағытталған іс-әрекетке кері байланыс жасау, болашақтағы кедергілердің алдын-алуға, болжауға мүмкіндік береді.
Осылайша, эдвайзерлер, академиялық кеңес беру үдерісінің белгілі бір студенттің мәселесін шешудің бірнеше кезеңдерінің бар екенін (диагностикалық, ізденушілік, шарттық, іс-әрекеттік, рефлексивтік) айқындады.
Оған қоса, бұл кезеңде бағдарламаға қатысушылар АҚШ университеттерінде жиі қолданылатын, эдвайзердің кеңес беру іс-әрекетінің тиімді әдістемелерімен, техникаларымен («Jigsaw», «Focusing Four», «Card Sorting», «Continuum», «Carousel Brainstorming», «Номиналдық топ», «Ми штурмы» т.б.) танысты, тәжірибеде қолданып үйренді.
Осы модульді аяқтау барысында оқытушылар екі топқа бөлініп, академиялық эдвайзер жұмысын атқаруда альтернативті шешімдерін табуға атсалысатын проблемалық жағдаяттарды талдау, өзіндік шешу жолдарын беру тапсырмалары берілді. Бірінші топ, академиялық эдвайзер функциясын атқарса, екінші топ, мәселенің шешімін табу мақсатымен берілген жауаптардың дұрыстығын, берілген теориямен байланыстылығын, эдвайзер мен студенттің қарым-қатынас жасау қағидаларын ұстануын қадағалайтын эксперт ретінде болды. Кейіннен қатысушылар рөлдерін алмастырып отырды
Оқытушыларға ұсынылған жағдаяттардың үлгілерінен:
Бірінші курс студенті (Аркадий С.) таңдаған оқу бағыты бойынша білімін жалғастыруға сенімсіз, басқа мамандыққа ауысуды, тіпті оқудан шығуды жоспарлайды. Студенттік топта жалғыз ер бала болғандықтан, үнемі психологиялық дискомфорт (ыңғайсыздық) сезімінде болады. Өздік жұмыстарды орындауда қиындықтарға кезігеді, тапсырмаларды уақытында орындамайды


Бірінші кур студенті (Жанна Б.) университеттік білім беру ортасының ерекшеліктерін жете түсінбегендіктен, өзін ыңғайсыз сезінеді, керекті ақпараттарды табуда қиындықтарға кездеседі, семинар, практикалық сабақтарда жауап беруге қорқақтайды. Өз-өзіне сенімсіздігіне байланысты оқу мотивациясының төменділігі байқалады.

Берілген жағдаяттардың мүмкін болатын шешімін табу арқылы, оқытушылар «Университет эдвайзерлерінің кеңес беру қызметі» атты оқытушы-профессор құрамының біліктілігін арттырудың модульдық бағдарламасында алған білімдерін тәжірибеде шыңдауға мүмкіндік алды. Бағдарлама аясында алған тәжірибесіне талдау жасай отырып, оқытушылар рефлексия бөлімінде, «шынайы жағдайлармен жұмыс жасадық», «академиялық эдвайзердің жұмыс мазмұнымен толыққанды таныстым», «академиялық эдвайзер студенттің жеке оқу траекториясын қалыптастырудағы жауапты тұлға екенін анықтадым», «бағдарлама мазмұны тәжірибеге бағытталған» т.с.с. пікірлер білдірді.


Модульдік бағдарлама барысында, эдвайзер-оқытушылардың бірігіп жұмыс атқару арқылы, келесі жұмыстар өз шешімін тапты: академиялық эдвайзердің университеттік білім ортасында мақсаты нақтылады; жеке оқу траекториясын қалыптастыруда білім алушылардың кезіктіретін мәселелерін шешудің сұрақтар жиынтығы анықталды; академиялық эдвайзер іс-әрекетінің ережелері айқындалды. Сонымен қатар, әрбір қатысушы студенттің жеке оқу траекториясын жобалау және жүзеге асыру үдерісінде кезіктіретін академиялық мәселелеріне негізделген тәжірибелік тапсырмаларды шешуге мүмкіндік алды.
Оқытушылардың біліктілігін арттыру бағдарламасының мазмұны мен жүзеге асыруына Еуразия Ұлттық Университетінің Даму және академиялық саясат жөніндегі департаментінің Болон үдерісі бөлімінің мамандары атсалысқанын айтып кеткен жөн. Академиялық қолдау көрсету бағытындағы идеясы біріктірген инициативті топ депте айтуға болады. Себебі, 2.3 параграфта мазмұндалып кеткен, АҚШ тәжірибесінде орын алған академиялық қолдау көрсетудің қосымша (Supplementary Model) моделін ұстанамыз. Оған сәйкес факультеттің кеңесшілері, эдвайзерлері, тьюторлары студенттің оқу барысындағы қиындықтары мен кемшіліктерін шешуге тікелей атсалысады, сонымен қатар, әрекеттесу субъектілері (студент немесе кеңесші) қосымша ақпарат немесе кеңес алу үшін университетке ортақ, арнайы студентке қолдау көрсету орталығына жүгіне алады.
Эксперимент жұмысының аясында, студенттерге тікелей академиялық қолдау көрсетуді кафедра эдвайзерлері жүзеге асырса, ал ақпараттық, кеңес беруші функциясын атқаратын арнайы орталықтың қызметін Еуразия Ұлттық Университетінің Даму және академиялық саясат жөніндегі департаментінің Болон үдерісі бөлімі атқарды. Бұл бөлімнің ақпараттық функциясы, кәсіби педагогикалық білімнің, кәсіби білім беруші бағдарламалардың, кредиттік оқыту технологиясының мазмұны мен талаптарын айқындау, оқытушы мен студент арасындағы ақпарат алмасудың тиімділігін қамтамасыз етуде көрінсе, кеңес беруші функциясы, университет студенттеріне академиялық қолдау көрсету бағытында эдвайзер, тьютор оқытушылардың біліктілігін арттыру бағытында үнемі семинарлар, тренингтер өткізу, сайыстар, конференциялар өткізуден, эдвайзер, тьюторларға арналған оқу әдістемелік құралдар, студенттерге арналған анықтамалық әдебиеттер жасаудан тұрады.
Қалыптастырушы эксперименттің келесі кезеңінде, академиялық кеңес беру бағытында арнайы дайындықтан оқытушылар, Еуразия Ұлттық университеттінің әлеуметтік ғылымдар факультетінің 1-ші курс студенттеріне академиялық қолдау көрсету үдерісін жүзеге асырды.
Осы уақытта, академиялық эдвайзер мен студенттің кездесулері арнайы дайындалған жоспар ретінде, немесе жағдайларға байланысты болуы мүмкін. Сонымен қатар, студент өзіндік бастамашылығымен эдвайзерімен кездесулерді орнатуы мүмкін. Керісінше, эдвайзер, студенттің оқу үлгерімі, жалпы оқу, әлеуметтік жағдайын, әртүрлі студенттің оқу үлгеріміне қатысты құжаттармен, оқытушылармен сұхбаттасу нәтижелерін есепке алып, кездесулерді белгілеуде инициативаны өз қолына алу да орын алады.
АҚШ университеттерінің веб-сайттарына тікелей талдау жүргізу арқылы, академиялық эдвайзер мен студенттің аптасына бетпе-бет кездесуіне екі сағаттық уақыт берілетінін анықтадық. Дегенмен, субъектілердің әрекеттесуі университеттің арнайы порталдары, өзге де ақпараттық коммуникациялық құралдарымен де (электронды пошта, чат, форум) жүзеге асады, соның себебінен, эдвайзер мен студент үнемі диалогтық қарым-қатынаста болады.
АҚШ ғалымдарының академиялық эдвайзердің кеңес беру іс-әрекетіне байланысты еңбектерінен, АҚШ-тың студенттерге академиялық қолдау көрсету орталықтарының веб-сайттарын қарастыра отырып, академиялық эдвайзер мен студенттің кеңес беру уақыты мен жиілігі, белгілі бір университеттің қабылдаған моделіне байланысты екенін анықтаймыз.
Кредиттік оқыту технологиясын пайдалану арқылы оқу үдерісін ұйымдастырудың негізгі міндеттеріне, оқытуды барынша жекедараландыру үшін жағдай туғызу; білім алушылардың өзіндік жұмыстарының рөлі мен тиімділігін күшейту; дербес білім алу арқылы студенттің «өмір бойы» білім алу дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Осы міндеттерге төтеп беру үшін, студент, оқу- танымдық іс-әрекетін өзі ұйымдастырушы; өзбетімен ізденуші, шығармашылық әрекет жасаушы; білім көлемін өзіндік басқарушы, толықтырушы болуы қажет. Аталған міндеттер әсіресе бірінші курс студенттері үшін оқу жылының басында академиялық қиындықтар мен кедергілер туындатуы мүмкін.
Осыған байланысты, студенттің білім алу жетістігіне кеңейтілген академиялық кеңес беру мақсатымен дайындықтан өткен эдвайзер-оқытушылар, 1-ші курс студенттерімен «Университетте білім алу стратегиясы» атты модулдік арнайы курсын жүргізді (қосымша Ж). Бағдарламаның мақсаты: студенттің кәсіби дамуы мен жеке оқу траекториясын құруға кедергі келтіретін академиялық мәселелер мен кедергілердің алдын алу, университет ортасына бейімделуге әсер ету; студенттің өзбетімен білім алуда субъектік позициясын белсендіру болды. Сонымен қатар, арнайы курс эдвайзерлер мен студенттердің ынтымақтастығын, бірігіп жұмыс істеуін кеңейту мақсатында көздейді.
Эдвайзерлермен жүргізілген «Университетте білім алу стратегиясы» курсы 20-25 студенттерден тұратын бес білім беру қоғамдастығына бөлінді. Әрбір практикалық сабақ 50 академиялық сағаттан тұрып, аптасына бір рет бірінші семестр бойы жүргізілді. Барлығы 115 білім алушы қатысты. Әрбір топтың ішінде, 4-5 студенттен құралған шағын топтарға бөлініп, пікірталастар, академиялық кеңес беру жұмыстары орын алды. Аудиториялық сабақтардың бір ғимаратта жүргізілуі, эдвайзерлер бір-бірінің сабақтарына қатысуына, тәжірибе бөлісуіне, пікірталастар жүргізіуіне мүмкіндік берді.
Бағдарламаның мазмұны, тәжірибеге бағытталған қағидаға сүйене отырып, эксперименттің анықтаушы кезеңінде анықталған студенттердің академиялық қиыншылықтары мен кедергілерінің (университетке бейімделу; университеттің оқыту үдерісінде өзін-өзі ұйымдастыру; ЖОО-да студенттің өздік жұмысы; университеттің білім беру үдерісінде таңдау жасау) негізінде құрастырылды.
Студенттерге академиялық қолдау көрсету мақсатымен енгізілген арнайы курс бағдарламасының мазмұнын толығырақ қарастырайық:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет